СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шеткі тігістерді орындайды.

Категория: Технология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шеткі тігістерді орындайды.Шеткі тігістерді орындайды.

Просмотр содержимого документа
«Шеткі тігістерді орындайды.»

Нысан (35-Қосымша)

Казахстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «Алматы сән және дизайн колледжі»

Алматы қаласы білім басқармасы



Бекітемін

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

________________ Т. Кулешова

____ ____________ 2021 жыл


10 өндірістік оқу сабағының

ЖОСПАРЫ



Өткізу күні: 18.01.2021жыл

Оқу курсы: 1 бағам Оқу тобы: МК 20-9

Мамандықтың коды және атауы: 1211000 Тігін өндірісі және киімді модельдеу.

Біліктілік: 121100 2 пішуші

Кәсіптік практиканың түрі: Өндірістік оқыту

Қалыптастырылатын құзіреттілік: Оқу шеберханаларында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Коллеж ішіндегі өз-өзін ұстау ережелрін сақтау. Қол жұмыстары кезінде, машина жұмыстары кезінде және ЫЖӨ жұмыстарын кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Арнайы киімде жұмыс жасау.

Модуль атауы: КМ 02. Киім үлгілерін құрастыру.

Оқу нәтижесі: Тігіу барысында тігін жабдықтарын пайдалану.

Бағалау критерийлері: Шеткі тігістерді орындайды.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Оқу шеберханаларында техника кауіпсіздік ережелерін ұстану. Тігістердің үлгілерін орындау үшін матаны дайындау. Шеткі тігістерді орындау, жиекті, көмкермелі және қайырылған. Қайшы, ине, оймақты өндірістік сабақта дұрыс пайдалану. Машинамен дұрыс жұмыс істеу.

Оқыту әдістері: ауызша, көрнекі, практикалық

Тәсілдері: әңгімелеу, еңбек тәсілдерін көрсету, үлгілерді көрсету

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқыту

Шеткі тігістерді: жиекті, көмкермелі және қайырылған тігістерін орындауда технологиялық бірізділікті дұрыс пайдалануға үйрету, сабақ барысында алған білімін және дағдыларын бекіту. Уақыт мөлшерін дұрыс, нәтижелі пайдалануға үйрету.

  1. Дамыту

Мамандыққа деген сүйспеншілігін арттыру, өз бетімен шешеім қабылдауға және нәтиже шығаруға баулу.

  1. Тәрбиелік

Оқушыларды мандығын құрметтеуге, ерінбей еңбек етуге баулу. Шеберхана ішінде өздерін таза, ұқыпты, тәрбиелі ұстауға баулу.






Материалдық-техникалық жабдықтау:


Жабдықтар және құрал-саймандар

Қол жұмыстарына арналған құрал – саймандар, әмбебап және арнайы машиналар, ЫЖӨ жұмыстарына арналған жабдықтар.

Студенттердің жұмыс формасы

Алжапқыш, орамал.

Дидактикалық материал

Нұсқау карталары

Өндірістік оқыту сабағына конспект

Конспект


Пәнаралық байланыстар: Құрастыру, Технология



Сабақтың барысы

Уақыты(минут

тар)


О/ө шеберінің әрекеттері


Студенттердің іс-әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3


4

5

Ұйымдастыру сәті

5 мин

- Журнал бойынша студенттердің сабақта болуын тексеру.

- Студенттердің сыртқы келбетін, арнайы формасын, сабаққа дайындығын тексеру;

-Студенттердің жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Назарлары шеберде болу керек

Журнал, қалам


Алжапқыш, орамал


Тақта

Кіріспе нұсқаулық

10 мин

- Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Өткен тақырыптарды қайталау:

-Қол, машина, ЫЖӨ жұмыстарының терминологиясы бойынша фронтальды сұрау

-Оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасының қандай талаптарын сақтау қажет?

-Қол жұмыстары кезіндегі қайшыны қалай бір-бірімізге береміз?

-Қол жұмыстары кезінде бұйым мен жұмысшының көз арақашықтығы қанша см болу керек?

- Қоспа тігістердің түрлері?

-Қоспа тігістерін бұйымның қай бөліктерінде қолданады?

-Қосып айыра үтіктелген тігістің технологиялық бірізділігін аитып бер?

Қосып жатқыза үтіктелеген тігістің технологиялық бірізділігін аитып бер?

Студенттер берілген сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді

Мата, қол жұмыстарын қажет құрал жабдықтар.

Жаңа сабақты түсіндіру

20 мин

Өткен тақырыппен ұштастыра отырып жаңа сабақты түісндіру лекциясына өту. Ауызша түсіндіріп болған соң, іс жүзінде көрсетіп өту. Алдын ала арнайы өндірістік оқу сабағына дайындалған бейнетаспаны көрсету.

Студенттер шеберді мұқият тыңдап отырады, арасында сұрақтары болып жаста, түсінбеген жерлерін шеберден сұрайды.

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Жаңа сабақты бекіту

10 мин

Шебер студенттерге сұрақтар қояды, орындау тәсілдерін корсетуді сұрайды.

