СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен

Нажмите, чтобы узнать подробности

лорщшвкрошщдукропдлкпорждлкорзщкеоршдитждавроекз

Просмотр содержимого документа
«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен»

Бекітемін:

Тәрбие жөнінің орынбасары

____________ Г.А.Бекенова


31.01.2018

Кулбошова Дария

Сынып: 3 «А»

Тақырыбы

«Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен».

Жалпы мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

Оқу нәтежием


1.Нақты пікір айтуға,басқаның ойын тыңдауға үйренеді.

2.Сыныпта диологтік әңгіме өрбиді

3.Топпен жұмыс жасай отырып,балалар бір-біріне тапсырмалық жұмыстарға көмектеседі.

Қамтылатын модульдер

1-модуль оқыту мен оқудағы жаңа тәсіл (топтық жұмыс)

2-модуль сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Сілтеме

Ғаламтор жинақтары, тәрбие сағаты журналдар

Қадамдар

1. Ақпараттар алмасу

2.Топпен жұмыс

3.Рефлексия

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру

3 мин

-Қайырлы күн, балалар!

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Мен сендермен қайта жүздескеніме қуаныштымын.

-Мадина, бүгін сенің жүзіңнен бір жақсылық тарап тұрғандай.

-Ықылас, бүгін сен көңілді секілдісің?

-Құралай, сен күндегіден де әдемісің?

-Әлібек киімің өзіңе қандай жарасымды.

-Ал, балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстайықшы.

-Балалар нені сеземіз?

-Бір-біріңе күлімдеп қараңдаршы, жүздеріңнен нені байқап тұрсыңдар?

– Өте тамаша, қуанышты көңіл- күймен сынып сағатымызды бастаймыз.

Енді мына смайликтер арқылы топқа бөліне қоямыз.












Жылылықты сеземіз


Қуанышты




Топқа бөлінеді.

IIІ. Кіріспе бөлім:

Сурет бойынша жұмыс  

1 мин











Суреттерге назар аударайық.

Бұл баланы кім дейді?

1.Үлендерді сыйлаймыз,

Айтқандарын тыңдаймыз.

Кішіге ағамыз,

Құшаққа аламыз.

Еңбекті сүйеміз,

Бақытқа ие біз.

Бұл баланы кім дейді?



2 . Өзінен үлкен кісіні,

Сыйлауды ол білмейді.

Шықпай жатып көшеге,

Үсті басы кірлейді.

Бұл баланы кім дейді?

- Ендеше, балалар, бүгінгі сабағымызда «Жирен жаман әдеттен, үйрен жақсы әдептен» тақырыбында ой бөлісіп, өзара пікір алысып, әңгімелесетін боламыз. Сабағымыз ойын-тренинг түрінде өтетін болады.















(әдепті бала)













(салақ бала)

Оқушылармен жұмыс

Топтық тапсырма

4 мин

1 топ

1.Жылт-жылт етіп төбемде,

түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

Басы қайқы қос сырық.

Таяғым да

Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

4. Мұртын сипап күн бойы,

бетін сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(ыдыс)

Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

- Өте жақсы!

2 топ

Айналада ақ отау,

аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Қорқақ сөзіне қарама қарсы сөз. (Батыр)

3. Даусы бар,жаны жоқ,

шертсең күйі әні көп.(домбыра

4.Мінсем, төменге зу етем.

Өрлесем, оны өзім сүйретем.(шана)

5. Қасиетті тағам. (нан)

- Балалар сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты?

3 топ

- Жақсы деген немене? (Оқушылар өз ойларын жазады)

4 топ

-Ал, жаман деген немене?   -



















Жақсы деген





Жаман деген-

Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға, гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы. Салақ, кір-қожалақ болған жаман. - Ағаштың бұтағын сындырған жаман.  -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.

Менің көзқарасым

«Сұрақ ілмегі» әдісі

(сұрақ-жауап)

2 мин

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?

  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?

  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?

  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

Оқушылар сұрақтарға шынайы жауап береді. Өз ойларымен бөліседі.

«Поэзия минуты»

10 жақсы

10 жаман

4 мин

Не жаман ,  не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек

Оқушылар орындарынан тұрып өлең жолдарын оқып береді.

Ойын «Болады, болмайды»

2 мин

Сабақтан кешігуге...

Үлкен адамдардың әңгімесіне араласуға...

Таңертең ерте тұруға...

Қыздардың шашынан тартуға...

Үлкендерге көмектесуге...

Партаны сызуға...

Сабақ үстінде тыныш отыруға...

Кішілерге қамқор болуға...

Бір-біріңе көмектесуге...

Мектепте жүгіруге...

Бір-біріңді арыздауға...

Біреудің затын рұқсатсыз алуға...

Үзілісте кітапханаға баруға...

Көшеде түкіруге...

Сабақтан себепсіз қалуға....

Ата-ананы тыңдауға...

