СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақтың тақырыбы : Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңі

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

ыШортанбай Қанайұлының өмірбаяны және шығармала

Просмотр содержимого документа
«Сабақтың тақырыбы : Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңі»

Сабақтың тақырыбы : Ш.Қанайұлының «Зар заман» өлеңі

Сабақтың мақсаты : а) Шортанбай Қанайұлының шығармаларынан мәлімет бере отырып, білімдерін жүйелеу,жинақтау және шығармашылық жұмыстар арқылы ақынды жан-жақты таныту;

ә) оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;

б) мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін,ойлау қабілетін,шығармашылық ізденісін дамыту;

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, түсіндіру, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар т.б

Пәнаралық байланыс : тарих

Сабақтың барысы :

а) Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә) Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Орыстан тепкі көрер Ахмет, Міржақып, Сәкендердің халін ХІХ ғасырда Шортанбай соншалық сұңғыла талантпен сезіп, түйсінді. Сондықтан да «Зар заман» атты жырында ақын қазақ халхының басынан бағы тайып бара жатқан шақты қалың қайғымен,мол мұңмен жырлайды.

Зар,зар,заман,зар заман,

Зарлап өткен бір заман,-

Деп, шұбыртпалап әкеліп,түйдектетіп,түйіліп айтады:

Жақс жаманнан түңілген,

Жаман малдан түңілген,

Мұның өзі зар заман.

Зарлығының белгісі-

Бір-бірлерін күндеген.

Кітаппен жұмыс: Шортанбай Қанайұлының өлеңдерін мәнерлеп оқиды.

Тақтамен жұмыс: Тақтаға Шортанбай өлеңдерін құрылысына қарай талдайды.

Құдай деген //мұһминнің 1 шумақ

Аузынан кетпес// тобасы 4 тармақ

Иманы бардың// белгісі 8 бунақ

Тілінен табар //шырасы

Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

  1. Зар заман ақындарының өмірі,шығармашылығы жайында не білесіңдер?

  2. «Зар заман» топтамасы туралы қандай ойларың бар?

  3. Тәуелсіздік, егемендік алғаннан бері зар заман ақындарына деген көзқарас қандай өзгеріске ұшырайды?

  4. Ақын қазіргі кезеңде өмір сүрсе не айтар едің?

Білімді бағалау:

Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: Шортанбайдың өлеңдерін оқып келу.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!