- Шет тігістерін қайда пайдалануға болады?

-Шет тігістің түрлері?

- Жиекті тігістің технологиялық бірізділігін атап өт?

- Көмкермелі тігістің технологиялық бірізділігін атап өт?

-қайырылған тігістерін тігістің технологиялық бірізділігін атап өт?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, қажет болса іс жүзінде көрсетеді

Технологиялық карта

Ағымдағы нұсқаулық

4сағ 30 мин

1) бірінші мақсатты айналым:

Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларының сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.

2) екінші мақсатты айналып өту:

Жұмыстардың уақтылы орындалуын тексеру.

Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

Студенттердің жұмыс сапасын тексеру.

3) үшінші мақсатты айналым: Студенттерге жеке нұсқау беру.

Студенттер жаңа тақырып бойынша өткен қол тепшімдерін іс жүзінде орындайды

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Қорытынды нұсқаулық

20 мин

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жүргізу.

Әр студенттің жұмыс сапасына баға беру.

Өндірістік оқыту кезеңінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттерді және орындалған жұмыстың сапасын атап өту.

Әрбір студенттің жұмыстарының ұқсас қателіктеріне талдау жасау

Өздері орындаған жұмыстарына талдау жасайды. Қателіктерін түсініп, келесіде қатесіз орындалуын қадағалайды.

Практикалық тапсырманы орындайды

Үй тапсырмасы

10

Сабақтың тақырыбын зерттеу, жұмыстағы кемшіліктерді жою.

Дәптердегі жазба

Дәптер, қалам

Жұмыс орнын жинау


Оқу шеберханасындағы тазалықты бақылайды

Оқу шеберханасында тазалық орнатуда

Шеберхананы

жинауға кажет құралдар.

Студенттердің нәтижелілігі:

Сабақта қойылған мақсаттарын орындады.

Шебердің өзін-өзі бағалауы:

Студенттердің өндірістік оқуға дайындығын тексеру, Қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау. Материалды еңбек әдістерін көрсетумен түсіндіру орындалған жұмыстың сапасын тексерді. Орындалған жұмыстарға талдау жасады

Өндірістік оқыту сабағына Конспект


Айналдырылган тiгіс. Қақпақ, өңiр түймелігінiң, жаға және басқа бөлiктерiнiң қиындыларын өңдеу үшiн, жиегi бар айналдырылған тігiс қолданыладi. Екi бөліктi оң жақтарымен бiр-бiрiне беттестiрiп, қиындыларын тенестiредi, 0,5-0,7см қашықтықта айналдыра тiгедi. Бөліктерді оң жағына айналдырады, тігiсті жазадi, тiгiсі оң жағынан көрiнбеу үшін, бөлiктiң іш жағына қарай, енi 0,1-0,3см (матаның қалыңдығына байланысты) үстіңгi бөлiктен жиек шығарады, және оны үтіктейдi (6 сурет).

Айналдырылған тiгiс моделіне байланысты 0,1-0,7см қашiқтықта бөлiктің оң жағынан бiр немесе екі сәндік тiгіспен өңделуі мүмкін.

Көмкермелі немесе жиекті тiгiс. Көмкермелi тiгiс астарлы немесе ашық түстi матадан кесiндi бөлiкпен және таспамен өңделуі мүмкін. Кесіндiнiң қиындылары ашық немесе жабық боладі. Көмкермелі тiгіс өңiр түймелігінің, жаға, қақпақ қиындыларын, бұйымның төменгі қиындысын өңдеу үшін және жеңiл бұйымдардың негiзгі бөлiктерiн әсемдеу үшін қолданылады.

Негізгі бөліктiң оң жағына кесiндi бөлiкті оң жағымен салады, қиындыларын тенестіреді, 0,3-0,4см қашықтықта кесiнді жағынан айнлдыра тігедi. Кесіндінi бөлiктің терiс жағына бүктейдi, тiгісті жазаді, кесіндi бөліктен енi 0,3-0,4см жиек шығарады, кесынді жағынан немесе негiзгi бөлігi жағынан 0,1см қашықтықта бастыра тiгеді. Кесiндінің қиындысы арнайы машинамен жөрмеленеді немесе ішкі жағына қайырылады.

Шет тiгістер

Көмкермелі тігiс арнайы, тетiгi (көмкерме) арқылы таспамен өңделуі мүмкін. Таспаның ені 11мм, дайын түріндегi жиектеме ені 0,5см болады. (9,е сурет).

Қайырылған тiгiс. Қайырылған тігістердің қиындылары ашық немесе жабық болады және бұл тігістің қиындылары көмкермелi тігіспен өңделуі мүмкін. (9,ж,э,и сурет). Қиындылары ашық қайрылған тігiстері сетiнемейтін мата бұйымдарының төменгi қиындыларының және өңір түймелiгiнің iшкi қиындыларының өңдеу үшін қолданады. Қиындылары жабық қайырылған тігiс өте көп таралған. Бүл сетiнегіш мата бүйымдарын (шалбар, юбка, жакет, көйлек, блуза, iш киiмдер) өңдеу үшін қолданылады.

