СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Рефлексивный отчет по лессон стади

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 а сыныбында өткен сабақты зерттеу туралы сабақ жоспарлары және талдау жұмыстары

Просмотр содержимого документа
«Рефлексивный отчет по лессон стади»

Биология және жаратылыстану пәні мұғалімі Окасова Алма Турысбековнаның

Lesson Study өткізу тәжірибесінен

  1. Ұйымдастыру , жоспарлау кезеңі

Қазіргі заман балалардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі -оқу сауаттылығы мен ғылыми жаратылыстану сауаттылығы.

Оқу сауаттылығы:

  • Ақпаратты табу;

  • Мәтінді интерпретациялау;

  • Рефлексия және бағалаудан тұрады.

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығы:

  • Ғылыми сұрақтарды тану мен қою;

  • Құбылыстарды ғылыми тұрғыдан түсіндіру;

  • Ғылыми дәлелдерді пайдалану.

Оқу және ғылыми жаратылыстану сауаттылығы дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда оқушы өзі оқып отырған ақпаратты толықтай қабылдай біліп, ішінен негізгісін ала білуі .

Оқушылардың оқу және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға, соның ішінде мәтінмен сауатты жұмыс жүргізе білуге үйрететін бірден-бір құрал –түрлі жаңа технологиялар, әдістер мен тәсілдер.

Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудағы тиімді белсенді оқыту әдістерін анықтау бағытында 8 «а» сыныбында география, орыс, биология тілі пәні мұғалімдерінің бірлескен түрде Lesson Study зерттеуін жүргіздік.

Бұл зерттеуді өткізудегі басты мақсат - оқушылардың оқу және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттырудағы оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерінің тиімділігін анықтау, өзге әріптестерге ұсыныстар беру болатын. Интербелсенді әдістеме – өзара әрекеттесу мен әрекет арқылы үйрету, яғни:


  • ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны пайдалану;

  • проблемаларды шешу және шешім қабылдау;

  • өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіру. Оларды дәлелдей және қорғай білу;

  • әлеуметтік ортада ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау;

  • өмірге деген көзқарасын, ұстанатын сенімдерін, қажеттіліктерін, құндылықтарын жалпы адами құндылықтармен байланыстыру;

  • өздігімен үйрене білу, өз білімін әрқашан да дамытып отыру.

8-сыныптар арасында география, орыс тілі мен биология пәнінен 50% білім сапасын көрсетіп отырған 8 «а» сыныбындағы оқушылардың оқу, ғылыми жаратылыстану сауаттылығын бақылау, жетілдіру, білім сапасын арттыру мақсатында Lesson Study өткізу жоспарланды. Осы мақсатта алдымен зерттеу тобы құрылды:

Мусаханова Г.К –модератор

Дюсюпова М.К. –география тілі пәні мұғалімі,

Окасова А.Т. –биология және жаратылыстану пәні мұғалімі

Жакипова А.С– орыс тілі пәні мұғалімі.

Кабденова Б.Ж-психолог

Зерттеу тобының алғашқы отырысы болып, Lesson Study өткізу жоспары құрылып, бекітуге ұсынылды. (жоспар үлгісі берілді)







«Бекітілді»

«Степное негізгі мектебі балабақша кешені» КММ директоры:

_______

8 «а» сыныбында жүргізілетін Lesson Studyдің жоспары

Уақыты: қараша,желтоқсан 2022 ж.

Тақырыбы: « Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру »

Жауапты ұстаздар: Дюсюпова М.К. –география пәні мұғалімі

Жакипова А.С. – орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Окасова А.Т – биология және жаратылыстану пәні мұғалімі

Мусаханова Г.К. –модератор

Кабденова Б.Ж -психолог


Мазмұны

Мерзімі

Жауаптылар

І Ұйымдастыру кезеңі

1

8 «а» сыныбындағы оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында енгізілуге тиісті өзгерістерді анықтау үшін сауалнама өткізу

07.11


Психолог

Жауапты мұғалімдер

2

Сауалнаманы қорытындылау;

Тақырыпты анықтау, жоспар құру;

Оқу үлгерім деңгейі әр түрлі (А,В,С) үш оқушыны белгілеу;

Күтілетін нәтижені айқындау

08.11


Психолог

Жауапты мұғалімдер

Модератор

3

Интербелсенді оқыту әдістерін қолданып, зерттеу сабақтарын жоспарлау

Арнайы бақылау кестесін жасау, талдау,талап критерийлерін белгілеу, жұмыс картасын жасау

09.11


Дюсюпова М.К

Жакипова А.С

Окасова А.Т


ІІ Зерттеу сабақтарын өткізу кезеңі

4

Бірінші зерттеу сабағы. География . Материктердің климаттық ерекшеліктері.

Топ мүшелері сабақты, үш оқушыны бақылап, жазбалар жасау.

Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.

Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау, келесі зерттеу сабағының мақсатын айқындау, жоспарын құру

16.11

Дюсюпова М.К.

Барлық қатысушы

ұстаздар


5

Екінші зерттеу сабағы. Орыс тілі. Умелые руки не знает скуки.

Топ мүшелері бірлесіп сабақ жоспарын құру;

Сабақ барысын, үш оқушыны бақылау, жазбалар жасау.

Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.

Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау, келесі зерттеу сабағының мақсатын айқындау, жоспарын құру


21.11

Жакипова А.С.

Барлық қатысушы

ұстаздар


6

Үшінші зерттеу сабағы. Биология. Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары .

Топ мүшелері сабақты, үш оқушыны бақылап, жазбалар жасау.

Сабақ өткен сынып оқушыларымен сұхбат жүргізу.

Топ мүшелері: зерттеу сабағын талдау.

08.12

Окасова А.Т. Барлық қатысушы

ұстаздар

ІІІ Қорытындылау кезеңі

7

LS қорытындылау, ұсыныстарды анықтау


Қатысушы ұстаздар

8

Өткізілген LS-дің қорытындысы бойынша іс-тәжірибе бөлісу

қаңтар

Қатысушы ұстаздар



Модератор: ____________ Мусаханова Г.К.


Зерттеу тобы мүшелерімен кеңесе отырып, психолог көмегімен 8 «а» сыныбында сауалнама өткізілді.


Сұрақтар

Жауап

Ия

Жоқ

Кейде

1

Мәтінмен жұмыс жасау қиындық тудыра ма?




2

Мәтіндегі негізгі ойды анықтай аласың ба?




3

Мәтін бойынша жеңіл сұрақтарға жауап беру қиындық тудыра ма?




4

Мәтін бойынша күрделі сұрақтар құрастырып, жауап беру қиындық тудыра ма?




5

Мәтін бойынша сұрақтар құрастыра аласың ба?




