СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ана – ?н Бала оны? ?айырмасы» 7 «а» сыныбы ?зірлемені ??растыр?ан: 7 «а» сынып о?ушысы - ?ызырова Аружан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Т?рбие ж?мысыны? ма?саты: Балаларды мейірімділікке, аналарды? ?лшеусіз е?бегін ба?алай білуге ?йрету. Анасын с?ю ар?ылы еліне, жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру. О?ушыларды? танымды? ж?не шы?армашылы? ?абілетін, эстетикалы? тал?амын, шеберлігін дамыту. ?нерді тану?а, ?ызы?ушылы??а баулу, ?дептілікке, парасаттылы??а т?рбиелеу.

 

Аружан:

К?ктем келіп ??лпырды айналамыз

Аруларды мада?тап ?н саламыз

Барша аналар к?нінде б?гін біздер

Аруларды ?ол со?ып ?арсы аламыз

Диляра:

Армысыздар аяулы аналар, арда?ты ?стаздар, ?адірменді ?она?тар. Барша?ызды 8-наурыз Халы?аралы? Аналар К?німен ??тты?таймыз.

Аружан:

Ана ?рбір адамны? жары? д?ниедегі е? жа?ыны, жанашыры, ?адірлісі, ?ам?оршысы. А? с?тін беріп аяла?ан, жанын да беріп аяма?ан арда?тысы. Кез-келген адамны? ?дептілігі мен жанд?ниесіні? с?лулы?ы е? алдымен бала?а а? с?тін беріп, ?лпештеп ?сірген ана жылуынан басталады. Бала бойында?ы е? жа?сы ?асиеттер бізге алдымен анадан тарайды. К?ктем таби?аты мен жымдас?ан жылылы?, шексіз мейірімділік д?ниеге жа?а келген тіршілік иесіне н?рын шашып, келешекке а? жол, адал ниет н?с?аушы, ас?а? ??дірет иесі ол – ана.

Диляра:

Ана деген аяулы жан, асыл жан

Ана ?ымбат алмас, гау?ар тасы?нан

Мейлі жина бар байлы?ты, біра? ол

Т?кке т?рмас сипаса ана? басы?нан

Б?гінгі мейрам ерекше. Б?гін біз ?шін ?рдайым орны б?лек, мейірімі шексіз асыл жандар мерекесі, асыл аналар мерекесі.

Аружан:

Ана туралы ?н шыр?ама?ан ?нші, ?ле? арнама?ан а?ын жо? шы?ар сір?. Ендеше келесі кезекті ана туралы ?нге берейік.

Ана?а арнап б?гін біз ?н шыр?айы?

?нерліге тамсанып, ?ол со?айы?

Ана жайлы ?німен ортамыз?а

Базарханов ?лиді ша?ырайы?

 

Диляра:

Ана те?із болса, бала ойна?та?ан тол?ын. Ана аспан болса, бала т?сіндегі ж?лдыз. Ана жеміс а?ашы болса, бала оны? жемісі. Ана мен бала бір-бірінен ажырату м?мкін емес егіз ??ым.

Аружан:

И?, расымен, ана мен баланы? бір-біріне деген жа?ынды?ын, с?йіспеншілігі мен ?ам?орлы?ын ешкім жо??а шы?ара алмайды. Ана ?міріні? м?ні баласында, ал, бала ба?ытыны? кілті – анасыны? к?лкісінде. Ана ?уаныштан к?зіне жас алса, к?ктен періште к?лімдегендей болады. Ал, ана ?ай?ыдан жыласа, бала алаулап т?р?ан отта ?ал?андай к?й кешеді.

Диляра:

Шынымен, ана ба?ыты ?лемдегі е? ?ымбат ?азына. Ендеше, келесі кезекті  аяулы аналарымызды? ба?ыты жайлы ?нге берейік. Орта?а А?болатова Айымды ша?ырамыз, ана ?німен.

 

Аружан:

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген м?лдір жандар б?ла?тай

О, адамдар, ?адірлей біл ананы

А?ыл-ойды жат ?ылы??а тонатпай

Диляра:

?йел – ?лемні? тірегі. ?йелге б?рі жарасады. ?ыз атаулыны? жаны таза, ?нері шексіз. Енді, ?ыздарымызды? та?ы бір ?нерін тамашалайы?. Орта?а ?з билерімен баршаны тамсандырып ж?рген кербез мінезді, «Кербез» тобын ша?ырамыз, ?арсы алы?ыздар!

