СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары 10 сынып

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Металдардың электрхимиялық кернеу қатары сабақ жоспары 10 сыныпқа арналған

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары 10 сынып»

Сыныбы: 10 Күні:30.01.2019 ж

Сабақтың тақырыбы: Металдардың электрохимиялық кернеу қатары

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары жайлы мағлұмат бере отырып, металдардың химиялық қасиеті жайлы оқушы білімдерін тереңдетіп, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу;

2. Дамытушылық. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру, логикалық ой өрісін дамыту;

3. Тәрбиелік. Оқушыларды сабақ барысында пәнге деген қызығушылықтары мен ынта-ықыластарын арттыра отырып, адамгершілікке, жан-жақтылыққа, еңбексүйгіштікке, өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас, жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығулар орындату

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау

II. Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты еске түсіру мақсатында «Химиялық диктант» жүргізу.

  1. Металдардың маңызды физикалық қасиеттері?

  2. Металдардың электр- және жылуөткізгіштігін сипаттаңдар?

  3. Металдарды таптауға, жаншуға бола ма? Бұл құбылыстың сырын қалай түсіндіруге болады?

  4. Құймалар дегеніміз не? 

  5. Ең алғаш алынған құймалардың бірі?

  6. Металдар тығыздығына қарай нешеге бөлінеді?

  7. Ең қатты металл?

  8. Ең ауыр металл?

  9. Түсті металдар?

  10. Ең қиын балқитын металл?

 III. Жаңа сабақты түсіндіру

Металдардың химиялық қасиеттері олардың атомдарының құрылысына, атап айтқанда, атом радиусының үлкендеу, валенттік электрондарының аздау болатынына тәуелді. Реакция кезінде металл атомдары өздерінің валенттік электрондарын оңай береді, сөйтіп, оң зарядты катиондарға айналып тотығады:

  Me0 – ne- = Me+n        тотықсыздандырғыш

Ал тотықтырғыш қызметті металл атомдары берген электрондарды  қосып алатын атомдар немесе иондар атқарады. Металдардың тотықсыздандырғыштық қабілеті бірдей емес. Мәселен, натрий оттекпен лезде әрекеттеседі, ал мыс  оттекпен қыздырғанда ғана реакцияласады. Мәселен, тотияйынның CuSOерітіндісіне батырылған темір шеге қызғылт түсті мыспен қапталады, ал темір сульфатының FeSOерітіндісіне салынған мыс шеге өзгермейді. Мыспен салыстырғанда темірдің электрондары атомдардан оңай үзіледі, өйткені темір мыстан гөрі белсендірек элемент.

  Металдардың химиялық қасиеттері

Металдардың көпшілігі химиялық активті элементтер болғандықтан жай  және күрделі заттармен әрекеттеседі:

 

Металдар - тотықсыздандырғыштар

 

Қосылу реакциялары

 

Орынбасу реакциялары

 

Жай заттармен әрекеттесуі:

 а) оттекпен:

 2Mg0 + O20 = 2Mg+2O-2

 ә) күкіртпен:

 2Al+ 3S0 = Al2+3S3-2

 б) галогендермен:

 2Na0 + Cl20 = 2Na+Cl-

 

Күрделі заттармен әрекеттесуі:

а) сумен:

 2Li0 + 2H+OH = 2Li+OH + H20

 ә) оксидтермен:

 Fe2+3O3-2 + 2Al0 = 2Fe0 + Al2+3O3-2

 б) қышқылдармен:

 Zn0 + H2+SO3-2 = Zn+2SO+ H20

в) тұздармен:

 Fe0 + Cu+2SO= Fe+2SO4 + Cu0

 г) сілтілермен (екідайлы қасиет көрсететін металдар):

 2Al0 + 6Na+OH  = 2Na3Al+3O3 + 3H20

 д) тотықтырғыш  заттармен (H2SO4 конц. HNO3)

 Cu0 + 4HN+5O3 = Cu+2(NO3)2 + 2N+4O+ 2H2O



 

Орыс ғалымы Бекетов  металдардың сулыерітіндідегі тотықсыздандырғыш  қабілетінің әртүрлі екендігін  эксперимент жүзінде анықтай  отырып, 1865 ж. Металдардың белсенділік  қатарын ұсынды және бұл қатарға  сутекті енгізді. Қазір оны металдардың электрохимиялық кернеу қатары деп атайды:

Li  K  Ca  Na  Mg  Al  Zn  Cr  Fe  Ni  Sn  Pb  H  Cu  Hg  Ag  Pt  Au

Металдардың тотықсыздандырғыш  қасиеті

     артады  ←                                                                   → кемиді 









 IV. Сабақты бекіту

    1. Сұрақ-жауап

    • Металдар химиялық реакцияда не себепті тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді?

    • Металдар қандай химиялық реакцияларға қатысады?

    1. Айналуды жүзеге асыр:

А) Ca → CaO → CaSO4

     2Ca +O2→2CaO

     CaO+H2SO→ CaSO4 +H2O

 

В) Fe2(SO4)3 → Fe(OH)3↓ → Fe2O3

     Fe2(SO4)3+6KOH → 2Fe(OH)3↓+3K2SO4

     2Fe(OH)3→ Fe2O3+ 3H2O

 

С) Cu → CuO → CuCl2

     2Cu + O→2 CuO

     CuO + 2HCl → CuCl2+ H2O

 

    1. 3 моль мыс (II) хлориді бар ерітіндіден қанша грамм мыс бөліп алуға болады?

 Берілгені :

ν(CuCl2)= 3 моль

Т/к: m(Cu) -?

Шешуі: m = ν · M

CuCl2+H→ 2HCl+Cu

3 моль                      х моль

1 моль                     1 моль

              

M(Cu)=64 г/моль

m= 3 моль ·64 г/моль= 192 г. (Cu)

Жауабы: m(Cu)=192 г.

 VI. Үйге тапсырма: 5-7 жаттығулар  

VII. Бағалау.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!