6

Мәтіннен алған ақпаратты тапсырмалар орындауда қолдана аласың ба?




7

Мәтінге қатысты өз ойыңды (тұжырымыңды) білдіре аласың ба?





Сауалнама нәтижесінде қатысқан 8 оқушының 4-і (50%) мәтін бойынша күрделі сұрақтар құрастыруда, 4-і (50%) мәтінге қатысты өз ойын (тұжырымын) білдіруде қиналатынын айтқан. Сауалнама қорытындысы бойынша «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» зерттеу тақырыбы анықталды. А,В,С деңгейлі оқушылар анықталып, күтілетін нәтижелер белгіленді.


С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.

Зерттеу жұмысын жүргізу үшін сыныптың ерекшелігін ескердік. Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері мұғалімнің бақылауымен және бағыттауымен, ұйымдастыруымен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз белгілі бір уақыт ішінде оқушылардың ынтымақтастықта тапсырманы орындауы. PISA зерттеуiнде оқу сауаттылығы ұғымын оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия,олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, бiлiмдері мен дағдыларын қоғамның белсендi өмiріне араласуы үшiн дамытуы деп көрсетілген.Оқушылардың оқу сауаттылықтарын арттыру оқу техникасы немесе мәтiннің мазмұнын нақты түсiнуін бағалауға емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағыттадық. Рефлексияны бағалау үшін мәтіннің мазмұны немесе формасына, оқушы тапсырманы орындау барысында мәтіндегі мәліметті басқа жерден алған білімдерімен байланыстыра білуіне, мәтінде берілген бекітулерді өмір туралы өз көзқарастарымен байланыстырып, дәлелдеулеріне көңіл бөлінеді.Сонымен зерттеу сабақтарына кірістік.

2- зерттеу сабақтарын өткізу кезеңі


Қараша, желтоқсан айында жоспар бойынша үш циклдан тұратын зерттеу сабақтары өткізілді. Әр сабаққа зерттеуге қатысушы және өзге де сол сыныпқа сабақ беретін мұғалімдер қатысып, бақылау картасын толтырып отырды. Әр сабақтан кейін оқушылардан сұхбат алынды. сабақ біткен соң топ мүшелері жиналып, сабақты талқылады, оң нәтижелерді анықтап, ұсыныстар беріп, келесі сабақтың мақсатын, күтілетін нәтижелерін белгілеп отырды. Алдағы сабақтың жоспарларын бірлесе жоспарлап, әдіс-тәсілдерді тиімді таңдау жолдарын ұсынды. Әр сабақтан кейін пән мұғалімдері рефлексиялық есеп жазды.



Сабақты бақылау парағының үлгісі

Сабақ барысында қол жеткізген табысы мен жетістігі

А-деңгейлі оқушы

Фокус тобының табыс критерийлері

В-деңгейлі оқушы

Фокус тобының табыс критерийлері

С-деңгейлі оқушы

Фокус тобының табыс критерийлері

Деңгейі

Оқушыларға берілген тапсырмалар

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

Күтілетін нәтиже

Оқушы жауабы

А,В,С

Тест тапсырмасы







А,В,С

Кластер құру







В,С

«Венн» диаграммасы







В

«Егер, онда, өйткені...»









А,В,С

«Жуан,жіңішке» сұрақтар







А,В,С

«Сәйкестендіру»









В,А,С

FILA» әдісі









С

«Артығын ал»









В,А

«фишбоун»









Кері байланыс

/сұхбат/









География пәні бойынша 1-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы

«Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың ғылыми жаратылыстану сауаттылығын арттыру тақырыбындағы» Lesson Study зерттеу жұмысының 1-зерттеу сабағы география пәні бойынша өткізілді.

Қазіргі заман оқушылардың функционалды сауатты болуын талап етсе, соның бірі ғылыми жаратылыстану сауаттылығы.

Ғылыми жаратылыстану сауаттылығын төрт аймаққа бөлуге болады:

  • ғылым мен технологияға сүйенетін өмірлік жағдайларды танып білуі (контекст);

  • қоршаған орта мен ғылым туралы білімдерден тұратын ғылыми білімдердің  негізінде техниканы қоса қоршаған әлемді түсінуі (білім);

  • ғылыми сұрақтарды ажырата білуі, ғылыми жаратылыстану құбылыстарын түсіндіруі, айқын нақтылықтар мен дәлелдемелердің негізінде қорытындылар жасауы үшін ғылыми білімдерді қолданудан тұратын құзыреттіліктерді көрсетуі (құзіреттіліктер);

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру үшін қазіргі кезде түрлі оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға болады. Сондай технологиялардың бірі – оқу және жазу арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы болса, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер болып табылады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының негізгі ұстанымдары топтық жұмысқа, еркін ойлауға, жазбаша, ауызша ой алмасуға, мәтін мәнін ашуға, автор іріктеген сөздер мен сөз тіркестерінде жатқан ұғымдарды түсінуге, әрекеттестікке негізделген.

Осы мақсатты негізге ала отырып,Lesson Study жоспары бойынша фокус топ мүшелері алғашқы география пәнінің сабағын жоспарлады.

Сабақтың тақырыбы: «Материктердің климаттық ерекшеліктері »

Мақсаты:

  • Мектептің оқыту мақсатына тоқтала отырып, ойларын айта білуге жетелеу.

Міндеттері:

  • Мәтінмен жұмыс жасай отыра, процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау білігін дамыту;

  • Мәтінге сұрақ қоя білуге үйрету.

  • Берілген жоғары-төмен дәрежелі сұрақтарға жауап беру.

  • Мәтіннен негізгі идеяны таба білу.

  • Мәтіннен түсінгеніне сүйеніп, ой қорыта білуге дағдыландыру.

  • Оқушылардың дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру білім-білігін арттыру

Сабақтың пән бойынша мақсаты айқындалғаннан кейін, үш деңгейлі оқушыдан күтілетін нәтиже және оқушылар белгіленді.

С деңгейі – Материктердің климаттық белдеулердің ерекшеліктерін сипаттай алады. мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.(Нұрланов Зейін)

В деңгейі – Материктердің климаттық белдеулердің ерекшеліктерін салыстыра алады, мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады(Жумагельдина Көркем)

А деңгейі - Материктердің климаттық белдеулердің ерекшеліктерін сипаттап картадан көрсетеді. мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, климатограмманы талдайды, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады .(Қабылғажина Н)

Lesson Study жүргізудің негізгі мақсаты оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру болғандықтан сабақта мәтінмен, қосымша деректермен жұмыс басты назарда болды..Оқу сауаттылығын интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы,сабақтың жоспарына балалардың пән бойынша деңгейлері ескеріліп, тапсырмалар дайындалып, әдістері таңдап алынды.

ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар, сәйкестендіру, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және климатограмма талдау, графикпен жұмыс.

СТОҮ: Кластер әдісі,, Жуан-жіңішке сұрақтар , мылқау сурет, ойлан тап,

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар.

АКТ: интер белсенді тақта.

ББК: топтағы оқушылар көшбасшылығы.

ОҮБ: критериалды өзін-өзі жиынтық бағалау.

Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға ынтымақтастық атмосферасын құрды, үш оқушы белсенділік танытты. Өткен тақырыпты тексеру үшін, кеспе қағаз таратты. Қағазда климаттық белдеу түріне сипаттама берілген.Оқушы қандай климаттық белдеу туралы айтылғанын табу керек.Өткен тақырып бойынша Адеңгейлі оқушы климат белдеуін дұрыс тапты. В деңгейлі оқушы мұғалімнің жетелеуші сұрағымен климат белдеуін тапты.С деңгейлі оқушы тапсырманы орындай алмады.

Ой қозғау мақсатында «Кластер» әдісі арқылы «климат түзетін факторлар?» сұрағына ой топтастыру жасалды. Бұл тапсырманы орындауда С деңгейлі Зейін мүлдем қатысқан жоқ В деңгейлі Көркем тек бір ғана факторды айтты. А деңгейлі Нұрай ғана белсенді қатысты.

Жоспар бойынша мәтінмен жұмыста келесі тапсырма оқу болды.Топтық жұмыс ұйымдастырылды.Сынып екі топқа бөлінген. Топтарға әр материк бойынша мәтін берілді. Тапсырма: • Материктен өтетін климаттық белдеуді анықтайды

• Осы климаттық белдеулерді сипаттайды

А деңгейлі Нұрай мен В деңгейлі Көркем бір топта болды. С деңгейлі Зейін екінші топта болды. Ажәне В деңгейлі оқушы орырған топ тапсырманы дескрипторға сәйкес орындады., Екінші топта болған С деңгейлі Зейін тапсырмада көптеген қателіктер жіберді.Климаттық белдеулерге сиаттама бере алмады.Материктен өтетін климаттық белдеуді дұрыс атады.Топтың басқа мүшелері тапсырманы орындап, Зейін көлеңкеде қалып қалды . Мәтінмен жұмыста Нұрай өзіне таныс сөздерді таба білді, мәтіннен климат белдеуін сипаттайтын сөздерді таба білді.Топтық жұмыста Нұрай көшбасшылық көрсетті. В деңгейлі Көркем осы тапсырмада да берілген деректерден климат белдеуін анықтады, бірақ өз ойымен сипаттама бере алмады. С деңгейлі Зейін бүгінгі өткізілген сабақ барысында әдеттегіден белсенділігі төмен, өзіне сенімсіз болды.

Келесі тапсырма сын тұрғысынан ойлауға үйретудің салыстыру әдісі Венн диаграммасын сызу. Жұптық жұмыс: Климаттық белдеулерді салыстыру. Картамен, климатограммамен жұмыс. А деңгейлі Нұрай климатограммадан берілген қаланы анықтап, қай материкте орналасқанын айттты және картадан қиналмай көрсетті. Бұл этапта С деңгейлі Зейін берілген климаттық белдеуді салыстырды. В деңгейлі Көркем салыстырып, ұқсастығымен айырмашылығын тапты. Картамен жұмыста қате жіберді.

Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс сәйкестендіру және негізгі идеясын табуға бағытталған тапсырма мәтіннің кілт сөзін тап және климат белдеуі сипаттамасына сәйкес келетін материкті таңда тапсырмасында Нұрай тапсырманы күтілгендей орындап шықты, кілт сөзін тапты, материкті дәл таба білді. Көркем кілт сөзін таба білді, бірақ мәтіннің І- материкті сәйкестендіре білді, 2- материкті таба алмады.Зейін материкке сәйкест климат белдеуін таба білді, бірақ кілт сөзден материкті таба алмады.

Қорытынды тапсырма деңгейлік тапсырмалар берілді. С, В деңгейге мәтін бойынша тест жазу және В, А деңгейіне климатограмма арқылы Қазақстанның климатына талдама жасап, қандай климат факторларына байланыстылығын болжайды . Көркем пен Зейін тест жұмысын орындады, Нұрай график арқылы климатқа сипаттама берді. Болжам (зерттеу) жұмысында қателіктер кездесті, дегенменде негізгі ойын жеткізе білді.

Жалпы сабақтың өту барысында сөздік қор тосқауылы балалардың ойларын еркін айтуына кедергі келтірді, бірақ , тірек сөздерді пайдалану арқылы барынша жол тауып шығуға тырысты. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыруда, күтілген нәтиже бойынша А деңгейлі Нұрай ойдағыдай жұмыс жасады, яғни нәтижеге қол жеткізе білді.В деңгейлі Көркем де өз деңгейінде жақсы жұмыс жасауға тырысты, топтық жұмыста сенімсіздік танытқанымен, жұптық жұмыста өзін көрсете білді. Олай деудің себебі жұп болып жұмыс жасағанда Венн диаграммасын қорғауға шықты. С деңгейлі Зейін ғана өз деңгейінде жұмыс жасай алмады. Сабақта сенімсіз болып, белсенділік таныта қоймады.

Сабақ аяқталған соң оқушылардан сұхбат алынды. Нұрай мен Көркемге сабақ үстінде өздерінің қалай жұмыс жасағандары ұнаған. Ал Зейінге өзі-өзінің көңілінен шыға қоймапты, себебі ол өзінің сабаққа өзге адамдардың қатысқандығы оны қобалжытыпты. Осыдан шығатын қорытынды оқушының өз-өзіне деген сенімін арттырып, үрейді жеңу бағытында психолог Кабденова Балжан Жұлдызқызы жұмыс жасау қажет деп ұсыныс жасалды.

География сабақтарында мәтінмен жұмыста оқу және сипаттау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы, сонымен қатар білім беру мен білім алудағы жаңа әдістер арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттырумен қатар , оқу,ғылыми жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда тиімді пайдалануға болады деуге болады.


Қорытындылай келе келесі зерттеу сабағы орыс тілі пәніне фокус топтың жасаған ұсынысы

- Оқу сауаттылығын,ғылыми жаратылыстану бағытын арттыруға бағытталған белсенді оқыту әдістерін көбірек топтық жұмысқа қарай бағыттау.


Рефлексия по уроку Русского языка, проведенному в рамках Lesson Study 

Тема урока: «Умелые руки не знает скуки.»

По результатам анализа первого урока исследования по географии были рекомендованы на уроке русского языка активные методы обучения, направлен на повышение читательской грамотности , которые должны быть направлены в большей степени на групповую работу.

