СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

3 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту

Нажмите, чтобы узнать подробности

2,3,4,5 сандарын көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану.

Просмотр содержимого документа
«3 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту»


3 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту


Тақырыбы: Таза ауадағы еңбек.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу

жəне қолдану.

2.5.1.3.Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•3-ке көбейту жəне бөлу кестесі қалай құрастырылғанын біледі жəне түсіндіре алады.

Көптеген оқушылар:

•3-ке көбейту жəне бөлу кестесін біледі жəне қолданады.

Кейбір оқушылар:

•3-ке көбейту жəне бөлу кестесін есептеулерде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылғанын түсіндіре алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

3-ке көбейту жəне бөлу кестесі.

Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау:

3-ке көбейту кестесі қалай құрастырылған? Неліктен ол 33 жағдайынан басталады?

Жазу:

3 санына көбейту жəне бөлу кестесін жазу, өрнектер жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар


Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)


Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар




0–3

Қызығушылықты ояту.

Таза ауадағы еңбек несімен пайдалы екенін білесіңдер ме?




Бүгін біз математикалық тапсырмалар орындаймыз

жəне таза ауадағы жұмыстың екі есе пайдасы туралы білеміз.





4–6

Өзектендіру.

Мұғалім 2 жəне 3 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін білуге арналған математикалық диктант жүргізеді.






7–11

Мақсат қою.

– Тапсырманы орындау оңай болды ма?

–Жылдам санау үшін не керек?

(2 жəне 3 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін жаттау).





12–29

Өздік жұмыс.

Оқулықтағы 1-тапсырма. Мұғалім жұптық немесе топтық жұмыс жүргізеді. Əр топ есепке сурет таңдайды жəне есепті шығару жоспарын жасайды. Мұғалім есептеулердің дұрыстығына көңіл аударады.

Дəптердегі 1-тапсырма бағалау критерийлері бойынша тексерумен орындалады.

Бағалау критерийлері.

3 санына көбейту кестесін білемін.

Көбейту жəне бөлуге берілген мысалдар төрттігін құрастыра аламын.

Есептеулерде үштен артық қате жібермеймін.

Қатені түзету.

Оқулықтағы 3- тапсырма.

Оқулық, дəптер.





30–40

Өткенді қолдану.

Мұғалім берілген тапсырмаларды саралай орындауды ұсынады.

Өзіндік жұмыс

Дəптердегі 2-тапсырма көбейту жəне бөлуге берілген есептерді шығару. Өз бетінше өзін-өзі тексерумен орындалады.

Мұғалім 5-тапсырманы орындау алдында барлық қауындардың массасы бірдей жəне барлық қарбыздардың да массасы бірдей екендігін ескертіп айтады. Əрине, өмірде бұлай болмайды, бірақ осындай түрдегі есептің бұл – қажетті шарты болып табылады.

Мұғалім тапсырманы орындауда шешуін табуды мына бағытқа бағыттайды.

–Заттардың ішінде əр түрлі табақтарда бірдей заттар бар ма? Егер бірдей заттарды таразының оң жəне

сол табақтарынан алып тастаса, онда тепе–теңдік бұзыла ма? (жоқ)

Есептің бірінші бөлігін шешу жоспары: табақтың оң жəне сол бөлігінен үш қауынды алып тастаймыз. сол жақтағы табақта қарбыз жəне 2 кг-дық гіртас қалады, ал оң жақтағы табақта 5 кг-дық гіртас қалады. Қарбыздың массасы неге тең? (5-2=3)

Оқулық, дəптер.



3 килограмм.

Екінші есепте оқушылар қарбыздың массасы 3 килограмм екендігін біле отырып, бір қауынның массасын оңай анықтай алады. Бір қауынның массасы 1 килограммға тең.


41–45

Рефлексия.

– Біз сабағымыздың мақсатына жеттік пе? (Иə.)

– Негіздеңдер. (3-ке көбейту жəне бөлу кестесіне берілген тапсырмаларды орындауда қиындықтарды анықтадық, есептер шығаруда кестені білуді қолдануды үйрендік.)

– Не орындалды?

–Біз 3-ке көбейту жəне бөлу кестесін сенімді қолдануды үйрендік деп айта аламыз ба? (Əр оқушы мұны өзі үшін анықтайды.)






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!