СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты алғашқы қоңыру жиынының сценарийі

Категория: Завучу

Нажмите, чтобы узнать подробности

        Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, балауса балғындар және қадірменді қонақтар!

     Бүлдіршіндеріміз асыға күткен бүгінгі «Білім Күні» мерекесі құтты болсын!

     Жаңа оқу жылының алғашқы «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!

 

Просмотр содержимого документа
««Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты алғашқы қоңыру жиынының сценарийі»







Білім Күніне арналған

«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты алғашқы қоңыру жиынының сценарийі








Ұйымдастырушы: Б.С. Габдыгалиев










2019-2020 оқу жылы







Білім Күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

атты салтанатты алғашқы қоңырау жиынының сценарийі


Өтетін күні: 01.09.2019 ж.

Уақыты: 09:00

Сыныптар: 1-11 сыныптар

Жүргізуші: Ихсанова Нұргүл Рамазанқызы

Жоспары:


  1. 07:00 - мектеп алаңын дайындау:

Туды дұрыстап, қатты байлап тастау (Бақтығали).

Скочты пайдаланбай шарларды жіппен аркаға (10 сынып оқушылары) және жоғарға (Бақтығали, Нұркен) байлау.

Жүргізуші сол жақта темірдің алдына қарай орналасып, радиомикрофон арқылы сөйлейді.

Сахнада стойкада орналасқан микрофон құттықтаулар үшін қойылады.

1-сыныптар үшін және ән айту үшін радиомикрофондар беріледі.

Мектеп алдындағы алаңның периметрі бойынша 1-11 сыныптардың оқушылары орналасады: сол жақта 2-5 сыныптар, оң жақта – 6-10 сыныптар, қақ ортада 11 сыныптар, есікке қарама-қарсы, 5,6, 11 сыныптардың алдында 1 сыныптар.


  1. 8.30 – музыка жіберу

  2. 8.45 – сапқа тұрғызу

  3. 9.00 – фанфар жіберу

  4. 1 сынып оқушыларын ұстаздарымен бірге ортаға шақыру.

  5. ҚР Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі (ҚР гимні ойналады):

Талапов Димаш пен Галимова Мөлдір

  1. Мектеп директорының құттықтауы.

  2. Жазғы демалыс кезіндегі байқаулардың жүлдегерлеріне құрмет көрсету (Таңертең Хамидулла Адияға, Салахиятов Самғат пен Салжанов Нұрдәулетке айтып түсіндіру)

  3. «Сұлу» би тобының орындауында «До-Ре-Ми» биі.

  4. Қонақтардың құттықтауы

  5. Ата-аналарға құттықтау сөз беріледі: Шайхиниязова Гаухар Жәрдемқызы және Янтудина Алтынай Ержанқызы

  6. 1 – сынып оқушыларының өнерлерін тамашалау.

  7. Ән «Мен мектепке барамын». Орындайтын: өнерпаз бүлдіршініміз Өтеміс Махамбет.

  8. 11 сынып атынан құттықтау сөз: Берсутова Диана

  9. Алғашқы қоңырауды соғу рәсімі: Русланұлы Мансур мен Бекмурзиева Дильназ (қоңырауды Эльмираға беріп қою)

  10. Білім күніне арналған салтанатты жиынды жабық деп жариялау.

  11. Білім күнінің алғашқы сабағына кіруіне оқушыларды мектепке шақыру.

Салтанатты жиын біткен соң әуелі келген қонақтар мектепке кіреді, содан кейін 1 сыныптар кіреді. 1 сыныптар толық кіріп болғаннан кейін ғана 2 сыныптар кіреді, олар толық кіріп болғаннан кейін 3 сыныптар, осылайша кезекпен 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 сыныптар асықпай, бір-бірін тапаламай мектепке кіреді. Ата-аналар барлық оқушылар кіріп болған соң ғана кіре алады.












Білім Күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ»

атты салтанатты алғашқы қоңырау жиынының сценарийі


Өтетін күні: 01.09.2019 ж.

