СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы»

Сүйіспеншілік жалпыадамзаттық құндылығы- бұл барлық жүректерді, барлық тіршілікті, барлық кезеңдерді, барлық ұлттарды, барлық діндерді, күллі табиғат пен бүкіл ғаламды біріктіруші құндылық .Сүйіспеншілік - осы бір ғана сөз бүкіл әлемді өзіңе жақындата түскендей болады. Жер бетіндегі қаншама тіршілік иесінің бойындағы осы құндылық ең нәзік те, мөлдір, тұп тұнық өзінше бір үлкен мәнге ие. Әттең осы құндылықты әрбір адам бағалап өз жүректерінде гүл ашуына ықпал етсе ғой шіркін, жер беті дәл қазіргі қалпынан басқаша болар ма еді.... Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам, дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.       Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының, бір – біріне  мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.

Сүйіспеншілік – елдің ыстық ықыласына бөленудің ең төте жолы. Өйткені, сүйіспеншілік – пайғамбарлардың қастерлі жолы. Бұл жолдың жолаушылары жолдан жазып, тығырыққа тірелуі мүмкін емес. Тұйыққа тірелген күннің өзінде жабылған бір есіктің орнына басқа жерден мың есік ашылады. Иә, сүйіспеншілікпен барша адамзатты бауырға басып, жүректерге жол таба білсек, дүниеде шешімін таппаған мәселе қалмас еді.



Сүйіспеншілік бастауы-туған жерді сүю

Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент.

Туған ел.... Туған жер... Осы екі сөзде ғана қаншама ой,мағына жатыр десеңізші? Туған жердің қадірін әркім әрқалай түсінетін шығар. Туған жерге деген сүйіспеншілік өз үйіңді,өз шаңырағыңды қадірлеуден басталады. Отбасыңда бойыңа дарыған жақсы қасиеттер өсе келе туған жерге деген сүйіспеншілікке айналады. Ақындар жырға қосып жырлағандай,туған жер маған күш-қуат беріп,өз өлкемнің жанашыры болуына шақырады.Мен өз балалық шағымды өткізген аяулы мекенім туған жерімді ыстық сезіммен,шын жүрегіммен сүйемін. Мен үшін туған жер дүниедегі ең ұлы деген нәрселермен пара-пар.Себебі-мені жылытып әлпештеп өсірген анам,аялап өсірген әкем,аға-әпкелерім,туған-туыстарым,достарым,маған білім беріп,білім жолына жетелеген ұстаздарым,дүниеге келген жерім. Менің отаным-аса үлкен болмаса да,мен үшін аса қымбат,әрі киелі жер-Түркістан облысы . Осы мекенде мен өзімнің бейкүнә,көңілді де шаттыққа толы,уайымсыз балалық шағымды өткіздім. Туған өлкемнің ауасы,алғаш балабақшаға келген күндерім,мектеп табалдырығын алғаш қадам басқан сәттерім,сыныптастарым мен достарыммен өткізген әр уақытым,таныстығым.. Бәрі де әлі есімде. Туған жердің ауасы да,суы,жайлаған жасыл желегі,күні мен түні,даласы ыстық болып келеді. Туған жерімізден жыраққа,алысқа кетсең туған жерімізді,үйімізді сағынып отырамыз. Тезірек қайта оралатын күнді асыға күтеміз. Қайта оралған сәтте өзіңді бақытты сезінесің.Туған жердің саған қаншалықты қымбат екенін сол уақытта түсінесің. Шықшы тауға,қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. Ол шеті мен бұ шетіне жүгірсең Шаршайсың ба,құнарың бір қана ма?-деп Қасым Аманжолов атамыз өлең жолдарымен жырлағандай «Туған жердің қадірін,шетте жүрсең білерсің. Сондықтан-да мен барша азамат пен азаматшаларды туған жерді сүюге, қастерлеуге,қорғауға шақырамын. Әр адам өз елі,жері үшін жанын қиюға дайын болуы тиіс. Отан қадіріне жетпеген,өз қадіріне жетпейді.

Сүйіспеншілікті адам алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап сезіп-көре бастайды. Отбасы – шағын мемлекет. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз беріліп, отбасының ар – намысын сақтауға, сырын шашпауға, бір - біріне адалдыққа тәрбиелеген. Бүгінгі тренингті Елбасымыздың мынандай сөзімен қорытындылағым келіп тұр. «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады». «Отан отбасынан басталады» деген сөздің мәнісі де осында.Мейірімін төккен ата-анасының ыстық құшағында олардың аялы алақанын сезіне жүріп, өмірге төселеді. Есейе келе толағай сүйіспеншілікті айналасынан көру-көрмеуі екіталай. Әйтсе де, адам өмір бойы сүйіспеншілікті іздеп, дауыл алдындағы шағаладай шарқ ұрып өтері анық. Отбасы – ол үлкен қуаныш, шаттық, мейірімділік, қамқорлық, сүйіспеншіліктің  ортасы. Халықта «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген сөз бар.  Бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, өскенде әдепті, ақылды азамат болып шығады. Отбасы мүшелеріне қашанда көмектесу, қамқор болу, үлкендердің айтқандарын тыңдау, ұқыпты болу әр баланың қолынан келеді. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Ата-ана – отбасының асыл діңгегі. Балаға жарық дүние есігін сыйлап, оны өсіріп тәрбиелеуші, өмірдің бір кірпіші болып қалануына септігі тиетін жандар.

