СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тригонометриялық функциялар

Категория: Алгебра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тригонометриялық функцияларды шешуге арналған сабак жоспары кереке жарайды деп ойлаймын

Просмотр содержимого документа
«Тригонометриялық функциялар»


Мектеп: Телтай Сәрсенбеков атындағы орта мектебі МДШО коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Күні: 30.01.2019 ж

Мұғалім: Усенова Ж.С.

Сабақтың тақырыбы:

Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері

Сынып: 9

Сабаққа қатысқандар саны:

Сабаққа қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы: Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары, тригонометриялық функциялардың периодтылығы, тригонометриялық функциялардың жұптылығы және тақтылығымен танысады және есептер шығаруда қолданады;

Оқушылардың көпшілігі: Тригонометриялық функциялардың қасиеттерін көбейтіндінің таңбасын анықтауда қолдана алады;

Кейбір оқушылар: Кез келген бұрыштың тригонометриялық фунцияларының таңбасын анықтауда тригонометриялық функциялардың қасиеттерін қолдана алады.

Бағалау критерийлері

  • Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбаларын біледі

  • тригонометриялық функциялардың периодтылығы біледі

  • тригонометриялық функциялардың жұптылығы және тақтылығын

Тілдік мақсаттар:

Тілдік дағдылар:

Оқушылар:

- Әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялар-дың таңбалары ауызша айта алады;

- тригонометриялық функциялардың қасиеттерін ауызша атай алады;

- ауызша атай алған тригонометриялық функциялардың қасиеттерін есептер шығару барысында жаза біледі;

Бөлім бойынша лексика және терминология

- тригонометриялық функциялар;

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбалары;

- тригонометриялық функциялардың периодтылығы;

- тригонометриялық функциялардың жұптылығы және тақтылығымен;

Пәндік мақсат

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбалары...;

- ... периодты функциялар деп аталады;

- егер аргументтің таңбасы өзгергенде функцияның таңбасы өзгерсе, онда ...

- егер аргументтің таңбасы өзгергенде функцияның таңбасы өзгермесе, онда ...

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тындау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Қазақ әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Білімленд сайтынан тапсырмалар орындайды және тексереді

Бастапқы білім

Кез келген бұрыштың тригонометриялық функциялары

Сабақ барысы

Сабақтың құрылымы

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин










Ұйымдастыру кезеңі (3 мин). Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, ынталарын сабаққа аудару мақсатында А. Байтұрсынұлының «Аққу, шортан һәм шаян» мысалының суретін көрсете отырып сабақ бойы бірлесіп жұмыс жасауға шақырамын.

Үй тапсырмасын тексеру(5 мин) . Оқушылардың үй тапсырмаларының орындалуын бір рет қарап шығып, жіберілген қателер бойынша қысқаша қатемен жұмыс жасап, содан соң дәптерлерді жинап аламын да, алдыңғы дәптерлерді таратып беремін.

«Аққу, шортан һәм шаян» мысалының суреті






Сабақтың ортасы

28 мин

Жаңа тақырыпқа ену (3 мин). Тақтадағы өрнектерге мұқият назар аударыңыз. Проблемалық сұрақ: Берілген өрнектердің барлығының мәнін есептеуді білесіз бе? Білмесеңіз не себепті?

Осыдан кейін оқушыларды сабақ тақырыбымен таныстырып, содан соң оқушылармен бірге мақсатты анықтаймыз.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Топтық жұмыс. Алдымен сыныпты топқа бөлемін(7 мин). Сыныпты топқа бөлу үшін ұсынылатын әдіс таңдап алынған карточкаларындағы бұрыштың ширегіне байланысты төрт топқа бөлінеді. Тақырыпты «Джигсо» әдісі арқылы оқулықтағы материалды қолдандыра отырып игертемін.

І топтың тапсырмасы: Әрбір координаталық ширектегі синус және косинус функцияларының таңбаларын анықтау

Дескриптор
  • тақырыпты оқиды

  • Әрбір координаталық ширектегі синус және косинус функцияларының таңбаларын анықтайды

  • Постер құрады

ІІ топтың тапсырмасы: Әрбір координаталық ширектегі тангенс және котангенс функцияларының таңбаларын анықтау

Дескриптор
  • тақырыпты оқиды

  • Әрбір координаталық ширектегі тангенс және котангенс функцияларының таңбаларын анықтайды

  • Постер құрады


ІІI топтың тапсырмасы: Қандай функцияларды периодты функциялар деп атаймыз? Осы сұраққа жауап табады.