Наблюдаемые ученики уровней: А – Кабылгажина Нурай, В – Жумагельдина Көркем, С – Нурланов Зейін.

Цели урока:

  • понимать содержание прозаических, драматических и поэтических произведений фрагментов, определяя ключевые моменты развития сюжета или конфликта, пересказывать содержание текста с творческими дополнениями.

  • применять знаки препинания в предложениях, различать составные именные сказуемые.

Для достижения поставленных целей урока были применены различные приемы и методы работы, внедрялись модули» Программы курсов повышения квалификации пед.работников РК»:

Новые подходы в преподавании и обучении: работа в парах, в группе.

Обучение критическому мышлению: классификация, составленеи вопросов низкого и высокого порядка.

Оценивание для обучения и оценивание обучения: комментарии учителя, взаимооценивание учениками.

Использование ИКТ в преподавании и обучении: выполнение задания на интерактивной доске, работа с интернетом.

Обучение талантливых и одаренных детей: уровненвые задания.

Преподавание и обучение в соответствии с возрастными особенностями учеников: задания подобраны с учетом возрастных особенностей учеников.

Управление и лидерство в обучении: учитель управляет процессом обучения, распределяет детей по группам, наблюдает за работой.

С самого начала урока ученики были активны. Для создания коллаборативной среды был проведен тренинг «Комплимент», в котором дети смогли сказать приятные слова друг другу. С целью актуализации знаний было проведено небольшое тестирование, в котором ученики показали, что они хорошо усвоили тему «Типы односоставных предложений». Допустили небольшую ошибу Кабылгажина Н. и Жумагельдина К. При работе в группе с заданием - классифицировать слова - были активны все ученики, дети уровня С также проявили интерес к выполнению задания, внося свой вклад. При совместной работе наблюдалось сотрудничество, взаимоуважение. От одной группы в качестве спикера выступила Кабылгажина Н. Также при работе с текстом ученики выполняли индивидуальные задания. Было предложено на выбор 3 задания: уровней А,В,С. Были ученики, которые выбрали задания не своего уровня и не смогли осилить их. Так, например, наблюдаемая ученица Жумагельдина К., выбрала задания уровня А, соответственно не справился с заданиями: определить основную мысль текста, составить «толстый» вопрос. И наоборот ученица уровня А Кабылгажина Н выбрала задания уровня С. Нурланов Зейін (С) выбрал задания уровня В и неплохо справился с их выполнением, были допущены речевые недочеты при построении предложений. В целом, можно сказать, что на данном уроке ученики поняли содержание текста, смогли определить основную мысль текста. Наблюдается проблема в формулировке идей текста и постановки вопросов. Так же с целью проверки насколько ученики поняли текст я предложила задание по нему. При выполнении задания по тексту вставить пропущенные слова Нурланов З(С). также допустил ошибки как в постановке слов, так и в их правописании. Көркем выполняла задание на интерактивной доске, слова вставила она правильно, допустила небольшую ошибку в правописании. С целью закрепления грамматической темы урока предложила задание: найти в тексте односоставные предложения и определить их тип. Данная работа выполнялась в группе, учащиеся хорошо справились с ней. Также была предложена работа в парах: составить диалог на данные темы (ученики уровня С) и найти в интернет-источниках материал о том, как здороваются люди разных стран мира и показать несколько из них (А,В). Дети неплохо справились с заданиями, но так как я не уложилась во времени, не все успели выступить.

На уроке ученики чувствовали себя свободно, открыто выражали свои мысли, ставили мне вопросы, не боялись ответить неправильно. Принимали активное участие во всех видах работ, царило взаимопонимание, наблюдался диалог между мной и учениками и между самими учениками. Наблюдаемые ученики оправдали результат на 50%.

Я не уложилась во времени. Считаю, что мне нужно правильно рассчитывать время при отборе заданий для урока. Также работать над формированием правильной речи учащихся, так как дети понимают текст, но допускают в формулировке ответов, построении вопросов. Сабақты бірлесе талдай келе, келесі биология сабағына келесідей ұсыныс берілді:

-Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

-Бағалаудағы табыс өлшемдерінің дискрипторларын ашып көрсету.


3- зерттеу сабағы. Биология пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пәні

Биология

Сынып

8

Тақырыбы:

Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары .


Мақсаты

8.1.3.12 қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау

Міндеттері

  • Мәтіннен қан тамыр жүйесі ауруларының себептерін сипаттайды.

  • Қосымша деректерден аурудың алғашқы белгілерін анықтайды

  • Мәтіннің негізгі идеясын сипаттайтын сызба құрастырады.

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады, жеткізеді

  • Мәтіннен негізгі ойды табуға шыңдалады.

  • Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

  • Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру;

Күтілетін нәтиже

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады,сызба құрастырады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.




Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Психологиялық жағымды ахуал туғызу үшін «Текше» әдісін пайдаланып, оқушылар бір- бірінен көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал туғызады.

https://classroomscreen.com платформасы арқылы оқушыларды 3 топқа бөлемін.

Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;


https://classroomscreen.com платформасы арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.

Қ Б: Қол шапалақ




Үй тапсыр масын сұрау

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында wordwall.net платформасы арқылы қайталау жұмысын жасату. Сілтеме: https://wordwall.net/ru/resource/34702878/8-%d1%81-23-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84

Дескриптор:

- қан айналым шеңберлерін анықтайды – 1 балл

- қан айналым жүйелерін анықтайды – 1 балл

- қан тамырлары түрлерін анықтайды – 1 балл



https://wordwall.net/ru/resource/34702878/8-%d1%81-23-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84 платформасы арқылы өткен сабақты қайталайды.

https://wordwall.net/ru/resource/34702878/8-%d1%81-23-%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d0%b3%d1%80%d0%b0%d1%84 платформасы арқылы өткен сабақты қайталайды..

wordwall.net платформасы

Ой қозғау

Мағына ны тану

СТОҮ:«Ол кім? Бұл не? » әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.

.

Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;


ҚБ: Қол шапалақ

Слайд №2

Сабақтың ортасы мағынаны түсіну


































Сабақтың ортасы

Мағынаны қолдану


Топпен жұмыс

«FILA» әдісі. Әр топқа проблемалық мәтін беріледі. Оқушылар «FILA» әдісі бойынша зерттеу жүргізіп, кестені толтырады.

F

Факті

I

Идея

L

Оқыту сұрақтары

A

Іс-әрекет






Оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды таңдауға мүмкіндік береді. ББЖӘТ: топтық жұмыс

2/СТОҮ әдістері;

ДБЖ –деңгейлік тапсырма:

ББК: топтағы оқушы көшбасшылығы

С деңгейі – Мәтін ішінен түйінді түйінді сөздерді жазады.

