СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" шығармасы - тамаша туынды! Сонау ХХ ғасырдың I ширегінде жазылған бұл роман қазірге дейін өзектілігін жойған жоқ . Бір демде, бір күнде оқылатын əдеби кітап осы шығар, сірə. Əрі əр адам өмірді тек өз көзімен көретіндіктен, бір жерде, бір уақытта болған жағдай əркімнің санасында əртүрлі құбылуы, әркімге әртүрлі әсер етуі мүмкін.

Просмотр содержимого документа
«Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы»

Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы (қайталау)
Білімділік мақсаты:  шығарма кейіпкерлеріне талдау жасай отырып, кейіпкерлердің іс-әрекеттері  туралы өзіндік пікірлерін қалыптастыру, идеясын ашу
Дамытушылық : өз  ойларын айта білуге, өзіндік қорытынды жасай білуге дағдыларын дамыту , шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік : үлкенді  сыйлауға, қайырымдылыққа, адал достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сыни тұрғысынан ойлау сабағы.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, әдеби пікірталас, шығармашылық ізденіс.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі

1.Сәлемдесу, түгелдеу.

Мұғалім сөзі: Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" шығармасы - тамаша туынды! Сонау ХХ ғасырдың I ширегінде жазылған бұл роман қазірге дейін өзектілігін жойған жоқ . Бір демде, бір күнде оқылатын əдеби кітап осы шығар, сірə. Əрі əр адам өмірді тек өз көзімен көретіндіктен, бір жерде, бір уақытта болған жағдай əркімнің санасында əртүрлі құбылуы, әркімге әртүрлі әсер етуі мүмкін. Сол сəтте Ақбілек не ойлады, ел не ойлады əр қырынан түсінікті етіп жазылған. Əрі орыс шаруаларының да ойын түсірген шығармалардың алғашқысы шығар. "Неге олай,неге бұлай істеді екен?" деп ойланып, қызығып оқып отырғанда, жан-жақты сипатталған романнан сұрағыңызға жауап іздеп, табасыз.Солай ма,балалар! (студенттер жауаптары)

Біз алдыңғы сабақта романмен таныстық.Бүгін романды қаншалықты меңгергендеріңді байқағым келіп тұр.Топты 3 топқа бөліп отырғызып, бірінші топқа – «Ақбілек» романы туралы теледидар бағдарламасын дайындау, екінші топқа- Романды «Әткеншек» әдісі бойынша мазмұндау,үшінші топқа – Романды аяқтау. Сахналық қойылым. Ұрқия мен Ақбілектің кездесуі.

Студенттердің тапсырмаларды орындауын тексере отырып, бұрыс жерлерін түзетіп, келесі топтық тапсырмаларға көшіремін. Бірінші топқа – Ақбілекке мінездеме жазу( оқулықпен жұмыс) , екінші топқа- «Автор орындығы» әдісі бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру( 1 және 3 топ студенттері сұрақ қояды), үшінші топқа – Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді табу.

«Бұл кім?» ойыны. Мінездеме арқылы кейіпкердің кім екендігін дұрыс табу. 6 ұяшықта жасырылып тұрады. Студент қалаған ұяшығын таңдап, дұрыс жауап беруі керек.

Ақбілек - құрбыларының алды, теңдікке ұмтылған, азаттықты аңсаған, зорлыққа мойымаған, өмірінен тағылым-ғибрат алған, жан-жүрегі таза, махаббат, мейірімі мол, өжет қыр қызы.Ақбілек содырлардың ортасына түсіп, қарамұртқа ермек болды.Соған қарамастан өмірге деген құштарлық сезімінен айырмады. 
Бекболат - қара торы, орта бойлы, қошқар тұмсық, түлкі мұрт, шүңірек көз жігіт. Жасы жиырма жетіде. Басында барқытпен тыстаған қара елтірі жекей тымақ, үстінде орысшалау пенжек, шалбар. Сұр шапан, сар сафиянға қара ала жапқан күміс белбеу, аяғында көнелеу қисық табаны бар. Белбеуіндегі жарғақ далбағайы, шашақты сары қынды мүйіз сапты өткір кездігі, алдыңғы қапталдағы дабыл байлайтын ұзын қайыс шеттегі- оның өнерсіз жігіт еместігіме айғақ болады. 
Мұқаш - таңқы мұрын, бадырақ көз, шұнақ құлақтау, жарбақтау, кірпі шаш, қырыс маңдай, қара сұр жігіт. Жасы 35-те. Болыстыққа сайланбай қалған. 
Офицер- романның басты тұлғасын жәбірлеп, арын аяққа таптаған жиіркенішті жан ғана емес, империялық саясаттың ғасырлар бойы халқымызды билеп, басып-жаншып келген көрінісі ретінде де есте қалады. 
Ұрқия - Ақбілектің жанашыр жеңгесі. Ақбілектің қалаға келіп, көзін ашуына бірден бір себепкер. Сонымен бірге баласы Ескендірді өсіруіне де көп көмектеседі.

Балташ - Ақбілектің жанын түсінген жігіт. Ақбілектің басынан өткен тағдырға қарамай, оған ғашық болады. Балташтың бұл қасиетін бағалап, Ақбілек оған күйеуге шығады.

«Егер мен автор болсам...» ой- толғау жазу.

«Мендік аймақ» әдісі бойынша әр топ басшысы ең үздік пікірді оқиды.

Мені қинағаны....

Мені сүйсіндіргені...

Мені қуантқаны...

Мені қайраттандырғаны...

Менің тілегім...

Мені қызықтырғаны...

Біздің түйгеніміз...

Бағалау.

Үйге тапсырма: «Ақбілек-қазақ қыздарына үлгі боларлық кейіпкер» тақырыбында шағын ой толғау жазу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!