СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

За лучшую авторскую работу

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

аааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааааа

Просмотр содержимого документа
«За лучшую авторскую работу»

Норвегия . Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің бірі — Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен — 196, Финляндиямен — 727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы шектесіп жатыр.

Корольдіктің жер аумағы — 386 960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші орында.

Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек, солтүстіктен басталған аласа таулар легі оңтүстікке қарай биіктеп, таулы өлкеге айналып сала береді. Мемлекеттің ең биік нүктелері — Галлхейпиген (2469 m) мен Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп есептеледі.

Норвегияның ең ірі өзендері шығыста орналасса, батысында қысқа, бірақ ағысты өзендері ағады. Елдің оңтүстік өлкесі келбетті көлдерге бай. Дегенмен жасылмен жан бағатын елдермен салыстырғанда, Норвегияның өнім беретін өсімдіктері жоқтың қасы. Шыңын мұз басқан таулы, қыратты аймақтың бар болғаны 4 пайызы ғана егістікке қолайлы болып келеді. Сол секілді жануарлар әлемі де корольдікте аса мәз емес.

Әкімшілік бөлінуі[өңдеу]

Норвегия жері 19 облысқа бөлінген (жергілікті тілде облысты фүлке атайды). Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбірі төрт жылда бір сайланатын кеңеске ие.

Халқы[өңдеу]

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкі. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бірі — бір Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге ірі қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдің қалған бөлігі халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.

Елдегі бала туу — 11,89% құраса, адам өлімі — 9,51%. Елдегі балалар өлімі ең төменгі деңгейде. Және статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег ауылдық жерді мекен етеді екен.

Норвегияның негізгі халқы — германиялық біртекті ұлт. Ал елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқымекен етеді. Елде норвег тілінің екі түрі кездеседі — букмол және нюнорск.

Табиғаты[өңдеу]

Норвегияның көп бөлігін Скандинавия таулары алып жатыр (ең биік нүктесі – Гальхепигген тауы 2469 м). Солтүстік және Норвег т-нің жағалаулары фьордтармен тілімделген. Климаты – баяу теңіздік. Қаңтардағы орташа температурасы –2 – 12ӘС, шілдеде 6 – 15ӘС болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері шығысында 300 мм-ге, батыс тау беткейлерінде 3000 мм-ге дейін жетеді. Мұздықтардың жалпы аумағы 3 мың км². Мол сулы ірі өзендері – Гломма, Логен, т.б. Жерінің 27%-ын ормандар (негізінен қылқан жапырақты, жапырақты) алып жатыр. Солт. мен биік жерлерінде таулы тундра мен орманды тундра басым. Жануарлар дүниесін түлкі, сілеусін, ақкіс, сусар, бұлан, солт. бұғысы, ақтиін, қоян құрайды. Жағалауларында құс базарлары көп. Н. теңіздері балыққа бай. Кен байлықтарынан темірникельмысмолибденкобальткүміс кентастары белгілі. 1970 ж. Солтүстік теңізден мұнай мен газ кен орны ашылған.

ШвецияШвеция Kорольдігі (швед. Sverigeшвед. Konungariket Sverige) — Eуропада орналасқан ел. Скандинавияелдерінің бірі. Швеция Корольдігі — Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы (Швецияны Даниядан бөліп тұр) мен КаттегатСкагерракбұғаздарының сулары шайып жатыр.

Швецияның лендерге бөлінуі

Швецияның иелігіне сондай-ақ Балтық теңізіндегі Готланд пен Эланд аралдары мен бірнеше ұсақ аралдар да кіреді. Аумағы 449964 км2. Швецияның ұлттық құрамы негізінен бір текті. Халқының 91%-ын шведтер құрайды. Сонымен бірге финндер (3%), саамдарнорвегтердаттықтар (6%) тұрады. Ресми тілі — швед тілі. Дінге сенушілердің көпшілігі — лютеран шіркеуінің өкілдері (94%), католиктер (1,5%), мұсылмандар мен иудей дініндегілер де бар. Астанасы — Стокгольм қаласы. Ірі қалалары: СтокгольмГетеборгКальмарУпсалаМальмеХельсингборг (қала халқының үлесі 83%-ды құрайды). Әкімшілік-аумақтық жағынан 21 ленге (губернияға) бөлінеді. Швеция тарихи-географиялық жағынан үшке: Геталанд (оңтүстігінде), Свеаланд (елдің орталық бөлігі), Норландқа (Швецияның ең үлкен аймағы, ел аумағының 60%-ын алып жатыр, солтүстік бөлігі) бөлінеді. Швеция — конституциялық монархия. Мемлекет басшысы — король (Карл XVI Густав, 1973 жылдан). Жоғарғы заң шығарушы органы — бір палаталы парламент — риксдаг. Жоғарғы атқарушы органы — үкімет. Ұлттық мейрамы — швед туының Күні, 6 маусым (1503). Ақша бірлігі — швед кронасы. БҰҰ-ның (1946), Солтүстік кеңестің (1952), Еуропа кеңесінің (1995) мүшес

Географиялық жағдайы[өңдеу]

Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде (тайга мен аралас ормандардың, елдің қиыр оңтүстік — жайпақ жапырақты ормандар белдемшелерінде) орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 м-ге дейін, Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратын Норланд (биіктігі 200 — 800 м) қыраты орналасқан. Қырат терең бөлшектенген, өзен және көл аңғарлары бар. Оңтүстікке қарай Орта швед ойпаты орналасқан, мұнда көлдер көп. Мұздық рельеф формалары кең таралған. Елдің оңтүстігінде жазықтардың радиалдық жүйесімен жекелеген қырқалар мен массивтерге бөлшектенген Смоланд жоталары жатыр. Швеция Шығыс Еуропа платформасының Балтық қалқанының шегінде орналасқан.

