СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Техническая карта по музыке

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Планирование по техно-карте для дошкольных классов по предмету музыка на 2018-2019 учебный год

Просмотр содержимого документа
«Техническая карта по музыке»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Білім күні.

Мақсаты: музыкалық шығарманы тыңдау және эмоциясын ажырата білуге үйрету. Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға талпындыру. Зер салу, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру. Мектепке, оқуға деген ынта-ықыласын, қызығушылығын қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Ән тыңдау. «Қазақстан». С. Мұхамеджанов.

-Ән қалай аталады?

- Қазақстан дегенді қалай түсінесіңдер?

- Музыка қандай көңілді ме, көңілсіз бе?

- Бүгін қай күн?

- Білім күні дегенді қалай түсінесіңдер?

- Оқушыға не қажет?

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді.


Сұрақтарға жауап береді.


Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ шешу:

Қабат-қабат ақ тақыр,

Беті тегіс жап-жалтыр.

Қабат сайын тізілген,

Қатар-қатар жол жатыр. Бұл не?

Із қалдырып үнемі,

Тұмсығымен жүреді? Бұл не?

Бетін адам ашады,

Білім нұрын шашады. Бұл не?

Ойын: «Кім дұрыс және шапшаң жинайды?»

Ән айту: «Мен бақшаға барамын». Т. Тайбеков.

Ән орындамас бұрын алдымен дауысымызды бір қалыпқа келтіріп алуымыз керек. Ән бастар алдында денені тік ұстап, қолды тізеге қойып, дыбыстың дұрыс шығуына жағдай жасау қажет.

Ән жеңіл, көңілді орындалады.

Психологиялық жаттығу: шапалақтың соғуын қайтала.

Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.

-Қоңырау – сілкіп ойнайтын, ұрмалы музыкалық аспап.

- Қоңырау неден жасалады? Қоңыраудың үні қандай?

- Қоңырау не үшін қажет?

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақ шешуін табады.








Ойынды шарты бойынша ойнайды.


Әнді дұрыс айтуға тырысады.


Әнді жеңіл әрі көңілді орындайды.


Психологиялық жаттығу жасап демалады.

Қоңырау туралы өз ойларымен бөліседі.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Бүгін қандай ән тыңдадық?

- Ол әнді шығарған кім?

- Қандай күн туралы әңгімеледік?

- Қандай ән орындадық ?

- Қандай музыкалық аспаппен таныстық?

Сұрақтарға жауап беріп, сабақты аяқтайды.

Біледі: музыкалық шығарманы тыңдап, эмоциясын ажырата.

Игереді: әннің сөзін анық, дұрыс айтуды.

Меңгереді:әнді бастамас бұрын дауысын бір қалыпқа келтіруді.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Музыка әлемінде.

Мақсаты: музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру, музыкалық өнер құпияларымен таныстыру, музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет қалыптастыру, бала бойындағы табиғи музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Ақырын, баяу музыка ойнап тұрады.

-Балалар, музыка дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс, музыка адамның көңіл күйін, сезімін баурап алатын ғажайып дыбыс.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау. Балаларға танымал әндер. «Қайырлы таң» Е. Өміров.

Сұрақтар қою:

-Сендер бұл әнді білесіңдер ме?

- Бұл ән не туралы?

- Ән қандай? Көңілді ме, әлде мұңды ма?

- Музыкалық дыбыстар қандай болады?

- Қандай музыка түрлерін білесіңдер?

- Музыканы жазатын адамды қалай атайды?

- Әннің сөзін жазатын адамды қалай атайды?

- Балалар, сендер санамақ білесіңдер ме? (1-7 ге дейін)

Санамақтар сияқты музыкада 7 белгі бар, оны НОТА деп атайды.

Скрипка кілті туралы мағлұмат беру.

-Осы музыкалық кілт неше сызықшаның үстінде тұр?

- Ал мына белгілер қалай аталады?

- Олар нешеу?

- До-Ре-Ми-Фа-Соль-Ля-Си. (қайталау)

-Ноталар қалай орналасқан?

- Ойын: Бірінші нота қандай?

Үшінші нота қандай?

Бесінші нота қандай?

Соңғы нота қандай?

Екінші нота қандай?

Сергіту сәті: Міне қазір ән сабағы,

Барлығымыз ән саламыз,

Әнге сәйкес қол соғамыз.

Ән айту: «ДО-РЕ-МИ». Ө. Байділдаев.

Музыкалық аспапта ойнау.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әнді мұқият тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.

Ән, музыка туралы өз ойларымен бөліседі.



Өздері білетін санамақтарын айтады.


Нота туралы танып-біледі.



Ноталарды қайталап хормен айтады.


Ойынды ойнап, ноталарды естеріне сақтайды.


Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Ән айтып, музыкалық аспапта ойнайды.


Қимыл-қозғалыс жасап, әліппе-дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Бүгін сабақта не үйрендіңдер?

- Неше нота?

- Музыка қалай белгіленеді?

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: музыка өнері туралы.

Игереді: музыкалық өнер құпияларын.

Меңгереді: музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениетті.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қазақстан – Республикам менің.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының реміздері туралы түсінік қалыптастыру, гимн мазмұнын жете түсінуге мүмкіндік жасау. ҚР мемлекеттік гимнін, нышандарын қастерлеу, мақтанышпен қабылдау, орындауға баулу. Тыңдаған, орындаған әндерді салыстыра, ажырата білуге жаттықтыру. Отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Ән тыңдау. «Қазақстан Республикасының Гимні».

Музыкасын жазған Шәмші Қалдаяқов.

Сөзін жазғандар Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді, гимнді тұрып айтады.

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән айту. «Қазақстан жалауы». Д. Омаров.

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіру. Өткен сабақтағы әнді орындап, дауысты жаңа әнді орындауға төселдіру. Әнді жігерлі, жалынды орындау керектігін ескерту. Отанға деген сезімдерін ояту.


Әуенді қимыл-қозғалыс. «Айгөлек» әніне би билеу.

Ән арқылы дене мүшелерін би қимылдарына үйрету. Би қимылдарының өмірден, тұрмыстан алынатынын, әрбір қимылдың мән-мағына беретінін балаларға түсіндіру. Қимыл арқылы дене бітімінің әсем, сұлу болып өсетінін ұғындыру.


Психологиялық жаттығу: «Мейірімділік». Балаларды мейірімділікке, достыққа, әдемілікке тәрбиелеу.


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әнді жетекшімен бірге айтады.

Алдымен дауыстарын қалыпқа келтіріп алады.



Айгөлек әніне би билейді.

Денелерін қимыл-қозғалысқа келтіріп, сәл сергіп қалады.



Психологиялық жаттығуды орындап бой жазады.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Сонымен бүгінгі сабақта еліміздің қандай ең басты әнімен таныстық?

  • Бүгінгі сабақта не үйрендіңдер?

  • Сабақ несімен ұнады?

  • Қандай би биледік?

Балаларды мадақтау, сабақты түйіндеу.

Сұрақтарға жауап бере отырып, бүгінгі сабақ туралы білімдерін жинақтайды.


Біледі: Қазақстан Республикасының реміздері туралы.

Игереді: гимн мазмұнын жете түсініп, игереді.

Меңгереді: ҚР мемлекеттік гимнін, нышандарын қастерлеуді.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан.

Мақсаты: балалардың музыкалық шығарманы тыңдау, қабылдау, талдау, салыстыру дағдыларын қалыптастыру. Ән салу шеберлігін дамыту. Әнді қуанышты, мақтанышпен орындауға төселдіру. Отанға, еліне, туған жеріне сүйіспеншілікке, басқа ұлт өкілдеріне сыйластыққа, достыққа тәрбиелеу. Би жанрларын ажырата білуге талпындыру. Ән арқылы патриоттық сезімдерін дамыту.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Қазақстанның табиғаты, жер байлығы, қорықтары, қалалары туралы әңгімелесу. Басқа ұлттардың мәдениеті, дәстүрі және қолөнерімен таныстыру.

Жаңылтпаш: Шөлі, көлі, шөбі, төлі, белі бар.

Отан туралы мақал-мәтел сайысы:

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау. «Отан ортақ үйіміз». Д. Ботбаев.

-Балалар, музыканы тыңдағанда қанадй көңіл күйде болдыңдар?

- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Отан неден басталады?

- Кім Отан туралы мақал-мәтел біледі?

Ән айту. «Ұланы еркін елімнің». Т. Қоңыратбай.

Ән айту ережелерін еске салу.

-Ән қандай сипатта жазылған?

- Ән орындағанда қандай қалыпта отырдыңдар?

- Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өскенде кім болғыларың келеді?

- Отан қорғауға қалай қарайсыңдар?

Әуенді қимыл-қозғалыс.

  • «Отан ортақ үйіміз» әнінің музыкасына сәйкес қандай би қимылдарын орындауға болады?

«Кел, билейік». Музыка ырғағына сәйкес аяқ-қолмен үйлесімді қимыл жасауға, әрбір би элементтерін, қимылды нақты, көтеріңкі көңіл күймен орындауға талпындыру.

Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Отан – отбасынан басталады.


Отан – туған ауылдан, қаладан басталады.


Әнді ережеге сәйкес орындайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Әуенді қимылдарды орындайды.




Әліппе-дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Балалардың белсенділігін атап, марапаттау.

Сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: би жанрларын ажыратуды.

Игереді: ән салу шеберлігін, әнді қуанышты, мақтанышпен орындауды.

Меңгереді: музыкалық шығарманы тыңдау, қабылдау, талдау, салыстыру дағдыларын.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Жаса мәңгі, ана тілім.

Мақсаты: музыканың екпінін, ырғағын түсіне білуге жаттықтыру, ана тіліне деген мақтаныш, құрмет сезімдерін қалыптастыру. Ән мазмұны негізінде ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Әнді орындау кезінде дауысты дыбыстарды ашық, дұрыс орындауға үйрету. Вальс би элементтерімен таныстыру, биге деген қызығушылығын арттыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан Күнге!

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Ана тілі туралы сұрақтар қойып, әңгіме жүргізу.

-Ана тілі – біздің бабамыздан қалған тіл.

- Ана тілі – анамыздың әлдиімен құлағымызға сіңген тіл.

Ана тілін білмесең, Ана тілін білмесең,

Қадірлісің кімге сен? Қадірлісің кімге сен?

Ана тілі арқылы, Өз тіліңде ер жетіп,

Тарихыммен тілдесем. Қол созасың Күнге сен.

Өлеңге қысқаша талдау жасау.

Ән тыңдау. «Ана тілін сүйеміз». К. Дүйсекеев.

-Ән қандай?

- Музыканың әуені сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Ана тілін сүйемін». И. Нүсіпбаев.

-Әнде не туралы айтылады?

- Музыканың әуені сендерге ұнады ма?

Әуенді қимыл-қозғалыс.

«Қазақ вальсі». Л. Хамиди. Үнтаспа.

