СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Табиғатқа көрік берген көбелектер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік,танымдық және әлеуметтік құзіреттілігін дамыту.Балаларды көбелектермен,олардың қасиеттерімен таныстыру,білімдерін кеңейту.

Просмотр содержимого документа
«Табиғатқа көрік берген көбелектер»

Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің №9 «Радуга» бала бақша – гимназияс коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны




Коммунальное государственное казённое предприятие «Детский сад – гимназия №9 «Радуга» отдела образования акимата города Экибастуз»






Ашық сабақтың

тақырыбы:

«Табиғатқа көрік берген көбелектер»





Тәрбиеші: Хамитова А.М.

















2016-2017оқу жылы



Күні: 06.04.2017ж.

Білім беру саласы: Әлеумет,коммуникация,таным(Интегралдық сабақ)

Бөлім: Қоршаған ортамен таныстыру,коркем әдебиет,қол еңбегі

Тақырыбы: Табиғатқа көрік берген көбелектер

Мақсаты: Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың коммуникативтік,танымдық және әлеуметтік құзіреттілігін дамыту.Балаларды көбелектермен,олардың қасиеттерімен таныстыру,білімдерін кеңейту.

Полилингвальдық компонент: көбелек-бабочка-butterfly

Cөздік жұмыс: көбелектердің түрленуі,жұлдызқұрт,қуыршақ,жәндіктер

Технологиялық қамтамасыз ету: түрлі түсті қағаздар,сым,қайшы,ұсақ моншақтар,желім,желім жаққыш,сүрткіш

Көрнекіліктер: тақырыпқа байланысты көбелектердің суреттері,слайд,мультфильмдер

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Шаттық шеңбері: (ағылшын тілінде шаттық шеңбері жүргізіледі)

Тәрб:-Балалар,дәл қазіргі көңіл-күйлерің қандай?

Балалар:-жақсы,өте тамаша!

Тәрб:-Children,uiat season is naw?

Балалар:-sprin

Тәрб:-Енді, көктемгі ерекшеліктерді айтып шығайық

Балалар:-күн жылынады,адамдар жеңіл киінеді,қарлар ериді,құстар ұшып келеді,ағаштар бүршік жарады,құстар ән сала бастайды т.б.

Тәрб:-Tell me three month of sping?

Балалар:-march,april,may

Тәрб:-Балалар,сендер менімен бірге гүлдер алаңқайына саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар:-барғымыз келеді

(Балалар тәрбиешімен бірге гүлдер алаңқайына барады)

Тәрб:-Балалар,мына гүл алаңқайына кірмес бұрын мен сендерге жұмбақ жасырайын,жұмбақтың жауабын дұрыс шешсеңдер,осы гүл алаңқайына тез кіреміз.

Жұмбақ

Бар екен бір мақұлық ұннан майда,

Өз басын тігеді екен қиын жайға.

Ұстасаң үгітіліп жоғалады,

Дамылдап отырмайды ешбір жайға.

Балалар:-Жауабы:көбелек

Тәрб:-Өте дұрыс,балалар!

Алдарынан Көбелек ханшайымы шығады.Ағылшын тілінде амандасады.

Көбелек ханш:-Балалар,менің гүлдер алаңқайыма қош келдіңдер!

Тәрб:-Біз сізге көбелектер жайында білу үшін әдейілеп келдік

Көбелек ханш:-Ендеше, ең алдымен мен сендерді өзім сияқты әдемі көбелекке айналдырайын(Сиқырлап көбелекке айналдырады)

Көбелек ханш:-Балалар,жүріңдер,мен сендерге көбелектер туралы қызықты мәліметтер көрсетейін.

(Сиқырлы тақтадан көбелектер,олардың түрлері,құрылысы,даму сатылары туралы слайд көрсетіледі)

Тәрб:-Көбелек ханшайымы,біздің балалар сізге неміс халықының «Үш көбелек» ертегісін көрсетіп берсе,қалай қарайсыз?

Көбелек ханш:-Әрине,қуана тамашалар едім.

(Балалар ертегіні сахналап көрсетеді)

Көбелек ханш:-Балалар,өте тамаша !

-Балалар,енді мен сендерді сиқырлы тақтадан Әли мен Аяның «Көбелектер» деген мультфильмін көруге шақырамын.

(Балалар мультфильмді көруге қуана келіседі)

Мультфильм көрсетіледі.

Сергіту сәті: (Ағылшын тілінде өткізіледі)

Тәрб:-Балалар,енді екі топқа бөлініп, барлығымыз өз орындарымызға отырайық.

-Қазір бірінші топ балалары түрлі түсті қағаздардан әдемі көбелектерді жасайды.

-Ал, екінші топ балалары алдарыңдағы көбелектерді әдемі моншақтармен әдемілеп әшекейлейді.

Саусақ жаттығуы: Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті,

Үш саусағым орамды,

Ұстай алам қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ,жол салсақ.

Балалар жұмыстарына кіріседі.

Тәрбиеші кейбір қиналып отырған балаларға көмектеседі.

Балалар жұмыстарын аяқтайды.

Тәрб:-Балалар,кім көбелек туралы тақпақ біледі?

Балалар:-Біз білеміз

Тәрб:-Кәнекей,ортаға келіп тақпақтарымызды айтайық

(Балалар кезекпен кезек тақпақтарын айтады)

Қорытындылау:

Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады.

-Балалар,бүгін біз нені білдік?

-Не үйрендік?

Балалар жасаған көбелектерін келген қонақтарға сыйлайды.

Балалар қонақтармен ағылшын тілінде қоштасады.

Күтілетін нәтиже:

Түсінеді: көбелектер туралы мәліметтерді және немен қоректенетінін,қалай түрленетінін;

Өндіреді: көбелектер туралы қажетті білім алуды;

Қабылдайды: толық сөйлеммен немесе тапсырмаға сәйкес нақты жауап беруді.






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!