СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

ашық сабақ "жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар"

Просмотр содержимого документа
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Сабақтың тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»

Сайыстың мақсаты: 
Білімділігі: оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, математикалық ойлау қаблетін дамыту, алған білімдерін тереңдету есептеу дағдыларын жетілдіру. 
Дамытушылық: оқушыларға өз бетінше жұмыс бере отырып, есептер шығарыуда алған білімдерін қолдана білу,шығармашылық қабілетін дамыту. 
Тәрбиелігі: оқушыларды жауапкершілікке, ұқыптылыққа, белсенділігікке, еңбекке тәрбиелеу. 
Сайыстың көрнекілігі: 
Тақырыптық сөздер, топшамалар, сөзжұмбақтар, ұлағатты сөздер. «Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» (М.В.Ломоносов). «Математика – ғылымдардың патшасы», ал арифметика – математика патшасы» (К.Гаус). «Математиканың өз тілі бар – ол формула» (С.В.Ковалевская). «Ақын жанды болмасаңыз, математикте бола алмайсыз». 
Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабағы. 
Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс. 
Сайыстың жоспары: 
І. Танысу 
ІІ. Білгіш болсаң,шешіп көр. 
ІІІ. Математикалық сұрақтар. 
ІҮ. Біліктілік сайысы. 
Ү. Сөз жұмбақ. 
ҮІ. Ойымды жалғастыр. 
ҮІІ. Кроссвордты шешу 
ҮІІІ. Қорытынды. 
Сайыстың барысы: 
Мінекей, залда тыныштық, 
Естілмейді дыбыс түк. 
Кешіккендерді тоспаймыз, 
Ғылымдардың ғылымы – 
Математика жайында 
Кешімізді бастаймыз. 
Қазылар алқасымен таныстыру. 
«Үлгілі тәртіп, жақсы оқу, 
Алға қойған мақсаты. 
Әрқашан да мектепте, 
Шығып жүрген жақсы аты» - дей келе І тур бойынша топтар өздерін таныстырып өтсін. 
І топ «Үшбұрыш» тобы. 
Таныстыруы: Үшбұрыш деп жазықтықта бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені тізбектей қосқаннан шыққан фигураны айтамыз. 
Үшбұрыш қабырғаларына қарай үш түрлі: 
1) тең қабырғалы үшбұрыш 
2) тең бүйірлі үшбұрыш 
3) әр қабырғалы үшбұрыш 
Үшбұрыш бұрыштарына қарай үш түрлі: 
1) тік бұрышты үшбұрыш 
2) сүйір бұрышты үшбұрыш 
3) доғал бұрышты үшбұрыш 
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 1800-қа тең. 
ІІ топ. «Квадрат» тобы. 
Таныстыруы: Барлық қабырғалары бір-біріне тіктөртбұрыш квадрат деп аталады. 
Қасиеттері: 1) диогональдары тең 
2) диогональдары бір-біріне перпендикуляр болады 
3) ішкі бұрыштарының қосындысы 3600-қа тең. 
ІІІ топ. «Трапеция» тобы. 
Таныстыруы: Екі қабырғасы параллель, ал басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрышты трапеция дейді. 
Параллель қабырғалары табандары, параллель емес қабырғалары бүйір қабыр-ғалары деп аталады. 
Трапецияның түрлері: 1) тең бүйірлі 
2) тік бұрышты 
Трапецияның орта сызығының табандарына параллель және олардың қосындысының жартысына тең болады. 
ІІ.Білгіш болсаң,шешіп көр.(ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР) 
І топ «Үшбұрыш» тобы. 
1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3- кг болды,ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3)
2. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)
3. Бір жұмыртқа үш минутта піссе,төрт жұмыртқа қанша минутта піседі? (3)
4. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар .Жанұяның қанша баласы бар? (6)
5. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?(10) 
ІІ топ. «Квадрат» тобы. 
1.Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? 
2.Қатар тұрған ұш санның қосындысы да көбейтіндісі де 6 ға тең. Ол қандай сан? (1,2,3)
3.Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4)
4. Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны 10. Аулада неше тауық,неше бұзау болуы мүмкін? (2 бұзау, 1 тауық) 
5. 1 т мақта ауырма ,10 ц темір ауырма? 
ІІІ топ. «Трапеция» тобы. 
1. Інісінің 14 асығы бар,ағасының одан бес асығы артық. Екеуінің неше асығы бар? (33)
2. 9 бен 27 сандарының арасында қанша жұп сан бар? (9)
3.Отбасында жеті қыз және әрқайсысында бір-бірінен інісі бар.Отбасында неше бала бар? (8)
4.Кенжетай 1968 –жыл 29-ақпанда дүниеге келген. Қазір 41-жаста болса осы кезге дейін неше рет туған күн жасады? 
5 . Айсұлу бір сан ойлады. Оны 5 көбейтіп нәтижесін 28 ден азайтып еді, 3 шықты. Олқандай сан ойлаған? (5)
ІІІ. Математикалық сұрақтар. 
1. Қандай санның атының жазылуында қанша әріп болса, соншалық цифр бар? 
2. Бір жылда неше ай, неше апта, неше күн? (12,)
3. 30 санын үш 6-ны пайдаланып шығар? Таңбасын қой. (6х6-6)
4. Бір-бірімен қиылыспайтын түзулер? (паралель)
5. Қандай сан барлық сандарға бөлінеді? (1)
6. 225 нешенің квадраты? (15)
ІҮ. Біліктілік сайысы. 
І-топ 1.Теңдеуді шешіңдер. Х+132:12=15,  х=4
2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтірің. 5/12, 3/8 және 1/16  (48)
ІІ-топ 1.Теңдеуді шешіңдер:(х-12):11+89=100  х=13
2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер 
3/7, 5/14 және 1/42 (42)
ІІІ-топ 1.Теңдеуді шешіңдер: 7*х+43*5=264  х=7
2. Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер 5/8, 7/24, 9/32 (96)
Ү. Сөз жұмбақ
1.Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? 
2. Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан? 
3. Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? 
4. Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді. 
5. Шеңбердің ең үлкен хордасы 
6. Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 
7. 2 ғасырда неше жыл бар? 
8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. 
9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. 
10. Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ. 
11. Бұрышты өлшейтін құрал. 
12. Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан? 
13. Тік бұрыш неше градусқа тең? 
14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? 
15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды? 
16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? 
17. Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі. 
18.Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 
ҮІ.Ойымды жалғастыр. 
1.ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ-... 
2.ОТЫЗ ТІСТЕН ШЫҚҚАН СӨЗ-.... 
3. ЕКІ ЖАҚСЫ ҚАС БОЛМАС-.... 
4.ЖҮЗ СОМЫҢ БОЛҒАНША-.... 
5.ДОСЫҢДЫ ҮШ КҮН СЫНАМА-.... 
6.БІР КІСІ ҚАЗҒАН ҚҰДЫҚТАН- .... 
7.БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР-.... 
8.БІЛГЕНІҢ БІР ТОҒЫЗ-.... 
ҮІІ. Кроссвордты шешу 
Әр топқа жеке сөзжұмбақ беріледі. 