Өмір деген неткен қызық, неткен ғажап!!! Осы бір түсінікке жеткізіуші, шабыттандырушы, жетелеуші тағы бір көшбасшыларым өз анам мен әкем. Мен осы кісілерге қарап отырып, өмірдің ғажап сәттерін сезінудемін. Әке асқар тау, ана аққан бұлақ, бала яғни, біздер жағасындағы құрақ дегендей, әр баланың өмірге деген қанаттарын қатайтып, осы өмірдегі өз орындарын табуға көмек көрсетуші тау тұлғалар олар ата-анаң. Мен әкемнің ешқашанда өмірдегі кездесетін қиындықтарға мойымай қарсы тұра алатын қасиеттерін, үлкенді сыйлауға деген, өзінен кішілерге қамқор болуды, айналасындағы қоршаған ортаға деген сыйлы қарым-қатынасын көзбен көріп, жүрекпен сезініп өстім. Қазіргі таңда осындай қасиеттерді бойыма бала кезден сіңіріп өскен мен, кейбір жайттарды жеңіл шешім арқылы орындап отыратынымды байқадым. Бұл арине, әкемнің көшбасшылық қасиеттеріне қарап өскендіктің белгісі.

Анам ең бірінші өмірлік көшбасшым. Ана неткен керемет жан. Түн ұйқысын төрт бөлген ананың бойында көшбасшылық қасиет тұнып тұрғанын әр бір бала сезінеді, үйренеді,өседі. Қандай қиыншылық болсын, жетіспеушілік болсын, анам еш бір қиын сәттерді сезіндірмей өсірді. Кейбір кездері өз-өзінен құдайға әр бір баласының, жер бетіндегі әр бір пенденің аманшылығын, саулығын жалбырына отырып тілейтін сәттерін жие көруші едім. Неткен махаббат, мейірім.Осындай қасиеттерді бойға жиған әр бір пенденің жүрегінде тек қана мейірім шапағаты төгіледі.

Менің осындай алтын ата-анам барына мың да бір шүкір. Әрқашан маған демеу болып, менің өмірде адаспай жол табуыма, жетістікткеріме жетуіме тілектес адамдар болса, соның бірден-бірі- менің ата-анам. Мен олармен әрқашан мақтанамын. Асқар таудай әкем- менің тірегім. Менің қамқоршым. Өмірде жол сілтеп, тәрбие беріп отырған әкеме сансыз мадақ айтамын. Ал анам жайлы айтар болсам, әрине, айтып тауыса алмаспын. Менің анам-менің жүрегім, менің тілекшім, менің жанашырым, менің баға жетпес асыл қазынам. Анам жапырағын тереңге жайған алып бәйтерегім.

Осы менің өмірдегі ең асыл жандар ата-анам туралы айтсам, ананың балаға деген махаббатын тілмен жеткізе алмаймын. Менің ата-анам әлемдегі сұлу, жүрегі кең адамдар. Неге олай деп сұрайсыздар. Өйткені ол адамдар балаларын барлық жанымен сүйе біледі. Анамды айтар болсам әрқашан жанымнан табылады. Әрқашанда ағайын-туысты жақындатып жүретін адам. Менің анам өзінің білгенін басқаларға үйретіп жүреді. Ол қанша, жұмыстан шаршап жүрседе ешқашан біздерді тыңдаусыз, байқаусыз қалдырмайды. . әрқашан мені яғни балаларын мақтап, мадақтап : «Менің қызым ақылды, білгір», -деп қуана айтып жүреді. Мен үшін әкенің де орны бөлек. «Әке» деген сөзді айтқанда өзіңе пана болар, арманыңа қол созсаң ақ батасын беріп әрқашан ақ жол тілейтін адам екенін сезесің. Осы бақытымды ешқашан айырмаса екен. Тамағымның тоқтығы, киімнің бүтіндігі, оқуымның сапасы, ұйқымыздың тыныштығы, жұмысымыздың жемісі – осының бәрі асқар таудай әкемнің арқасы. Қазіргі таңда асқар таудай әкешім бұл дүниеден озып кетті. Бірақта мен әкешімді әрқашанда мақтан тұтамын.