Бөліктің төменгі қиындыларын белгi сызығы бойынша немесе 0,7-4,0 см қашықтықта теріс жағына қарай бүктейдi, қиындысынан 0,2-0,3 см қашықтықта жапсыра тігеді, (қиындысы ашық қайрылған тігіс). Бөлiктiң төменгі қиындыларын теріс жағына қарай бүктейдi, жиегңн iшкi жағына қарай 0,5-0,7см бтi1дi, бүктейдi, бүктелген жиегінен 0,1-0,2 қашықтықта жапсыра тігеді (қиындысы жабық қайрылған тігіс).










Өндірістік оқыту шебері: Сатылганова Ш.Н




















Нысан (35-Қосымша)

Казахстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «Алматы сән және дизайн колледжі»

Алматы қаласы білім басқармасы



Бекітемін

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

________________ Т. Кулешова

____ ____________ 2021 жыл


11 өндірістік оқу сабағының

ЖОСПАРЫ



Өткізу күні: 19.01. 2021жыл

Оқу курсы: 1 бағам Оқу тобы: МК 20-9

Мамандықтың коды және атауы: 1211000 Тігін өндірісі және киімді модельдеу.

Біліктілік: 121100 2 пішуші

Кәсіптік практиканың түрі: Өндірістік оқыту

Қалыптастырылатын құзіреттілік: Оқу шеберханаларында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Коллеж ішіндегі өз-өзін ұстау ережелрін сақтау. Қол жұмыстары кезінде, машина жұмыстары кезінде және ЫЖӨ жұмыстарын кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Арнайы киімде жұмыс жасау.

Модуль атауы: КМ 02. Киім үлгілерін құрастыру.

Оқу нәтижесі: Тігіу барысында тігін жабдықтарын пайдалану.

Бағалау критерийлері: Сәндік тігістерді орындайды.

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Бүрмелер, қатпарлар және бедерлерлері бар бұйымдардың суретін салу. Бүрмелерді, қатпарларды және бүрмелерді модельдеу. Сәндік тігістерді орындау. Сәндік таспаларды және шілтерлерді бұйымда пайдалану. Таспалар мен шілтердерді тігу жаттығуларын орындау. Қол еңбегі дағдыларын жетілдіру, ақыл-ой қызметін дамыту. Машинамен дұрыс жұмыс істеу.

Оқыту әдістері: ауызша, көрнекі, практикалық

Тәсілдері: әңгімелеу, еңбек тәсілдерін көрсету, үлгілерді көрсету

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқыту

Сәндік тігістерін орындауда технологиялық бірізділікті дұрыс пайдалануға үйрету, сабақ барысында алған білімін және дағдыларын бекіту. Уақыт мөлшерін дұрыс, нәтижелі пайдалануға үйрету.

  1. Дамыту

Мамандыққа деген сүйспеншілігін арттыру, өз бетімен шешеім қабылдауға және нәтиже шығаруға баулу.

  1. Тәрбиелік

Оқушыларды мандығын құрметтеуге, ерінбей еңбек етуге баулу. Шеберхана ішінде өздерін таза, ұқыпты, тәрбиелі ұстауға баулу.






Материалдық-техникалық жабдықтау:


Жабдықтар және құрал-саймандар

Қол жұмыстарына арналған құрал – саймандар, әмбебап және арнайы машиналар, ЫЖӨ жұмыстарына арналған жабдықтар.

Студенттердің жұмыс формасы

Алжапқыш, орамал.

Дидактикалық материал

Нұсқау карталары

Өндірістік оқыту сабағына конспект

Конспект


Пәнаралық байланыстар: Құрастыру, Технология



Сабақтың барысы

Уақыты(минут

тар)


О/ө шеберінің әрекеттері


Студенттердің іс-әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3


4

5

Ұйымдастыру сәті

5 мин

- Журнал бойынша студенттердің сабақта болуын тексеру.

- Студенттердің сыртқы келбетін, арнайы формасын, сабаққа дайындығын тексеру;

-Студенттердің жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Назарлары шеберде болу керек

Журнал, қалам


Алжапқыш, орамал


Тақта

Кіріспе нұсқаулық

10 мин

- Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Өткен тақырыптарды қайталау:

-Қол, машина, ЫЖӨ жұмыстарының терминологиясы бойынша фронтальды сұрау

-Оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасының қандай талаптарын сақтау қажет?

-Шет тігістерін қайда пайдалануға болады?

-Шет тігістің түрлері?

-Жиекті тігістің технологиялық бірізділігін атап өт?

-Көмкермелі тігістің технологиялық бірізділігін атап өт?

-қайырылған тігістерін тігістің технологиялық бірізділігін атап өт

Студенттер берілген сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді

Мата, қол жұмыстарын қажет құрал жабдықтар.

Жаңа сабақты түсіндіру

20 мин

Өткен тақырыппен ұштастыра отырып жаңа сабақты түісндіру лекциясына өту. Ауызша түсіндіріп болған соң, іс жүзінде көрсетіп өту. Алдын ала арнайы өндірістік оқу сабағына дайындалған бейнетаспаны көрсету.