Уақыты: 09:00

Сыныптар: 1-11 сыныптар

Жүргізуші: Ихсанова Нұргүл Рамазанқызы

Көңілашар күйі (1)


Жүргізуші: Қайырлы күн! Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар, балауса балғындар және қадірменді қонақтар!

Бүлдіршіндеріміз асыға күткен бүгінгі «Білім Күні» мерекесі құтты болсын!

2019-2020 жаңа оқу жылының алғашқы «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиынын ашық деп жариялаймыз!


Жүргізуші:

Мектеп табалдырығын аттағалы отырған бүлдіршіндерді алғашқы ұстаздарымен бірге ортаға шақырамыз.

Жайлап музыка ойнайды. Выход (2)

Жүргізуші:

1 «а» сыныбы, сынып жетекшісі: Қдырниязова Бақытханым Сәрсенғалиқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)

Жүргізуші:

1 «ә» сыныбы, сынып жетекшісі: Узбекова Эльмира Абылайқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)

Жүргізуші:

1 «б» сыныбы, сынып жетекшісі: Сариева Гүлнар Есенгелдіқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)

Жүргізуші:

1 «в» сыныбы, сынып жетекшісі: Даутова Дидар Аршатайқызы

(Бүлдіршіндер түгел баспалдақтан түсіп болуын күту керек)


Жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып, – дей келе Мемлекеттік Туды көтеру құрметін мектебіміздің мақтаныштары Талапов Димаш пен Галимова Мөлдірге ұсынамыз.

Атамекен (3)

ҚР мемлекеттік Гимні орындалады (4)

(Атамекен)

Жүргізуші:

Қадірлі мектеп,бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз.

Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз, - дей келе біздің бүгінгі мерекемізге келген қонақтармен таныс болыңыздар!


Жүргізуші:

Теректі аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Жолдығалиев Сағдат Өмірғалиұлы.

Жүргізуші: Подстепное селолық округі әкімінің орынбасары Сұлтанов Мейірбек Ақылбекұлы







Жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Нигметов Берік Задагерейұлына беріледі.

(Директор құттықтау сөз сөйлеп болғаннан кейін)


Жүргізуші: Футболдан Республикалық «Балдәурен» жарысының чемпиондарына, Джалитов Қажет Кәрімұлының шәкіртеріне қол соғып құрмет көрсетейік

(Атамекен)

  1. Кәрім Ерасыл

  2. Қуаныш Мақсат

  3. Сайфетдинов Ислам

  4. Сисенбиев Данат

  5. Қайрат Әмірхан

  6. Сағынқожа Әзиз

  7. Еркін Ерсұлтан

  8. Егізбай Мерлан

  9. Ғалымжанов Досбол

  10. Иманғали Ақжол

  11. Жақсығалиев Әділет


Мұндай чемпиондар Теректі ауданының тарихында бұрын сонды болмаған. Сондықтан да қошеметтерімізді аямай, тағы да құрмет білдірейікші.


Жүргізуші: Кеме үлгілерін жасау спорты бойынша Республикалық чемпионат жүлгелерлеріне, Аққожин Манас Исмағұлұлының шәкіртеріне қол соғып құрмет көрсетейік:

  1. Есқара Ерасыл – ЕХ-600 класы бойынша ІІ орын, Mini Mono класы бойынша ІІІ орын иегері

  2. Асылбеков Ернар – FSR ECO - Exfert класы бойынша ІІІ орын иегері

  3. Сайлау Бекзат – ЕН-600 класы бойынша ІІІ орын иегері

  4. Жолдығалиев Алишер – F2-B класы бойынша ІІІ орын иегері

Жүргізуші: Спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының кубогында орта қашықтықта І орын алған Утепкалиев Серік Сырымұлының шәкірті Хамидулла Адияға қол соғып құрмет көрсетейік.