әкемді, аяулы анамды, мейірімді ұстазымды үлгі тұтып , өз өмірімнің көшбасшысы деп білемін.

Бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болсада алмастыра алмайды. Отбасының негізі баланы дүниеге әкелу ғана емес, оған мәдени –әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу болып табылады.

Алдағы уақыттада сол ата-анамның үмітін ақтап, оларға зор қуаныш сыйлау-менің мақсатым.

Міне, менің ата-анам ауыз толтырып айтарлықтай алтын жандар. Бұл ата-анама деген құрметімнің кішкентай ғана бөлігі. Оларға деген ыстық махаббатым, ыстық сезімім бәрі-бәрі жүрегімде!

Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.Лев Толстой

Оқушыларыммен жеке сөйлескенді ұнатам. Өзіңмен тең санап, жүрегінің кілтін таба білсең, сол баланың сыр сандық екенін ұғасың. Сол сандықтан шыққан сырлар жаңбырдан кейінгі кемпірқосақты есіңе салады. Түрлі ойлар, пікірлер, шешімдер…
Міне Періште деп соларды айт.Сол балапандардың жүрегіне ізгілік нұрын себу, оларды мейірімді, шыншыл, адал етіп тәрбиелеу, туған елді, туған жерді қастерлеу, ата-ананың қадірін білу құндылықтарын сіңіру парыз және міндет екенін түсінесің. Балалардың бақытты жүздерін көрген сайын мен де бақытқа бөленемін, шабыттанамын, Ұстаз үшін одан артықтың керегі де жоқ шығар

Жалпы айтқанда әрбір  сабағымда оқушы бойына рухани-адамгершілік  құндылықтарды сіңірген сайын шабыттанамын. Мен үшін рухани күштің қайнар бұлағы жақын жандарым-оқушыларым. Жүрегіме жақын жандардың мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене отырып шабыттанамын!!!

Сөзімнің соңын елбасының «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр» дегені өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады- деген жақсы бір пікірімен қорытындылағым келеді. Міне осылай, құрметті ұстаздар, өзімізге сын көзбен қарай отырып, білімді, сауатты оқушылырды тәрбиелеп, болашақ үшін аянбай еңбек етулеріңе, жұмыста шығармашылық табыстарға жетулеріңе тілектестік білдіремін.


Әр адамның әр түрлi хоббиы (сүйiктi iсi) болады. Бiреулер кiтап, газет - журнал жинағанды хобби қылса, бiреулер әр түрлi стилдегi киiмдер,етiктер жинайды. Тағы бiреулердiң хоббиы шығарма жазу, өлең шығару, ақын жазушылардың шығармаларын жинау, оны сақтау болуы мүмкiн. Хобби көбiне табиғилықтан болады. Мысалы ұнатпайтын iсiңдi хобби қылып алу мүмкiн емес, тек жүректегi қалауыңмен, қызығушылығыңмен хоббиыңды таңдайсың. Ас адамның арқауы. Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар. Бернард Шоу айтып өткендей Тәттіден бас тарта қояр адам жоқ шығар.  Торттар мен тәтті бәліштерді пісіруге деген қызығушылығым мектеп қабырға­сында оқып жүргенде басталды. Асханадағы менің ең басты ұстазым, ол – менің анам. Анам кондитер болып жұмыс жасаған.Мектептен шығып бірден анамның жұмыс орнына барушы едім. Анамның пісірген бәліштерімен тәтті торттарының иісіне ғашық болып осы іске деген сүйіспеншілігім артты. Ол кезде кішкентай болсам да жасаған тәттілеріне қарап, қызыға тамашалаушы едім.

Жүрегіміздегі сүйіспеншіліктің гүл ашуына не кедергі келтіреді?

Эгоизм, ашу-ыза, көре алмаушылық, шыдамсыздық, қалаулар, сараңдық

Жүрегімізде сүйіспеншілік гүлінің ашуына не ықпал етеді?

Біз тек риясыз қызмет еткенде ғана жүрегіміздегі риясыз сүйіспеншілік гүл жарады.


Бұл сүйіспеншіліктің кеңдігі шексіз ғой шіркін. Жандыны да жансызды да жақсы көру оңай шаруа емес тек солай жасаған адам ғана рханилықтың көгінде қырандай қалқитыны шексіз. Әлемнің жеті кереметі, Баян сұлу мен Қозы Көрпеш, Қыз Жібек пен Төлеген, Леонардо до Винчидің Монолизасы осы сүйіспеншіліктің символдары емес пе. Жер бетіндегі барлық тіршілік иесі сол сүйіспеншіліктің арқасында жаратылдық ал енді сол сүйіспеншілік менің де өзгенің де бойында бар қасиеттің жүрегімізде гүл жаруына неге мүмкіндік бермеске. Әрине ол үшін әр адам өзінен бастауы қажет





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!