СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдердің көпшілігі, білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы толғаныста болатыны шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат – үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа адаммен ортақ ету. «Рефлексифті практик» деген ұғым философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьюи мен филосов, индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның жұмыстарынан шығып отыр. Дьюидің «Біз қалай оқимыз?» (1910) деген кітабы рефлексифтік ойды шешуге жататын мәселелерді зияткерлендіру тұрғысынан қарастыра отырып, идеялар мен болжамдарды дамытып, практикалық жағдаяттардың зерттеулеріне бастама жасап және іске асыра отырып оқытуға ерекше ықпал етті (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52 бет) – деген сөздерді өз тәжірибеммен байланыстырып, жандандырғым келіп отыр. Себебі, шыныменде теорияға жүгіне отырып қана іс-тәжірибе жасай аламыз.

Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында ынтымақтастық атмосфера мен өзін-өзі реттеу қалыптастыру мақсатында сыныпта сергіту сәттері, топтарға бөлу, ережелер мен табыс критерийлері құрылды. Оқушылар оқуға кедергі келтірмес үшін ең маңызды деген ережелер топтамасы мен критерийлер құрып, талаптарға сай жұмыстар жасау барысында ережелерді қатаң қадағалауға уәделесті. Яғни оқушылар ережені бұзу арқылы өз ұпайларынан айырылып қалатындығын түсініп, табысқа сәтті жету үшін бар белсенділіктерін салды. Осы тәжірибеден түйгенім, оқушылардың сабақтарда ережелерді қадағалаулары жетістік пен жақсы нәтиженің болуына көп ықпалын тигізгеніне көзім жетті. Себебі, бұрын соңды мен оқушыларға ескерту айтып уақытымды кетірсем, осы жолы ескерту туралы ойлағаным да жоқ. Бұл тәсілдер топ мүшелерін, сыныпты бірлікке, ынтымақтастыққа, өзін-өзі реттеуге тәрбиелейді.

Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпараттарды ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 49 бет) – деп жазылған нұсқаулық сөзінде үлкен бір сенім мен нәтижеге жету іс-әрекеті жазылған. Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер балалардың сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған құрылым мен үдерістерге сүйенуі мүмкін. Бірақ ең алдымен, біз рефлексифті оқыту ұғымын саралап, сыни тұрғыдан ойлаудың білім беру бағдарламасында туындаған қажеттілігін ескеруіміз керек (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 52 бет) – деп теорияда жазылғандай, оқушыны сыни тұрғыдан ойлауға тәрбиелеу үшін ұстаздың өзі сыни тұрғыда ойлап, талдап, қорытындылай алатын өз ісінің шебері болуы керек.

Категория: Биология
05.04.2018 19:14


Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!