СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"?? дыбысы мен ?рпі" саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауат ашу п?нінен ?ткізілген саба? жоспары ?лгісі

Просмотр содержимого документа
«"?? дыбысы мен ?рпі" саба? жоспары»

Қалқанбаева Назира Науханқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Алматы облысы Балқаш ауданы

«Ақкөл орта мектебі мектепке

дейінгі шағын орталығымен»

мемлекеттік мекемесі


Әліппе 1-сынып

Тақырыбы: «Ұұ дыбысы мен әрпі»

Мақсаты:

Оқушыларға Ұұ дыбысы мен әрпін таныту, дыбысқа байланысты сөздермен таныстыру, әріптің жазылу емлесімен таныстыру, сауатты оқуға, әдемі жазуға үйрету, құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік

Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, «Сөйлейтін әліппе» дискісі


Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық


ІІ. Өткенді еске түсіру.

«Үйшік» ойынын ойнату

Өтілген дыбыстарды өз үйшігіне кіргізу.

Жж дыбысына байланысты сөздерді тақтаға жазғызу.

ІІІ. Жаңа сабақ

Балалар мынау не?

Жапырақ.

Қай дыбыстан басталады?

Мына жапырақтың астында сендерге тапсырма жасырылған сияқты. Қане көреміз бе?

Мынау жұмбақ екен. Қане шешеміз бе?

Жұмбақ

Талдың басында

Жемі бар қасында.

Үй тұр саялы

Достарға аялы.

(Құстың ұясы)

Балалар ұя сөзін қандай сөздермен байланыстырып айтуға болады?

Сендерге көмек ретінде мына тірек суреттерді көрсетемін.

Алтын ұя мектебім, жанұя, құстың ұясы

Ұя сөзі қай дыбыстан басталады?

Ендеше біздің бүгінгі танысатын дыбысымыз қай дыбыс екен?- Ұұ

Бәріміз айтайықшы Ұ- қалай айтылады?

Ендеше ол қандай дыбыс

- Дауысты

Қай үйшік тұрғыны?

-Қызыл

Енді Ұ дыбысына байланысты сөздер айтайықшы?

Енді «Сөйлейтін әліппеден» тыңдап көрейік.

Оқулықпен жұмыс

Алина берілген сөздерді оқып береді.

Суретте қандай құстар берілген?- құр, бұлбұл

Құстар бізге бірдеме айтып жатқан сияқты, аузына қараңдаршы.

«Олар сендерге тапсырмамыз бар»,- дейді.

Алина тапсырмаларды орындатады.

Құстар тапсырмасы:

  1. Мәтінді оқыңдар.

Тақтадан құстардың суретін көреміз.

  1. Ұұ әрпінің жазылуын үйреніңдер.

Ауада, дәптерге жазамыз.


  1. Сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті

Қыран құсқа не жарасар?

Самғаған.

Бұлбұл құсқа не жарасар?

Сайраған.

Тоқылдаққа не жарасар?

Шоқыған.

Біздей балаға не жарасар?

Сабақты жақсы оқыған.

  1. «Құс» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар.

Қ-дауыссыз, көк үй тұрғыны

Ұ- дауысты, қызыл үй тұрғыны

С- дауыссыз, көк үй тұрғыны.

Қорытынды

«Талапты бала талпынған құстай» деген мәтелді қалай түсінесіңдер?

Бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!