СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Зейінді біз баламыз, Оқып,білім аламыз!»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ тiл бiлiмiнде сөздердiң тiркесiмдiлiгi тiркескен сөздердiң грамматикалық мағыналарымен тiкелей байланыстырыла қарастырылады. Сын есiм заттың сынын, сапасын бiлдiретiндiктен табиғатында зат есiммен ұстаз  тiркесуге, үстеулер қимылға тән нәрсенiң сапасын бiлдiретiндiктен етiстiктермен тiркесуге бейiмдi болатыны, сондай-ақ  белгiлi бiр сөз табына енетiн сөздердiң грамматикалық жақтан мағыналық байланысқа түсуi басшылыққа алынады.

Просмотр содержимого документа
««Зейінді біз баламыз, Оқып,білім аламыз!»»

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы : «Зейінді біз баламыз,

Оқып,білім аламыз!»

Мақсаты:Балалардың сауат ашудан алған білімдерін пысықтау және қорытындылау.Жылдам ойлауға,зейінділіке үйрету.Қоршаған орта туралы білімдерін толықтыру.Сөздік қорын молайту. Дұрыс,қатесіз буындап оқуға үйрету. Ойын арқылы толық және дұрыс жауап беруге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қиылған әріптер,сиқырлы тақта,шалғынның суреті, буынға арналған суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық - қозғаушылық


-Балалар, бүгін бізде ерекше күн.Біз бүгін жыл бойы алған білімдерімізді көрсеткелі отырмыз. Алдымен келген қонақтармен амандасып алайық.

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Оның ішінде нешеуі дауысты дыбыс,нешеуі дауыссыз дыбыс?

-Алфавит дегеніміз не?

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты дыбыстар қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауысты дыбыстар айтылуына қарай қалай айтылады?

-Дауыссыз дыбыстар ше?

-Дауысты дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

-Дауыссыз дыбыстарды ше?


-Өте тамаша жарайсыңдар.Олай болса сендермен « Ғажайып қоржын» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: Көздеріңді жұмып,қоржынның ішінен әріптерді алып,саусақпен сипалап сезіну арқылы қандай әріп екенін және қандай дыбыс екенін айтасыңдар.





Балалар әуенмен ішке кіріп тұрып,қонақтар-

мен амандасады.

-42 әріп бар

-12 дауысты,26 дауыссыз дыбыс.

- Әріп реті.

-Әріпті көреміз,жаза-

мыз.

-Дыбысты естиміз,ай-

тамыз.

-Дыбыстар дауысты дауыссыз болып екіге

бөлінеді.

-Жуан,жіңішке.

-Қатаң,ұяң,ұнді.

- Кедергісіз айтылады.

-Кедергімен

-Қызыл текшемен

-Көк текшемен


Балалар қоржын ішінен әріпті алып,

қандай әріп екенін айтады.




Іздену-ұйымдастыру

Сендердің қаншалықты дұрыс айтқандарыңды мына сиқырлы әріптерден білеміз. Дауысты дыбыс десеңдер қызыл түс,дауыссыз дыбыс десеңдер көк түс жанады.


-Жарайсыңдар сендер дауысты ,дауыссыз дыбыстарды ажырата біледі екенсіңдер.


-Ал енді орнымызға отырайық. Алдарыңда жатқан суретке қарап,буынға бөліп және сол суретке дыбыстық талдау жасайсыңдар

Сергіту сәті.

-Балалар,сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп отыр.

Дауысты мен дауыссыз

Қатар келіп тұрады

Достасып екеуі

Бір сөзді құрайды

Қанша болса,дауысты

Ол да сонша болады.

-Олай болса,кәзір сендермен

«Көбелекке көмектес» ойынын ойнаймыз.

Ойынның шарты: мына көбелек гүлзарға жету үшін ұшып жүріп гүлге қонады.Әр гүлге қонған сайын гүлдердегі буындарды оқып шығамыз.

-Балалар, буыннан не құралады?

-Олай болса, гүлзардағы ұқсас гүлдердегі

буындарды алып, сөз құрастырыңдар.

-Сөзден не құралады?

- Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

-Сөйлем соңында қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем қандай әріптен басталады?

- Балалар,мына жерде өздерің құрастырған сөздер тұр.Сол сөздерден сөйлем құрастырамыз. Осы сөздерді шалғынға орналастырамыз. Шалғынның оң жағына сұраулы сөйлемді,шалғынның сол жағына лепті сөйлемді, шалғынның ортасына хабарлы сөйлемді орналастырасыңдар.

-Жарайсыңдар, балалар.Сендер сөйлем түрлерін жақсы біледі екенсіңдер











Балалар алдарындағы

суретке қарап,буынға бөліп,дыбыстық талдау жасайды.




-Буын






Балалар көбелекті гүлден гүлге ұшырып,

буындарды оқиды.



-Сөз


-Сөйлем

Хабарлы,сұраулы,лепті

-Нүкте,сұрау белгісі,

леп белгісі

-бас әріптен


Балалар құраған сөйлемдерін шалғынға

орналастырады


Рефлексивті-коррекциялаушы

Тосын сәт

Ішке көбелек кіреді.

-Балалар, менің досымды гүлзарға жеткізгендерің үшін «рахмет» айтуға келдім және өзіммен бірге «Жаз» туралы өлең шумақтарын әкелдім.Сендердің өлеңді қалай оқитындарыңды қөріп,байқағым келеді.


-Балалар, көбелектің әкелген өлеңін оқимыз ба?

Көзімізге жаттығу ретінде жаз туралы өлеңді сызық бойымен жоғары- төмен оқып шығамыз.

Көбелек:

-Жарайсыңдар, балалар! Менің тапсырмамды жақсы орындадыңдар.

Тәрбиеші:

- Ия,көбелек.Біздің балалар мектепке дайын.Оқып,жаза да біледі.Балалар сендердің бүгінгі оқу іс-әрекетіне қатысқандарыңа риза болып отырмын.

Көбелек:

-Балалар ,менің сендерге әкелген сыйлығым да бар.Ал енді қонақтармен қоштасайық.

Мен сендерді гүлзарға серуендеуге шақырамын.



Балалар көбелекпен

амандасады






-ия


Өлең шумақтарын оқиды











Көбелектің сыйлығын алып,ризашылықтарын

білдіреді.

Қонақтармен қошта-

сып,шығып кетеді

Күтілетін нәтиже:


Біледі: әріп пен дыбыстың айырмашылығын; буынға бөлуді және дыбыстық

талдау жасауды.


Игерді: сөйлем түрлерін ажырата білу; тыныс белгісін қою.


Меңгерді: Ойын арқылы толық және дұрыс жауап беруді; мәтінді толық

оқуды.













































«Шымкент қаласы білім бөлімінің мемлекеттік арнаулы (коррекциялық)№33 «Ақбота» бөбекжай-балабақшасы»

(көру функциялары ауыр және жеңіл бұзылған балаларға арналған) КММ















Ұйымдастырылған оқу қызметі


Тақырыбы : «Зейінді біз баламыз,

Оқып,білім аламыз!»




Тәрбиеші: Малтықбаева Р.Е.









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!