 

Аружан:

С?лу ?лем, ?лем с?лу сен жарат?ан адаммен

К?к жолыны? ?арсылы?ын ?а?ып тастап барам мен

Сендік ?уат болар б?лкім, басын иді к?к ма?ан

?ркез сенен ту?анымды есіме алсам то?таман, дей отыра анадан ас?ан с?лу жо? екенін айт?ым келеді. Аналарымыз бар ?лемдегі с?лулы?ты? бейнесі. Б?гінгідей аруларды арда?тайтын к?нде ?лдары?ыз сіздерге ерекше сый сыйлама?шы. 7А сынып ?лдарыны? с?н шеруін тамашала?ыздар.

Диляра:

Анашым, асыл анам, есіл анам

Елжіреп есіркеймін, есіме алам

Мен ?шін сен суалт?ан а? с?ті?ді

А?тамасам боп ж?рмін несіне адам, - дей отыра сыныбымызды? ?нерлі ?ыздарын орта?а ша?ырайы?. ?арсы ала?ыздар, сахнада «Арулар» тобы, «Асыл Ана» ?німен.

Аружан:

Арманы?ды а?тармын ба ж?регімді тербесем

Ай?а сі?лі, ?арындассы? ?асиетті жерге сен

Мен ?зі?ді те?десі жо? ??дірет деп т?сінем

Сендік ?уат мы? есе арты? жерді? тарту к?шінен

Диляра:

Орта?а мы? б?рал?ан биші ?ыздарымызды ша?ырамыз. «Кешью» тобы ?уырша?тар биімен.

Аружан:

Ана керек о, адамдар, ана керек адам?а

Анасыздар кім сия?ты к?н кешіп ж?р ?аламда

Пікірі?ді ?натпа?ан тапты? та дер дананы

Даналы?ты? ?ажеті жо? сыйлау ?шін анаы, - дей отыра «Аюми» би тобын заманауи бимен ша?ырамыз.

 

Диляра:

Білмедім, сен ?йтеуір ораласы? к?п тілге

Киелі с?т ??діретімен ?лде есейіп кеттім бе

Ана десе ?йтеуір мен ?зге с?зді есітпен

??ла?ыма ?н келеді ?о?ыраулы бесіктен, деп орта?а сыныбымызды? о?ушыларын аналарына сыйлы?тарын табыстау ?шін ша?ырамыз.

 

 

Аружан:

Адам -адам бол?ыс келсе, алдымен ананы ?астерлей білуі керек. ?мірде ана ала?аныны? ?ызуы мен ?ке-шеше мейірімін тоя жеген тама? та, шипасы к?шті д?рі де алмастыра алмайды.

Ана - ?йді? берекесі, ?ыз баланы? ?негесі, шаруаны? несібесі. Ананы? к?зінен н?р т?гіліп, жан-жа?ына шуа?ын т?геді. Осы шуа?пен жылынып, асыл ананы? ??ша?ында мейір алып ж?рген біз, алтын ананы м??гі ?атерлеп, е?бегін ба?алап ?тейікші. Осымен, мерекелік концертіміз ая?талды. Келесі кездескенше ?ош-сау болы?ыздар.

 

 

 

Просмотр содержимого документа
«Т?рбие са?атыны? та?ырыбы: «Ана – ?н Бала оны? ?айырмасы» 7 «а» сыныбы ?зірлемені ??растыр?ан: 7 «а» сынып о?ушысы - ?ызырова Аружан»

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Ана – ән

Бала оның қайырмасы»

7 «а» сыныбы

Әзірлемені құрастырған: 7 «а» сынып оқушысы - Қызырова Аружан



Тәрбие жұмысының мақсаты: Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.


Аружан:

Көктем келіп құлпырды айналамыз

Аруларды мадақтап ән саламыз

Барша аналар күнінде бүгін біздер

Аруларды қол соғып қарсы аламыз

Диляра:

Армысыздар аяулы аналар, ардақты ұстаздар, қадірменді қонақтар. Баршаңызды 8-наурыз Халықаралық Аналар Күнімен құттықтаймыз.

Аружан:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Ақ сүтін беріп аялаған, жанын да беріп аямаған ардақтысы. Кез-келген адамның әдептілігі мен жандүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Көктем табиғаты мен жымдасқан жылылық, шексіз мейірімділік дүниеге жаңа келген тіршілік иесіне нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал ниет нұсқаушы, асқақ құдірет иесі ол – ана.

