СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұздар гидролизі

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тұздар гидролизі 9 сынып тұздардың гидролизі 3  жағдайда жүретіндігін түсіндіру

Просмотр содержимого документа
«Тұздар гидролизі»

Күні:

9 сынып Химия

Мұғалім: Курышбаева А.Е.

Сабақтың тақырыбы: Тұздар гидролизі»

Мақсаты:. Оқушыларға тұздар гидролизінің жүру заңдылықтарының қалыптасуы және дамуы туралы түсіндіре отырып, әр әдісіне тоқталу.

Оқушылардың ақыл-ой еңбегіне үйрену дағдыларын дамытуды жалғастыру: салыстыру, талдау, қорытындылау; кітаппен жұмыс істеу, өзін-өзі бақылау.

Құрал – жабдықтар: көрнекі кестелер; буклет

Сабақ типі: Жаңа білімді хабарлау.

Әдістемелік шешім: кестелерді пайдалана отырып баяндау-сұхбаттасу, жұмыс дәптерлеріне тірек -сызбанұсқаларын құру.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а ) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) сабаққа оқушылардың психологиялық дайындықтарын тексеру.

ІІ. Жаңа сабақСудың өте аз мелшерде сутек Н+ және гидроксид ОН- _ иондарына диссоциацияланатыны белгілі:

Н2О = Н+ + ОН

Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН иондарының бірдей мөлшері түзіледі.

Судың диссоциациялану дәрежесі өте аз шама екенін мынадай мәліметтен білуге болады. Кәдімгі температурада 13 млн литр суда 1 моль сутек ионы болады. Ерітіндідегі сутек ионы Н+ мен гидроксид ОН ионының мөлшері бірдей болғандықтан су бейтарап ортаны көрсетеді. Егер ерітіндіде гидроксид иондарының ОН мөлшері артық болса орта негіздік, ал сутек иондарының Н+ мөлшері артық болса орта қышқылдық болып өзгереді. Олай болса, сулы ерітіндісінде Н+ ионының не ОН ионының артық мөлшері жоқ тұздардың ортасы бейтарап болуы керек. Шындыгында да күшті қышқыл мен күшті негіз әрекеттескенде түзілетін натрий хлориді NаСІ, калий нитраты КNОя, калий сульфаты К2S04 сияқты тұздардьщ сулы ерітіндісі бейтарап ортаны кљрсетеді. Кейбір орта тұздардың, мысалы: темір (III) хлоридініћ ҒеСl3, мырыш хлоридініћ ZпСl2 аммоний хлоридінің NH4Сl судағы ерітінділері қышқылдық ортаны, ал натрий карбонатының Nа2С03, калий карбонатының К2С03 ерітіндісі сілтілік ортаны көрсетеді. Бғган көз жеткізу үшін осы тұздардың ерітінділеріне фенолфталеин немесе лакмус ерітінділерінің 1—2 тамшысын қосамыз.

Ас тұзының № 01 ерітіндісінде лакмус түсін өзгертпейді, олай болса орта бейтарап. Ал темір (III) хлоридінің ҒеСl3, мырышхлоридінің ZпСl2 жљне аммоний хлоридінін NH4Сl ерітінділерінде лакмус қызарады, демек орта кышқылдық. Натрий және калий карбонаттарының Nа2С03, КNО3 ерітіндісінде лакмус көгереді, демек орта сілтілік (5-кесте).5-кесте

Тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруі

Тұздар ерітіндісі

Индикаторлар

лакмус

фенолфталеин

метилоранж

Натрий хлориді

түсі

езгермейді

түсі

өзгермейді

түсі

өзгермейді

Аммоний хлориді

қызарады

түсі

езгермейді

қызғылт түстес

Калий карбонаты

көгереді

таңқурай түстес

сарғаяды

Неліктен бұлай болады? Оның себебі тұздардың сумен әрекеттесуінде болуы керек. Тұз кұрамындағы иондардың біреуі су молекуласындағы Н+ немесе ОН- иондарының біреуімен байланысып, нәтижесінде ерітіндіде Н+ немесе ОН- иондарының концентрациясы өседі.

  1. Әлсіз негіз бен күшті қышқылдың тұзы аммоний хлоридінің NH4Сl суда еруін қарастырайық. Аммоний хлориді суда былайша диссоциацияланады:

NH4СlNH4-+ Сl+

Су аз мљлшерде болса да диссохшацияланатындықтан, ерітіндіде

NH4+,Сl-, H+,OH-

иондары болады. Гидроксид ионы ОН- аммоний катионымен байланысып, оны бейтараптандырады. Нәтижесінде ерітіндіде артық Н+ иондары жиналады, сондықтан қышқылдық орта тұзіледі:


NH4-+Сl+ + HOH = NH4OH +Сl+ + H+

NH4-+ HOH = NH4OH+ H+

Олай болса, ортаның өзгеруі тұз ионының сумен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болады.

Туздардың сумен әрекеттесіп алмасу реакциясына тусуі, гидролиз деп аталады. (Грекше "гидро" — су, "лизис" — айырылу деген мағынаны білдіреді.)

  1. Күшті негіз бен әлсіз қышқыл әрекеттескенде түзілетін тұз Ма2СО3 гидролизденгенде ерітіндінің ортасы сілтілік болады:

2Na++2CO32- + HOH = HCO3-+2Na+ + ОН-

СО32-+ HOH == HCO3- + ОН-

Демек, гидролиз нәтижесінде ерітіндіде артык ОН- иондары жиналады, сондықтан орта сілтілік қасиет көрсетеді.

Олай болса, әлсіз негіз бен күшті қышқылдан тузілген тұздардың ерітінділері қышқыл ортаны, ал кушті негіз бен әлсіз қышқылдан тузілген тұздардың ерітінділері сілтілік ортаны көрсетеді.

  1. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұздар да

гидролизге ұшырайды. Бұл жағдайда гидролиздену процесі соңына дейін жүріп, қышқыл мен негіз түзіледі. Мысалы, алюминий сульфиді Аl2O3 сумен әрекеттескенде алюминий гидроксиді А1(ОН)3 мен күкіртсутек Н2S түзіліп, гидролиздену реакциясы қайтымсыз болады:

Аl2O3 + 6Н2O = 2А1(ОН)3 + ЗН2S

Олай болса, тұздардың гидролизге ұшырауы олардың иондарының құрамы мен қасиетіне байланысты екен.

Тұздардың сумен әрекеттесіп ыдырауы нәтижесінде гидролиз реакциясы жүреді.

Қортытынды: Күшті негіз бен күшті қышқылдан түзілген тұз сумен әрекеттеспейді (гидролизге ұшырамайды). Орта бейтарап қалпын сақтайды.

Әлсіз негіз және күшті қышқылдан түзілген тұз құрамындағы металл катионы гидроксид ОН- ионымен байланысатындықтан, ерітіндіге Н+ иондары жиналып қышқылдық орта береді.

Күшті негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз анионы сутек катионымен Н+ байланысатындықтан, ерітіндіге ОН- иондары жиналып сілтілік орта береді.

ІӘлсіз негіз бен әлсіз қышқылдан түзілген тұз құрамындағы иондар Н+ және ОН- иондарымен байланысатындықтан, гидролиздену реакциясы соңына дейін жүреді.

Үй тапсырма: §8 № 5 есеп











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!