Вальс – жұптасып билейтін би. Жұптасып, шеңбер бойымен аяқтың ұшымен жүгіру.

Музыкалық аспапта ойнау.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Біздің ойын».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ана тілі туралы өз ойларымен бөліседі.



Өлеңді мұқият тыңдап, жаттайды.



Әнді зейін қойып тыңдайды.


Әнді ереже бойынша айтады.


Әуенді қимыл-қозғалыс жасап бойларын жазады.


Вальс туралы түсініктерін қалыптастырады.


Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Ана тілі туралы ұғымдарын бекіту.

-Бүгін сендерге қандай іс-әрекет кезеңі ұнады?

- Не туралы ән айттық?

Балаларды мадақтау, марапаттау.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыканың екпінін, ырғағын түсініп, біледі.

Игереді: ана тіліне деген мақтаныш, құрмет сезімдерін, вальс би элементтерін.

Меңгереді: әнді орындау кезінде дауысты дыбыстарды ашық, дұрыс орындауды.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Отан отбасынан басталады.

Мақсаты: әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді орындауға төселдіру. Ән мәтініне сәйкес үйлесімді қимыл-қозғалыс жасауға талпындыру. Балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Біздің отбасы

Алақаны аялы,

Анам бар жаны саялы.

Кешіре білген кінәмді,

Әкем бар менің шыдамды.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Сен бақытты ұлансың.

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір тірегің.

Сен – бақытты ұлансың,

Бәрі саған қуансын.


Ән тыңдау. «Менің Отаным». Ө. Байділдаев.

-Отан деген немене?

- Отан туралы қандай ән тыңдадық?

- Отан туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

- Ән қандай қарқында, көңілді ме?


Ән айту. «Аман болшы, анашым». А. Островский.

«Әрқашан күн сөнбесін». А. Островский.

-Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Сендер үшін ең аяулы жан кім?

- «Әрқашан күн сөнбесін» әнін қалай түсінесіңдер?


Әуенді қимыл-қозғалыс. «Ақ қайың» биі.

Би өте жай, әсем, созылмалы түрде орындалады.


Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп айтады.

Жаттайды.





Отан туралы әнді тыңдайды.

Отан туралы түсінік береді.



Әндерді тәрбиешімен бірге қайталап айтады.


Сұрақтарға жауап береді.


Әуенмен бірге би қимылдарын көрсетеді.


Аспапта ойнап, дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Бүгін қандай ән тыңдадыңдар?

Қандай ән айттық?

Қай іс-әрекет ұнады?

Белсенді балаларды атап, марапаттау.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді орындауды.

Игереді: ән мәтініне сәйкес үйлесімді қимыл-қозғалыс жасауды.

Меңгереді: әннің мәтінінің мазмұнын.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Бүгін қай күн?

Мақсаты: музыкалық шығарманың мазмұнын түсіну, музыкалық көркемдік құралдарды, музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету, қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауға талпындыру. Имандылық-инабаттылыққа тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Дүйсенбіде – басы ауырып жатты,

Сейсенбіде – іші ауырды қатты,

Сәрсенбіде – аяғы ақсады,

Бейсенбіде – азу тісі қақсады.

Жұма күні жөтел қысып,

Сенбі күні тобығы тайыпты,

Ал жексенбіде құлан таза айықты!...

Сонда оның сырқатын,

Қалай атау лайықты?

«Кеше, бүгін, ертең, арғы күн» ұғымдарын меңгерту.

Ән тыңдау. «Рондо-марш». Д. Кабалевский.

-Бұл музыка қалай аталады?

- Музыка қандай көңіл күйде жазылған?

- Марш музыкасымен қандай қимыл жасауға болады?

Ән айту. «Бүгін қай күн?». С. Мұхамеджанов.

-Балалар, кім күн аттарын атап береді?

- Жеті күнді қалай атаймыз?

- Бүгінгі күнді келер күнді қалай деп атаймыз, одан кейінгі күнді ше?

- Өткен күнді ше?

- Ән қалай орындалды?

- Сендерге қай күн көбірек ұнайды?

Психологиялық жаттығу: Қимылды есте сақта. Жаңылтпаш ойын: «Ұшты-ұшты».

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Өлеңді мәнерлеп айтады.









Әнді тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Әнді барлығы хормен айтады.

Сұрақтарына жауап береді.




Психологиялық жаттығуды орындап бойларын сергітеді.


Әліппе-дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Қысқаша күн аттарын атап беріңдер.

Бүгінгі іс-әрекеттің қай кезеңі ұнады?

Жақсы, беделді араласқан балаларды ерекше атап өту, мақтау.

Тапсырмалар мен сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыкалық көркемдік құралдарды, музыкалық жанрды ажырата біледі.

Игереді: қимылды динамикалық реңкке сәйкес орындауды.

Меңгереді: музыкалық шығарманың мазмұнын.








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: балалардың музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін сезіну, жанрларды ажырата білу қабілеттерін дамыту. Сюитаның авторлары туралы түсінік беру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Қара суық тұрады,

Ызғарлы жел соғады,

Дәу қара құс көрінеді

Көзінің жасы төгіледі.

Бұл қай кезде болады?

-Күз айтарын атаңдар?

- Күзде ауа райы қандай болады?

- Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жапырағын сыпырады, қайыңды жел тонады,

Қартайған адам сықылды, қайың енді тоңады.

Бұл қай кезде болады?

-Бұл жұмбақта қандай ағаш аталды? Басқа қандай ағаштар болады?

- Құстар мен жануарлар қандай өмір кешеді?

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?». Күз.

-Ән не туралы?

- Ән қалай орындалады?

- Неге сондай мұңлы?

Ән айту. «Күз ызғары».

Әнді орындау кезінде музыканың ырғанына сәйкес қимыл жасау.

Алтын, сары, қызыл, көк...

Алуан-алуан жапырақ,

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Жаңбыр», «Кім тез жинайды?».

Музыкалық аспапта ойнау: Қоңырау.

«Дың-дың» - қоңыраумын,

«Дың-дың» - соғыламын,

«Дың-дың» - қағыламын.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Өлеңді тыңдайды.




Күз айларын атап, сұрақтарға жауап береді.





Жұмбақтардың шешуін табады.


Әнді тыңдап, мазмұнын меңгереді.




Әнді орындайды.







Ойынды ойнайды.


Аспапта ойнап көрсетеді.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Күз айы нешеу?

Күз қандай?

Сұрақтарға жауапты қимылмен көрсетіп береді.

Біледі: музыка, пьесаның, аккомпанемент характерін сезінеді.

Игереді: жанрларды ажырата білуді.

Меңгереді: . Сюитаның авторлары туралы түсінікті.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Күз – жомарт.

Мақсаты: балалардың музыка жайында пікір, әсерін байыту. Жоғары, төмен дыбыстарды ажырата білуін анықтау, үйрету. Әнді жеке, хормен айтуға жаттықтыру. Биді музыкаға сәйкес бастау, аяқтау, би элементтерін нақышына келтіре орындауға талпындыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жиын-терін болатын,

Қамбаға астық толатын

Жеміс-жидек теретін,

Бақтың бойын бойлайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?


Ән тыңдау. «Күз келгенде».

-Табиғатта қай уақыттан жаз аяқталып, күз қашан басталады?

- «Күз келгенде» әні қалай орындалды?

- Таудағы күзден қаладағы күздің айырмашылығы қандай?

- Күзгі жаңбырдан басқа тағы қандай жаңбыр жауады?

- Жапырақ жаңбыры неліктен болады?


Ән айту. «Күз - жомарт», «Күз ырғағы».

-Күз адамдарға қандай сыйлық береді?

Қамбаға астық құйылды,

Жеміс-жидек жиылды,

Білеміз бе, Жомарт күз ,сыйыңды!


Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қосарланып билеу».

Психологиялық жаттығу: «Қош келдіңіздер!»

Музыкалық-дмдактикалық ойын: Жұмбақ жасырып, күз сыйлығын сатып ал!

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әнді жатқа айтады.






Сұрақтарға жауап береді.






Әндерді айтып шығады.




Психологиялық жаттығуды, әуенді қимылдарды орындайды.



Дәптердегі тапсырманы орындайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Күзді неге Жомарт күз деп атайды?

Күз туралы қандай музыка тыңдап, ән үйрендік?

Күз туралы қандай халық болжамдарын білесіңдер?

Күз жылы болса, қыс ұзақ болады.

Қыркүйекте күн күркіресе, күз жылы болады.


Біледі: жоғары, төмен дыбыстарды ажыратады.

Игереді: әнді жеке, хормен айтуды.

Меңгереді: биді музыкаға сәйкес бастау, аяқтау, би элементтерін нақышына келтіре орындауды.








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Ойыншықтар.

Мақсаты: ән-күйлерді тыңдау, қабылдау, есте сақтау және музыкалық жанрды ажырата білуге үйрету, бейнелі қимылдарды бере білуге талпындыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Қуыршақпен ойнаймыз

Тыныш, тыныш, балалар, Уақыт болды тұратын,

Қуыршағым Ақмарал, Ойын-сауық құратын.

Ұйықтап жатыр дамылдап, Би билейді Ақмарал,

Әнді айтайық ыңылдап: Қол соғыңдар, балалар,

Әлди-әлди-әлди-ай. Ал, ал, ала, ал!

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ: Асты, ұйқыны білмейтін,

Жүгірмейтін, жүрмейтін,

Мұндай бала көрсемші,

Жыламайтын, күлмейтін. (Қуыршақ)


Жаңылтпаш: Жуын, жуын, жуынсақ,

Таза болар қуыршақ.


Ән тыңдау. «Ойыншық».

Ән айту. «Ойыншықтар».

-Сендерде қандай ойыншықтар бар?

- Олардың есімі бар ма?

- Сендер олармен қалай ойнайсыңдар?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ойыншықтармен доссыңдар ма?


Психологиялық жаттығу: «Неше дыбыс?»

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Ән салған кім?»

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Жұмбақтың шешуін табады.



Жаңылпашты тез айтып үйренеді.



Әнді тыңдап, айтады. Жатқа айтып үйренеді.


Сұрақтарға жауап береді.



Жаттығуды орындап, дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Бүгінгі сабақта қандай ән тыңдадық?

Не туралы?

Қуыршақтың қандай қимылдары естеріңде қалды?

Әнді кім, не туралы айтты?

Сендерге сабақ ұнады ма?

Қысқаша қорытындылау, балаларды қолдау, марапаттау.

Сабақта өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыкалық жанрды ажыратуды.

Игереді: бейнелі қимылдарды бере білуді.

Меңгереді: биді музыкаға сәйкес бастау, аяқтау, би элементтерін нақышына келтіре орындауды.











Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Өмірің өз қолыңда.

Мақсаты: музыканың дыбыс жоғарылығын, таныс әндерді танып, ажырату. Әннің сөзін таза, көңілді, жеңіл орындауға үйрету. Музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауға дағдыландыру. Ойын арқылы жол жүру ережесін және оны сақтауға үйрету.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ: Үш көзі бар қаз-қатар,

Кезек-кезек ашады.