Студенттер шеберді мұқият тыңдап отырады, арасында сұрақтары болып жаста, түсінбеген жерлерін шеберден сұрайды.

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Жаңа сабақты бекіту

10 мин

Шебер студенттерге сұрақтар қояды, орындау тәсілдерін корсетуді сұрайды.

-Сәндік тігіс түрлері?

-Қатпарлардың түрлерін атаңыз?

-Бүрмелерді бұйымның қандай бөліктерінде пайдалануға болады?

-Бүрмелердің өңделу бірізділігі

-Бедерлі тігістің технологиялық өңделу бірізділігін атап өт?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, қажет болса іс жүзінде көрсетеді

Технологиялық карта

Ағымдағы нұсқаулық

4сағ 30 мин

1) бірінші мақсатты айналым:

Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларының сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.

2) екінші мақсатты айналып өту:

Жұмыстардың уақтылы орындалуын тексеру.

Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

Студенттердің жұмыс сапасын тексеру.

3) үшінші мақсатты айналым: Студенттерге жеке нұсқау беру.

Студенттер жаңа тақырып бойынша өткен қол тепшімдерін іс жүзінде орындайды

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Қорытынды нұсқаулық

20 мин

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жүргізу.

Әр студенттің жұмыс сапасына баға беру.

Өндірістік оқыту кезеңінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттерді және орындалған жұмыстың сапасын атап өту.

Әрбір студенттің жұмыстарының ұқсас қателіктеріне талдау жасау

Өздері орындаған жұмыстарына талдау жасайды. Қателіктерін түсініп, келесіде қатесіз орындалуын қадағалайды.

Практикалық тапсырманы орындайды

Үй тапсырмасы

10

Сабақтың тақырыбын зерттеу, жұмыстағы кемшіліктерді жою.

Дәптердегі жазба

Дәптер, қалам

Жұмыс орнын жинау


Оқу шеберханасындағы тазалықты бақылайды

Оқу шеберханасында тазалық орнатуда

Шеберхананы

жинауға кажет құралдар.

Студенттердің нәтижелілігі:

Сабақта қойылған мақсаттарын орындады.

Шебердің өзін-өзі бағалауы:

Студенттердің өндірістік оқуға дайындығын тексеру, Қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау. Материалды еңбек әдістерін көрсетумен түсіндіру орындалған жұмыстың сапасын тексерді. Орындалған жұмыстарға талдау жасады

Өндірістік оқыту сабағына Конспект


Әшекей тігістерге қатпарлар, рельефті, жиегі бар тiгісті жатады. Рельефті тігістерге бауы бар тігістер, бүкпеленген, бүрмеленген тігістер жатады.

Бүкпеленген тігіс. Бүкпеленген тігіс сыртқы көрiнісiне қарай қос тiгіс және қос тiгістi жатқыза бекіту тігісi сияқты болады. Әйелдердің және балалар бұйымдарының негізгі бөлiктерін (өңiр, артқы бойы, жең бөліктерi, жапсырма қалталары) өңдеу үшiн қолданылады.

Бөлiктi белгi сызығы бойынша өң жақтарымен беттестiредi, бөлiктiң астына кесіндi матаны салады, негiзгі бөлiктiң бүктелген жиегінен 1,5-2,0 см қашықтықта бастыра тiгедi. Негiзгі бөлiктiң қиындылары бір жағына, ал кесiндi қиындыларын есiншi жағына қарай бүктейдi және тiгiсiн айыра үтiктейді.

Әшекейлі тігістер

Бүрмеленген тігіс. Бұл уақ бүрмелер блуза, көйлек, жөйде бөлiктерін әсемдеу үшін қолданылады. Матаның қалыңдығына байланысты бүрмелерің жалпақтығы 0,1-0,3 см. Тiгістерді арнайы төтiгі бар машинамен немесе екі инелі машинамен орындауға болады.

Бауы бар тігіс. Бауы бар тiгістер бұйымдарды әсемдеу үшін қолданылады. Негiзгі бөлiктiң терiс жағына кесiнді матаны салады, бөлiктiң оң жағынан бөлгі сызығы бойымен бастыра тiгедi. Сосын, екі бөлiктiң арасына матаға тығыз бауын салады, екінші тiгісiн бастыра тiгедi. Моделіне байланысты бірнеше қатар тiгістер орындауға болады. Тігістер машинадағы арнайы тетіктің көмегiмен орындалуы мүмкiн.

Жиегі бар тігістер. Арнайы немесе спорттық бұйымдардың бөлiктерін өңдеу үшін жиегі бар тігістер қолданылады. Тiгісті орындау үшін жиекке арналған кесiнді матаны бойлай ортасынан бүктейдi, теріс жақтарын ішіне келтіреді, үтiктейді.