В деңгейі - Мәтіннің негізгі идеясын сипаттайтын сызба құрастырады

А деңгейі –«Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, проблеманы анықтау, ауру себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады.


«Жұптық жұмыс» оқушылар өз жұптарымен орындайды.

«Сәйкестендіру» әдісі Оқушыларға сәйкестендіру кестесі беріледі. Оқушылар өз беттерімен жеке-жеке орындайды.

Сәйкестендіру кестесі:


Ауру белгілері

Ауру атаулары

Қан қысымының төмендеуі

Миокард инфаркты

Қанағым бұзылуы салдарынан жүрек бұлшықеттің кейбір жерлерінің семуі

Гипертония

Жүректің жиі соғуы, жүрек аймағның ауруы сезуі

Инсульт

Қан қысымының көтерілуі

Атерсклероз

Қан қысымы қатты жоғарлағанда қантамырлар жарылып кетіп, мүшелерге қан ағуы

Гипотония

Жүректің қанмен қамтамас етілуі бұзылуы

Тахикардия

Заттардың май аламсуының бұзылуы

Ишемиялық ауру



Әр топ оқушылары біріге отырып жұмыс жасайды, «FILA» әдісі арқылы зерттеу жүргізіп кестені толтырады.

Бірінші топ гипотония, жүректің ишемиялық гипертонияны зерттейді. Екінші топ инсульт, миокард инфаркті, тахикардияны бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


С деңгейі берілген мәтіннен қан тамырлар жүйесі ауруларының аттарын жазып шығады.

В деңгейі – Аурудың негізгі себептерін анықтайды.

А деңгейі- Оқушылар балық қаңқасына анықталған аурудың алдын алу жолдарына дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.

Себептері

Проблема

Қорытынды

Дәлелдер

А,В,С оқушыларының зерттеу нәтижесін «FILA» кестесіне толтырады .











Оқушыларға сәйкестендіру кестесі беріледі. Оқушылар өз беттерімен жеке-жеке орындайды.

Әр оқушы өз жұбымен ой бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады.


«Tik-tok» әдісі














Дескриптор:

- Сәйкестікті нақты анықтайды – әр дұрыс жауапқа 1 баллдан

Жұптар өзара бір бірін бағалайды.








«Tik-tok» әдісі






Қосымша-1

«Фила» кестесі, таратпа мәтіндер

































Презентацияоқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері, сәйкестендіру кестесі





























Ой толғаныс

С деңгейі - «Артығын алып таста» әдісі бойынша тапсырма орындайды


В,А деңгейлері – «ПОПС формуласы» әдісі арқылы

-Неліктен жүрек, қан тамырлар ауруларының алдын алу маңызды деп ойлайсың? Сұрақты талдайды.

«Артығын алып таста» - берілген қатардан.

1.Инфаркт, туберкулез, гипертония;

2.Тахикардия, артроз,инсульт;

3. Атерсклероз, ишемиялық ауру,дерматит;

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

(өмірмен байланыстыру)

Білімін пайдалануы

Ой қорытуы, өмірмен байланыстыруы


Бағалау

ОҮБ: критериалды өзін-өзі бағалау.



Үй тапсырмасы

ДБЖ: деңгейлік тапсырмалар

С деңгейі – параграф 24.107 бет «Білу, түсіну» деңгейі сұрақтарына жауап береді.

В деңгейі – «Қолдану» деңгейі тапсырмасын орындайды.

А деңгейі – «талдау» деңгейі тапсырмасын жасайды.









Биология пәні бойынша 3-зерттеу сабағының рефлексиялық жазбасы

Бірге жиналу –бұл бастама,

Бірге қалу –бұл алға жылжу,

Ал бірге жұмыстану –бұл жетістік.

Генри Форд



Білім беру жүйесінде бастысы –бұл тұлғаның интеллектуалды және эмоционалды дамуы. Өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдықты қажет ететін жағдайда заман талабына сай өмір сүріп , қызмет етуі қажет. Осы орайда мұғалімдер алдында оқушыны тек университетке түсуге емес, өмірге дайындау міндеті де тұр. Ал оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда тілдік пәндердің орны ерекше. Осы мақсатта 8 «а» сыныбында өткізілген сауалнама қорытындыларына сүйене отырып, география ,орыс тілі, биология пәні мұғалімдері білім жетілдіруге бағытталған ынтымақтастық педагогикалық тәсіл Lesson Study  өткізуді жоспарладық. Жоспарлау, оқыту, қадағалау, оқыту мен оқуды талдау, өз қорытындыларын тұжырымдап, құжаттарды бірлесіп жүзеге асыратын мұғалімдер тобы құрылды.

  
Жүргізілген сауалнама негізінде «Білім беру мен білім алудағы интербелсенді оқыту әдістері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбы белгіленді.


Lesson Study зерттеу жұмысының 1-зерттеу сабағы биология пәнінен «Қан тамырлар жүйесі аурулары» бойынша өткізілді. Биология сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру мақсатында әр бір тақырыпты күнделікті өмірмен ұштастыра алатындай тапсырмаларды дайындадым. Көп жағдайда мұндай тапсырма түрлерін PISA зерттеулерінің тапсырмалар жинағынан аламын, бұл жинақта ашық және жабық тапсырма түрлерін алып оқушыларға әр түрлі әдістермен ұсынуға болады.

Екінші зерттеу сабағы орыс тілі пәні бойынша өткен сабақты талдау нәтижесінде келесідей ұсыныстар берілді:

  • Мәтінмен жұмыс барысында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

  • Бағалаудағы табыс өлшемдерінің дискрипторларын ашып көрсету.

Берілген ұсыныстар ескеріле отырып, зерттеуге қатысушы фокус топ мүшелерінің бірігуімен биология сабағының жоспары жасалды, мақсаты мен міндеттері белгіленіп, А (Қабылғажина Н), В (Жумагельдина К), С (Нұрланов З) деңгейлі оқушылардан күтілетін нәтиже анықталды.

Сабақтың мақсаты:

-Қантамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау.

Міндеттері:

  • Мәтіннен қан тамыр жүйесі ауруларының себептерін сипаттайды.

  • Қосымша деректерден аурудың алғашқы белгілерін анықтайды

  • Мәтіннің негізгі идеясын сипаттайтын сызба құрастырады.

  • Қан тамыр жүйесі ауруларының алдын алу шараларын ұсынады, жеткізеді

  • Мәтіннен негізгі ойды табуға шыңдалады.

  • Мәтіннен оқып-түйгендері жайлы ой қорытуға бағыттау;

- Жұпта, топта жұмыстану арқылы жақын арада даму аймағын қалыптастыру

Күтілетін нәтиже:

С деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады.

В деңгейі – мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл және күрделі сұрақтар құрастырып, жауап бере алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, рефлексия жасай алады.