Дескриптор
  • тақырыпты оқиды

  • периодтылықтың анықтамасын табады

  • Постер құрады

ІV топтың тапсырмасы: Қандай функцияларды жұп функциялар, және қандай функцияларды тақ функциялар деп атаймыз? Осы сұраққа жауап табады.

Дескриптор
  • тақырыпты оқиды

  • Қандай функциялардың жұп функциялар, және қандай функциялардың тақ функциялар болатындығын анықтайды

  • Постер құрады

Тапсырмаларды орындап болған соң топтарға өз жұмысын қорғауға 2 минуттан төрт топқа сегіз минут уақыт беріледі.

Бағалау (1 мин): «Бағдаршам» әдісі арқылы дескрипторды негізге ала отырып бір топ келесі топты бағалайды.


Кері байланыс:( 1 мин)


  • Тапсырманы орындау барысында қиындықтар туды ма?

  • Қандай?



Тақырыпты толықтыру мақсатында bilimland.kz сайтынан Тригонометриялық функциялар және олардың таңбалары және Синус пен косинустың периоды тақырыбында бергілген видеотүсіндірме көрсетемін(2 мин) .

Жұптық жұмыс (4 мин). «Бірге орындап көрейік» әдісі арқылы барлық жұптар №287 есепті орындайды.


Дескриптор

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын қолданады

- тригонометриялық функциялардың жұп және тақтылығын қолданады

- өрнектің таңбасын анықтайды


Бағалау (2 мин). Тапсырманы орындап болған соң әр жұп өздері орындаған тапсырмаларды тақтадағы жауаппен салыстыра отырып тексереді. Тексеріп болғаннан кейін «Бағдаршам» әдісі арқылы дескрипторды негізге ала отырып өз жұптарын бағалайды.


Кері байланыс (1 мин):

  • Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?


Жеке жұмыс (5 мин). Енді оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. І және ІІ деңгей тапсырмалар оқулықтан орындалады: І деңгей №290 (а,ә); ІІ деңгей №289 (а,ә); ІІІ деңгей оқулықтан тыс bilimland.kz сайтынан алынды.

І деңгей №290 (а,ә) тапсырмасының

Дескрипторы

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын қолданады

- тригонометриялық функциялардың жұп және тақтылығын қолданады

- өрнектің таңбасын анықтайды

- нөлмен салыстырады

ІІ деңгей №34.7 (а,ә) тапсырмасының

Дескрипторы

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын қолданады

- тригонометриялық функциялардың жұп және тақтылығын қолданады

- көбейтіндінің таңбасын анықтайды


ІІІ деңгей тапсырмалары

bilimland.kz сайтындағы осы тақырытағы 2-жаттығу

Дескриптор

- тригонометриялық функциялардың ширектегі таңбаларын қолданады

- тригонометриялық функциялардың жұп және тақтылығын қолданады

- Берілген функциялардың аргументтері қай ширекте жататынын анықтайды


Бағалау (1 мин). Тапсырманы орындап болған соң тақтадан көрсетілген есеп жауаптары арқылы әр оқушы өзі шығарған есебін тексереді және «Бағдаршам» әдісі арқылы дескрипторды негізге ала отырып өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс (1 мин):

  • Тапсырманы орындау барысында қандай қиындықтар болды?









слайд














Оқулық

Ақ қағаз

маркер



















































bilimland.kz



оқулық






















Оқулық

bilimland.kz





Соңы

(4 мин)


Кері байланыс (3 мин). «Жетістік баспалдағы» арқылы оқушылардын бүгінгі сабақ бойынша кері байланыс аламын.


Үйге тапсырма (1 мин): № 34.10 (3-8), № 34.7 (3-8)

«Жетістік баспалдағы» суреті

Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтар мен байланыс

(тәрбиелік элемент)

Жетелеуші сұрақтар қоямын қажетіне қарай және деңгейлік тапсырмалар беремін

Бағалау топтық жұмыстар, жұптық және жеке жұмыстарда өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы, мұғалімнің тарапынан мадақтау арқылы жүзеге асырылады.


Топтарға бөліну барысында орын ауыстырады, сабақта жағымды психологиялық ахуал орнатамын

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

з









Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!