Екi негізгі бөлiктiң арасына жиекті салады, қиындыларын теңестіреді, моделiне байланысты қарастырылған аралағын, арнайы тетіктiң көмегiмен сырып тігедi Тiгісті жатқыза немесе айыра үтіктейді. Егер арнайы тетік болмаған жағдайда, алдынала бiр бөлiктiң оң жағына жиекті қосып тiгедi. Сосын, екiнші бөлiкті оң жағымен салады, қиындыларын теңестiредi, тiгіс бойымен сырып тiгедi. Бұл жиегi бар қос тiгiс болады

Жапсырылған тiгiс сиқты жиегі бар жапсырылған тiгiс орындалады сондай-ақ айнадырылған тігiс сияқты, жиегi бар айнадырылған тiгiстi орындауға болады.

Қатпарлар. Қатпарлар, бүкпелердің бiр түрi болып есептеледі, оларды бұйымның негізгі бөліктерінде еркiн қозғалу және бұйымның бір мезгілде бел сызығы бойынша қонымды болуы үшін, өңдеу тігістері жобалайды. Қатпарлар бір жағына жатқыза үтіктелген, қарам-қарсы, банттық болады, қатпарлар ұзындығы бойынша сырып тігіледі, бүрме ретінде күрделi болады.

Бір жағына жатқыза үтіктелген қатпарлар. Бұл, оң жағындағы барлық бүктемесi бір жаққа бақытталған қатпар.Әрбір қатпарды бүгілу сызығын және тiгудің біткенін анықтайтын сызықпен белгiлейдi. Бөлiкгті бөлгіленген сызығы бойынша оң жағымен ішке қарай бүктейді де, сырып тігеді. Тігістi түзу немесе ойық сызық бойынша көлденең бағытта аяқтайды. Қатпарды бір жағына (моделіне байланысты) қарай бүктейді және үтіктейді. Қатпар, моделi бойынша әшекейлi тiгiспен өңделуi мүмкiн. ( ж сурет).

Қатпардың жиегi төрiс жағынан тiгілмей, тек қана оң жағынан әшекейлi тiгiспен бекітілуі мүмкiн. Мұндай жағдайда қатпарды белгіленген сызық бойынша бір жағына бүктейді, үтіктейді және оң жағынан әшекейлi тiгiспен бекiтiп қояды.

Қатпар екi бөлiктен тұратын бұйымның негізгі бөліктерінде өңделуі мүмкiн. Негiзгі бөліктің екі бөлiгін өңін iшiне қаратып бүкдейді, қиындыларын теңестіреді белгіленген сызық бойынша сырып тігеді. Тігiсті, моделіне байланысты қатпарлы жалпақтығына көлденең бағытта аяқтайды. Қатпардың жиектерін 1-1,5 см қашықтықта сырып тігедi, тiгiсті арнайы машинамен жөрмелейді, қатпарды үтіктейді. (з сурет).

Қарама-қарсы қатпарлар. Бұл, оң жағындағы бүктемесi бір-біріне қарсы бағытталған, ал теріс жағынан карама-қарсы бағытталған қатпар. Қатпарларды дайындаған кезде, бөлiктi белгіленген сызығымен оң жағын iшіне қарай бүктейдi, бөлгі сызығы бойымен сырып тiгеді. Қатпардың жалпақтығын, терiс жағынан қатпарды тiккен тігістерінің екі жағына жайып қояды және үтiктейді. Киімді киген кезде, қатпар бүктемесінің ығысуын болдырмауға, сондай - ақ, берiктiлiгі үшін қатпарды өңінен, қатпар жалпақтығына көщлденең оң бойы тігісімен бекiтуге болады.

Сондай - ақ , қатпар өңінен моделi бойынша қарастырылған қашықтықта қатпарды тіккен тiгiстiң сол және оң жағынан әшекейлі тігiспен бекітілүі мүмкін ( и сурет). Қарама-карсы қатпар бір мезгілде, әрi қоспа қатпар болуы мүмкiн. Мүндай жағдайда қңдеуге үш бөлiк қажет: екі негізгі және үшінші, ені бойынша қатпардаға қайырманың екi еселенген еніне тең болатын негізгi кездеменің кесіндiсi. Негiзгі бөлiктiң екі бөлiгін оң жағымен ішіне қарай бүктедi, қималарын теңестіреді белгiленген сызығы бойынша және тiгісті белгiленген көлденең сызыққа аяқтай отырып сырып тігедi, соңында екі қатар тiгіспен бекiтеді,тiгiстi айыра үтіктейдi.

Айыра үтiктелген тiгiске негiзгi кездеменің кесiндiсiн оң жағын төмен қаратып салады.Қатпардың қиындыларын 1-1,5 см тiгiспен тiгедi, тігiстi арнайы машинамен жөрмелейді. Матаны үнемдеу мақсатында үшінші бөліктiң ұзындыгын қатпардың барлық үзындыгы бойынша емес, тек қатпардың тігiлмеген шетіне тең етіп пішуге болады.

Қарама-қарсы қоспа қатпар моделіне байлалысты қарастырылған аралықта әшекейлi тiгiспен өңделуi мүмкiн. (к сурет).