І топ «Үшбұрыш» тобына: 
қ ұ р а м а 
п а й ы з 
м а т е м а т и к а 
ш е ң б е р 
м е т р 
х о р д а 
т а қ 
т а б и ғ и 
а к с и о м а 
р а д и у с 
1. Екіден артық бөлгіші бар сандар. 
2. Санның 100 ден 1 бөлігі. 
3. Барлық ғылымдардың патшасы. 
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынын қалай атайды . 
5. Ұзындық өлшемі. 
6. Шеңбердің екі нүктесін қосатын қосынды. 
7. 2 бөлінбейтін сандар. 
8. Натурал санның мағанасы. 
9. Дәлелденбейтін ұғым. 
10. Шеңбер бойындағы кез келген нүктелерін центрмен қосатын кесінді. 
ІІ топ «Квадрат» тобына: 
т р а п е ц и я 
с ә у л е 
ф и г у р а 
т е ң д е у 
р о м б 
ғ а с ы р 
с а ғ а т 
1. Тек қарама – қары екі қабырғасы параллель болатын төрт бұрыш. 
2. Бір нүктеден шығатын түзу. 
3. Бейне, кескін. 
4. Құрамында белгісізі бар теңдік. 
5. Барлық қабырғалары тең төртбұрыш қалай аталады. 
6. Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі. 
7. Уақыт бірлігі. 

ІІІ топ «Трапеция» тобы: 
ж а й 
п а р а л л е л ь 
п е р и м е т р 
П и ф а г о р 
д и а м е т р 
п е р п е н д и к у л я р 
т а қ 
ш и р е к 
к е с і н д і 
ж а з ы ң қ ы 
1. 1–ге және өзіне бөлінетін сандар. 
2.Қиылыспайтын түзу. 
3. төртбұрышиың қабырғаларының, ұзындықтарының қосындысы. 
4. Ғұлама ғалым. 
5. Ең үлкен хорда. 
6. Тікбұрыш жасап қиылысатын екі түзу. 
7.2-ге бөлінбейтін сан. 
8. Бүтінді төртке бөлгендегі бір үлесі. 
9. Екі нүктемен шектелген түзудің бөлігі. 
10. 1800-тең бұрыш. 
Жанкүйерлерге сұрақтар: 
1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап – перчатка, варешки - glove). 
2. Төрт қарны бар, бір ауызы бар. (үй – дом – home). 
3. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга - book). 
4. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас – голова - head). 
5. Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire). 6.Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш–линейка–line,ruler). 
7. Он қойым болды өміріме азық, 
Инемен саламын құдық қазып. Жатсам да, тұрсам да қасымда, 
Өзімнен көрген емес кейін қалып. (он саусақ – палец - finger). 
8. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар. (киіз үй – юрта -yurt) 
9. Алды-артымыз шексіз де, 
Жете алмайсың біздерге. 
Сәуле менен кесінді, 
Шыққан тегі білсің де. (түзу – линия - line). 
ҮІІІ. Қорытынды. 
Әділқазы армысыздар, алқалар, 
Талай-талай шындық сізде бар табар! 
Бағаларын балалардың беріңіз, 
Қымбат бізге-билігі бар орталар – деп сөз кезегін әдіқазыларға беріледі. 
Жеңімпаз топтар марапатталады. 
Осымен бұл қызықты тамамдасақ, 
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ. 
Үйрендік білмегенді осы жолы, 
Тағы да үйренеміз аман болсақ! – дей келе сайысымызды аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңыз үшін үлкен рахмет!










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!