СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Такырыбы: Артык, кем, тен ;

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: Таным

Оқыту іс - әрекетінің түрі: Математика

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, артық, кем, тең таңбаларын бекіту. 5 санының құрамын қайталау. Сан мен санды салыстыруда артық, кем, тең таңбаларын қолдануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: заттық суреттер тобы, цифрлар, салыстыру артық, кем, тең таңбалары.

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын, бағалау, қорыту.

Просмотр содержимого документа
«Такырыбы: Артык, кем, тен ; »



Артық, кем, тең

Тақырыбы: Артық, кем, тең ;

Білім беру саласы: Таным

Оқыту іс - әрекетінің түрі: Математика

Мақсаты: Заттарды санына қарай салыстыру, артық, кем, тең таңбаларын бекіту. 5 санының құрамын қайталау. Сан мен санды салыстыруда артық, кем, тең таңбаларын қолдануға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту. Жинақылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: заттық суреттер тобы, цифрлар, салыстыру артық, кем, тең таңбалары.

Әдіс - тәсілі: түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап, ойын, бағалау, қорыту.



Мотивациялық - қызығушылық:

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы таң көк аспан

Қайырлы таң жер ана.



Балалар сендер «Бауырсақ» ертегісін білесіңдер ме?

Еске түсірейік.

Ал бүгін біз «Бауырсақ» туралы басқаша ертегі құрастырамыз



Ұйымдастыру - ізденушілік - Ерте, ерте, ертеде ата мен әже болыпты. Ол бауырсақты пісіріп қайда суытып қояды?

- Иә, ол терезеден секіріп түсіп мектепке қарай қашып кетіпті. Қашып келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада қоян бейнесі)

- Қоян не деп сұрайды?



Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Қоян мен бармаймын, ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ қоянға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қоян орындай алмай қиналып тұр екен. Қоянға көмектесеміз бе?

1 - Тапсырма: «Шатасқан сандар»

шашылып жатқан сандарды ретімен санап орналастыру. (1 - ден 5 - ке дейінгі сандар)

- Қоян сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада қасқыр бейнесі)

- Қасқыр не деп сұрайды?



Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Қасқыр мен бармаймын, ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ Қасқырға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қасқыр орындай алмай қиналып тұр екен. Қасқырға көмектесеміз бе?

2 - тапсырма: «Суреттерді сана және салыстыр»

Суреттерді санап артық, кем немесе тең екенін айту.

Қасқыр сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада аю бейнесі)

- Аю не деп сұрайды?



Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Аю мен бармаймын, ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ аюға тапсырма беріпті. Сол тапсырманы қасқыр орындай алмай қиналып тұр екен. Аюға көмектесеміз бе?

3 - тапсырма: «Геометриялық пішіндерді ата және артық, кем, теңін анықта»

Қалташадан бір үшбұрыш аламыз да сол туралы сұрақтар қоямыз. Енді дөңгелек алып сол туралы да бірнеше сұрақтар қоямыз. Тағы да үшбұрыш алып шығып, пішіндерді санату. Қайсысы артық, қайсысы кем? Сұрақтарын қою.

- Балалар аю өзі туралы сергіту жаттығуын орындасыншы дейді. Орындайсыңдар ма?

Сергіту сәті: «Маймақ аю»

Маймақ аю тұршы

Маймақ аю отыршы

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші



Маймақ аю жүрші

Маймақ аю жүгірші

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші



Маймақ аю сартылдат

Маймақ аю топылдат

Міне былай, міне былай

Міне былай билеші



Аю сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

Бауырсақ келе жатса алдынан не шығады?

(Тақтада түлкі бейнесі)

- Түлкі не деп сұрайды?



Бауырсақ мен мектепке барамын жүр дейді. Түлкі мен бармаймын, ойын ойнаймын дейді. Сонда бауырсақ Түлкіге тапсырма беріпті. Сол тапсырманы түлкі орындай алмай қиналып тұр екен. Түлкіге көмектесеміз бе?

4 - тапсырма: Дәптермен жұмыс

1. Ауада жазу

2. Тақтаға жазу

3. Дәптердегі есептерді шешу, артық, кем, тең таңбаларын қою.

Түлкі сендерге риза болды. Ол да енді мектепке баратын болды.

- Енді бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі барлығы дос болып, мектепке бірге баратын болыпты.

Артық, кем, тең. жүктеу


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!