А деңгейі - мәтінді түсінеді, жеңіл және күрделі сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша жеңіл және күрделі сұрақтар құрастыра алады, мәтіннен алған жаңа ақпаратты сұрыптай алады, түрлі тапсырмаларды орындауда қолдана алады, мәтін идеясын өмірмен байланыстырады, рефлексия жасап, ой қорытады.


Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, негізгі проблеманы шешуге бағытталған келесідей әдіс-тәсілдер жоспарланып, тапсырмалар дайындалды: тест тапсырмасы;

СТОҮ: :«Ол кім? Бұл не? » әдісі, « FILA», «Артығын алып таста.»,«Фишбоун», «Сәйкестендіру», «Жуан-жіңішке сұрақтар»;

ДБЖ: А,В,С деңгейлік тапсырмалар

АКТ: wordwall.net платформасы , https://classroomscreen.com латформасы, joyteka.com платформасы.

ББК: топтағы оқушылар көшбасшылығы

ОҮБ: критериалдыөзін-өзі жиынтық бағалау

ББЖӘТ: диалогтік әдіс, жұптық, топтық жұмыстар


Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларға бағалаудың табыс өлшемдері таныстырылып, оқушылардың сабақ барысындағы мақсат-міндеттері айқындалды. ҚБ мақсатында барлық жұмыс, тапсырма түрлерінде «Tik-tok» әдісі арқылы бағалауды жүргіздім. «Tik-tok» қорапшасына «Tik-tok» лайктерін салып, әр дұрыс жауапқа лайк беріліп отырылады. Сабақ соңында «Tik-tok» лайктарының санына байланысты оқушылар бағаланды.

Үй тапсырмасы 10 сұрақтан құралған wordwall.net платформасы арқылы қайталау жұмысын тест арқылы тексерілді. платформасы арқылы өткен сабақты қайталайды. Өткен сабақты қайталау барысында қан айналым шеңберлері және қан айналым жүйелері мен қан тамырларының түрлерін анықтауға берілген тапсырмаларға өз жауаптарын айтты. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын уақытты үнемдей отырып, бір мезетте тексере алу мүмкіндігінде. АКТ құралдары арқылы оқушылардың оқуға деген зейіінін оятуға болады.  Сыныптағы оқушылардың 80% жоғары нәтиже көрсете алған, бұдан шығатын қорытынды –оқушылар үй тапсырмасына тыңғылықты дайындалған.

«Ой қозғау, мағынаны тану» «Ол кім? Бұл не? » әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау

арқылы ой топтастыру тапсырылды. Мағынаны тану үшін оқушылар суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады;

Бұл тапсырманы орындау барысында А деңгейлі оқушы (Нұрай.) күтілетін нәтижеде белгілегендей, суреттің мағынасын толықтай айтты, белсенділігі жоғары болды. Ал В деңгейлі оқушы екі жауапқа қана қатысса, С деңгейлі оқушы тапсырманы дәптерінде орындады, бірақ белсенділік таныта қоймады.


Келесі мағынаны түсіну сатысында топтық жұмыс барысында оқушылардың оқу сауаттылығының даму деңгейін бақылау көзделді. . Әр топқа проблемалық мәтін берілді. Оқушылар «FILA» әдісі бойынша зерттеу жүргізіп, кестені толтырады.

С деңгейі берілген мәтіннен қан тамырлар жүйесі ауруларының аттарын жазып шығады.

В деңгейі – Аурудың негізгі себептерін анықтайды.

А деңгейі- Оқушылар балық қаңқасына анықталған аурудың алдын алу жолдарына дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды.

Бұл тапсырманы орындауда С деңгейлі оқушылар бір-бірінің айтқандарын есте сақтауда, сабақтастықпен байланыстыруда қиналғаны байқалды, алдыңғы оқушының жауабын есте сақтай алмау немесе өз жауабымен жалғастырып кетуде белгіленген уақытта кідіріп отырды. Бұдан шығатын қорытынды бұл әдісті қолдану үшін әр түрлі деңгейдегі оқушыларды араластырып орындату арқылы жетістікке жетуге болады. В деңгейлі оқушылар. Мұндағы мақсат –оқушыларды мәтіндегі негізгі ойды өз пікірімен сабақтастыра алуына, ой қорытуына жағдай жасау. В деңгейлі Көркем берілген аурудың негізгі диагнозы арқылы аурудың себептерін анықтады. Мысалы: Айнаш пен Айша апаның серуендеп жүріп, бір-біріне әңме барысында денсаулықтары жөнінде сыр шертті. Айтуларынша екі апаның да бастары жиі ауыратын болған. Бірақ айнаш апа отырып тұрғанда басы айналатынын айтса, айша апамыз жүрегі айнитынын және кейінгі кезде тамыр соғуы жиілігенін байқайтыны айтты. Бұл екі апада қандай ауру белгілірі байқалып тұр? Көркем бірден гипертония мен гипотония ауру белгілері екендігі туралы бірден тапты.

Демек , оқушы мәтіндегі ойды күнделікті өмірмен сұрыптап, қорыта алды. Жалпы осы әдісті қолдану барысында оқушылардың белсенділігі жоғары екені байқалды.. А деңгейі –«Фишбоун» әдісімен жұмыстанды. А деңгейін 4 оқушы ғана таңдап, топта бірге жұмыстанды. Оқушылар А 3 форматында берілген балық қаңқасына жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларының негізгі проблемасын , оның туындау себептерін анықтады, дәлелдерін келтірді, қорытынды жасады. Негізгі проблема мен қорытындыны оқушылар топта бірлесіп анықтады. Ал себептері мен дәлелдерін анықтауда А деңгейлі оқушы Еркежан « Басты себеп адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлмеуінен десек, сонымен қатар жағымсыз экологияның да салдары жетерлік. Әсіресе, соңғы жылдары инфаркт пен инсульттен болатын өлім тым жиілеп барады. Оның негізінде, атеросклероздан басқа, адамдардың жүйке жүйесінің шаршауы, олардың дәрменсіздікке ұшырап, депрессияға түсуі жатыр»деп сауатты, сыни ойланып жауап берді. Нәтижесінде , бұл әдісті оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда түрлі мәтіндерге талдау жасауда қолданудың тиімді екеніне көзім жетті.

Мағынаны қолдану сатысында оқушылар алған білімдерін қаншалықты қолдана білетіндігін «сәйкестендіру» тапсырмасын жұппен орындап көрсетті. А және С деңгейлі оқушылар бір жұпқа бірігіп, В мен С деңгейлі жұптарымен жұмыс жасады. Тапсырма :жүрек қан тамырлар ауру белгілерін аурудың аттарымен сәйкестендіру.

