СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: Уй жануарлар әлемінде.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технолгиялық қартасы

                                                 мектеп алды даярлық сыныбы үшін

 

Білім беру саласы:Қатынас.  

Кіші сала: Тіл   дамыту.

Тақырыбы: Уй жануарлар әлемінде.

Мақсаты:  Балалардың  білім,  білік  дағдыларын   қалыптастыру,     үй    жануарлары  туралы     білімдерін   дамыту. Үй   жануарларының      пайдасы,   әрі   қайсысының   орыны,төлі,      ерекшеліктері   жөніңде    білімдерін   кеңейту.  Жануарлар   жөніңде   өлеңдер,    тақпақтар,   жаңылпаштарды    мәнерлеп  жатқа   айту   арқылы  тілдерін      дамыту.

Сөздік    жұмыс: сиыр-корова,   жылқы-лошадь,  түйе-верблюд,  қой-овца,   ешкі-коза.

 

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: Уй жануарлар әлемінде.»

Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технолгиялық қартасы

мектеп алды даярлық сыныбы үшін


Білім беру саласы:Қатынас.

Кіші сала: Тіл дамыту.

Тақырыбы: Уй жануарлар әлемінде.

Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қалыптастыру, үй жануарлары туралы білімдерін дамыту. Үй жануарларының пайдасы, әрі қайсысының орыны,төлі, ерекшеліктері жөніңде білімдерін кеңейту. Жануарлар жөніңде өлеңдер, тақпақтар, жаңылпаштарды мәнерлеп жатқа айту арқылы тілдерін дамыту.

Сөздік жұмыс: сиыр-корова, жылқы-лошадь, түйе-верблюд, қой-овца, ешкі-коза.

Оқу әрекетінің кезендері

Тәрбиешілік іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Жылулық шеңбері.

Атам мені «құлыным » - дейді,

Әжем мені «боташым» -дейді,

Әкем мені «шырағым-дейді,

Шешем мені «қозым»-дейді,

Айналайын, жаным.

Ал шыныңда мен кіммін?

Мен кәдімгі баламын.


Хормен қайталайды.

Үйымдастыру-ізденушілік

Міне , балалар!

Бізді еркелеткеңде ата-әжелеріміз, әке-аналарымыз төрт түлік малдың сүйкімді төлдерінің атың қолданады. Кейбір балалардың аты да осы төлдерге сәйкес болады.

Еске түсірейікші.

«Мал қалай баласын сүйеді?»

Қой сүйеді баласын қоңырым- деп

Ештеңені білмейтін «МОМЫНЫМ»-деп

Сиыр сүйеді баласын «ТОРПАҒЫМ»-ДЕП

Қараңғыда баспаған «ҚОРҚАҒЫМ» -деп

Түйе сүйеді баласын «боташым» -деп

«Жаудырған көзіңен тоташым» - ДЕП

Ешкі сүйеді баласын «лағым» -деп

Тастан-тасқа секірген «шұнағым» -деп

Жылқы сүйеді баласын «құлыным» -деп

Тұлпар болып жүгірер жұлыным- деп

Жұмбақтар. (флипчарт №2)

Үстіңде екі тау бар,

Кезікті бір жануар.

Мінсең-желдей жүйткиді,

Көңілің таудай өседі,

Алып ұшар алысқа,

«Ер қанаты» деседі.

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Жарайсыңдар

Түйе, сиыр, ат, қой бір сөзбен қалай аталады? Қазақ халқы ежелден мал шаруашылығымен айналысқан. Төрт түлік малды бағып алып, күтіп өнімін алған. Жылқы, түені көлік ретінде пайдаланған. Сиыр, түйе, жылқыны-ірі қара малына жатқызады. Қой, ешкі- уақ жандыққа жатады. Қой -қазына, жылқы мақтан, түйе салтанат, ешкі жоқтың күні- деп аталады.

Ендеше бүгін сол жануарлар туралы ертегі тыңдайық. «Төлдер айтысы» деп аталады.

Бір жерге жиналған лақ, құлын, бұзау,қошақан, бота біздің иеміз қайсымызды

жақсы көреді?-деп бір-бірінен сұрасты.

Сонда лақ тұрып :

-Мә-ә-ә, әріне, мені жақсы көреді. Адам біздің

сүтімізді ішіп, түбітімізді киімге пайдаланады.

Сонда құлын бір кісінеп алады да:

-Лақ, сен орынсыз мақтаңба. Біздің етімізден қазы-қарта, шұжық жасайды, қымыз алады.

Адамның мініс көлігі де біздер!

Сиыр:

-Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адам тіршілігіне ең қолайлы –сиыр малы.Бізден шелек-шелек сүт алады, қарын-қарын май алады.Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ!