Баннтық қатпарлар. Банттық қатпарлар қарама-қарсы қатпардың теріс жағы немесе екі бір ағына жатқызылған қатпар болып табылады, бiрақ бүктемесі оң жағынан қарама-қарсы жақтарына бағытталады, және бант құрайды. Банттық қатпарларды да бiр бөліктен қарама-қарсы қатпарлары сияқты, бiрақта бөліктің оң жағынан белгiлейдi және өңдейді.

( л сурет). Банттық қатпар бір мезгілде қоспа қатпар болуы мүмкін. ( л сурет).

Машинамен жұмыс жүргізудің техникалық шарттары. Машина операцияларын орындау үшін арнайы терминдер қолданылады. Қол жұмыстарының кейбір терминдері (түймелерді қадау, жапсыру, жөрмелеу, торлау) машина жұмыстарының операцияларын арнайы машинамен орындау кезінде қолданылады.

Терминдердің аты, мазмұны, іс жүзінде қолданылуы келтiрiлген. Машинамен жүргзiлетін жұмыстарды орындаған кезде келесі техниқалық шарттарды сақтау керек.






Өндірістік оқыту шебері: Сатылганова Ш.




















Нысан (35-Қосымша)

Казахстан Республикасы Білім және ғылым министірлігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен бекітілген


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

КМҚК «Алматы сән және дизайн колледжі»

Алматы қаласы білім басқармасы



Бекітемін

Директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

________________ Т. Кулешова

____ ____________ 2021 жыл


12 өндірістік оқу сабағының

ЖОСПАРЫ



Өткізу күні: 20.01. 2021жыл

Оқу курсы: 1 бағам Оқу тобы: МК 20-9

Мамандықтың коды және атауы: 1211000 Тігін өндірісі және киімді модельдеу.

Біліктілік: 121100 2 пішуші

Кәсіптік практиканың түрі: Өндірістік оқыту

Қалыптастырылатын құзіреттілік: Оқу шеберханаларында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Коллеж ішіндегі өз-өзін ұстау ережелрін сақтау. Қол жұмыстары кезінде, машина жұмыстары кезінде және ЫЖӨ жұмыстарын кезінде техника қауіпсіздік ережелерін сақтау. Арнайы киімде жұмыс жасау.

Модуль атауы: КМ 02. Киім үлгілерін құрастыру.

Оқу нәтижесі: Өлшем алу және белдемшенің базалық конструкциясын сызу және пішу бойынша жұмыстарды орындау.

Бағалау критерийлері:Тік белдемшенің өлшемін алады, базалық конструкциясын сызады

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі: Адам фигурасының өлшемдері туралы білімді жүйелеу және кеңейту, өлшемдерді түсіру және жазу. Бұйымды кию барысында кең және ыңғайлы болу үшін еркіндікке беретін қосымшаны пайдалану. Лекалоларды пішуге дайндау. Матаның шығынын есептеу. Бұйым бөлшектерін пішу. Түсірген өлшемдермен тік белдемшенің сызбасын сызу

Оқыту әдістері: ауызша, көрнекі, практикалық

Тәсілдері: әңгімелеу, еңбек тәсілдерін көрсету, үлгілерді көрсету

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқыту

Тік белдемшенің өлшемін алуда, базалық конструкциясын сызуда өлшемдері дұрыс түсіруді үйрету, белдемшенің сызбасын , формулаларды дұрыс пайдалануға үйрету, сабақ барысында алған білімін және дағдыларын бекіту. Уақыт мөлшерін дұрыс, нәтижелі пайдалануға үйрету.

  1. Дамыту

Мамандыққа деген сүйспеншілігін арттыру, өз бетімен шешеім қабылдауға және нәтиже шығаруға баулу.

  1. Тәрбиелік

Оқушыларды мандығын құрметтеуге, ерінбей еңбек етуге баулу. Шеберхана ішінде өздерін таза, ұқыпты, тәрбиелі ұстауға баулу.






Материалдық-техникалық жабдықтау:


Жабдықтар және құрал-саймандар

Қол жұмыстарына арналған құрал – саймандар, әмбебап және арнайы машиналар, ЫЖӨ жұмыстарына арналған жабдықтар, лекал сызғыштар, мелиметровка қағазы, сантиметірлік лента.

Студенттердің жұмыс формасы

Алжапқыш, орамал.

Дидактикалық материал

Нұсқау карталары

Өндірістік оқыту сабағына конспект

Конспект


Пәнаралық байланыстар: Құрастыру, Технология



Сабақтың барысы

Уақыты(минут

тар)


О/ө шеберінің әрекеттері


Студенттердің іс-әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3


4

5

Ұйымдастыру сәті

5 мин

- Журнал бойынша студенттердің сабақта болуын тексеру.

- Студенттердің сыртқы келбетін, арнайы формасын, сабаққа дайындығын тексеру;

-Студенттердің жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Назарлары шеберде болу керек

Журнал, қалам


Алжапқыш, орамал


Тақта

Кіріспе нұсқаулық

10 мин

- Өндірістік оқыту сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау

- Өткен тақырыптарды қайталау:

-Қол, машина, ЫЖӨ жұмыстарының терминологиясы бойынша фронтальды сұрау

-Оқу шеберханасында қауіпсіздік техникасының қандай талаптарын сақтау қажет?

