СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тиімді әдіс - сапалы сабақ кепілі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Тиімді әдіс - сапалы сабақ кепілі»

Алматы облысы, Қаскелең қаласы.

С.Жандосов атындағы

Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжі

информатика пәнінің оқытушысы

Рахымжанқызы Айгерім

Тел:8-747-852-26-97


Тиімді әдіс – сапалы сабақ кепілі


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Өмір бойы білім алу – әр қазақстандықтың өмірлік кредосына айналуы қажет», - деген сөзі ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 — бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі — оқытудың әдіс — тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. 

Бұл баяндамада осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттым.

Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір білім алушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, білім алушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында білім алушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит.

Бірнеше жылдан бері білім беру саласында жұмыс істеп келемін. Сонда байқағаным, олар өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтары. Мен енді тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасы келді.

Мақсаты барлық жастағы білім алушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

  • сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

  • білім алушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

  • әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

  • білім алушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

  • сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал білім алушылардан осыған байланысты:

    • сенімділікпен жұмыс жасау;

    • бар ынтасымен оқуға берілу;

    • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

    • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

    • мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

    • осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

    • осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

    • маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:

  1. Қызығушылығын ояту («көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы білім алушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.

  2. Мағынаны таныту (мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.

  3. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады) - Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Білім алушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты. Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.

Сабақ кезеңдері байланысты қолданылатын стратегиялар:

Cабақ кезеңдері

Қолданылатын стратегиялар

1

Қызығушылығын ояту

Prezi, Sway, Коучинг, Проблемалық оқыту, Миға шабуыл және т.б.

2

Мағынаны тану кезеңі

Quizlet, Т кестесі, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Веб – квест және т.б.

3

Ой толғаныс кезеңі

Kahoot, Пирамида, Т кестесі, RAFT, Түйін сөз, Рефлексия және т.б.

Сабақ кезеңдері бойынша қолданылатын негізгі бірнеше әдістерге тоқталсам:

1. Prezi – бұл интерактивті онлайн таныстырылымдарын құруға болатын қызмет түрі. Prezi мүмкіндіктері бейсызықтық құрылыммен таныстырылымдардың жаңа түрлерін құруға мүмкіндік береді. Бағдарлама бір  ғана слайдтан тұрады, оны path деп атайды. Бір паздың үстіне өзімізге керекті ақпаратымызды қойып, оны зум арқылы жақындатып, алыстатып көре аламыз. Паздың үстіне әртүрлі суреттермен видеоларды да жүктеп қоюға болады. Прези жүріп тұру үшін оның уақытын қойып, музыкамен ойнатуға болады. Президің әртүрлі эскиздері бар, оның ішінде ЗD эскиздері де берілген. Бағдарламамызды жасап бітіргеннен кейін интернет желісінен жүктеп алып, кез- келген компьютерде көрсете аламыз. Бағдарламаның бір жақсысы оған арнайы бағдарламаны орнатудың қажеті жоқ.

2. Веб – квест бұл – ресурстар мен интернет мәліметтерінің негізінде шешілетін проблемалы тапсырмалар. Шет тілін қашықтықтан оқыту барысында, жобаларды, талқылауларды даярлау барысында қолданылады. Ол рөлдік элементтері бар проблемалы ізденушілік-шығармашылық тапсырмалар даярламаларына негізделген, бұл Интернет қызметтері мен ақпараттық ресурстарды қолданып орындауға арналған. Күнделікті оқытушының сабақ түсіндіру процесін азайтып, білім алушылардың өздігінен жұмыс жасауына ыңғай жасайды. Тапсырмалар кез келген түрде ұсынылуы мүмкін, ауызша, эссе, веб - парақша және т.б.

Веб - квест технологиясын пайдалану процесі:

  • Білім алушылардың қызығушылығын ашу;

  • Оқыту мотивациясын арттыру;

  • Әр түрлі ақпарат түрлерін қолдану (графика, видео, бейне, дыбыс);

  • Ситуациялық тапсырмаларды көрсету;

  • Білім алушыларды ақпараттық мәдениетке үйретуге жол ашады.