Үшеуінен байқасам,

Үш түрлі нұр шашады. Бұл не?

Бағдаршам.

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін:

Тоқта, Сақтан, Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға.

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба.

Ән тыңдау. «Ана әлдиі».

  • Музыканың көңіл күйі қандай?

  • Бұл музыка әуеніне не істеуге болады?

Ән айту. «Бағдаршам».

  • Ән не туралы? Ән қалай орындалады?

  • Бағдаршам қандай түстерден тұрады?

  • Қай түс не айтады?

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақты шешеді.




Өлеңді мәнерлеп қайталап айтады.






Бағдаршам туралы өз ойларын, білетіндерін ортаға салады.


Әнді тыңдап, айтады.




Сұрақтарға жауап береді.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

*Бағдаршам не үшін керек?

*Жаяу жолаушылардың жолы қалай белгіленеді?

*Жаяу жолаушыларға тағы арнайы қандай жасалған жол бар?

Сұрақтарға жауап беріп, ережелерді қатаң сақтауды ұғады.


Біледі: музыканың дыбыс жоғарылығын, таныс әндерді танып, ажыратуды.

Игереді: әннің сөзін таза, көңілді, жеңіл орындауды.

Меңгереді: музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауды.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Әдепті бол

Мақсаты: музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын сезіне, ажырата білу. Әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберлігін дамыту. Басқа ұлттар билерін, қазіргі би ырғақтарын еркін билеуге дағдыландыру. Жол жүру ережесімен, бағдаршаммен таныстыру. Жол жүру ережесін сақтауға үйрету.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

-Ас алдында, астан соң не айту керек?

- Балабақшаға, мектепке кеткелі жатқан кезде не айтасың?

- Түнгі ұйқыға жатар алдында отбасы мүшелеріне не айтасың?

-Таңертең тұрғанда қандай сөз айтар едің?

- Көшеде кезіккен адамға не айтар едің?

- автобуста, көлікте үлкен адамдар түрегеліп тұрса, не істер едің?

- Балалар, «Сәлем-сөздің анасы», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» дегенді қалай түсінесіңдер?

Өзіңді тану

Жақсы болу – өзіңнен,

Жаман болу – өзіңнен.

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Ән тыңдау. «Үш көңіл күй».

Ән айту. «Балдырғандар әні». «Той жыры».

-Бұл әнде не туралы айтылады?

- Ән қалай орындалады?

- Ән неге «Балдырғандар әні» деп аталады?

- Елін сүйген, ержүрек, құрметтеуге тұрарлық адам болып өсу үшін не істеу керек?

- «Той жыры» әнінде не туралы айтылады?

- Ән қалай орындалады?

- Осы әннен қандай әсер алдыңдар, не үйрендіңдер?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Сәлемдесу-қоштасу»

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Әңгімені әдептілік туралы сөздерден бастайды.



Әдептіліктің сөздерін бір-бірімен бөліседі.





Өлеңді мәнерлеп, хормен қайталап айтады.



Әнді тыңдап, айтады.

Әнді ережесі бойынша айтып шығады.


Сұрақтарға жауап береді.




Қимыл-қозғалыстар жасап, дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

*Балалар, адамның әдемілігін неден байқауға болады?

*Үлкендерге сәлем беру инабаттылық, адамгершілік белгісі.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыкалық дыбыстардың жоғарылығы мен ұзақтығын сезініп, ажыратуды.

Игереді: әнді табиғи дауыспен, мәнерлі орындау шеберлігін.

Меңгереді: басқа ұлттар билерін, қазіргі би ырғақтарын еркін билеуді.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қыс келді.

Мақсаты: әуен сазынан қыс көріністерін естіп білуге, оны қимыл-қозғалыспен бейнелей білуге үйрету. Көңілді әнді әсерлі етіп айтуға дағдыландыру. Музыка үнімен жануарлардың, аңдардың қимыл-қозғалыстарын көрсетуге төселдіру. Әннің ырғағын сақтап, еркін орындауға баулу. Балалардың байқампаздық қабілеттерін дамыту.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау: «Бұл қай кезде болады?». «Қыс». «Қыс қызығы».

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыс несімен ұнайды?

  • Қыста қандай мерекені тойлаймыз?

  • Тыңдаған музыка қалай орындалды?

Ән айту: «Ақша қар».

Жұмбақ: Аппақ-аппақ көбелек,

Жерге қонар себелеп.

Ақ жұлдызша жылтылдап,

Ұстатпайды не керек. Бұл не?

  • Қыста көбелек бола ма?

  • Онда көбелек деп нені айтады?

Қармен тәжірибе көрсету.

Жұмбақ: Жалт-жұлт етеді,

Ұстасаң еріп кетеді.

  • Қыс мезгілінде қандай түс басым келеді?

  • Қыста айналаны не басады?

  • Жер қандай көрпе жамылады?

  • Ақша қар деген не?

  • Ақша қар қандай болады?

Ән айтар алдында ережені есте сақтап, дыбысты таза айтуды үйрету. Ән орташа екпінде, жеңіл, көңілді орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Өз түсіңді тап». «Ұлпақарлар биі».

1.Биді түсті таспалармен орындайды. Қолдарына жылтырақ қағаз ұстайды.

2.Аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, шеңбер бойымен ортаға жиналып, кері қайтып, тұрған орындарында айналады. Ортаға жиналғанда қолды жоғары көтеріп, кейін қайтқанда қолды түсіреді. Айналғанда қолды екі жаққа жаяды.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әндерді зейін қойып тыңдайды. Мазмұнына мән береді.

Сұрақтарға жауап береді.


Әнді барлығы айтады.

Жұмбақтың шешуін табады.



Сұраққа жауап береді.


Жұмақты шешеді.


Сұраққа жауап береді.






Ән айтудың ережесін ұстанып, орындайды.


Қимыл-қозғалысты әуенмен орындайды.


Ережелерді сақтайды.




Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Қыс қарлы болса, жаз жаңбырлы болады.

-Қыста терезе терлесе, аяз болады.

-Мысық жылы жерді паналаса, аяз болады.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: әуен сазынан қыс көріністерін естуді, оны қимыл-қозғалыспен бейнелеуді.

Игереді: көңілді әнді әсерлі етіп айтуды.

Меңгереді: музыка үнімен жануарлардың, аңдардың қимыл-қозғалыстарын көрсетуді.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Астана – Бәйтерек.

Мақсаты: тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы мағлұмат беру, түсініктерін дамыту, бекіту. Әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға төселдіру, отанға, оның көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Астана қаласы бойынша саяхат. (аудио, видео)

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау: «Қызылқұмда ауылым», «Астана».

  • Астана туралы не білесіңдер?

  • Астана қаласы бұрын қалай аталды?

  • Астананың қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

  • «Бәйтерек» туралы не білсіңдер?

  • «Бәйтеректің» төбесінде не бар?

Әнде Астананың керемет келбетіне деген сүйіспеншілік бар. Астана – жас болса да бас қаламыз, мақтанышымыз. Есіл өзені бойында орналасқан әсем қалаға қарасаң көз тоймайды.

Ән айту: «Бәйтерек».

Бәйтерек – өмір ағашы. Салмағы 300 тонна болатын шар хамелеон шыныдан жасалған. Күн сәулесінің түсуіне қарай түсін өзгертіп тұрады.

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Ән сендерге неге ұнады?

Ән айтар алдында денені тік ұстап, қолды екі тізеге қойып, дауысты жаттықтырамыз. Әнді айтқанда иықты көтермей, терең дем алып, демді біртіндеп жіберу керек.

Әуенді қимыл-қозғалыс: «Шарлармен би».

Би қимылдарын жасағанда әркез денені тік ұстап, жеңіл қимыл жасауға дағдылану керек. Музыка әуенімен шарды жоғары көтеріп, оңға, солға иілу және шарды жоғары ұстап, аяқтың ұшымен шеңбер бойымен жеңіл жүгіру. Балаларды би қимылдары арқылы әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Психологиялық жаттығу: «Қандай қалып?»

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әндерді тыңдап. Қосылып айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Астана туралы өз білетіндерін ортаға салып, әңгімелейді.



Әнді барлығы хормен айтып үйренеді.


Сұраққа жауап береді.



Ән айтудың ережелерін ұстанып, орындайды.



Әуенді қимылды бимен көрсетіп орындайды.


Бойларын сергітеді.


Психологиялық жаттығуды орындайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Біз сендермен Астана, оның көрікті орындары, Бәйтерек туралы әңгімелесіп, ол туралы ән айтып, музыка тыңдадық.

Бүгінгі сабағымыздың қай кезеңі сендерге ұнады?

Ойын ұнады ма?

Астана туралы әңгімені ашады.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: Тәуелсіз Қазақстан, Астана, Бәйтерек туралы.

Игереді: әнді қуанышты, екпіндете, жігермен орындауға.

Меңгереді: отанға, оның көз тартарлық жерлеріне деген қызығушылық, мақтаныш, құрмет сезімдерін.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Мақсаты: әннің орындалуын, музыкалық жанрды ажырата білу қабілетін дамыту. Әуенді қимыл-қозғалыста музыканың басталуын, аяқталуын ести және анықтай білуге дағдыландыру. Тәуелсіз Қазақстан туралы түсініктерін дамыту, бекіту. Тәуелсіз елін, жерін мақтан тұтуға, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін қазақ жастары 1986 жылы 16 желтоқсанда көтеріліске шықты.

Ән тыңдау. «Желтоқсан желі».

Ән ызғарлы, қайғылы, көңілсіз. Суық жел денеңді тоңдырып жіберетіндей.

  • Әнді тыңдағанда қандай әсерде болдыңдар?

  • Ән қандай көңіл күйде орындалды?

  • Желтоқсан оқиғасы туралы не білесіңдер?

  • Алматыда Тәуелсіздік монументі қай жерде орналасқан? Көргендерің бар ма?

Ән айту. «Тәуелсіз Қазақстан».

Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп, дауысты қалыпты жағдайға келтіру.

  • Ән не туралы?

  • Әнді тыңдағанда қандай көңіл күйде болдыңдар?

Ән марш екпінінде орындалған. Әнді орындау барысында Отанға, туған елге деген мақтаныш, жігер, қайрат сезімі туындайды.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Батырлар биі».

Биді көбіне ер балалар орындайды. Қалқанмен, қамшымен түрлі қимылдар жасайды. Қалқанмен қорғанып, ат шабысын бейнелеп, би элементтерін жасау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Қазақстан туралы әңгімелеседі.

Әнді тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.



Өз ойларымен бөліседі.


Әнді барлығы хормен айтады.

Ән айту ережелерін ұстанады.


Сұрақтарға жауап береді.


Қимылдарды мұқият орындайды.



Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

*Тәуелсіздік, Тәуелсіз Қазақстан туралы не түсіндіңдер?