Бұл тапсырманы орындау барысында А мен С жұптары барлығын дұрыс тапты. Ал В мен С жұптары қателіктер жіберді.

Оқу сауаттылығын арттыру, ойларын жинақтау, тақырып бойынша сұрақтарды қаншалықты деңгейде құрастырып, жауап бере алатынын байқау мақсатында диалогтік әдіс , яғни «Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісін қолдандым. А,В деңгейлі оқушылар жуан сұрақтар құрып, жауап бере алды. В деңгейлі оқушы Диас жіңішке сұрақтар құрай алды.

Сабақты қорытындылауда таңдалған әдіс тәсілдер оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, мәтіннен алған ақпаратты қорыту мақсатында С деңгейінде берілген қатардан.

«Артығын алып таста» ал А,В деңгейлерінде «ПОПС» әдісі арқылы -Неліктен жүрек, қан тамырлар ауруларының алдын алу маңызды деп ойлайсың? Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,....»
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын....»
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

(өмірмен байланыстыру)Сұрақты талдайды.. С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда қатардан артық сөзді дұрыс тауып, тапсырманы дұрыс орындады. Ал А деңгейіндегі оқушы сұраққа сабақтан түйген ойын өмірмен байланыстырды, дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі. Деп түйгенін айтты.В деңгейіндегі оқушылар үшінші сұрақ бойынша темекіден толықтай бас тарту қажет; тиімді тамақтану ережелерін сақтау; майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту – тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп отырғанда деніміз сау болады деп ой тұжырымдады.

Сабақ соңында «Tik-tok» лайктарының санына байланысты оқушылар бағаланды өздерін бағалады.

Қорытындысында :

А деңгейлі оқушы:

Мәтін мазмұнын түсінуі, жеткізе білуі, өзгені тыңдап, есте сақтай алуы. Өзіндік талдау жасай алуы

Проблеманы анықтау,себептері мен дәлелдерін табуы,алған білімін топтастыруда қолданды, белсенділігі жоғары болды, мәтін мазмұны мен идеясын түсінген, проблеманы, себебін, дәлелін анықтап, қорытынды жасай алды. Мәтін мазмұны бойынша жуан сұрақ құрай алады, жеңіл, жуан сұрақтарға тақырыппен, өмірмен байланысты жауап берді.

В деңгейлі оқушы:

Мәтін мазмұнын түсінеді, топтастыруда қолдана алады, белсенділік жетіспеді, мұғалімнің сұрақтарына ғана жауап берді. Мәтін идеясын түсінген, мәтіннен алған білімін сұрыптай алды. Мәтін мазмұны бойынша тек жіңішке сұрақ құрай алды, бірақ сұрақтарға жауап беруге қатысты. Тақырыппен байланысты ой қорыта алды, бірақ өмірмен байланыстырмады.

С деңгейлі оқушы сөздік қоры аз, мәтін мазмұнын меңгереді, жеңіл сұрақтар құрап ,жауап бере алады



Зерттеу сабақтары аяқталған соң, топ мүшелері отырыс жасап, зерттеу нәтижелерін қорытындылады.

АКТ – ны сабақта  пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындады.  Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай-ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс – әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Зерттеу сабақтарын өткізу барысында интербелсенді оқыту әдістерін сабақтарда пайдалану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға болады деген қорытындыға келдік және келесі ұсыныстарды анықтадық:

  • Мәтінмен жұмыс барысында оқу сауаттылығын қалыптастыру мақсатында белсенді оқыту әдістерін түрлендіріп, күрделендіріп беру;

  • Оқушылардың зейінін шоғырландыратын тапсырмалар көбірек дайындау;

  • Мәтін бойынша жуан сұрақтар құрастыруға көбірек көңіл бөлу;

  • Мәтін бойынша оқушының өзіне тапсырмалар құрату.


Салыстырмалы талдау

І-ІІ тоқсандағы 8 а-сынып оқушыларының білім сапасы

зерттеуге дейін және кейін



Қорытынды


Қорыта келгенде, Lesson Study зерттеуі мектептегі әрбір мұғалім үшін оның кәсіби жетілуге көмектесетін тәсіл деуге болады. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес, Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз, соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз. Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілін пайдаланатын көптеген адамдардың айтуынша, зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Демек, мықты және нашар оқушылардың аралығындағы «орташа» сыныпты оқытуға қарағанда, Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмір бойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.









Пайдаланылған әдебиеттер:


    1. Lesson Study (сабақты зерттеу) бойынша мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана 2013


    1. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (базалық) деңгей, 2012.www.cpm.kz




    1. «Lesson study» как способ совершенствования практики обучения. Әдістемелік көмекші құрал. Астана, 2014.










































Қосымшалар


№1 қосымша

Lesson Study-ді жоспарлау және «бақылаудағы» оқушыларды анықтау бойынша ұсынылатын іс-әрекеттер

Бірінші Lesson Study-ді қандай сыныпта өткізетіндігіңізді анықтап алыңыз, содан кейін әртүрлі білім алушы топтың шынайы өкілі болып табылатын үш оқушыны: жалпы дағдылар немесе жекелеген пәндер үшін қажетті дағдылар бойынша сыныпта оқитын оқушылардың ішінен жоғары, орта, төмен көрсеткіштері бар топтардың үш өкілін таңдап алыңыз. Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтап алыңыз. Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтетініңіз туралы қысқа да нұсқа жазып алыңыз. Өзіңіз жетілдіргіңіз келетін немесе пайдалануды жоспарлап отырған оқыту әдісінің қолданылу ретіне назар аудара отырып, сабақтың әр кезеңін жоспарлаңыз. Бақылаудағы әрбір оқушыдан қандай реакция күтетіңізді жазып отырыңыз: өзінің тақырыпты игеру қарқынын көрсету үшін әр оқушы әрбір кезеңде не істейді. Қандай ресурстар қалай қолданылатындығын және тақтада не жазатыныңызды барынша дәл анықтап алыңыз, әрбір кезең үшін уақыт шеңберін белгілеңіз. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алыңыздар. Барлығы екі оқушы қадағалап, үшінші оқушы назардан тыс қалмайтынына сенімді болыңыз.

