СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Жергілікті желі" сабақ жоспары

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік желілер. Желілердің түрлері

Сабақтың мақсаты: 

Оқушылар «Компьютерлік желі» ұғымдарымен, желілердің түрлері және желілердің атқаратын қызметтерімен танысады. Желіге қосылған компьютер атауларын анықтау және желілік қорға қатынау жолдарын меңгереді.

Зерделеу нәтижелері:

Компьютерлер арасында  ақпарат алмасу кезіндегі орындалатын   әрекеттерді дұрыс қолдана білу.

Түйінді идеялар:         

Ақпарат алмасу барысындағы орындалатын командаларды меңгеру..

Жұмыс түрі:         топтық жұмыс.

Просмотр содержимого документа
«"Жергілікті желі" сабақ жоспары»

Компьютерлік желілер. Желілердің түрлері

Сабақтың тақырыбы:

Компьютерлік желілер. Желілердің түрлері

Сабақтың мақсаты: 

Оқушылар «Компьютерлік желі» ұғымдарымен, желілердің түрлері және желілердің атқаратын қызметтерімен танысады. Желіге қосылған компьютер атауларын анықтау және желілік қорға қатынау жолдарын меңгереді.

Зерделеу нәтижелері:

Компьютерлер арасында  ақпарат алмасу кезіндегі орындалатын   әрекеттерді дұрыс қолдана білу.

Түйінді идеялар:         

Ақпарат алмасу барысындағы орындалатын командаларды меңгеру..

Жұмыс түрі:         топтық жұмыс.

І. Кіріспе:

  • сыныпта психологиялық ахуал жасау;

  • сыныпты 3 топқа бөлу /оқушылар түрлі түсті қағаздарды таңдау арқылы бөлінеді/;

  • үй тапсырмасы бойынша сынып ережесін тақтаға ілу;

 

ІІ. Өткен тақырыпқа ой тастау:

        

Топтарға  алдыңғы өткен «Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері»  тақырыбынан «Лазерлік ойнатқыш», «Әмбебап ойнатқыш», «Фонограф» программаларының , ұқсастықтары мен айырмашылықтары және оларды іске қосудың жолдары туралы сұрақтар беріледі.

 

 ІІІ. Негізгі кезең:  

  • жаңа тақырыпты меңгерту;  

Көлемі бойынша кішігірім, бір үй, ғимарат, кәсіпорын аумағында жұмыс істейтін желілер жергілікті желі деп аталады. Олар: аймақтық  және ауқымды желілер болып 2-ге бөлінеді.

Қала, облыс, ел ішінде орналасқан желілер аймақтық деп аталады. Егер олар қйсы бір ұйымға немесе ұйымдар тобына тиісті болса, онда  бұл корпоротивтік  деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің  желісі –Banknet, негізгі банктің компьютерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.

Одан үлкен көлемдегі, бүкіл елдерге, құрлықтарға тараған желілер ауқымды деп аталады. Олар корпоротивтік те, жалпы  да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың  кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкіндіктері бар.

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздерге дейін) түрлі  типті кабельдер көмегімен, желілік  карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге  асады.Адаптер компьютердің аналық тақшасынгдағы кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын  көптеген әдістер бар. Әр қосылу  - деректер  үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы -  бұл оның геометриялық пішіні немесе  компьютерлердің  бір- біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі  желілерді   салыстыру  және  жіктеу әдісін береді.

 

1-тапсырма /Ой қозғау әдісі/

 

Оқушыларға компьютерлік желілер түсінігі, желілердің қандай мақсатпен қолданылатыны туралы, желілердің жергілікті, аймақтық, корпоративтік түрлері желілік ресурстар және желілермен қалай жұмыс істеуге болатыны, компьютердегі желілік қорға қалай шығуға боатыны туралы ақпарат беріледі.

Топтарға жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында материалдар таратылады. Оқушылар таратпа материалдарын оқи отырып «Желі топологиясының типтерімен танысады. Материалдан алған мәліметтерді оқулықтағы мәліметпен салыстырады.

                                             

1-топ

Топологияның үш негізгі  типі бар:

  1. «Жұлдызша»-топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі  екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай  топологияның негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен концентратор арасындғы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі  жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

2-топ

  1. «Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті  түрде шеңбер емес) желі  тұйықталған. Мұндай  сақинада бір нүктеден қозғау алған  деректер ақыр аяғында желінің  басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

 

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені  желінің  бір жері  істен шықса, бүкіл тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы  бір осал жері –деректер біреулердің  желілік  компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты  бөгде  ұстап қалуына мүмкіндік береді.

3-топ

  1. «Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік коспьютерлер «шинаға» тікелей қосылады.

«Шина»  топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің  бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің  деректері әр  желілік компьютерден өтеді. 

Бұл тапсырмада оқушылар 3 топтан бір адамнан шығып өздеріне берілген «Желі топологиялары» бойынша Флипчарттағы суретке  қарап басқа топтарға түсінгендерін жеткізеді.

2-тапсырма   / қызығушылығын ояту, ой толғау әдісі/

Топтарғы әрбір оқушы мұғалімнен алған,  алдындағы таратылған материалдардан және оқулықтан алған мәліметтерін қорытындылап, талдау үшін «Компьютерлік желі» сөзіне ментальды картаны  жасау кезінде интерактивті тақтамен  жұмыс істейді.  Бұл тапсырмадан АКТ әдісін көруге болады.

Жұмыс нәтижесі: Интерактивті тақтамен жұмыс жасауға икемделеді.

 /тақтаның маркерін дұрыс ұстай  білуді үйренеді./

 

Қорытындылау:   Оқушылар рефлексия жасайды

Нені білдік?

Не білгіміз келеді?

 

Бағалау:  Әр топ алдындағы түс қағаздары арқылы бірін-бірі бағалайды.

                   Жеке оқушылар бағаланады. 

 




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!