*Тәуелсіздік туралы қандай іс-әрекет жасадық?

*Тәуелсіздіктің арқасында ана тілімізді сақтап қалдық.

*Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.

Сабақты қорытындылайды.


Біледі: Тәуелсіз Қазақстан туралы.

Игереді: әннің орындалуын, музыкалық жанрды ажырата білуді.

Меңгереді: әуенді қимыл-қозғалыста музыканың басталуын, аяқталуын ести және анықтай білуді.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Ғажап қала – Алматы.

Мақсаты: ән-күйді тыңдау сәтінде есту, есте сақтау, әсерлену қабілеттерін дамыту. Әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

  • Алматы қандай қала?

  • Алматы қаласын неліктен «Алматы» деп атаған?

  • Алматы қаласындағы қандай ескерткіштерді білесіңдер?

  • Ескерткіш кімдерге арналған?

Ән тыңдау. «Алматы».

  • Ән не туралы?

  • Ән қалай орындалды?

Алматы, сұлулықтың төркінісің,

Ән шырқаймын бір сенің көркің үшін.

Бар табиғат табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай жер тынысын.

Ән айту. «Ғажап қала - Алматы».

  • Алматы қандай қала?

  • Алматы қандай жемісімен әлемге танылған?

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Алматының қандай көрікті жерлерін білесіңдер?

Ән көңілді, жеңіл орындалады. Ән орындау барысында туған қалаға деген сүйіспеншілік қалыптасады.

Ән айтар алдындағы ережелерді ұмытпау, дауысты жаттықтырып алу.

Әуенді қимыл-қозғалыс.«Қамажай». Қазақтың халық әні.

Шеңбер бойымен аяқты шалыс басып жүру. Қолды буыннан бұрап, әдемі қимылдар жасау. Жүн сабау, ұршық иіру, киіз басу секілді қимылдарды би элементтеріне енгізіп, музыка әуенімен қимыл жасау.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Музыкалы сандықша».

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Алматы қаласы туралы әңгімелеседі.





Әнді тыңдайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Өз ойларымен бөліседі.

Әнді барлығы хормен айтады.





Ән айту ережелерін ұстанады.


Сұрақтарға жауап береді.



Қимылдарды мұқият орындайды.



Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Алматы , тәуелсіздік, батыр апалар туралы материалдарды еске түсіріп, сабақты қорытындылау.

Сабаққа белсенді қатысқан балаларды ерекше атап өту.

Өткен сабақтарды естеріне түсіреді.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: әннің мазмұны арқылы Алматы қаласына деген сүйіспеншілік, құрмет, мақтаныш сезімдерін.

Игереді: ән-күйді тыңдау сәтінде есту, есте сақтау, әсерлену қабілеттерін.

Меңгереді: әуенді қимыл-қозғалыста музыканың басталуын, аяқталуын ести және анықтай білуді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Жаңа жыл.

Мақсаты: музыканың сипатын, көңіл күйін бере орындау. Қимыл-қозғалысты кіріспеден кейін бастау, музыкаға сәйкес бейнелі, ырғақтық қимыл жасауға үйрету. Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Би биледің, жыр жырладың,

Қызығына тоймадың.

Достарыңмен ойнадың,

Жаңа жылды тойладың. Бұл қай ай?

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау. «Жаңа жыл».

  • Қыста қандай құбылыстар болады?

  • Қыс несімен ұнайды?

  • Қыста жауын-шашынның қай түрі жауады?

  • Кім қыс туралы мақал-мәтел, тақпақ біледі?

Айнала аппақ қарға малынған, түрлі шаңғы, шана, конькимен сырғанаймыз. Қыс өте көңілді мезгіл.

-Тыңдаған әніміз қандай көңіл күйде, көңілді ме, көңілсіз бе?

Ән айту. «Аязата».

-Ән бастамас бұрын, бойымызды тік ұстап, әнді әдемі айту үшін дауысқа бірнеше жаттығу жасап, дауысымызды ашып аламыз. Өткенде айтқан әнімізді еске түсіріп, қайталап аламыз.

«Жаңа жыл» әнін тәрбиешімен бірге орындау.

Ән мазмұнына талдау жасап, жұмбақ жасыру.

  • Аязата қандай мерекеде келеді?

  • Балаларға не әкеледі?

  • Аязатаның түр-түсі, сақалы, киімі қандай болады?

Әнді дұрыс айтуға, демді бөлмей шығаруға үйрету керек.

Психологиялық жаттығу: «Саусақтар жарысы».

Әрбір саусақтың атын үйретіп, әр саусақты қимылға келтіріп отыру керек.

Әуенді қиымл-қозғалыс.

  • «Қыс қызығы», «Аязата» әнінің музыкасына сәйкес қандай би билеуге болады?

«Ұлпақарлар» биі.

Музыкалық – дидактикалық ойын: «Көңілді аспаптар».

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Әнді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.




Өз ойларымен бөліседі.

Әнді барлығы хормен айтады.



Ән айту ережелерін ұстанады.



Сұрақтарға жауап береді.




Қимылдарды мұқият орындайды.


Психологиялық жаттығуды бірлесе орындайды.


Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Бүгін сабақта қандай музыка тыңдадық?

- Кім туралы ән үйрендік?

- Ән сендерге ұнады ма?

Сабаққа жақсы, белсене қатысқан балаларды мақтау.

Сұрақтарға жауап беру.

Біледі: музыканың сипатын, көңіл күйін.

Игереді: қимыл-қозғалысты кіріспеден кейін бастау, музыкаға сәйкес бейнелі, ырғақтық қимыл жасауды.

Меңгереді: мереке туралы түсініктерін.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қысқы ойын қызығы.

Мақсаты: музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін түсіне, ажырата білуге талпындыру. Әннің ырғағын сақтап, қозғалыстарын бере білуге үйрету.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Жұмбақ: Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады. Ол не?

Қыс туралы тақпақтар оқып беру.

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?». «Қыс».

-Айнала аппақ қар, балалар қардан аққала жасаймыз, шанамен мұзда сырғанақ тебеміз, аяғымызға шаңғы байлап сырғанаймыз – мұның бәрі қай кезде болады?

- Қыс қандай ерекшеліктерімен ұнайды?

Ән айту. «Как на тоненький ледок». Орыстың халық әні.

Ән айтар алдында дауысты ретке келтіру жаттығуларын орындау.

-Өткен сабақта «Қыс» туралы қандай әнде тыңдадық?

- Әнде қандай құбыстар бейнеленген?

- Ойнайтын қандай музыкалық құралдарды білесіңдер?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән қалай шырқалады?

- Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер?

- Қысқы ойын туралы қандай жұмбақ білесіңдер?

Жұмбақ: Жаздай тынығады,

Қыста зымырайды. (Шана)

Ақ қарда мен тұрмадым,

Қос тақтаймен зырладым. (Шаңғы)

Көлге жапқан қақпақ,

Сіресіп тұр,

Қатты-ақ. бұл не?

Әуенді қимыл-қозғалыс. Қазіргі би ырғағы.

Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Жұмбақты шешеді.




Әнді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.


Өз ойларымен бөліседі.

Әнді барлығы хормен айтады.



Ән айту ережелерін ұстанады.


Сұрақтарға жауап береді.


Жұмбақтарды шешеді.




Қимылдарды мұқият орындайды.


Дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақтың мазмұны бойынша сұрақ-жауап әдісін ұйымдастыру.

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыкадағы дыбыс жоғарылығын, ырғақтың мәнерлілігін.

Игереді: әннің ырғағын сақтап, қозғалыстарын бере білуді.

Меңгереді: музыка ырғағына қосылып, анық, нық би қимылдарын жасауды.








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қорқыт ата.

Мақсаты: халқымыз қадір тұтып, атын аңызға айналдырған Қорқыт бабамыздың өмірі туралы түсінік қалыптастыру. Балалардың сөйлеу мәдениетін дамыту. Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата-тілектері арқылы балаларды имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Қорқыт ата –қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі мәңгі ұмытылмас ірі тұлға, ұлы өнерпаз, атақты ақын, асқан күйші, тұңғыш қобызды жасап шығарған адам. Қорқыттың күйі мен қобызын халқымыз бүгінгі күнге дейін қастерлеп, сақтап келе жатыр.

Ән тыңдау. «Желмая». Қорқыт. «Қобыз - абыз».

Қорқыт ата қобыз тартқанда жел тынып, су ағысын тоқтатып, жан-жануарлар ұйып тыңдаған екен. Қорқыттың жақсы көретін түйесі – Желмаясына арнап шығарған күйі.

Ән айту. «Туған ел».

  • Әнде не туралы айтылған?

  • Сендер туған жерлеріңді қалай сүйесіңдер?

  • Әнде туған жер туралы қандай тілектер айтылып отыр?

  • Ән айтар алдында дауысты дауысты жаттықтырып алуды ұмытпайық. Денені тік ұстап, демді дұрыс алып, үнемдеп шығарып үйренейік.

Ән өте сабырлы, әсем орындалады.

Музыкалық аспаппен таныстыру. Қобыз.

Қобызды Қорқыт атаның өзі жасап, былай деген екен:

Қарағайдың түбінен, Ақ қайыңның безінен

Қайырып алған қобызым. Қағып алған қобызым.

Үйеңкінің түбінен Өзегінен қара емен,

Үйіріп алған қобызым. Ойып алған қобызым.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Қандай аспап?»

Қорқыт атаның нақыл сөздері:

-Самай шашы ағарған баба көрікті.

- Ақ сүтіне тойғыза емізген ана көрікті.

-Қыз анадан көрмейінше, іс түзелмес.

- Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі.

- Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Қорқыт ата туралы әңгімелейді.




Әнді тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.




Өз ойларымен бөліседі.

Әнді барлығы хормен айтады.



Ән айту ережелерін ұстанады.



Сұрақтарға жауап береді.



Қорқыт атаның өлеңін тыңдайды, айтады.



Нақыл сөздерді жатқа айтуды үйренеді.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақты қорытындылап, сұрақтар қою.


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: Қорқыт бабамыздың өмірі туралы.

Игереді: Қорқыт атаның өсиет, нақыл сөздері, бата-тілектерін.

Меңгереді: Қорқыт атамыздың нақыл сөздерін.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық.Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Бесік жыры.

Мақсаты: музыканы эмоциялық қабылдау қабылеттерін дамыту. Балалардың тембрлік қабылдауын қалыптастыру, ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата білуге жаттықтыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.


Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ: Ғажап екен кіп-кішкентай,

Сәнді үй.

Ішінде ұйықтап жатыр

Балқып әлди. Бұл не?

Бесікке бөлеу.

Мойнымдағы тұмарым, Мойнымдағы маржаным,

Тарқамайтын құмарым. Қорадағы мал-жаным.

Тағдыр берген алсын деп, Бесігіңе жата ғой,

Ақ бесікке салсын деп. Тәтті ұйқыға бата ғой.

