СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Шәкәрімнің соңғы сәттері" көрініс

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Көрініс жоғары сыныптар мен мұғалімдерге арналып құрастырылған. Шәкәрім қажының өмірінің соңғы сәттерін бейнелейді.

Просмотр содержимого документа
«"Шәкәрімнің соңғы сәттері" көрініс»

Шәкәрім өлең шығарып отырғанда солдаттар келеді:

Айдос:

  • Күнімен іздеп жүрген елден безген мында отыр ғой. Отырысың жайлы болсын.

Жасұлан:

  • Сәлеміңді ит жеп кеткен бе? Әлде әкең сәлемдесуді үйретпеген бе? Әлде бейбақ туған біреудің қолбаласысың ба?

Айдос:

  • Әй, шал қайда қашып құтыламын дедің? Тау мен тасты кезіп не ойластырып жүрсің? Сен сияқты ұлтшылдың арманы Совет өкметінің арасына іріткі салу ғой.

Жасұлан:

  • Еее, мен бейбақ елсізде неге жалғыз жүр дейсің?! Көп қазақтың қайғы- мұңын сен сияқты қорқау қасқырлар қайдан білсін. Менің мақсатым итше таланып жатқан елімді сен сияқтылардан құтқару.

Айдос:

  • Иа, мылтық билеп тұрғанда әділет жоқ дейсің ғой. Әулиемін де. Енді әулиелігің көмектесе қоймас.

Жасұлан

  • Шаталасып туған мысық өзінің марғауын өзі жеп қояды деуші еді, соның бірімін де.

Айдос:

  • Әй, шал, бері қара, сен менің жарама тұз сеппе, ажалыңды ерте шақырма

Жасұлан

  • Ажал... құдайдың қолында

Айдос:

  • Сол сенген құдайың мені саған жіберді.

Жасұлан:

  • Әй, шылғаудан туған тексіз, жоғалт көзіңді...

Айдос:

  • Әй, шал, сенімен қыртысып тұратын уақытым жоқ. Түс алдыға. Ақынсымақ. Сенің сазайыңда орталық берсін. Халықтың жағдайын ойлаймын дейді ғой. Халықтың жағдайын Совет өкметі ойлайды. Сен оған басыңды ауыртпай- ақ қой. Ұлтшылдығың үшін жауап бересің.

Жасұлан:

  • Әй. Сандалған неме, не сандалып тұрсың, ұлтын жақсы көру айып па? Иә, мен өз ұлтымды жанымнан артық жақсы көремін. Кейінгі ұрпағымыз орыстың қолбайлауы болмаса деген едім. Арманым осы. Алаш елі әлі өркендейді. Әлі тәуелсіз болады. Басын тік ұстап «Мен қазақпын» деп мақтанатын болады.

Енді атып тастасаң да өзің біл. Өй өңшең қызылдың иттері. (Бұрылып кетіп бара жатады)

Айдос:

  • Осы есі ауысқан шалды өзім- ақ ата салайыншы. (мылтықты кезейді)

2-ші солдат.

  • Товарищ, командир не істегелі тұрсыз?

(кетіп бара жатқан Шәкәрімді атып түсіреді)

2-ші солдат.

  • Товарищ, командир, не істедіңіз? Енді орталыққа не дейміз?

Айдос:

  • Ана тұрған құдықты көрдің бе? Соған лақтырып кетейік. Жоғалған көп қазақтың бірі болып қала берсін. (екеуі Шәкәрімді сүйреп әкетеді)


Тасада бір ақсақал немересімен тығылып көріп тұрады. Солдаттар кеткен соң шығады.

Ақсақал:

  • Балам, мына құдықта жаттап, бұл құдықта қазақтың асылы Шәкәрім қажы жатыр. Қазақтың еңсесін көтерер күн туар. Сол кезде атаңды арулап ақтық сапарға аттандырарсыңдар. Есіңде болсын, балам! Бұл менің саған аманатым. Қазір менің қолымнан келер шара жоқ, әттең.

Бала:

  • Ата, бәрін түсіндім. Айтқаныңызды ешқашан ұмытпаймын.

Ақсақал:

  • Кетейік, балам, әлгілер қайтып келіп жүрер. (Шәкәрімнің «Анадан алған туғанда» музыкасы ойнап тұрады)







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!