- Сәндік тігіс түрлері?

-Қатпарлардың түрлерін атаңыз?

-Бүрмелерді бұйымның қандай бөліктерінде пайдалануға болады?

-Бүрмелердің өңделу бірізділігі

-Бедерлі тігістің технологиялық өңделу бірізділігін атап өт?

Студенттер берілген сұрақтарға кезек-кезекпен жауап береді

Мата, қол жұмыстарын қажет құрал жабдықтар.

Жаңа сабақты түсіндіру

20 мин

Өткен тақырыппен ұштастыра отырып жаңа сабақты түісндіру лекциясына өту. Ауызша түсіндіріп болған соң, іс жүзінде көрсетіп өту. Алдын ала арнайы өндірістік оқу сабағына дайындалған бейнетаспаны көрсету.

Студенттер шеберді мұқият тыңдап отырады, арасында сұрақтары болып жаста, түсінбеген жерлерін шеберден сұрайды.

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Жаңа сабақты бекіту

10 мин

Шебер студенттерге сұрақтар қояды, орындау тәсілдерін корсетуді сұрайды.

-Негізгі өлшем түрлері?

-Адам денесінің өлшемін түсіргенде қанша өлшем аламыз?

-Тік белдемшеге қажет өлшем түрлері?

-Бұйым ұзындығын қалай өлшейміз?

-Лекало жасау үшін қажет заттарды атап шығыңыз?

Студенттер сұрақтарға жауап береді, қажет болса іс жүзінде көрсетеді

Технологиялық карта

Ағымдағы нұсқаулық

4сағ 30 мин

1) бірінші мақсатты айналым:

Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларының сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.

2) екінші мақсатты айналып өту:

Жұмыстардың уақтылы орындалуын тексеру.

Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

Студенттердің жұмыс сапасын тексеру.

3) үшінші мақсатты айналым: Студенттерге жеке нұсқау беру.

Студенттер жаңа тақырып бойынша өткен қол тепшімдерін іс жүзінде орындайды

Мата, ине, жіп, сызғыш, сабын, түйрегіш, жастықша, сөккіш, қайшы.

Қорытынды нұсқаулық

20 мин

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жүргізу.

Әр студенттің жұмыс сапасына баға беру.

Өндірістік оқыту кезеңінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген студенттерді және орындалған жұмыстың сапасын атап өту.

Әрбір студенттің жұмыстарының ұқсас қателіктеріне талдау жасау

Өздері орындаған жұмыстарына талдау жасайды. Қателіктерін түсініп, келесіде қатесіз орындалуын қадағалайды.

Практикалық тапсырманы орындайды

Үй тапсырмасы

10

Сабақтың тақырыбын зерттеу, жұмыстағы кемшіліктерді жою.

Дәптердегі жазба

Дәптер, қалам

Жұмыс орнын жинау


Оқу шеберханасындағы тазалықты бақылайды

Оқу шеберханасында тазалық орнатуда

Шеберхананы

жинауға кажет құралдар.

Студенттердің нәтижелілігі:

Сабақта қойылған мақсаттарын орындады.

Шебердің өзін-өзі бағалауы:

Студенттердің өндірістік оқуға дайындығын тексеру, Қауіпсіздік техникасының сақталуын бақылау. Материалды еңбек әдістерін көрсетумен түсіндіру орындалған жұмыстың сапасын тексерді. Орындалған жұмыстарға талдау жасады

Өндірістік оқыту сабағына Конспект


Тік белдемше сызбасын құрастыру барысында практикалық дағдыларын қалыптастырып, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істей алуға үйретіп, жұмыс барысында төзімділікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 Қолдану әдісіне байланысты барлық киімдер белдік және иықтық болып жіктеледі.

 Иықтық деп иыққа бекітілетін, ал белдік деп белге бекітілетін киімдерді айтады.

 Белдік киімдердің негізгі тобын белдемшелер құрайды.

Белдемшелер – әйелдер гардеробының негізгі бөлігі.

Белдемше пішіні заманына, мода бағытына байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ үнемі сұранысқа ие. Белдемше костюмнің бөлігі ретінде және жеке бұйым болып та табылады немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Әдемілік, қарапайымдылық және қолайлылық – белдемшеге қойылатын талаптар осылар. Белдемше формасы ғасырлар бойы өзгеріп отырды.

Тарихи анықтама

Киімдердің ең көне элементтерінің бірі белдік болатын. Белдікке тартылған терілер, жапырақтар, маталар алғашқы белдемшенің түпнұсқалары еді.

Негізінен адамдар киімді әйел адамның, ер адамның киімі деп бөлуді білмеген. Ежелгі Греция мен ежелгі Римде белдемше ер адамның киімінің бірі болған. Оның ұзындығы лауазымына байланысты болып келген, яғни жастардың киіміне қарағанда елеулі азаматтардың киімі ұзынырақ екен. Белдемшенің ұзын-қысқасынан - әлеуметтік мәртебесін байқауға болады. Ал әйел адамда белдемше болмаған, олардың киімдері жамылғы, туника болып келген.