Ұйықта, ботам

Қос танауы пысылдап, Ұйықта, ботам, жалықпа,

Добын қолға қысып ап. Жайлы, тыныш қалықта,

Ұйықтап жатыр бөпешім, «Ұйқы жанды сергітер»

Жұмыскердей пысық нақ. Деген сөз бар халықта

Ән тыңдау. «Бесік жыры».

  • Бесікке кімді жатқызады?

  • Бесік жырын кім орындайды?

  • Ән қалай орындалады?

Бесікке жас сәбилерді бөлейді. Ұйқысы тыныш болу үшін, әрі тоңып қалмауы үшін бесікке салады. Бесікті тербетіп отырып анасы салатын әнді «Бесік жыры» дейді.

  • Ән сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Ана әлдиі».

-Балалар, әлемдегі ең қымьат, аяулы адам кім?

- Аналарың сендерді қалай еркелетеді?

- Ана сәбиін қалай тербетеді?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Айжан қыз».

Психологиялық жаттығу. «Көлеңке».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақты шешеді.




Тақпақтарды мұқият тыңдап, өздері қалаған тақпақты жаттайды.




Мазмұнына көңіл аударады.




Әнді тыңдайды.

Сұраққа жауап береді.


Бесікке бөлеу жайында түсінікпен бөліседі.


Әнді қосылып айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Әуенмен қимыл-қозғалыс жасайды.

Жаттығу орындап, дәптермен жұмыс жүргізеді.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Бүгін қандай музыка тыңдадық?

- Ол музыка қалай орындалады?

- Әне сендерге ұнады ма?

- Сәбиді бесікке бөлер алдында бесікті аластайды. Қалай ойлайсыңдар, ол рәсім не үшін орындалады?

Сабақ соңында балаларды марапаттау, белсенділік танытқан балаларды ерекше атап өту.


Сұрақтарға жауап береді.


Өз ойларын айтады.

Біледі: бесік туралы мәліметті.

Игереді: музыканы эмоциялық қабылдау қабылеттерін.

Меңгереді: тембрлік қабылдауын, ұзақ және қысқа дыбыстарды ажыратуды.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Үй жануарлары.

Мақсаты: музыкадығы бейнелердің дауысын тану, ажырата білу, қимыл-қозғалысын бейнелі білу қабілеттерін дамыту. Балаларды интервалды ажыратуға жаттықтыру. Төрт түлікке деген қызығушылық, сүйіспеншілік, қамқоршылыққа тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттықшеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Төрт түлік туралы әңгімелесу, суреттер жинау, ана, әжелердің балаларын «төлдерге ұқсас теңеулермен» атауы, төрт түлік туралы мақал-мәтел, жұмбақ, тыйым сөздер сайысын, «Менің сүйікті жануарым» көрмесін ұйымдастыру.

Мақал-мәтел:

  • Түйе – байлық, жылқы – міністік, сиыр – ақтық, қой - мырзалық.

  • Жылқы - малдың патшасы,

Түйе – малдың қасқасы.

Жаңылтпаш: Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.

Ұйқасты өлең:

Ащыдан басқа жемейтін, Жеткізбейтін жарыссаң,

Ыстық шөлде отаны. Майда жұмсақ тұлымы.

Шөлдесе су демейтін, Естілер дауысы алыстан,

Кім біледі ... (ботаны). Кім біледі ... (құлынды).

-Енді осы төлдердің қимылдарын көрсетейікші.

Ән тыңдау. «Керуен». «Күшігім».

  • Керуен деген не?

  • Алыс жолға шыққанда, жүктерді тасу үшін көп түйе, жылқы малынан керуен құрып жүрген.

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

Ән айту. «Төлдер». «Ақтайлақ».

  • Қошақан қандай малдың төлі?

  • Құлыншақ қай малдың төлі?

  • Сендерге қай малдың төлі көбірек ұнайды?

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Тағы қандай малдың төлін білесіңдер?

  • Ән айтар алдында ережені естен шығармай, дауыс жаттығуын жасайық.

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Музыкалық-дидактикалық ойын: «Әнді 2-3 дыбыстан таны».

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Төрт түлік мал туралы әңгіме жүргізеді.


Өздері білетін мал туралы жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаштарын айтады.








Ұйқасты өлеңді жаттайды.





Әндерді тыңдайды.





Төлдер туралы әндерін хормен айтады.



Сұрақтарға жауап береді.




Қимыл-қозғалыс биін орындайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Неліктен төрт түлік деп атаймыз?

  • Бүгін қандай төлдерді атадық?

  • Қандай төлдер туралы ән айттық?

  • Сендерге сабақтың қай кезеңі ұнады?

Сұрақтарға толық жауап береді.

Сабақты меңгере қорытындылайды.

Біледі: төрт түлікке деген қызығушылығы оянады.

Игереді: интервалды ажыратуды.

Меңгереді: музыкадығы бейнелердің дауысын тану, ажырата білу, қимыл-қозғалысын бейнелі білу қабілеттерін.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптары.

Мақсаты: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға үйрету. Ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауға талпындыру. Ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберіне жиналу.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Ата-бабамыз өте ерте кездің өзінде-ақ музыкалық аспаптардың мынадай топтарын ойлап тапқан:

  • Шертпе аспаптар – домбыра, шертер, шіңкілдек, жетіген, адырна.

  • Қияқты аспаптар – қобыз, сазген, созаншы, егек.

  • Үрмелі аспаптар – сыбызғы, сазсырнай, уілдек, желбуаз.

  • Ұрмалы аспаптар – дабыл, даңғыра, кепшік, шыңдауыл, дауылпаз, ұран, керней.

Жұмбақ : Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Бұл не?

  • Домбыра мен қобыздың айырмашылығы қандай?

  • Қнадай ұрмалы аспаптар түрін білесіңдер?

Ән тыңдау. «Қобыз».

  • Балалар, музыка тыңдағанда естеріңе не түсті?

  • Қобыз туралы сөз болғанда кім еске түседі?

  • Қорқыт атаның қандай күйлерін білесіңдер?

  • Сендер басқа қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

  • Аспаптар қандай топқа бөлінеді?

Ән айту. «Домбыра сазы».

-Әр композитор қазақтың киелі аспабы домбыраны әнге салып жырлаған. Домбыра туралы тағы қандай ән білесіңдер?

- Ән қандай көңіл күйде жазылған?

- Ән сендерге ұнады ма?

Ән айтар алдындағы дауыс жаттығуларын орындату.

Әуенді қимыл-қозғалыс. Сылдырмақпен би. Қазақ биі – «Қаз-қатар».

Музыкалық-дидактикалық ойын.

Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Аспаптар туралы әңгімелеседі.


Өздері білетін аспаптары жайлы бөліседі.





Жұмбақтың шешуін табады.



Сұрақтарға жауап береді.


Әнді зейін қойып тыңдайды.


Сұрақтарға жауап береді.




Әнді ереже бойынша орындап шығады.



Сұраққа жауап береді.



Әуенмен бірге қимылдарды орындап, дидактикалық ойынды ойнап, дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Балалардан сұрақ-жауап арқылы аспаптардың атын пысықтау, топқа қысқаша қорытынды. Балаларды

қолдау, мадақтау.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдауды, тануды, салыстыруды, ажыратуды.

Игереді: ұлттық аспаптарда қарапайым пьесаларды орындауды.

Меңгереді: ұлттық аспаптарға деген қызығушылық, ұқыптылық сезімін.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Нағыз қазақ – домбыра.

Мақсаты: түрлі аспаптарда ойналған шығармаларды тыңдау арқылы, оны қабылдау, есте сақтау, ажырата білуге үйрету. Ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылық қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Домбыра туралы, оның түрімен, құрылысымен таныстыру.

Жұмбақ: Екі құлақты,

Он екі тұяқты,

Шешуін тапшы,

Күмбірлеген күй,

Төгілген сияқты.

Домбыра қайда барсам тастамаймын,

Ән менен сенсіз өлең бастамаймын.

Екі ішек, он бір перне, бір тиекпен,

Сайрасам қызыл тілмен аспандаймын.

Домбыра – қазақ халқының арасында өте ерте заманнан бері кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған, қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспап. Домбыра әртүрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып немесе құрап жасалады.

Ән тыңдау. «Сарыарқа».

  • Құрманғазы кім?

  • Қандай күйлерін білесіңдер?

  • Тыңдаған күй қалай аталады?

  • Күй қалай орындалды?

Ән айту. «Домбыра сазы».

  • Домбыра сазы дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Әннің мазмұны не туралы?

  • Әнде «домбырамен жырлаған» деп кімдерді айтып отыр?

Әуенді қимыл-қозғалыс.«Домбырамен би».

Психологиялық жаттығу: Бұл – мен.

Музыкалық-дидактикалық ойын.

Әліппе-дәптермен жұмыс.


Домбыра туралы қысқаша әңгіме жүргізеді.


Жұмбақтың шешуін табады.


Домбыра жайлы Кенен Әзірбаевтың өлеңімен танысады.


Домбыра туралы өздерінің білетін мәліметтерімен бөліседі.


Әнді зейін қоя тыңдайды.

Сұраққа жауап береді.



Әнді ережесі бойынша дауысты қалыпқа келтіре орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Керекті іс-әрекеттерді жасап, орындайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Сонымен, бүгін біз қандай музыка аспабымен таныстық?

  • Халқымыз ол аспапты қалай атайды?

  • Әнде не туралы айтылды?

Балаларды мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: түрлі аспаптарда ойналған шығармаларды тыңдауды.

Игереді: домбырада ойнауды, есте сақтауды, дауысын ажырата білуді.

Меңгереді: ұлттық музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілік, қызығушылықты.






Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: музыка

Тақырыбы: Тұсау кесу.

Мақсаты: музыканың сезімдік мазмұнын сипаттай, ажырата, бейнелей білуге үйрету. Әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауға төселдіру. Музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауға талпындыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу. Қазақтың ұлттық рәсімдері туралы әңгімелесу.

Ән тыңдау. «Тәй-тәй».

  • Музыка қалай орындалды?

  • Көңілді ме, әлде көңілсіз музыка ма?

  • Музыка тыңдау барысында қандай оқиғаны елестеттіңдер?

  • Музыка сендерге ұнады ма?

Ән айту. «Тұсау кесу жыры». Халық әні.

  • «Тұсау кесу рәсімі» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ол рәсім не үшін жасалады?

  • Рәсімді кім жасайды?

  • Тұсау кесу рәсімін жасау үшін не қажет?

  • Тұсау кесу рәсімі орындалғаннан кейін қандай ән орындалады? (Тәй-тәй)

Қаз-қаз, балам, қаз балам,

Қадам бассаң мәз болам.

Кермеуіңді шешейік,

Тұсауыңды кесейік.

Ән айтар алдындағы ережелерді еске түсіріп, дауысымызға жаттығу жасап, ән айтуға дайындалайық.

Әуенді қимыл-қозғалыс.«Балдырғандар биі».

Музыкалық аспапта ойнау. «Қандай ырғақ?»

