СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің саяси- әлеуметтік жағдайы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

9- сыныптың қазақ әдебиеті пәніне арналып құрылды. Жоспар  жас мамандарға көмекші бола алады.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің саяси- әлеуметтік жағдайы»

Күнделікті жоспарлау.

Мерзімі:

Сынып: 9 « А», « Ә»

Пән: қазақ әдебиеті

Тақырып: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетінің саяси- әлеуметтік жағдайы

Өткізу түрі: Ауызша сабақ №1

Мақсаты: сабақта норматив талабына сай оқушылардың оқу материалын 63% меңгеруіндегі логикалық және сыни тұрғыдан ойлау шапшаңдығын, сөздік қорын, ақпараттық құзіреттілігін дамыту.

Міндет: технологиялық картаның регламентін орындау

Жоспарланған нәтиже: қойылған мақсатқа жету.

Ұ.К.. Сынып бір топ ретінде болады. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі.(2 мин)

І. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою (5 мин)

  1. Сұлтанмахмұт кімнің тәрбесінде болды?

  2. Әкәсінің аты кім

  3. Ақындық жолды таңдауына кім әсер етті?

  4. Ақынды малай орнына ұстаған кім?

  5. Халықты қараңғылықтан құтқару мақсатында жазылған алғашқы өлеңі? Оқып жүрген жастарға

  6. Қай өлеңінде надан болып жүрмейтінін айтады? Шығамын тірі болсам

  7. 1913 ж қай журналға қызметке орналасады? Айқап

  8. Ең алғашқы романы қалай аталады?

  9. Сатиралық өлеңінің аты?

  10. Сұлтанмахмұт қандай ұйым құрмақшы болды?

  11. Алашқа арналған өлеңі қалай аталады?

  12. Бұл өлеңде ұрпақты неге шақырады?

  13. Сұлтанмахмұттың поэмалары?

  14. «Таныстыру» поэманың идеясы

  15. Поэмада кімдерді атап өтті?

  16. «Кедей» поэмасында не туралы айтылады?

ІІ. Қабылдауды ұйымдастыру. Тірек сөздер. Қазан төңкерісі, большевиктер, сауаттандыру мәселесі, енжар, сыншыл реализм.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Берілген (3 мин)уақытта оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып бітіру керек. Оқыған материал бойынша сұрақтар қойылады.

  1. Қазан төңкерісі қашан болды?

  2. Халық неге көтеріліске шықты?

  3. Өкімет кімнің қолына өтті?

  4. Қоғамдық өзгеріс қазақ әдебиетіне қалай әсер етті?

  5. Сауаттандыру мәдениетін көтеру бағытында кімдер еңбек етті?

  6. Әдебиетте қандай көркем әдіс пайда болды?

  7. Сыншыл реализмнің басты сипаты? Қоғамдағы әділетсіздікті сынау

  8. Сыншылдық бағытты дамытқан кімдер?

  9. С. Дөнентаев қандай жанрды дамытты?

  10. С.Көбеев қандай роман жазды?

  11. Әнші – ақындар кімдер?Майра, Иманжүсіп, Үкілі Ыбырай, КененМәди

  12. С.Сейфуллиннің поэмалары?

  13. С.Мұқановтың поэмасы

  14. М.Әуезовтың әңгімелері?

  15. Қандай пьесалар өмірге келді?

  16. Соғыс жылдары жазылған шығармалар? «Ленинг. өренім», «Өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат»

  17. Соғыстан кейін жазылған шығармалар?

IV. Бастапқы пысықтауды ұйымдастыру:

Сыни сұру 5 дұрыс 12 қате құрылған сұрақтардан тұрады. Оқушылардың оқылып жатқан тақырыбының сапасын анықтау үшін арнайы бұрмаланған сұрақтар қойылады.

  1. Тарих пен әдебиет байланысты емес

  2. Қиыншылықтарды ақын- жазушылар көтере алмай бытырап кетті?

  3. Ақын- жазушылар тек бір жанрда тұрып қалды?

  4. Әдебиеттегі көркем әдістің бірі- сыншыл реализм

  5. С.Дөнентаев сюжетті өлеңдер жазды?

  6. Сол дәуірдің көрнекті өкілі Мәшһүр-Жүсіп Көпеев

  7. Баспасөз жұмыстары дамымай қалды

  8. С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафиндерді 30-60 жылдардағы әдебиет өкілдеріне жатқызбаймыз

  9. С.Мұқанов «Қаракөз» поэмасын жазды

  10. Қазақ прозасының негізгі тақырыбы әйел теңсіздігі болды

  11. «Абай жолы» романы соғыс жылдары жазылды

  12. Соғыстан кейінгі әдебиеттің тақырыбы әйел теңсіздігі болып қала берді

  13. Амангелдіге арнап ешнәрсе жазылмады

  14. «Шығанақ», «Миллионер» романдары Ғ.Мүсіреповтікі

  15. Кеңестің дәуір идеологиясы қазақ әдебиетіне тек пайда әкелді

V.Талдау.

Оқыған мәтіндері бойынша сөздік қор тексеріледі. 5 минутта оқығандары бойынша 70 сөзден кем емес ойтолғау жазу керек.

ҮЙГЕ ТАПСЫРМА: 1917-1956 жылдардағы қазақ әдебиетін зерттеу

VІ. Рефлексия:

Мұғалім әр кезеңдегі нормаларды орындау бойынша қысқа сабаққа талдау жасайды. 4-5 деген бағалар санына қарай мақсатқа жету анықталады.



Сапа нормативі - 63%




















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!