СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Ұлы даланың жеті қыры» тарихи танымдық квест ойыны

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Ұлы даланың жеті қыры» тарихи танымдық квест ойыны»

«Ұлы даланың жеті қыры» тарихи танымдық квест ойыны

Мақсаты: Мақсаты: Қазақ елі туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру. Өйткені, Елбасының 2018 жылғы 21 қарашада шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деп айтылған. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасын, тарихи әрі рухани байлықты сақтап, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, әрі дәріптеу міндетіміз. Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге үйретіп, оларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын білімді, өнегелі азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: тақырыпқа сай безендіру, тарих пәні бойынша түрлі тапсырмалар, суреттер

Сабақ әдісі: квест ойыны, сұрақтар, тапсырмалар, картамен жұмыс, мозаика, постер қорғау

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме ұлағатты ұстаздар және бүгінгі ойынға қатысушы еліміздің патриот, жарқын болашағымыздың кепілі, дарын атына лайықты жас сайыскерлеріміз. Бүгінгі біздің Квест атты интеллектуалды сайысымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.

Жас сайыскерлер бүгін сендердің бастарыңнан таңғажайып оқиға өткелі отыр. Мектебіміздің қабырғасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жыл толуына байланысты апталық оқушылар өз білімдеріңізді сынға саласыздар. Сіздерге берілетін уақыт 40 мин.

Алдарыңызда көріп отырғандарыңыздай түрлі тапсырмалар бар. Осы тапсырмалардың көмегімен келесі жұмбаққа сілтеме беріледі. Сол арқылы келесі жұмбаққа көше аласыздар. Әр бекетте ұлы даланың 7 қырын жинақтайсыздар. Солай жалғасу арқылы сіздер мәреге де жетесіздер. Ал ендеше сіздерге сәттілік тілейміз. Әрбір қадамдарыңызға мұқият болыңыздар. Ал бастаймыз!!!


«Миға арналған жаттығу»

Оқушыларды мозаика арқылы топқа бөлу.

1.Атқа міну мәдениеті

Жылқы туралы мақал мәтелдерді жалғастыр және сұрақтарға жауап бер.

1.Аттың сыры иесіне мәлім

2. Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

3. Жылқының пірі - Қамбар ата.

4.Ер қанаты –ат

Ат әбзелдерін ата.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия.

1.Ең алғашқы адамдар игерген металды ата.

2.Қоланың құрамын айт.

3. «Ұлы даланың 7 қыры» мақаласында қазақ даласындағы металлургияның дамуы туралы не айтылған?

3. Аң стилі

Суреттерді құрастыр, сипаттама бер.

1.Бұл қандай өнер түрі.

2.Қандай тайпаларға тиесілі?

3. Ерекшелігі неде?


4.Алтын адам..Қазақстан аумағынан табылған алтын адамдар туралы не білесің?



5.Түркі әлемінің бесігі

Тұлғаға сипаттама бер

Әл Фараби



Қожа Ахмет Яссауи



Ибн Сина (Авиценна)



Махмұд Қашғари



6.Ұлы Жібек жолы. Картамен жұмыс.

7.»Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны» деген тұжырымды суретпен бейнелеп, қорғап шық.

Мәреге жеткен командалар өз жұмыстарын қорғап шығады.

Мәреге келген алғашқы команда жеңімпаз болып саналады.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!