Аудандық «Жағажай» волейбол жарысынан жүлделі І орын алған Кажгалиев Салауат Салахиятұлының шәкірттері Салахиятов Самғат пен Салжанов Нұрдәулетке қошеметтеріңіз.

Аудандық велосипед туризмі техникасынан жүлделі ІІ орын алған Утепкалиев Серік Сырымұлының шәкірті Губашева Алинаға қошеметтеріңіз!


Жүргізуші: “Нұр Отан” партиясы білім беру саласын цифрландыру, мектептерде электронды күнделік жүйесін енгізу және бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек оқыту үшін еліміздің түкпір-түкпірінде ІТ кластар мен ІТ орталықтар ашу ісін қолға алды. Бүгінгі Білім күні мерекесінде біздің мектебімізде жаңа ІТ класс ашылғалы тұр. Осы салтанатты жиыннан соң ІТ кластың ашылу рәсіміне құрметті қонақтарымыздың қатысуларын сұраймыз.


Жүргізуші: «Сұлу» би тобының орындауында «До-Ре-Ми» биі. Көркемдік жетекшісі Акмурзина Жансұлу Жубантаевна. Қабыл алыңыздар.

Do-re-mi (5)

Жүргізуші: Біз әлі жаңарамыз, өзгереміз,
Біліммен мың мамандық меңгереміз.
Білім күнімен құттықтауға келіп жатқан,
Қонақтарға ретімен сөз береміз.

Жүргізуші: Құттықтау сөз Теректі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Жолдығалиев Сағдат Өмірғалиұлына беріледі.


Жүргізуші: Құттықтау сөз Подстепное селолық округі әкімінің орынбасары

Сұлтанов Мейірбек Ақылбекұлына беріледі.






Жүргізуші: Бүгін қандай шаттық тола күн еді

Бүкіл әлем ерекше бір түледі

Балдырғанын жетелеген ата-ана

Ботасының білім көзін ашатынын біледі, - дей келе, ата-аналар атынан құттықтау сөзді Шайхиниязова Гаухар Жәрдемқызына және Янтудина Алтынай Ержанқызына береміз.

Балбырауын (6)

Жүргізуші: Алғаш келген бүлдіршін,
Құтты болсын қадамың!
Төбеңде бейбіт күн күлсін,
Төмендемесін талабың.
Гүлдендірем деп келдің,
Сәлем алтын мектебім! - деп алғаш мектеп табалдырығын аттап отырған бүлдіршіндердің өнерлерін тамашалайық.

Музыка (Махут Жапақов)

(1 сыныптар тақпақтарын оқиды)

Жүргізуші:

Ән «Мен мектепке барамын». Орындайтын: Өнерпаз бүлдіршініміз Өтеміс Махамбет.

Мен мектепке барамын (7)


Жүргізуші: Талмай, талай білім берген елі үшін,

Білім ордам кенде қалмай, кеңісін.

Сенің балаң, сендік түлек атану,

Мәңгі бақи ұлы бақыт мен үшін! – дей келе, 11 сынып атынан құттықтау сөз кезегі Берсутова Дианаға беріледі.

Музыка (Балбырауын)


Жүргізуші: Шаттықтың үніндей мәңгілік

Алғашқы қоңырау соғылсын!

Қуаныш әніндей жаңғырып,

Жүректер ақ нұрға толыссын.

Алғашқы қоңырауды соғу рәсімін даярлықты үздік бітірген бүлдіршіндер Русланұлы Мансур мен Бекмырза Дильназға ұсынамыз.

Музыка (Махут Жапақов)

Жүргізуші:

Өмір бойы мектебімді жыр етем

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін

Құтты болсын “Білім күнің” - мерекең! – дей келе, баршаңызды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жетейік!

Құрметті оқушылар, ата-аналар, қонақтар және ұстаздар! 2019-2020 оқу жылының «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты алғашқы қоңыру жиынын жабық деп жариялаймыз.


Жайлап Көңілашар күйі ойнап тұрады (8)




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!