СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Шартты операторлар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шартты оператор деректерді өңдемейді, өңдеуді басқарумен айналысады. JavaScript тілінде шартты оператор төмендегі түрлерге бөлінеді:

      • if-else тармақталу операторы;
      • ? шартты операторы;
      • switch таңдау операторы.

Просмотр содержимого документа
«Шартты операторлар»


Тақырыбы:Шартты операторлар


Сабақтың мақсаты:

Шартты оператор туралы мағлұмат




Шартты оператор деректерді өңдемейді, өңдеуді басқарумен айналысады. JavaScript тілінде шартты оператор төмендегі түрлерге бөлінеді:

      • if-else тармақталу операторы;

      • ? шартты операторы;

      • switch таңдау операторы.


if-else тармақталу операторы логикалық шарттың мəніне қарай бағдарлама кодының бір бөлігін орындайды. Оператордың форматы:


  1. if шарт өрнек1 else өрнек2;


  1. if шарт өрнек1;


бұл жерде: if, else –қызметші сөздер; шарт –логикалық өрнек;


Егер шарттың мəні true болса, онда өрнек1 орындалады, ал кері жағдайда, яғни шарттың мəні false болса, онда өрнек2 орындалады.

Мысал 1: if (x0 && xf = 1

else

f = 0;

Мысал 2: if str1==”Нурдаулет” str2=”Сəлем Нурдаулет”; Мысал 3: if (x==0)

{

f = 11;

k = 22;

}

else

{

f = 33;

k = 44;

}


шартты операторы логикалық шарттың мəніне қарай орындалады.

Оператордың форматы:


шарт ? өрнек1 : өрнек2;


бұл жерде: ? –қызметші сөз; шарт –логикалық өрнек;


Егер шарттың мəні true болса, онда өрнек1 орындалады, ал кері жағдайда, яғни шарттың мəні false болса, онда өрнек2 орындалады.

Мысалы: f = (x0 && x 0;


switch таyдау операторы бірнеше тармақталу операторларын біріктіру мүмкіндігін береді. Оператордың форматы:

switch (өрнек)

{

case мəн 1 : оператор 1; break;

case мəн 2 : оператор 2; break;

case мəн 3 : оператор 3; break;

case мəн 4 : оператор 4; break;

- - - - - - - - - - - - - - - - -

case мəн n : оператор n; break;

default : оператор;

}


Оператордың орындалуы switch қызметші сөзінен кейінгі өрнекті өңдеуден басталады. Сонан соң өрнектің мəні case қызметші сөздерінен кейінгі мəндермен салыстырылады. Қай мəн сəйкес келсе, сол қатардағы оператор орындалады. Егер ешқандай мəн сəйкес келмесе, онда default қатарындағы оператор орындалады.


Мысалы: берілген day айнымалының мəні, егер 1-ге тең болса, онда out айнымалысы ”дүйсенбі” мəнін қабылдайды, ал егер 2-ге тең болса, онда out айнымалысы ”сейсенбі” мəнін қабылдайды, т.с.с. Ал егер day айнымалының мəні басқа сан болса, онда out айнымалысы ”апта күні емес” мəнін қабылдайды.

switch (day){

case 1 : out = ”дүйсенбі”; break;

case 2 : out = ”сейсенбі”; break;

case 3 : out = ”сəрсенбі”; break;

case 4 : out = ”бейсенбі”; break;

case 5 : out = ”жұма”; break;

case 6 : out = ”сенбі”; break;

case 7 : out = ”жексенбі”; break;

default : out = ”апта күні емес”;

}



Бақылау сұрақтары?

  1. Шартты оператор дегеніміз?

  2. switch таyдау операторы дегеніміз ?

  3. Тармақталу операторы дегеніміз?


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!