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Рәсімдер туралы әңгіме жүргізеді.


Әнді мұқият тыңдайды. Мазмұнын меңгереді.


Сұрақтарға жауап береді.


Әнді ереже бойынша айтады.


Сұрақтарға жауап береді.



Тұсау кесу жырын жаттап айтады.




Ойындарды, аспапта ойнауды, дәптермен жұмысты іске асырады.


Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • «Тұсау кесу» рәсімінен басқа тағы қандай рәсім білесіңдер?

  • Ән ұнады ма?

  • Бүгінгі сабақтың қай кезеңі көбірек ұнады?

Балаларға жекелеп баға беріп, марапаттау, мадақтау.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: музыка ырғағына би қимылын үйлесімді орындауды.

Игереді: музыканың сезімдік мазмұнын сипаттауды, ажыратуды, бейнелей білуді.

Меңгереді: әнді табиғи дауыспен, нәзік орындауды.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Көктем өрнегі.

Мақсаты: дыбыс жоғарылығын, контрасты емес ырғақтық бейнелерді ажырата білуге үйрету. Шығарманы кіріспе, үзіндіден тануға баулу. Әнді көңілді, қуанышпен орындауға, ән ырғағына сәйкес қимыл бере білуге төселдіру. Табиғат көрінісін сезіне білуін, табиғатқа деген қамқорлық сезімін қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Шаттық шеңбері.

Жаңылтпаш: Көп көкек, көкектеп,

Көктен келді.

Көкек кеп, көктеп көк,

Көктем келді.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Жұмбақ: Түрі көркем түр кілем,

Түгі жоқта кір кілем.

Жазы жайлы жай кілем,

Жайылып жатқан бір кілем.

Көктем өрнегі

Қар еріді, су ақты, Көкке бояп өңірді,

Күндер келді шуақты. Көктем келді шуақты.

Байтақ дала келбеті, Байтақ дала келбеті,

Түкті кілем сияқты. Түкті кілем сияқты.

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» Көктем.

  • Тыңдаған әніміз жылдың қай мезгілі туралы?

  • Көктемде қандай құбылыстар болады?

  • Көктемнің айларын атаңдар?

  • Көктем туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • Сәуір – су айы, мамыр – гүл айы.

  • Көктемгі жауын артық болмас.

Ән айту. «Көктем».

Ережелерді сақтап, дауыс жаттығуын жасау.

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Ән сендерге ұнады ма?

  • Несімен ұнады?

Әуенді қимыл-қозғалыс.«Қазақ вальсі».

Музыкалық-дидактикалық ойын.«Ырғақтық лото»

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жұмбақты шешеді.





Өлеңді тыңдап, мәнерлеп айтады.



Әнді жақсылап тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.




Әнді ережеге сәйкес орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

Би билеп, ойын ойнайды.

Дәптермен жұмыс жаайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

-Бүгінгі сабақта қандай жыл мезгілі туралы өттік?

-Сабақтың қандай кезеңі сендерге ұнады?

Бағалау, мақтау, ерекше көзге түскен баланы жеке атап, марапаттау.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: шығарманы кіріспе, үзіндіден тануды.

Игереді: дыбыс жоғарылығын, контрасты емес ырғақтық бейнелерді ажыратуды.

Меңгереді: әнді көңілді, қуанышпен орындауды, ән ырғағына сәйкес қимыл бере білуді.








Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Аман болшы, анашым.

Мақсаты: күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру. Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге, анаға деген мейірімділікке баулу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту

Ана дегеніміз кім?

Ана – біздің күніміз,

Ананың біз – гүліміз.

Құрметтейміз ананы,

Құттықтаймыз бүгін біз:

«Ұландарды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз!»

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Ән тыңдау. «Балбырауын».

  • Музыка қандай темпте жазылған?

  • Музыка көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

  • Күйді тыңдағанда көз алдарыңа не елестеді?

  • Құрманғазың тағы қандай күйлерін білесіңдер?

Бірде Браун деген неміс Құрманғазыны өзінің үйінде болатын балға шақырады. Бал күйшіге қатты ұнайды. Көңілді музыка, би, көтеріңкі көңіл күй әсерімен Балбраун (Бал Брауна) күйін шығарады.

Күй жылдам, әрі көңілді орындалады.

Ән айту. «Ақ мамам».

  • Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жан кім?

  • Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?

  • Ана туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

  • Аналарың сендерді еркелетіп қалай атайды?

Әнді айтпастан бұрын ережеге сәйкес дауысты ретке келтіріп жаттықтыру.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қазіргі би ырғағы».

Балаларды жаңаша, заман талабына сай қимыл-қозғалыстар жасай білуге үйрету. Қолдың, бастың, аяқтың қимылдары музыка әуеніне сай үйлесуін қадағалау. Ерекше қимыл көрсеткен баланы басқаларға үлгі ету.

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Кішкене басқыш».

Музыкалық аспапта ойнау. «Илигай».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Әнді зейін қоя тыңдайды.

Сұрақтарға жауап береді.


Құрманғазы туралы, күйдің шығарылуы туралы әңгімелеседі.



Әнді ереже бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.





Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.



Ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Біз бүгін қандай музыка тыңдадық?

  • Ол күй қандай оқиғаға арнап шығарылған?

  • Бүгінгі сабақтың қай кезеңі ұнады?

Сабақты қорытындылай отырып, марапаттау,бағалау, белсенді балаларды ерекше атап өту.


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: күйші, күй сипаты, мазмұны туралы.

Игереді: жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуді.

Меңгереді: әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуды және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Әжеме арнаймын әнімді.

Мақсаты: күйші, күй сипаты, мазмұны туралы түсінік беру. Жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуге жаттықтыру. Әнді орындаған кезде ана, анама, әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуға және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауға баулу. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін көңілді, жеңіл орындауға дағдыландыру. Әжеге, анаға деген мейірімділікке баулу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

  • Әже деген кім?

  • Әже деген қандай адам?

  • Кімнің әжесі бар?

  • Әжеңе қандай көмек көрсетесің?

Әже дегеніміз кім?

Әпкем – әже баласы,

Әкем – әже баласы.

Әкемнің бар ағасы,

Ол да әжемнің баласы...

Анам дейді мамашым,

Әже деген, шамасы,

Аналардың анасы!

Ән тыңдау. «Қосалқа».

  • Күй дегеніміз не?

  • Кімді күйші дейміз?

  • «Қосалқа» күйін кім шығарды?

  • Күй көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

  • Күй адамның қандай сезімін тәрбиелейді?

  • Күйді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?

Ән айту. «Ақ әжем».

  • Әлемдегі ең қымбат, ең аяулы жандар кімдер?

  • Кім сендерді аялап, мәпелеп өсіреді?

  • Ең мейірімді, сүйкімді кім?

  • Кім сендерді қонаққа ертіп барады?

  • Әже туралы қандай мақал-мәтел, қанатты сөздер білесіңдер?

  • Әжелерің сендерді еркелетіп қалай атайды?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Ақ әжем».

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Бір көмекке жарайық».

Музыкалық аспапта ойнау. «Әжеме арнаймын әнімді».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.



Өлеңді мәнерлеп оқып, жатқа айтады.







Әнді тыңдайды.

Сұрақтарына жауап береді.





Ереже бойынша әнді айтады.







Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгінгі сабағымыз кімге арналды?

  • Бүгінгі сабығымыз әжелерге арналды.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: күйші, күй сипаты, мазмұны туралы.

Игереді: жоғары, төмен дыбыстар жүйесін ажырата білуді.

Меңгереді: әнді орындаған кезде әже, әжеме, т.б. сөздердегі дауысты дыбыстарды дұрыс, таза айтуды және әнді назды, лирикалық сипат бере орындауды.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Құстар қайтып келеді.

Мақсаты: балаларды өздігінен музыка бағытын ажыратуға, анықтауға үйретуді жалғастыру. Музыканың әр қимыл сипатын бере білуге, ырғақты сезіне білуге, белсенді орындауға дағдыландыру. Құстарға деген қамқоршылыққа тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңбері.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Құстар туралы өз ойларымен , білетіндерімен бөлісіп, әңгімелейді.

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Жыл мезгіліне сәйкес құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады?

Келді аққу, көкте қаз,

Орманда бұлбұл сайраған.

Көптен күткен көктем кеп,

Құлпырып дала жайнаған.

Жұмбақ: Көктемде ұшып келеді,

Жаздай концерт береді. Бұл қандай құс?

Тау басында ағаш үй,

Соны мекен етеді.

Қыста алысқа кетеді. Бұл қандай құс? (Қараторғай)

Ән тыңдау. «Қараторғай».

  • Ән қалай орындалды?

  • Әннің көңіл күйі қандай?

  • Сендер қандай құстарды білесіңдер?

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй салады? Бұл қандай құс?

  • Дұрыс, қарлығаш. Олай болса қарлығаш туралы ән орындаймыз.

Ән айту. «Қарлығаш».

  • Ән не туралы?

  • Әннің көңіл күйі қандай?

  • Қандай құстарды білесіңдер?

  • Құстардың қандай пайдасы бар?

  • Жылдың қай мезгілінде құстар ұшып келеді?

  • Құстарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Тырналар биі».

  • Тырна деген қандай құс?

  • Құстар негізінен қай дене мүшелерімен қимыл жасайды?

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Құстар мен балапандар».

Музыкалық аспапта ойнау. «Сауысқан».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Құстар туралы әңгімелеседі.



Сұрақтарға жауап береді.



Тақпақты мәнерлеп айтады.





Жұмбақты шешеді.




Әнді тыңдап, сұраққа жауап береді.




Өлеңді жатқа айтады.





Әнді ережеге сәйкес айтады.



Сұрақтарға жауап береді





Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Сабақ сендерге ұнады ма?

  • Әнімізді неге арнап айттық?

  • Қандай құс туралы музыка тыңдадық?

  • Ән сендерге ұнады ма?


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: балалар өздігінен музыка бағытын ажыратуды, анықтауды үйренеді.

Игереді: музыканың әр қимыл сипатын бере білуді, ырғақты сезіне білуді, белсенді орындауды.

Меңгереді: әнді назды, лирикалық сипат бере орындауды.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: __________________ Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Наурыз – біздің жыл басы.

Мақсаты: ән мазмұнын түсіне, еске түсіре, тани, салыстыра, ажырата білуге талпындыру. Әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді, шаттана орындауға жаттықтыру. Таныс әндерді тану барысында, сөз ұйқастарын бере білуге талпындыру. Ұлттық мерекелер мәнін жете түсіндіру, қызығушылығын арттыру. Музыка ырғағына сәйкес бейнелер қимылын бере білуге талпындыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Наурыз тойы – өте ертеден келе жатқан мейрам. Арада көп жылдар өтіп, Наурыз тойы жаңадан жаңғырып, халық арасында «Ұлыстың ұлы күні», «Жыл басы», «Жаңа жыл» деп аталды.

Кетіріп қыстың қаһарын,

Келтіріп уақыт баһарын.

