СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Шежірелері өлкемнің тарландары». Хайрулла Әсел - киіз шебері

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
««Шежірелері өлкемнің тарландары». Хайрулла Әсел - киіз шебері»

78 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы











Қашықтықтан өткізілетін шығарма байқауы

Тақырыбы: «Шежірелері өлкенің тарландары»














Орындаған:Маратова Камилла Саматқызы

8 класс оқушысы

Жетекшісі: Наурызова Гулзира Избаскановна

















Қашықтықтан өткізілетін облыстық «Шежірелі өлкенің тарландары» тақырыбындағы мақала байқауына қатысушы №78 мектеп-гимназиясының 8 «А» класс оқушысы Маратова Камилла Саматқызының жазған мақаласына пікір.







Осы мақаланы жазудағы мақсат - білім алушының шығармашылық қабілетін дамыту, туған жерін қадірлеп, оны сүйе білуге тәрбиелеу, жергілікті жердегі мақтан тұтатын тұлғалар туралы мақала жазу. Маратова Камилла Саматқызы өзінің мақаласында суретші-дизайнер, киіз шебері, Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және ұлттық киімін дәріптеп, әлемдік деңгейге шығарған қазақтың қарапайым қызы Хайрула Әсел Хайрулақызы туралы баяндаған.



Пікір жазушы тарих пәнінің мұғалімі:Наурызова Г.И.

























Қашықтықтан өткізілетін облыстық «Шежірелі өлкенің тарландары» тақырыбындағы зерттеу шығармалары мен мақала байқауына


Әр қыз баласы өнерге бейім болады.Соның ішінде қолөнер бұйымдарын жасау қыздардың бір сүйікті ісі . Қолдан іс тігу, киім құрау, тоқу өнері ерекше өнердің бір саласы. Қолөнерге баулу, қыз баласының тәрбиесіне көңіл бөлумен тең.


Хайрула Әсел Хайрулақызы - суретші - дизайнер, киіз шебері, Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі, қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін және ұлттық киімін дәріптеп, әлемдік деңгейге шығарған қазақтың қарапайым қызы. Әсел 1988 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында дүниеге келген. Әселдің балалық шағы өзінің туып өскен жері Қандыағаш қаласында өтті, Қандыағаш қалалық 1 мектепте білім алды. Кішкентайынан өте зейінді де салмақты болып, жан жағына анғарлым болды. Сабақты жақсы оқыды, кішкентайынан анасы Зеремен тігін машинасын игерді.



Анасы Зеренің негізгі мамандығы закройщик (кескіш) болған,тігіннің барлық түрін тіккен, мысалы: киім, ою-өрнек, құрақ т.б. Кейін 40 жылдай мектепте технология пәнінен сабақ берген. Анасының сөзінше "тіккен кезде екі қызы да қасында болатын, екеуі де тігуді үйренді" деп ашып айтты.

Әсел мектеп бітірген соң өзінің қалауымен 2010 жылы Алматы Технологиялық университетінің "Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы" мамандығын тәмамдаған. "Әселдің дизайнға қызығушылығы болды, мектепішілік шараларда киім жағынан көп көңіл бөлетін еді, өзі кұрастырған киімдері де болды, мүмкін менің де септігім тиген шығар, бірақ таңдауын өзі жасады", - деп өз ойын білдірді Зере апа.

Әсел дәстүрлі киіз өнерін жаңғыртуда 6 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді, 6 авторлық киім топтамаларын шығарды. Өз қолымен жасаған киіз бұйымдары қазіргі заманға сай орындайды. Әселдің қиялынан туған бұйымдар әртүрлі. Жастардың заманауи киімдерімен қатар, қазақтың ежелгі киім үлгілерінде жаңғыртуды қолға алған."Сән табиғатқа залалсыз болуы керек" деген қағидасын ұстанған Әселдің жеңіл өнеркәсіптегі қолданылатын өңдеулері қоршаған ортаға еш зияны жоқ. Әсел өзінің әріптестерін де осындай экологиялық таза өндіріске үндейді.

Әсел өз талантымен көпті таң қалдыруда. Өте еңбекқор шебер. Әсел 2010 жылдан 2018 жыл аралығында дизайн саласы бойынша түрлі марапаттарды иеленген. Әсел Алматыда, Астанада, Орынборда, Новосібірде, Екатеринбургте және т.б қалаларда өз өнерін көрсетіп, жүннен жасалған киімдерін, бұйымдарын паш еткен. Әсел шетелде жүргенде, оның жүннен, киізден жасаған киімдеріне және бұйымдарына қызығушылық танытқанын айтқан болатын. Әселдің арманы - қазақ қызына ғана емес, әлем сәнқойларына киізден көйлек кигізіп, төрт түліктің жүнінен басылған, таза табиғи шикізаттан тігілген киімнің жылуы да, сұлуы да маңызды екенін атап айтты. Хайрула Әсел ассемблеялардың ішінде Бакуде болғанын және үлкен симпозиумға қатысқанын айтты.Мұнда өткен ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында алғаш рет баспада жарық көрген киіз өнері мен техникасы туралы мақалалардың авторларымен кездескен.Олар әлем деңгейінде мойындалған мықты дизайнерлер. Әсел олармен сұхбаттасып , өз кәсібіне байланысты ақыл кеңес алғанын айтты. Орталық Азияның түкпір-түкпірінен келген киізден басылған киім дизайнерлерінің сән үлгілерінің көрсетілімдері болды. Мақтануға тұрарлық бір жағдай, бұл көрсетілімде Әселдің коллекциясымен ашылды. Қарапайым көрермендер де, жалпы осы сала мамандары да Әселдің жұмысына жоғары баға беріп жатты.

"Бұл мерейімді ғана арттырып қоймай, алдағы жоспарларыма үлкен серпін беріп, қанаттандырғандай болды" дейді Әсел.







Хайрула Әсел-болашақта дизайнер саласын таңдайтын жастар үшін үлгі тұтар адам.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!