СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары: "Тірек -қимыл жүйесі"

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ  8 сынып оқушыларына арналған. Сабақ жоспары биология пәні бойынша мұғалімдерге арналып жасалған 

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары: "Тірек -қимыл жүйесі"»

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп – лицейі» КММ







Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: Сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы.

Сүйек типтері және олардың байланысуы.

Сынып: 8 «М1»













Биология және химия мұғалімі: Ахметбаева Б.К.














Өскемен, 2015

Күні

04. 12. 2015

Сабақтың тақырыбы

Сүйектің кұрылысы мен химиялық құрамы. Сүйектің типтері және олардың байланысуы.

Дереккөздері

«Адам қаңқасы», «Бас сүйегі», «Адамның қаңқасы мен бұлшық еттері» тақырыбы бойынша кестелер, суреттер, интерактивті тақта, бейнематериалдар, электрондық көрсетілімдер, 10%-дық тұз қышқылына салынған сүйек (кальцийсіздендірілген), сүйек кесінділері.

Жалпы мақсат

Оқушыларды сүйектің құрылысы мен құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттармен, сүйектердің байланыс түрлерімен және буынның атқаратын қызметімен таныстыру.

Оқыту нәтижесі

  • Мәтіннің негізгі идеясын ашады.

  • Сыни тұрғыдан ойлануға үйренеді.

  • Өз пікірлерін қорғайды, көзқарасын білдіреді.

Негізгі идеялар

Теориялық білімді практикамен ұштастырып, оқушылар өз бетінше жұмыс жасайды, қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, икемін, білім- білік дағдыларын дамытады.

Тапсырмалар

  1. Топпен жұмыс.

  2. Жеке жұмыс.

  3. Жұптық жұмыс.

  4. Топтық жұмыс

Қорытынды

Мұғалімнің сабақты қорытындылауы

Мұғалім жазбасы

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

уақыт


құрал- жабдықтар

Ұйымдастыру.

1.Сәлемдесу, журнал бойынша тексеру.

2.Сабақтың міндеттерімен таныстыру.

3.Сынып оқушыларын топқа бөліп отырғызып тарсырма беру.

4 топқа қаңқа бөлімдерінің сүйектері таратылып беріледі.

1 топқа: Бас қаңқасының сүйектері.

2 топқа: Дене қаңқасы (омыртқа жотасы, кеуде қуысы)

3 топқа: Иық белдеуі және қол сүйектері.

4 топқа: Жамбас белдеуі және аяқ сүйектері.







Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Топ басшыларын сайлайды.



Қиылған қаңқа бөлімдерінің ішінен тауып құрастырады.






2 мин






7 мин












Қиылған қаңқа бөлімдері. А3- формат, клей, маркерлер.

Негізгі бөлім

Үй тапсырмасын сұрау.

1.1 Мазмұндау – Қаңқа бөлімдері

1.Топ мүшелері құрастырған құрастырған қаңқаларын келесі топқа береді.

1 2 3 4 Қателері болса түзетеді.

2.Әр топтан 1 оқушы шығып кесте бойынша мазмұндайды.

20 мин




«Адам қаңқасы», «Бас сүйегі», тақырыбы бойынша кестелер.


1.2. «Сандық лабиринт». Тақырып бойынша сұрақтар оқу.


1.3. Кім жылдам? Полиглот. Қаңқаның суреті таратылады.



Оқушылар қол көтеріп жауап береді.





Қаңқа бөлімдерінің аттарын орысша, ағылшынша табу.

2 мин






5 мин

Сауалнама сұрақтары




Орысша- ағылшынша сөздік.


Сергіту сәтін ұйымдастыру

«Таңертеңгілік жаттығу» топтамасын жасайды

1 мин

Интерактив. тақта, бейнефильм


Жаңа тақырыпты игерту.

Сүйектің 30% -ы органикалық және 60% -ы бейорганикалық заттардан, 10% судан тұрады. Бейорганикалық заттар сүйекке қаттылық, беріктік қасиет береді. Органикалық заттар сүйекке иілгіш, созылғыш қасиет береді.

Сүйектің химиялық құрамын анықтау. «Калцийсіздендірілген және күйдірілген сүйек қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша зертханалық жұмыс жасау.
а) Күн бұрын тұз қышқылының 10% -дық ерітіндісіне салынған сүйек.
б) Қышқылға салынған сүйекті іскекпен алып, суық сумен жуып, сүйектерді иіп көру және жіпке ұқсас түйін түю.
в) Кепкен сүйектерді сіріңкемен жағып көру.

Оқушылар дәптерлеріне жазады.


15 мин

Оқулық

8 сынып.

86 бет.

Қорытынды






























Егер сүйекті біраз уақыт тұз қышқылына салып қойса, ол жұмсарады.Оның құрамындағы бейорганикалық заттар қышқылдың әсерінен еріп, ерітіндіге бөлініп, органикалық заттар ғана қалады. Егер сүйекті жағатын болсақ, органикалық қосылыстар жанып, су буланып кетеді, үгітіледі. Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар мөлшері көбірек. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде органикалық заттар азайып, бейорганикалық заттар көбейеді.


«5 жолды өлең» әдісі







Үйге тапсырма



1.Топ басшысы топ мүшелерінің бағаларымен таныстырады.


























1. Зат есім. ---- Сүйек
2. Етістік --- Қозғалу
3. Сын есім ---- Берік
4. Сөйлем ----- Сүйек қаңқаны түзеді
5. Синоним ---Қаңқа



«Сымбаттылық – сұлулық» тақырыбына эссе жазу.

3 мин





























3 мин

бағалау парағы





Қосымша материал:

1.Кеуде қуысының қозғалысын көрсету.

2.Омыртқа жотасының қисаюынан болатын ауру түрлері:

Сколиоз – омыртқаның бүйір жаққа қисаюы.
Лордоз - омыртқаның алға қисаюы.
Кифоз — омыртқаның артқа қисаюы.

Сколиоз (грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі.




















Лордоз (грекше lordos — иілген) — омыртқа бағанасының патологиялық майысуының (қисаюының) бір түрі. Адамның тік жүруіне байланысты омыртқа жотасының алға қарай иілім жасап орналасуы. Лордоз омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады. Ауру адамдар арнайы күн тәртібін сақтауы, емдеу гимнастикасымен шұғылдануы, массаж қабылдауы қажет. Кейбір жағдайларда хирургиялық операция жасалуы мүмкін.










Аурудың болу себептері:
1. Орындықта түзу отырмау.

2. Жазу үстелі мен орындықтың биіктігінің сәйкессіздігі.
3. Бір қолмен жүк көтеру.
4. Сүйектер мен бұлшық еттердің нашар дамуы.

5. Ерте биік өкше аяқ киім кию.


Скачать

© 2018, 2720 15

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!