Төрт түлік малын төлдетіп,

Молайтқан ақты селдетіп,

Жеріме жетті Наурыз!

Ән тыңдау. «Көңілді би».

  • Музыка қандай көңіл күйде жазылған?

  • Әуенді тыңдағанда қандай оқиға еске түседі?

  • Дыбыс жылдамдығы қалай?

Музыка өте көңілді, жылдам, жігерлі орындалады.

Ән айту. «Наурыз – біздің жаңа жыл».

  • Наурыз деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

  • Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

  • Наурызды неліктен жыл басы деп атайды?

  • Наурызды халқымыз қалай тойлайды?

  • Наурыз мерекесінде жасалатын ұлттық тағамдарды атаңдар.

Ән бастамас бұрын дауысымызға жаттығу жасап аламыз. Ән жылдам, көңілді орындалады.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Көңілді би». «Айгөлек». Қазіргі би ырғағы.

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Барабан».

Музыкалық аспапта ойнау.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Наурыз мерекесі туралы әңгімелеседі.



Өлеңді мәнерлеп жатқа айтады.





Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.






Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгін біз қандай мереке жайында әңгіме еттік?

  • Қандай ән тыңдадық?

  • Ән сендерге ұнады ма?

  • Үйде наурыз мерекесін қалай тойлайсыңдар?

Балаларғы баға беру, мақтау, қолпаштау.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: ән мазмұнын түсініп, еске түсіріп, танып, салыстырып, ажыратуды.

Игереді: әнді жеке, қосылып, еркін, көңілді, шаттана орындауды.

Меңгереді: таныс әндерді тану барысында, сөз ұйқастарын бере білуді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Берекелі дастарқан.

Мақсаты: музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезіне білу. Әнді көңілді, қуанышпен, мәнерлі орындауға жаттықтыру. Түрлі саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін дамыту. Билердің қарапайым өзіндік түрлерін ойлап табуға жетелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

«Ас – адамның арқауы» деген қанатты сөз мағынасын түсіндіру, асқа отырар алдында қолыңды жу, т.б. тазалық, әдептілік ережелерін ұғындыру, меңгерту.

Жаңылтпаш: Есет атам ет асатар,

Ет асатса, бес асатар.

Жұмбақ:

  • Төрт қазық,

Жалпақ шатыр – үсті ыңғайлы,

Күніне үш баийды, үш жұтайды.

  • Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды,

Қонақтарды көңілдене сыйлайды. Бұл не?

  • Қандай ұлттық тағамдарды білесіңдер?

Жұмбақ: Бір сусын бар жұртымда,

Ішсең уыз ұртыңда.

Бәрі содан шығады –

Ірімшік, май, құртың да. Бұл не? (Сүт)

  • Биенің сүтінен жасалған тағам қалай аталады?

  • Түйенің сүтінен жаалған тағам қалай аталады?

Ән тыңдау.Қазақтың халық әні «Ауылым - әнім».

Ән айту. «Қазағымның дәстүрі».

  • Әнде не туралы айтылады?

  • Ән қалай орындалды?

  • Осы әннен қандай әсер алдыңдар?

Ас – ырыс – құт

Бір шөкім тұз үйіне ала барған,

Адамды да қарсы алып алады алдан,

«Нан ауыз ти!» - деп тұрған әдеппенен

Айналайын ардақты аналардан.

Психологиялық жаттығу: Тәтті тағамдар. Ащы тағамдар.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қара жорға» биі.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Ас туралы әңгімелеседі.





Жұмбақты шешеді.













Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.


Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді

Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгінгі сабақтың қандай сәттері естеріңде қалды?

Ерекшеленіп ән, тақпақ, жұмбақ, тыйым сөздер айтқан, би билеген балаларды айрықша атап өтіп, мақтау, дәріптеу.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: әнді көңілді, қуанышпен, мәнерлі орындауды.

Игереді: музыка мен сөз арасындағы үндестікті сезінуді.

Меңгереді: түрлі саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін.



Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Ақсақ киік.

Мақсаты: Құрманғазы күйшінің өмірі, шығармашылығымен таныстыру. Күй тыңдау барасында алған әсерін жеткізе білуге, басқа күйлермен салыстыра, ажырата білуге үйрету. Ән арқылы аңдарды тани, атай білуге, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуге үйрету. Музыка ырғағына сәйкес жануарларға, аңдарға тән қимыл-қозғалысты бере білуге талпындыру. Жануарларға деген қамқорлық сезім қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Жануарлар, киік, қамқорлық туралы әңгіме жүргізу.

Арқаның Бетбақ деген даласы бар,

Бетпақ шөл, ойлы – қырлы панасы бар.

Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп-өнген,

Жәндіктің киік деген баласы бар...

Ән тыңдау. Құрманғазының күйі «Ақсақ киік».

  • Күй қандай аң туралы болып отыр?

  • Күйді тыңдағанда қандай көңіл күйді елестеттіңдер?

  • Жануарларды неліктен қамқорлыққа алу керек?

  • Күйді байқап тыңдасаңдар, ақсаңдап шапқан аңның жүрісін естуге болады. қоршаған ортаны, табиғатты, табиғаттағы жан-жануарларды аялай, сақтай білуіміз керек.

Ән айту. «Қоян»

  • Қоян қандай аң?

  • Қоянның баласы қалай аталады?

  • Қоян туралы не білесіңдер?

  • Тағы қандай аңдарды білесіңдер?

Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қоңыр аю қорбаңбай».

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Не қалай жүгіреді?».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жануарлар туралы әңгімелеседі.






Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.







Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.

Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгін біз қай аң туралы музыка тыңдадық?

  • Ол күйді шығарған кім?

  • Әнімізді қандай жануарға арнап айттық?

  • Үй жануарлары мен аңдардың қандай ашырмашылығы бар?

  • Бүгінгі сабақтың қай кезеңі ұнады?


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: Құрманғазы күйшінің өмірі, шығармашылығымен танысады.

Игереді: күй тыңдау барасында алған әсерін жеткізе білуді, басқа күйлермен салыстыруды, ажырата білуді.

Меңгереді: ән арқылы аңдарды тани, атай білуді, үй жануарлары мен жабайы аңдарды ажырата білуді.




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Орыс халқының музыкалық аспаптары.

Мақсаты: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуға үйрету. Қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін қалыптастыру. Орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғым қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Орыс халқының ұлттық аспаптарымен таныстыру. Қысқаша мағлұмат беру.

Ән тыңдау. «Бубенчики», «Гармошка», «Балалайка».

  • Қай аспаптың үні сендерге көбірек ұнады?

  • Музыка қандай көңіл күйде орындалды?

  • Қазақ аспаптарына ұқсай ма?

Орыстың гусли аспабы қазақтың жетіген аспабына ұқсайды. Айырмашылығы – жетігеннің үні жұмсақ естілсе, гусли үні сыңғырлы. Балалайка аспабы домбыра сияқты, домбыраның ішегі сымнан тартылады әрі үш ішекті болады.

Ән айту. «Бубенчики», «Гармошка», «Балалайка» әндерінің қысқаша шумақтарын айтқызу.

  • Әнде не туралы айтылады?

  • Қандай ырғақта орындалады?

  • Ән көңілді ме, әлде көңілсіз бе?

  • Мүмкіндігінше музыкаға сәйкес үйлесімді қимылдар жасауға талпындыру.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Орыс биі».

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Ойнаған қандай аспап?».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Орыс халқының ұлттық аспаптары туралы әңгімелеседі.


Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.



Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Орыс халқының қандай аспаптарымен таныстыңдар?

  • Қазақ халқының аспаптарына ұқсас аспаптар бар ма?

  • Қай аспап ұнады?


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: орыс халқының бір әнінің әртүрлі аспапта ойналған сазын тыңдау, салыстыру, ажыратуды.

Игереді: қазақ ұлттық саз аспаптарымен салыстыру, ұқсастығын ажырата білу қабілеттерін.

Меңгереді: орыс халқының музыкалық аспаптарының кейбірі басқа халықтардың музыкалық аспаптарына ұқсас екендігі туралы ұғымды.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Ұлы достық жасасын!

Мақсаты: ән мазмұны арқылы мейірімділікке, достыққа, сыйластыққа тәрбиелеу. Әнді ширақ, көңілді, еркін орындауға төселдіру. Ұлттық би элементтерін еркін орындауға жаттықтыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Басқа ұлттың салт-дәстүрімен таныстыру. Достық туралы ән, тақпақ жаттау.


Бақыт, бірлік – күн талабы,

Тоқтамайды дүбір әні.

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам Әнұраны.


Ән тыңдау. «Отан – ортақ үйіміз»

  • Отан деген сөзді қалай түсінеміз?

  • Отан туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?

  • Біздің туған Отанымыз қалай аталады?

  • Ән қандай темпте, қалай орындалды?

  • «Отан оттан да ыстық» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?


Ән айту. «Достық»

  • Дос деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Біздің арамызда түрлі ұлттардың балалары бар, солармен қандай қарым-қатынастамыз?

  • Ән қандай темпте жазылған?


Психологиялық жаттығу: «Саусақтар жарысы».

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қоңыр аю қорбаңбай».

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Не қалай жүгіреді?».


Әліппе-дәптермен жұмыс.

Достық туралы әңгімелеседі.


Өлеңді мәнерлеп айтады.





Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.






Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.


Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.


Ойынды ойнайды.


Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгін қай тақырыпта әңгіме өткіздіңк?

  • Ән не туралы болды?

  • Ол ән қандай жылдамдықта, қалай орындалды?

  • Ән сендерге ұнады ма?

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: әнді ширақ, көңілді, еркін орындауды.

Игереді: ән мазмұны арқылы мейірімділікті, достықті, сыйластықты.

Меңгереді: ұлттық би элементтерін еркін орындауды.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Аты аңызға айналған.

Мақсаты: бейбітшілік дегеннің не екенін түсіндіру, бейбіт елдің бақытты балалары екендерін ұғындыру. Батыр атамыздың өмір өнегесі, өсиеті арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу. Болашақ елін қорғайтын ер болуға тәбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Бейбітшілік тақырыбында әңгіме өткізк.

Ерлік туралы мақал- мәтелдер:

  • Отан үшін отқа түс, күймейсің.

  • Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.

  • Опасызда Отан жоқ.

  • Тізе бүгіп тірі жүргеннен – тік тұрып өлген артық.

Ән тыңдау. «Бұлбұл».

Дина Нұрпейісова Құрманғазыдан бата алған, «Күй анасы» деген атқа ие болған күйші. Ұрпақтан-ұрпаққа мұра болған Құрманғазы күйлерін бізге жеткізуші ғана емес, өзі де күй шығарған композитор.

Ән айту. «Момышұлы Бауыржан».

  • Бауыржан Момышұлы деген кім?

  • Ол кісінің атымен аталатын қандай ғимараттарды, көрікті жерлерді білесіңдер?

  • Ән қалай орындалады?