Үлкендерге сөз қайтаруға....

Болмайды

Болмайды


Болады

Болмайды

Болады

Болмайды

Болады

Болады

Болады

Болмайды

Болмайды

Болмайды

Болады

Болмайды

Болмайды

Болады

Болмайды

«Сиқырлы сөздер»

2 мин

  1. Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік

1) Апаң сенің базардан.

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек

Рахмет апа деу керек

Әжең сенің түскі асқа

Қант, кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

Рұқсат па деу керек еді

Балалар жүр көшеде

Естілді шу айқай,

Сенде шықтың көшеге

Қағып кеттің байқамай

Кешіріңіз деу керек

Ауыр сумка көтеріп ,

Белі кеткен иіліп ,

Келе жатты қарт ана .

Ербол қарсы кезікті ,

Өте шықты жанынан .

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар : «Көмектесейін» деу керек.

Ерте тұрып , мектепке

Ербол келді сабаққа .

Қарсы алдынан кезігер

Ұстазы оның әр уақытта .

Ұмытты Ербол бұл кезде

Ұстазына не дейді ?

Мұндайда не деу керек


  1. « Ақиқат немесе жалған» ойыны

  2. 5 мин


Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.

Пікірлер:

Үлкендердің алдынан кесіп өтемін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын

Ініме оку үйретемін,  Кішкентай баланы ұрмаймын

Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін

Сабақтан кешікпеймін, Досыма көмектесемін

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын

Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітетін сөздер айтамын

Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын, Әкемнің айтқанын тыңдаймын.

Үлкендерге сәлем беремін.

Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын

Күлді баспаймын, Жақындарыма көп жақсылық жасаймын

Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!





Жалған


Ақиқат


Жалған


Ақиқат

Ақиқат

Жалған


Ақиқат


Ақиқат

Жалған

Ақиқат


Қорытынды бөлім (ой түю)

2 мин

«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.

Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!

Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса, үш рет қол соғамыз.

Қол соғады.





 




















































Не жақсы?

1.Біріншіден не  жақсы?

Биязы  мінез тіл алғыш

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдылық сол жақсы.

 

2.Екіншіден не жақсы?

Ерте жатып мезгілмен

Ерте тұрып төсекті

Ерінбей жисаң , сол жақсы

 

3.Үшіншіден не жақсы?

Үйдің  ішін тазалап

Үстіне де қарайлап

Үлгіре алсаң сол жақсы.

 

4.Төртіншіден  не жақсы?

Тал шыбықтай  таңертен

Тамаша әдет сол жақсы

 

5.Бесіншіден не жақсы?

Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы

 

6.Алтыншыдан не жақсы?

Ашу деген бәледен

Алшақ жүріп жанаспай

Ақылды болсаң сол жақсы

 

7.Жетіншіден не жақсы?

Жауқазындай  жайраңдап

Жұрт ісіне қайран қап

Жатса шіркін, сол жақсы.

 

8.Сегізіншіден не жақсы

Саспай, жастай өнердің

Сүйсен бәрін беріліп,

Сан  істерден сол жақсы

 

9.Тоғызыншыдан не жақсы?

Тәтті досқа сөз беріп

Танып жүрмей артынан

Табынды болсаң сол жақсы.

 

10.Оныншыдан не жақсы?

Ойлап істеп ісіңді

Озып шықсаң ортадан

Бәрінен де сол жақсы

 

 



1.Не  жаман?

Біріншіден   не жаман?

Беті –қолың  кір-кір боп,

Берекесіз  ыржақтап

Бейбастық өссең ,сол  жаман.

 

2.Екіншіден  не жаман?

Ессіз деніп, желпініп,

Екіленіп, ерігіп.

Ерке боп өссең , сол  жаман

 

3.Үшіншіден  не жаман?

Ұшып қонып жүретін

Шегірткедей   жеңілтек

Ұшқалақ болсаң , сол  жаман

 

 4.Төртіншіден  не жаман?

Төменде тұрған өздерің

Төбеде  тұрған алмаған

Талассаңдар, сол жаман.

 

5.Бесіншіде не жаман?

Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

Екі  алсаң сол жаман

 

6.Алтыншыда не жаман?

Ата-ананың  ақылын

Ала  білмей кезінде,

Ақымақ болсаң ,сол жаман

 

7.Жетіншіде не жаман?

Жиренішті  әдеттен

Жирене білмей кезінде

Жетесіз болсаң ,сол жаман

 

8.Сегізінші не жаман?

Соқтықпай күнде ойнайтын

Серік таппай қиналып

Сергелден болсаң сол жаман

 

9. Тоғызыншы не жаман?

Топ  ішінде мақтанып,

Төбелесіп жұртпенен

Таяқ жесең сол жаман

 

10.Оныншыдан не жаман?

Ойын қуып  жасыңда,

Оқусыз өтсен, балақай

Бәрінен  де сол жаман



Скачать

© 2018, 2379 12

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!