СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау

Категория: Экономика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырып №7 «Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау»

 

Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау

Тапсырмалар №1,2,3

 

Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Просмотр содержимого документа
«Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау»

Тақырып №7 «Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау»


Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін талдау

Тапсырмалар №1,2,3


Айнымалы шығындарға өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты өзгеретін тікелей шығындар жатады: шикізат және негізгі материалдар, технологиялық мақсаттарға жұмсалатын отын және энергия, өндірістік персоналдың жалақысы, тиісті төлемдерімен бірге жабдықтарды күту және пайдалану шығындары және бірқатар басқа да үстеме шығындар.

Тұрақты шығындарға әкімшілік, басқарушылық, коммерциялық және жалпы шаруашылық шығындары жатады.

Айнымалы шығындар тұрақты шығындармен салыстырғанда күшейтілген бақылауды талап етеді. Тұрақты шығындардың мөлшері тұрақты болып қалады және өндіріс көлеміне пропорционалды өзгермейді, мысалы, жал төлемі, несиені пайдаланғаны үшін пайыздар, негізгі құралдарға есептелген амортизация, кәсіпорын басшысының жалақыларының кейбір түрлері және басқа да шығындар.

Тұрақты шығындар бірдей уақыт аралығында бірдей сомамен есептеледі. Оларға кәсіпорын және оның бөлімшелері бойынша смета есептеледі. Ескерілген ауытқулар (үнемдеу немесе артық шығындалу) негізінде кәсіпорынның шаруашылық нәтижесіне әр бөлімшенің салымын анықтауға болады. Айнымалы шығындарға қарағанда, тұрақты шығындар, жоғарыда аталғандай өндіріс көлемінің өзгеруіне тәуелді емес. Сондықтан оларды азайтудың басты резерві өндіріс көлемінің өсуінде жатыр. Шығарылған өнім көлемі қаншалықты көп болса, өнім бірлігіне тұрақты шығындар соншалықты аз келеді.

Шығындарды тұрақты және өзгермелі деп жіктеу біршама шартты сипатта екенін айта кеткен жөн, себебі шығындардың бір бабы әр түрлі жағдайда өндіріс көлеміне тәуелді немесе тәуелсіз болуы мүмкін. Мысалы, кәсіпорын қызметінің саласын кеңейту, тиісті қызмет бөлімшелерінің қызметкерлерінің жұмыс көлемін ұлғайтады (бухгалтериялар, маркетинг бөлімі, жоспарлау - өндірістік бөлімі және т.б.). Бұл жағдайда белгілі бір кезеңде басқару аппаратын ұстау шығындарының өсуі пайда болады, ол шығындар белгілі бір кезеңде тұрақты ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар, тұрақты шығындар қатарына жатқызылған жеке баптар бойыншы өнім шығару көлемінің тұрақсыздығына тәуелсіз бір кезеңнен екіншіге өзгеру байқалуы мүмкін (мысалы, жал төлемінің өсуі, материалдар мен тауарларды сақтау бойынша шығындардың көбеюі және т.б.). Басқа бір жағынан алғанда, айнымалы шығындар, өндірісті ұйымдастыру және технологияның жаңаруы сияқты факторлардың салдарынан өндіріс көлемінің өзгеруі кезінде өзгеріссіз қалмайды. Шығындарды тұрақты және айнымалы деп бөлу қысқартылған (толық емес, шектеулі) өзіндік құнды есептеу мақсатында жүргізіледі. Оны есепке алу және жоспарлауға тек айнымалы шығындар ғана қосылады, яғни “директ - костинг” жүйесі кезінде өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау әдісі қолданылмайды.

Зиянсыздық нүктесін анықтау үшін (өндірудің қауіпті көлемінің нүктесі, немесе “өлі нүкте”) өзіндік құн, өткізу көлемі және табыс арасындағы өзара байланысты көрсететін келесі негізгі теңдеуді пайдалануға болады:



Д = V + C + Д .

Мұнда: Д - өнімді өткізуден түскен табыс;

V - айнымалы шығындардың жалпы сомасы;

C – тұрақты шығындар;

Д - негізгі қызметтен түскен табыс.

  1. Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін есептеу. Есептеу үшін қауіпті нүктедегі өткізілген өнімнен түскен табыстың бастапқы формуласы қолданылады:

Д = V + C .

Бұдан: С = Д - V

Өндірістің қауіпті көлемінің мөлшеріне келесі факторлар өзгерісі әсер етеді:

  1. өнім бірлігінің бағасы;

  2. өнімнің бірлігіне шаққандағы айнымалы шығындар;

  3. тұрақты шығындар.