Ән қайратты, жігерлі орындалады. Ән орындау кезінде патриоттық сезім оянып, батырлыққа, Отанын сүюге деген ынта пайда болады.

Психологиялық жаттығу: «Саусақтар жарысы».

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Сарбаздар биі».

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Торғайлар мен машина».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Бейбітшілік туралы әңгімелеседі.



Мақал-мәтелдерді тыңдайды.



Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.




Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.




Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Бүгін біз қандай батыр туралы әңгімелестік?

  • Батыр атаның қандай қанатты сөздерін есте сақтадыңдар?

  • Қандай музыка тыңдадыңдар?

Ерекше үлес қосып, қатысқан балаларды атап өтіп, мақтау, қолпаштау.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: бейбітшілік дегеннің не екенін, бейбіт елдің бақытты балалары екендерін.

Игереді: батыр атамыздың өмір өнегесі, өсиетін.

Меңгереді: ұлттық би элементтерін еркін орындауды.





Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Жеңіс күнін тойлаймыз.

Мақсаты: таныс музыканы тани, жанрын ажырата, динамикалық өзгерістерді білу қабілеттерін дамыту. Балалардың ән, әуенді қимыл-қозғалыс орындауда өздігінен, еркін шығармашылық белсенділігін көрсете білуіне мүмкіндік жасау, қолдау. Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні туралы түсінік қалыптастыру.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Ұлы отан соғысы туралы түсінік қалыптастыру. 28-Панфиловшылар паркіне, Әлия мен Мәншүк, Бауыржан Момышұлы ескерткіштеріне саяхат жасау, гүл шоғын қою.

  • Соғыс дегенді қалай түсінесіңдер?

  • «Жеңіс күні» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ән тыңдау. «Мерекелік марш».

  • Тыңдаған әніміз қай жанрға жатады, ән, күй, би, марш.

  • Марш музыкасы қалай орындалады?

  • Марш музыкасына сәйкес қандай қимыл-қозғалыстар жасауға болады?

Ән айту.«Жеңіс күнін тойлаймыз».

  • Әнде кім туралы айтылады?

  • Ән қандай көңіл күйде жазылған?

  • Ән сендерге ұнады ма?

  • «Орден» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Орден не үшін беріледі?

  • Ән қалай орындалды?

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Яблочко». Орыстың халық биі.

Музыкалық-дидактикалық ойын. Орыстың халық биі «Яблочко» биін түрлі аспаптармен сүйемелдеу.

Музыкалық аспапта ойнау: «Өжет ұшқыш».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Соғыс туралы әңгімелеседі.

Сұрақтарға жауап береді.




Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.




Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.




Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

  • Жеңіс күні қай күні тойланады?

  • Сабақтың қай кезеңі ұнады?

Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: таныс музыканы тануды, жанрын ажыратуды, динамикалық өзгерістерді білуді.

Игереді: ән, әуенді қимыл-қозғалыс орындауда өздігінен, еркін шығармашылық белсенділігін көрсете білуін.

Меңгереді: Ұлы Отан соғысы, Жеңіс күні туралы түсінікті.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Ақ қанатты, көк қанатты көбелек.

Мақсаты: түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, ойнаған аспаптарды тани, ажырата, көңіл күйді сезіне білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қиялын, көбелектер бейнесін еркін, жеңіл бере білуге, би элементтер түрін ойлап табуын қолдау. Көбелектерге, жәндіктерге қамқоршылықпен қарауға тәрбиелеу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Жұмбақ: Үстіндегі көйлегі,

Түрлі түсті не керек?

Қызықтырар көргенді,

Мұның аты .. (көбелек)

Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады?» жаз.

  • Әнде қай жыл мезгілі айтылады?

  • Ән қалай орындалады?

  • Көбелектер жылдың қай мезгілінде болады?

  • Көбелек туралы не білесіңдер?

  • Қалай ойлайсыңдар: көбелектер көре ме?

  • Көбелек қалай тамақтанады?

Ән айту. «Көбелек».

Қызыл қанат көбелек,

Жасыл қанат көбелек,

Гүлден гүлге қонасың,

Ұстатпайсың, не керек?

***

Ақ қанатты көбелек,

Көк қанатты көбелек,

Қызыл қанат көбелек,

Бақшамызға келе кет.

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Көбелектер биі».

Музыкалық аспапта ойнау: «Жаз». «Еркем-ай» қазақтың халық әні.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Көбелектер туралы әңгімелеседі.




Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.





Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын.

Игереді: ойнаған аспаптарды тани, ажырата, көңіл күйді сезіне білуді.

Меңгереді: көбелектер бейнесін еркін, жеңіл бере білуді.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Жаз.

Мақсаты: түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын түсіну, ойнаған аспаптарды тани, ажырата, көңіл күйді сезіне білуге талпындыру. Балалардың шығармашылық қиялын, көбелектер бейнесін еркін, жеңіл бере білуге, би элементтер түрін ойлап табуын қолдау.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Жаз мезілі, оның ерекшеліктері туралы әңгімелесу.

Қойның толы жеміске,

Көк майсалы еңісте,

Көбелек қуып ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

Ән тыңдау. «Сарыжайлау».

  • Айнала жап-жасыл түске еніп, түрлі түсті гүлдер жайнап тұрған кез жылдың қай мезгілі? Бұл қай кезде болады?

  • Жаз несімен ұнайды?

  • Жазда ауа райы қандай болады?

  • Денсаулығымызды шыңдау үшін жазда қандай шаралар жасаймыз?

Ән айту. «Мен жайлауға барамын».

  • Жайлау деген не?

  • Жайлауға не үшін барады?

  • Жайлаудан қай кезде қайтады?

  • Жайлауда кімдер тұрады?

  • Жайлаудың көрінісін суреттей аласыңдар ма?

  • Жаздың келбетін қандай түспен бейнелеуге болады?

  • Жайлауда қандай жануарлар болады, олардың төлдері қалай аталады?

Әуенді қимыл-қозғалыс.

Музыкалық-дидактикалық ойын. «Балапан мен мысық».

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Жаз туралы әңгімелеседі.


Өлеңді жаттайды.




Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.





Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Жалпы іс-әрекетке қысқаша қорытынды.


Сұрақтарға жауап береді.


Біледі: түрлі аспапта орындалған лирикалық сипаттағы музыканы, әндердің мазмұнын.

Игереді: ойнаған аспаптарды тани, ажырата, көңіл күйді сезіне білуді.

Меңгереді: жаз мезгілі туралы өзгерістерді.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Қош бол, балабақша.

Мақсаты: әнді түрлі сезімдерін бере, ән сөздерін анық, нақты орындауға талпындыру. Музыка ырғағына сәйкес би элементтерін, қазіргі би элементтерін еркін орындауға баулу.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Жұмбақ: «Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың» дегенді қалай түсінесің?

  • Балабақшада не істеуді үйрендің?

  • Мектепке неше жастан барады?

  • Мектепте не үйретеді?

  • Оқушының ережесін білесіңдер ме?

Сен үйреттің сөйлеуді,

Сенде ойым есейді.

Мектепке мен барамын,

Балабақшам, қош енді.

Құшағыңда жарқылдап,

Өтті сәби күндерім.

Мектепке барам мен енді,

Балабақшам қош енді.

Қолыма гүл аламын,

Дайын дәптер-қаламым.

Қуанышпен шаттана,

Мен мектепке барамын.

Біздер жеті жастамыз,

Сәбиліктен асқанбыз.

Мектеп бізді шақырады,

Қош бол, әсем бақшамыз.

Ән тыңдау. Жұмбақ әуендер сайысы: «Айгөлек», «Қоңыраулар сылдыры», т.б. әндерді тыңдау, естеріне түсіру, тану, атау, ажырату.

Ән айту. «Қош бол, балабақша».

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Қош бол, ойыншықтарым!»

Музыкалық-дидактикалық ойын.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Балабақша туралы әңгімелеседі.






Өлеңді жатқа айтады.




Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.





Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.




Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау


Жалпы іс-әрекетке қысқаша қорытынды.


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: әнді түрлі сезімдерін бере, ән сөздерін анық, нақты орындауды.

Игереді: музыка ырғағына сәйкес би элементтерін, қазіргі би элементтерін еркін орындауды.

Меңгереді: түрлі саз аспаптарының тембрін ажырата білу қабілетін.







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Білім беру аясы: Шығармашылық. Күні:_____________

Білім көздері: Музыка.

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.

Мақсаты: музыка характері туралы түсінік-танымдарын бекіту. Әнді қуанышты, шаттана, көпке ілесе орындауға баулу. Би қимылын музыка ырғағына үйлесімді, еркін орындауға төселдіру. Мектепке, оқуға деген қызығушылығын, оқу құралдарын, заттарға ұқыптылықпен қарау қабілеттерін дамыту.


Іс-әрекет бөлімдері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру. Сезімді ояту


Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Шаттық шеңберіне тұрып, жылы лебіздерін білдіреді

Ізденістер. Ұйымдастырушы

Әңгімелесу.

Мектеп, сынып, ұстаз, оқу құралдары, мектеп ережелері туралы әңгімелесу.

Жұмбақ:

  • Сөзі дана, үні жоқ,

Сөйлемейді, тілі жоқ.

Қолыңа алсаң шешен,

Ақылы асқан көсем. (Кітап)

  • Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса атта ма. (Кітап)

  • Аппақ дала, қара дән,

Сепкен дәні түсінуге жараған. (Әріптер)

Әліппе

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе – ғылым ағасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

Ән тыңдау. «Көңілді балалар әні».

  • Ән қандай жылдамдықта орындалды?

  • Әнде не туралы айтылған?

  • Әннің мәтінінде «жабырқауды, жалқаулықты білмейміз» деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

Ән айту. «Біз мектепке барамыз». «Біріншіге барамын».

  • Әнде не туралы айтылып отыр?

  • Мектепке қандай құрал-саймандар дайындаған?

  • Сендер мектепке дайынсыңдар ма?

  • Ән қалай орындалды, жылдам ба, әлде баяу ма?

Психологиялық жаттығу. «Түрлі мимикалар»

Әуенді қимыл-қозғалыс. «Бипыл» халық әні.

Музыкалық-дидактикалық ойын. Музыкалық көңіл күй.

Әліппе-дәптермен жұмыс.

Мектеп туралы әңгімелеседі.








Жұмбақтарды шешеді.

Өлеңді жатқа айтады.



Әнді мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.



Әнді ережесі бойынша айтады.

Сұрақтарға жауап береді.






Әуенді қимыл-қозғалыстарды орындайды.

Ойынды ойнайды.

Дәптермен жұмыс жасайды.

Қорытындылау. Өзін-өзі бағалау

Жалпы іс-әрекетке қысқаша қорытынды.


Сұрақтарға жауап береді.

Біледі: музыка характері туралы түсінік-танымдарын.

Игереді: әнді қуанышты, шаттана, көпке ілесе орындауды.

Меңгереді: Мектепке, оқуға деген қызығушылығын, оқу құралдарын, заттарға ұқыптылықпен қарау қабілеттерін.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!