3. Quizlet – оқыту модульдерін құру. Кез келген адам басқа пайдаланушылар жасаған Quizlet бағдарламасын зерттеу үшін және өз оқу модульдерін жасау үшін қолдана алады. Сіз сондай-ақ модульдерді достарыңызбен, сыныптастарыңызбен немесе өз білім алушыларыңызбен бөлісе аласыз.

Егер сіз өте ерекше нәрсе зерттесеңіз немесе өз мазмұныңызды сыныптастар немесе білім алушылар тобымен бөліскіңіз келсе, басқа пайдаланушылар жасаған модульдермен айналысудан гөрі өз модульдеріңізді жасауыңыз мүмкін. Модульдерді жасау үшін алдымен тіркелу және тіркелгіні жасау керек.
Сіз мәтіні бар модульдерді жасауға, суреттерді қосуға (тегін тіркелгілері бар пайдаланушылар біздің галереядан суреттерді пайдалана алады, ал ақылы пайдаланушылар – бізден немесе өзіңіз жүктеуіңізге болады) немесе диаграммалары бар модульдерді жасай аласыз.

4. Kahoot – бұл ойын түрінде оқытуға арналған тегін платформа, каллобративті оқыту режиміндегі сұрақтар мен тесттер, онлайн викториналар үшін жаңа қызмет. Кез келген оқыту пәніне және кез келген жасқа қолайлы. Kahoot қосымшаларының көмегімен қорытынды, сабақты бекіту және аралық аттастацияларды өткізу үшін, тексеру сынақтарын әзірлеу.

Білім алушылардың білімін тексеруде, жаңа сөздер мен терминдер үйренуде, ережелерді еске сақтауда аталған әдісті қолдану білім алушылардың есте сақтауын жақсартады. Бұл сайт-электронды білім тексеру жолы. Білім алушы бұл жұмысты мұғалімнің қатысуымен немесе өзі жеке үйде де, сыныпта да орындай алады. Жұмысты орындап болған соң, дұрыс бұрыстығы тексеріліп, ұпай беріледі.

Жұмыстың маңыздылығы:

  • тез арада негізгі мәліметтер есте қалады;

  • өз білімін тексереді;

  • уақыт пен жылдамдыққа жұмыс жасайды;

  • қызығушылығы артады.

Сайттың функциялары:

flashcards – карточкалармен түсіндіру;

learn – классикалық тестке жауап беру.


Сынақтың үш түрі бар:

  • классикалық тест;

  • ашық тест;

  • дұрыс немесе қате деген жауапты тест.

SCATTER – СӘЙКЕСТЕНДІРУ;

GRAVITY – ЖЫЛДАМДЫҚҚА ОЙНАЛАТЫН ОЙЫН, ҮСТІНЕН СҰРАҚТАР ШЫҒЫП ОТЫРАДЫ, СОЛАРҒА ТЕЗ ЖАУАП БЕРУ КЕРЕК.

Жоғарыда аталған әдістер онлайн платформа болғандықтан, ең алдымен тіркелуді талап етеді. Платформа – тегін. Оқыту процесінде өте ыңғайлы және ұтымды уақытты пайдалануға тиімді әдіс – тәсілдер.

4. Рефлексия - Рефлексия мұғалімнің кәсіби дамуының негізі. Рефлексия жасау мұғалімнің кәсіби дамуы, өз білімін жетілдіру сараптама мен баға беруі арқылы білім алушылардың дүниетанымы мен белсенділігін арттыру. Рефлексияны қолдана отырып білім алушының сабаққа деген көзқарасын еркін жеткізе білуге, сөз орамдарын дұрыс қолдана білуге үйрету. Оқушылар арасында еркін, ашық шығармашылық қарым-қатынас орната отырып, шыншылдық пен адал болуын қалыптастыру, сабаққа деген қызығушылығын тудыру. Нтижесінде білім алушылардың дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасады

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз – әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен білім алушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!