P = C + V .

Мұнда: P - өнім бірлігінің сату бағасы;

V - өнім бірлігіне келетін айнымалы шығындар;

g – сатылған бұйым бірліктерінің саны;

С – тұрақты шығындар.

  1. Өндірістің қауіпті көлемін есептеу.

g = .

Мұнда: g - өнім өндіру көлемі (бұйым бірліктердің саны);

d - өнім көлеміне келетін маржиналды табыс,теңге.

Барлық өнімдердің маржиналды табысты, түсім мен айнымалы шығындар сомасының арасындағы айырма ретінде анықталады.


Тапсырма №1:

Маржиналды әдіс бойынша өндіріс технологиясының қай тәсілі дұрыс болатынын анықта.

А нұсқасы. Дайын жабдықтарды алып оларды жинап, сату шығару. Шығын сомалары: тұрақты шығындар – 500 мың теңге. Өзгермелі – 130 мың теңге 1 өнім бірлігіне.

Б нұсқасы. Кәсіпорын банк қарызына қондырғы алып, өнімді өзі өндіргені дұрыс па. Шығын сомалары: тұрақты- 1200 мың теңге, өзгермелі – 120 мың теңгені құрады.

Өнім өндірудің шырқау қуатты шегі – 5000 дана өнім жылына өндіру.

Шешуі: А) 5000000/130000*5000=192307,69

Б) 1200000/120000*5000=50000


Қорытынды: бұл жағдайда кәсіпорынға А нұсқасы Б нұсқасына қарағанда тұрақты шығындар көп болғанына қарамастан, соңғы пайда екі есе көп.



Тапсырма №2:

ЖШС «Жас қанаттың» қаржылық тұрақтылығының қатыстық көрсеткіштері.

Көрсеткіштер

Базистік жыл

Есептік жыл

ауытқу

Тәуелсіздік коэффиценті

0,161

0,148

-0,012

Қарыздық каиталдың концентрация коэффиценті

0,483

0,561

+0,077

Меншікті қорлар айналымдылық коэффиценті

-1,900

-3,262

-1,362

Дебиторлық және кредиторлық қарыздың арақатынасының коэффиценті

0,870

0,652

-0,218

Қарыздық және өзіндік құралдардың арақатынасының коэффиценті

0,192

0,174

-0,017

Қарыздық капиталдың құрылымдық коэффиценті

0,406

0,478

+0,072

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің айналымнан тыс активтермен төленгенні көрсететін құрылымдық коэффицент

1,214

1,812

+0,597

өзіндік айналым құралдарының қамтылу коэффиценті

-0,573

-0,484

+0,089

Шешуі:

Ауытқу= Есептік жыл – базистік жыл

0,148-0,161=-0,012

0,561-0,483=0,077

-3,262-(-1,900)= -1,362

0,652-0,870=-0,218

0,174-0,192=-0,017

0,478-0,406=0,072

1,812-1,214=0,597

-0,484-(-0,573)= 0,089

Қорытынды: ЖШС «Жас қанат» қаржылық жағдайы тұрақсыз, оны біз меншікті айналым құралдарынан көріп отырмыз. Кәсіпорынның өзіндік капитал үлесі 15-16% құрайды. Оның негізгі себебі ЖШС «Жас қанат» басқа кредиторлардан белгілі бір мерзімге міндеттемелер алып қарыздық капитал үлесін меншікті капиталға қарағанда әлдеқайда көбейтіп алған. Яғни оның төлем қабілеті тәуекел жағдайында тұр.


Тапсырма №3:

Кәсіпорынға сату көлемін ұлғайту үшін қандай баға қою қажет. 150 т. өсіру керек пе, әлде өнім сапасын төмендету арқылы 120т. болғаны дұрыс па? Өндіріс шартына байланысты тұрақты шығындар 180м.т., өзгермелі шығындар өсіп 2000т. болды. өзгермелі төлемдердің үлесі 95.

Шешуі:

180000+70/120=15000

180000+95/150=13,333

Қорытынды: біз 2 баға анықтадық соған байланысты: 1 баға бойынша 15000 пайда алатынымыз,ал 2 баға бойынша 13,333 шығын алатынымыз көрініп отыр.



Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
  • Айнымалы шығындарға не жатады?

  • Тұрақты шығындарға не жатады?

  • Өнімді өткізуден түскен табыс формуласы?

  • Тұрақты шығындардың қауіпті деңгейін есептеу?

  • Өндірістің қауіпті көлемін есептеу?

  • Тұрақты шығындар анықтамасы?

  • Ауыспалы шығындар анықтамасы?


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!