Пайдалы қазбалар[өңдеу]

Швецияның жер қойнауы металға бай болғанымен минералдық отынға кедей. Металл кентастары кен орындары магмалық және метаморфтық жыныстардың мол қорымен байланысқан. Шөгінді жыныстардың шектеулігіне байланысты таскөмірдің, мұнай мен табиғи газдың кен орындары жоққа тән. Темір кен орындары кентас қорларының мөлшері жөнінен дүние жүзіндегі ең бай кен орындарының қатарына атады. Темір қорларының 80%-дан астамы шоғырланған негізгі аудан поляр шеңберінің арғы жағында, Лапландияда орналасқан. Түсті металдардың негізгі кен орындары Норланд үстіртінде. Бұл құрамында мыс, мырыш, қорғасын, алтын, күміс, сұр колчедан, күшәла бар кешенді сульфид кентастарының Булиден Кристинеберг аудандағы кен орны, қорғасын (Лайсвалль) мен мыс (Аитик) кен орындары.

Климаты[өңдеу]

Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде — теңіздік). Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0 — 5°С, солтүстігінде –6 — 14°С болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15 — 17°С, солтүстігінде 10 — 11°С шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Елдің барлық аумағына қар түседі, алайда қар жамылғысы Сконеде бар-жоғы 47 күн, ал Коресуандода 170 — 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 1700 мм-ді (кей жерлерде 2000 мм-ге дейін), елдің оңтүстігіндегі жазықтарда 700 — 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 — 600 мм-ді құрайды. Швецияда қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілері Доль-ЭльвенТурне-ЭльвКлар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы мен Балтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен пайдаланылады (53%), Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар. Неғұрлым ірі көлдері: Венерн (аумағы 5585 км2), ВеттернЕльмаренМеларен, т.б. Норландтағы көптеген көлдер тектоникалық ойыстарда орналасқан.

Флорасы мен фаунасы[өңдеу]

Ормандар ел аумағының жартысынан астамын алып жатыр. Онда негізінен қарағай мен шырша, қайың, көктерек, т.б. жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстікте аралас ормандар, ал Сконе түбегінде емен мен шамшаттан тұратын жалпақ жапырақты ормандар өседі. Ел аумағының 14%-ын батпақтар алып жатыр (негізінен Норландта). Скандинавия тауларында 900 — 950 м биіктікке дейін және солтүстікте 350 — 400 м биіктікке дейін тау-тайгалық өсімдіктер, одан жоғарырақ қисық діңді қайыңдар, тундралық өсімдіктер өседі (15%). Ормандарда бұлан, қоңыр аю, қасқыр, сілеусін, түлкі, ақ тиін, сусар, ақ қоян, оңтүстікте борсық, еуропалық кірпі, тундрада сусар, қара түлкі, леммингтер кездеседі. Суда жүзетін құстар кең тараған. 16 ұлттық саябақ пен 850 қорық жұмыс істейді (негізгілері: АбискуМуддусПельекайсеСарек-Шефаллет, т.б.).



Географиялық орны Финляндия

Финляндия солтүстік Еуропада орналасқандықтан территорияның көп бөлігі Арктика белдеуі (25 %) арқылы өтеді. Құрлықта Швециямен (шекара ұзындығы 586 км), Норвегиямен (716 км) және Ресеймен (1265 км) ал теңіз арқылы Эстониямен Фин шығанағы және Швециямен Ботния шығанағы арқылы шектеседі.

Сыртқы жағалық сызықтың ұзындығы (иірлікті есептемегенде) 1 100 км. тең. Жағалық сызықтың ұзындығы (аралдарды қоспағанда) 46 000 км. Жағалау аймағында 81 000 жуық арал (аудандары 100 м² асатын) бар.

Мемлекет үш түрлі басты географиялық аудандарға бөлінеді.

  • Жағалау маңы ойпаты — Фин және Ботния шығанақтары бойлай созылып жатыр. Мұнда көптеген жартасты аралдар көп, негізгі архипелагтар — Аланд аралдары және Турку архипелагы. Қатты жіктелген жаға оңтүстік-батыс жағалауында Финляндиядағы ең үлкен архипелагқа айналып кетеді (Архипелаг теңізі).

  • Көлдер ауданы — елдің оңтүстігіндегі үстірт. Мұнда қалың ормандар, көптеген көлдер және батпақты жерлер орналасқан.

  • Солтүстік бастауы, көп бөлігі Арктика белдеуінің ар жағында орналасқан. Негізгі белгілері топырағы нашарлау келеді. Лапландияда жартасты таулар мен кішігірім жоталар көптеп кездеседі. Лапландияның батыс бөлігінде Халтиа шоқысы бөктерінде Финляндияның ең биік нүктесі (теңіз деңгейінен 1324 м) орналасқан.










Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!