Қошақан:

-Сендер босқа мақтанасыңдар, ием мені жақсы көреді. Адамдар киетін киім-кешекке қажетті

Маталар, үйдегі төсеніштер біздің жүнімізден алынады,бізден пайдалысы жоқ.

Еш сөйлемей, мыңкиып отырған бота тұрып:

-Бәрінен де иеміз мені жақсы көреді.Бізден

Алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы.

Оған еш нәрсе жетпейді.

Осы кезде адам:

-Төлдерім, сендер босқа таласпаңдар, әрқайсыларыңның өз орындарың бар, адам үшін бәрін де керексіңдер.

«Ненің төлі?» -дамытушы ойыны. (флипчарт №3)

Бұзау-сиырдың төлі.

Қошақан-қойдың төлі.

Лақ-ешкінің төлі.

Құлын-жылқының төлі.

Бота-түйенің төлі.

Сергіту сәті. (флипчарт №4)

Тіктеп титтей құлағын,

Ботам былай жүреді.

Сыртылдатып тұяғын,

Бұзау оған ереді.

Алға созып мойынның,

Ойынақтайды ботақан.

Көкке қарай мұрынын,

Шүйіреді бұзауқан.

Балалар, малды қорғайтын иелері бар. (флипчарт №5)

Шопан ата-ием,-деп,

Маңырайды көк қозым.

Бақырады лағым:

«Сексек ата,-деп,-өзім».

Кісінейді құлын кеп:

«Қамбар ата-бұл мен»,-деп.

«Зеңгі баба-тегім,-деп,

Мөңірейді бұзауым».

«Ойсыл қара-елім»-деп,

Қоймас бота боздауын.

Түйе, жылқы, сиыр, қой,-төрт түлік осы - біліп қой.

«Дауысын тап» - ойыны.

(флипчарт №6)

Мақал-мәтел.

Жылқы-малдың патшасы, түйе-малдың қасқасы

Үй жануарларына байланысты тыйым сөздермен таныстыру.

(флипчарт №7)

1. Малды басынан теппе.

2. Ақты төқпе.

3. Малға теріс міңбе.

4. Кешке қорадан мал берме. Үй жануарларының суретін тауып, сызып, боя. Балалар, малды қалай шақыруды үйренейік! -Биені қүраулап,

Түйені көс-көстеп.

Сиырды аухаулап,

Ешкіні шөрелеп.

Шақыра аламыз,

Сауамыз, бағамыз.

Малдың төлдеуін қалай айтады?

-Бие құлындайды, қой қоздайды, ешкі лақтайды, түйе боталайды, сиыр бұзаулайды.


Ботагоз.

Бота.

Тайлақ.

Тана.

Балалар айтады.















Түйе.


Ат.



Сиыр.



Қой.











Үй жануарлары.













Балалар ертегіні өздері орындайды.



























Балалар тапсырма орындайды. Төрт түлік малдың жазуын табып сызық арқылы төлдер жазуымен қосады.

Бота қалай жүреді. Бұзау қалай ереді.Ботақан қалай ойнақтайды.




Дидақтикалық ойын «Мал иесі орнын тап» Жаңылтпаш. Түйе бізге шұбат береді,шұбат бізге қуат береді.

Қозы маңырайды.Құлын кісінейді.Бота боздайды.Бұзау мөңірейді.Лақ жамырайды.



Тыйым сөздерді қайталайды.





Биені «құрау-құрау » Түйені «көс-көс.» Сиырды «АУХАУ-АУХАУ» Ешкіні»шөре-шөре» Қойды «ПҰШАЙТ-ПҰШАЙТ»

ҚҚРефлексті түзету





Төрт түлік малға айналу.

Ырғатылған сиыр.

Секендеген лақ.

Секірген қошақан.

Маң-маң басқан түйе.

Ойнақтаған құлыншақ. (флипчарт №8)

Ән «Қошақан»

Ғажайып жануарды құрастырып, салады. Жануарға ат қояды.

Ертегі нелер туралы.?

-Неліктен үй жануарлары дейміз?

-Қандай ертегімен таныстық?

-Ертегі сендерге ұнады ма?

Мадақтау, бағалау.

Төрт түлік малға айналады.

Қошақан әнің орындайды.



Битүешсико Бірінші буынды қосып, сөз құрайды.

Балалардың жауабы

Күтілетін нәтиже:

Білу: Үй жануарларының пайдасын, төрт түлік мал туралы түсінік қалыптастыру.

Үйрену: Ертегі кейіпкерлерді рольмен ойнауға. Төрт түліктің төлдерінің атын атай білу.

Қолданады; Төрт түлік туралы мақал-мәтел, тақпақ, жаңылтпаш, тыйым сөздер айта білуі.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!