Тек ХV ғасырда готикалық белдемше кеудеше мен белдемшеге бөлінді.

ХVІ ғасырда Испанияда бай әйелдер көлемді, қабат-қабат бірнеше белдемшеден тұратын киімдерді кие бастады. Бұл белдемшенің бір кемшілігі салмағы ауыр болды, сондықтан белдіктерге бекітілген бірнеше металдардан жасалған құрсауды (обруч) ойлап тапты.

Италия мен Францияда белдемше жеңілдеу, аз қабаттан тұрды. Мықын тұстарына арнайы мақта жастықшаларын қойды.

ХІХ ғасырдың аяғында белдемше еркін, қолайлы, күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымына айналды.


Конструкциясы бойынша белдемшелер:

 Тік

 Қиықты

 Конус тәрізді

Тік белдемшелер силуэтіне байланысты: тік, етегі тарылған және кеңейтілген.

Тік белдемшелер: екі бөлшектен тұрады: алдыңғы және артқы бойлардан. Тік белдемше фигураны тығыз қынап тұрады, ол тілікті, қатпарлы, жиырылған, иінішті, қалталы т.с.с. болуы мүмкін. Тік белдемшені моделдеу арқылы сан алуан белдемше түрлерін шығаруға болады.


Тік белдемшені құрастыруға қажетті өлшемдер:

Ст – Жартылай бел айналымы.

Таспа бел сызығын айналдыра өтіп көлденең өлшенеді. Өлшемнің жартысы жазылады.


Сб – Жартылай мықын айналымы.

Мықынды айналдыра іштің шығынқы тұсын ескере отырып өлшенеді. Өлшемнің жартысы жазылады.


Диз - Бұйым ұзындығы.

Артқы бойдың бел сызығынан төмен қарай қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдемшенің ұзындығын анықтау ұшін қолданылады .


Тік белдемше құрастыру

1.Бұйым ұзындығы: ↓ТН = Диз

2.Мықын сызығы: ↓ТБ = 18 ÷ 20 типтік денеге

3.Мықын сызығының ені: ББ1 = Сб

4.Бүйір қиығы: ББ2 = Сб /2

5.Бел сызығының орналасуы: ТТ3 = Т1Т4 = Ст/2 + ( бүкпенің ені 2,5 ÷3)

6. Артқы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: ТТ6 = 8÷9см , бүкпе ені осьтен симметриялы оңға және солға қалдырылады.

7. Алдыңғы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: Т1 Т5 = 9-10см

8. Алдыңғы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т6В = 10-11см

9. Артқы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т5 В = 9-10см

10. Бел сызығы бойынша көтерілуі: Т3Т3' = Т4Т4' = 1см

11. Бел сызығы бойынша төмен түсуі: ↓ТТ' = ↓ Т1 Т1 ' =1cм

12. Жарманын орналасуы: Ұзындығы Ұб/3. Ені 8 см

Ескерту: Бүкпенің ені

Типтік өлшем -2,5см

Жіңішке бел -3см

Айқындалмаған – 2см


Белдік бұйымдар

2 - Бірізділігін табу

2. Мықын сызығы: ↓ТБ = 18 ÷ 20 типтік денеге

4. Бүйір қиығы: ББ2 = Сб /2

1. Бұйым ұзындығы: ↓ТН = Диз

5. Бел сызығының орналасуы: ТТ3 = Т1Т4 = Ст/2 + ( бүкпенің ені 2,5 ÷3)

3. Мықын сызығының ені: ББ1 = Сб

6. Артқы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: ТТ6 = 8÷9см , бүкпе ені осьтен

симметриялы оңға және солға қалдырылады.

10. Бел сызығы бойынша көтерілуі: Т3Т3' = Т4Т4' = 1см

7. Алдыңғы бойдағы бүкпе осінің орналасуы: Т1 Т5 = 9-10см

8. Алдыңғы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т6В = 10-11см

12. Жарманын орналасуы: Ұзындығы Ұб/3. Ені 8 см

9. Артқы бойдағы бүкпе ұзындығы: ↓Т5 В = 9-10см

11. Бел сызығы бойынша төмен түсуі: ↓ТТ' = ↓ Т1 Т1 ' =1cм

Өлшем алу ережелері:

Өлшемдер дәл алу үшін өлшеу техникасын әдістемесін нақта сақтау керек.

Өлшем алу ережелері:

• Өлшем дененін оң жағынан алынады.

• Өлшемді бірінші айналым алынады, сонан соң ұзындығы.

• Өлшеніп тұрған адам тапсырыс кезінде түзу тұру керек.

• Өлшемді жеңіл көйлектің үстінен жүргізіледі.

• Бел сызығынан айналымдарды баумен айналдырады.

• Өлшем алған кезде сантиметрлік таспаны тартпай бос ұстамау керек.

• Өлшемдерді дәл антропометриялық нүктесі арқылы өлшеу керек.




Өндірістік оқыту шебері: Сатылганова Ш.Н.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!