№2 қосымша

Lesson Study-ді өткізу Ұсынылатын іс-әрекеттер Lesson Study-ді жоспарлау үшін келесі бетте ұсынылған сызбаны қолданыңыз. Оны А3 форматына дейін үлкейткен абзал болады. Сызбаны, сонымен бірге, (көшірмесі жасалып, Lesson Study-дегі бақылаушыларға берілсе) бақылау картасы ретінде де қолдануға болады және Lesson Study-ден кейінгі талқылау барысында негізгі материал бола алады. Бақылаудағы оқушылар жұмыс істеп отырған кезеңдерді бірлесіп бағалауға ерекше назар аударыңыз. Сіз оқушылардың жетістіктерін бағалау материалдарын қолдана аласыз. Топ мүшелерінің бақылаудағы оқушылардың әрқайсысы бойынша сабақ соңына қарай нені істей білетінін және дәлелдеме ретінде нені көргісі келетіндігін нақты жазып отырғаны өте маңызды. Lesson Study бірлесіп жоспарланатындықтан, ол топтың бірлескен меншігі болып табылады. Бұл бақылаушылардың мұғалімге емес, бақылаудағы оқушыға (оқушыларға) көп көңіл бөлетіндігін білдіреді. Олар әрбір бақылауды бақылаудағы оқушыға ғана негіздей отырып бастауға тырысып, кейіннен бақылау аясын кеңейту арқылы топтың немесе толық сыныптың қамтылуына ұмтылуы керек. Бақылаушылар бақылаудағы оқушылардың сабақтың әр түрлі кезеңіндегі жауаптарын белгілеп отырып, осы кезеңде жоспарланған нәтижеге сәйкестігін немесе одан алшақтығын ескеріп отырулары қажет. Екіталай жағдай туындаса, оларды да ескеру қажет. Егер барлығына бірдей жағдай орын алса (мысалы, барлық оқушы бір нәрсені дұрыс түсінбесе), оны оң жақ бағанға белгілеңіз. Мүмкін болса, әрбір түсініктеменің уақытын белгілеп отырыңыз. Қорытындылай келе, жоспарланған нәтижемен салыстыра отырып, әр оқушының ілгерілеуінің дәлелдемесін анықтап, олардың күтілетін нәтижеге қаншалықты жеткенін белгілеңіз. Бақылаудағы оқушылар (топтар немесе сынып) үшін келесі сабақтың негізгі кезеңдері қандай болмақ? Оларға сабақтан кейін қандай сұрақ қоя алар едіңіз? Оларды парақтың соңындағы «алғашқы ойлар» деген жолға жазып қойыңыз.

№3 қосымша. Сабақты бақылау, талқылау картасы

№4 қосымша. Сабақтан кейін оқушылармен сұхбаттасу бойынша ұсыныстар

Ұлыбританияда Lesson Study топтары зерттеу аяқталған соң оқушылардың пікірінше, не пайдалы болғанын, олардың нені білгенін және олардың көзқарасы бойынша, оны одан да пайдалырақ ету үшін, сабақты тағы бір рет өткізсе нені өзгертуге болатыны туралы пікірін білу үшін бақылаудағы оқушылармен жиі сұхбаттасып тұрады. Сұхбат ұзаққа созылмай (5 минуттан аспағаны дұрыс), барлық бақылаудағы оқушылармен бір уақытта немесе жеке-жеке жүргізілуі мүмкін. Оқушылардан жауап алуды мүмкіндік туысымен бірден, ең дұрысы - Lesson Study аяқталған соң өткізген дұрыс. Өзіңіздің жазбаларыңызда олардың кейбір жауаптарын түртіп алуға тырысыңыз. Кейде бақылаудағы оқушылармен бірге оқитын топтардағы басқа оқушылардан да жауап алынады. Бұл жауаптарды әр түрлі тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік бергенімен, жиналған мәліметтерді жүйелеуді қиындатып жіберуі мүмкін.

Түсініктемелер 2-кесте. Сабақтан кейін бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар

Бақылаудағы оқушыларға қоюға ұсынылатын сұрақтар


Саған сабақта бәрінен де не ұнады?


Сен нені үйрендің? Бұрын істей алмағандарыңнан қазір нені істей аласың? Нені жақсырақ істей аласың? Қаншалықты жақсы? т.б.


Оқытудың қай бөлігі сен үшін барынша тиімді болды?

Егер дәл осы сабақ басқа топта өткізілетін болса, нені өзгертер едің? Неліктен бұл бөлігін өзгертер едің?






№5 қосымша

Lesson Study-ден кейінгі талқылау

Lesson Study тобына мүмкіндік болса сабақтан кейін бірден жиналу қажет (әрине, сабақ өткеннен кейін 24 сағаттан кешіктірмей). Сіз топ мүшелерін Lesson Study-ден кейінгі жетістікті талқылау критерийлерімен таныстыра аласыз:

1. сыни пікірлер мен ұсыныстарға ашық болу;

2. бақылаулар нәтижелерін қабылдау және сәтсіздіктерді ақтауға тырыспау;

3. сабақтан кейінгі талқылауды бірлесіп оқыту әдісі ретінде бағалау;

4. бақылау кестесінде/жоспарында нақты мақсаттар мен мәселелерді белгілеу;

5. талқылаудың «модераторын» (талқылауға позитивті бағыт беріп отыратын төраға) тағайындау, бұл рөлді ол адамның қызметімен байланыстыруға болады;

6. Талқылау барысында Lesson Study тобының білім алғандығын жазып алып отыратын және соңында осы топ мүшелеріне немесе топқа кірмейтін адамдарға түсініктеме беретін «кеңесшіні» (соңғы түсініктеме беретін адам) тағайындау. Бұл адам мектеп қызметкері болмауы да мүмкін. (Takahashi, 2005). Ең бастысы, талдауды оқытудан емес, бақылаудағы оқушылар (мен басқа оқушылардың) оқуын, білім алғандығын қадағалаудан бастау керектігін ұмытпау керек (3-суретті қараңыз).

Бұл реттілік оқушылардың білім алуына баса назар аударып, мұғалімдердің оқытуын талқылауға ойысып кетуге жол бермеуге көмектеседі, себебі талқылаудың соңғы түрі мұғалімдерге субъективті және кәсіптік дамуға ықпал ете алмайтындай болып көрінуі мүмкін (3-суретті қараңыз). Қол қойып, күнін жазыңыз. Түсініктемелерді мұғалімдер бөлмесіндегі кәсіби даму журналында сақтаңыз.

Төмендегі үлгіні Lesson Study нәтижелерін талқылау мәселелерін жазуға пайдалануға болады Талқылау барысында жазба жүргізуге арналған кесте


Бақылаудағы А деңгейлі оқушы

Бақылаудағы В деңгейлі оқушы

Бақылаудағы С деңгейлі оқушы

Оқушының әрқайсысы қандай прогреске қол жеткізді? Ол жеткілікті болды ма? Олардың сыныптарындағы басқа оқушылар қандай нәтиже көрсетеді?




Енгізіліп жатқан әдіс қалай көмектесті немесе кедергі келтірді (екеуі де болуы ықтимал)? Қандай тосын оқиғалар болды?




Әр оқушының нәтижесін жақсарту үшін келесі жолы әдістеменің қандай аспекті(лері) түзетілуі керек?




Келесі жолы біз не істеуге тырысуымыз керек?













Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!