СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Развлечение "Осенние приключения" для детей младшего возраста в группах с казахским языком обучения

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий осеннего развлечения для детей 2-4 лет

Просмотр содержимого документа
«Развлечение "Осенние приключения" для детей младшего возраста в группах с казахским языком обучения»

Күз сиқырлары

Балалар әдемі әуенмен қолдарына ұстаған жапырақтарымен алға кіріп, жарты шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Армысыздар ардақты ата аналар және қонақтар! Күз мерекесіне арналған ертенгілігімізге қош келдіңіздер.

Жетті желмен алтын күз

Жеміс жинау салтымыз

Жиын терін болған соң

Той жасайды халқымыз.

Тақпақ. Ән. «Күз»

Жүргізуші: Күздің сыйын алайық

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәріміз

Би билейік жарайық.

Би «Жапырақтар»

Бала: Қараңдар қандай керемет!

Алтын сары қызыл көк

Алуан алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап


Жүргізуші: Бұлттар төніп жерге шөгіп

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып, өңі тайып

Дала сұры қашады.

Әуен ойналып, сырттан Жаңбыр жүгіріп кіреді.

Жаңбыр: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Бой жаза алмай ойнай алмай

Денең мұздап тоңады

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады. –Күзде!

Жүргізуші: Менің байтақ далам

Менің әсем қалама

Ақша бұлттар ауады

Әрине жаңбыр жауады.

Ән «Где же наши ручки»

Жаңбыр әннен кейін сіркіретіп балаларды қорқытады.

Бала: Жаңбыр жаңбыр соқпашы

Ойнайықшы тоқташы.

Жаңбыр: Менімен ойын ойнағыларың келе ме?

Жүргізуші: Әрине ойнаймыз біздің әдемі қолшатырымыз бар, қараңыз!

Жаңбыр: Керемет!

Жүргізуші: Күн сәулесін шашайық

Олай болса ойнайық

Ойын. «Күн мен Жаңбыр»


Жаңбыр: Рахмет балалар маған арнап ән айттыңдар, ойын ойнадыңдар

Олай болса кетейін

Күзді қуып жетейін

Қоштасып шығып кетеді.

Жүргізуші: Жаңбыр кетті тынышталды, қол ұстасып әндетіп, күзгі орманға барайық.

Орындарынан тұрып, қолдарынан ұстап бір шеңбер жасап келіп, шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Міне балалар қараңдар орман тып тыныш, мүмкін қол соғып, би билеп, күзді орманға шақырамыз.

Би. «Хлоп-хлоп»

Жүргізуші артта тұрған үйшікке қарап;

  • Балалар қараңдар, мына жерде үйшік тұр. Кім бар екен қағып білейік.

Есікті қағады, ішінен Аю шығады.

Аю: Кім мұнда шулаған

Мені ұйқыдан оятқан?


Жүргізуші: Біз мұнда ән айттық

Бірақ кешірші ояттық!

Аю сыртта отырып ұйықтап қалады.

Жүргізуші: Балалар қараңдар Аю ұйқтап қалды, мүмкін ақырын барып Аюмен ойын ойнасақ па екен?

Ойын. «Аю мен бала»

Жүргізуші: Рахмет Аю біздің балалр сенімен ойын ойнап қуанып қалды.

Мынау саған (Бал тарту етеді)

Аю қоштасып үйшігіне кіріп кетеді.

Балалар орындарына отырады. Сырттан Күз кіреді.

Күз: Сәлеметсіңдер ме балалар мен қонақтар!

Алтын түске боялды

Тау қыр мен дала түз

Келдім міне ортаға

Менің атым Алтын күз!

Жылда сізге келемін

Сыйлығымды беремін.

Қолындағы сыйлықты беріп жатып, қолынан түсіріп алады.

Жүргізуші: Оой қараңдар балалар, жеміс жидегіміз төгіліп қалды, енді не істейміз, оны жарысып жинаймыз.

Жүргізуші: Жемісі мол теретін

Күз дос екен бізбенен

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Ойын. «Астық жинау»

Ойыннан кейін Күз себетпен сыйлығын береді.

Жүргізуші: Күздің сыйын алайық

Қызығына қанайық

Күзге арнап бәріміз

Әнімізді салайық.

Ән. «Листик желтый»

«Күзге сәлем»

Жүргізуші: Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қош сау болыңыздар!

Қоштасып шығып кетеді.

















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!