Диляра:

Ана деген аяулы жан, асыл жан

Ана қымбат алмас, гауһар тасыңнан

Мейлі жина бар байлықты, бірақ ол

Түкке тұрмас сипаса анаң басыңнан

Бүгінгі мейрам ерекше. Бүгін біз үшін әрдайым орны бөлек, мейірімі шексіз асыл жандар мерекесі, асыл аналар мерекесі.

Аружан:

Ана туралы ән шырқамаған әнші, өлең арнамаған ақын жоқ шығар сірә. Ендеше келесі кезекті ана туралы әнге берейік.

Анаға арнап бүгін біз ән шырқайық

Өнерліге тамсанып, қол соғайық

Ана жайлы әнімен ортамызға

Базарханов Әлиді шақырайық


Диляра:

Ана теңіз болса, бала ойнақтаған толқын. Ана аспан болса, бала төсіндегі жұлдыз. Ана жеміс ағашы болса, бала оның жемісі. Ана мен бала бір-бірінен ажырату мүмкін емес егіз ұғым.

Аружан:

Иә, расымен, ана мен баланың бір-біріне деген жақындығын, сүйіспеншілігі мен қамқорлығын ешкім жоққа шығара алмайды. Ана өмірінің мәні баласында, ал, бала бақытының кілті – анасының күлкісінде. Ана қуаныштан көзіне жас алса, көктен періште күлімдегендей болады. Ал, ана қайғыдан жыласа, бала алаулап тұрған отта қалғандай күй кешеді.

Диляра:

Шынымен, ана бақыты әлемдегі ең қымбат қазына. Ендеше, келесі кезекті аяулы аналарымыздың бақыты жайлы әнге берейік. Ортаға Ақболатова Айымды шақырамыз, ана әнімен.


Аружан:

Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О, адамдар, қадірлей біл ананы

Ақыл-ойды жат қылыққа тонатпай

Диляра:

Әйел – әлемнің тірегі. Әйелге бәрі жарасады. Қыз атаулының жаны таза, өнері шексіз. Енді, қыздарымыздың тағы бір өнерін тамашалайық. Ортаға өз билерімен баршаны тамсандырып жүрген кербез мінезді, «Кербез» тобын шақырамыз, қарсы алыңыздар!


Аружан:

Сұлу әлем, әлем сұлу сен жаратқан адаммен

Көк жолының қарсылығын қағып тастап барам мен

Сендік қуат болар бәлкім, басын иді көк маған

Әркез сенен туғанымды есіме алсам тоқтаман, дей отыра анадан асқан сұлу жоқ екенін айтқым келеді. Аналарымыз бар әлемдегі сұлулықтың бейнесі. Бүгінгідей аруларды ардақтайтын күнде ұлдарыңыз сіздерге ерекше сый сыйламақшы. 7А сынып ұлдарының сән шеруін тамашалаңыздар.

Диляра:

Анашым, асыл анам, есіл анам

Елжіреп есіркеймін, есіме алам

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам боп жүрмін несіне адам, - дей отыра сыныбымыздың өнерлі қыздарын ортаға шақырайық. Қарсы алаңыздар, сахнада «Арулар» тобы, «Асыл Ана» әнімен.

Аружан:

Арманыңды ақтармын ба жүрегімді тербесем

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен

Мен өзіңді теңдесі жоқ құдірет деп түсінем

Сендік қуат мың есе артық жердің тарту күшінен

Диляра:

Ортаға мың бұралған биші қыздарымызды шақырамыз. «Кешью» тобы қуыршақтар биімен.

Аружан:

Ана керек о, адамдар, ана керек адамға

Анасыздар кім сияқты күн кешіп жүр ғаламда

Пікіріңді ұнатпаған таптық та дер дананы

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін анаы, - дей отыра «Аюми» би тобын заманауи бимен шақырамыз.


Диляра:

Білмедім, сен әйтеуір ораласың көп тілге

Киелі сүт құдіретімен әлде есейіп кеттім бе

Ана десе әйтеуір мен өзге сөзді есітпен

Құлағыма үн келеді қоңыраулы бесіктен, деп ортаға сыныбымыздың оқушыларын аналарына сыйлықтарын табыстау үшін шақырамыз.



Аружан:

Адам -адам болғыс келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек. Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды.

Ана - үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз, алтын ананы мәңгі қатерлеп, еңбегін бағалап өтейікші. Осымен, мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!