СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Правила безопасности на каз.языке

Категория: Химия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Правила безопасности на каз.языке»

Зертханада жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелері


1) Улы, өткір иісті заттар мен қышқылдарды және қышқыл ерітінділерін суалтумен байланысты жұмыстардың барлығы тартпа шкафта жүргізіледі.

2) Оңай от алатын заттармен істелетін тәжірибелер оттан аулақ жүргізіледі.

3) Металл натриймен және басқа сілтілік металдармен жұмыс істегенде судан сақ болу керек. Сілтілік металдың қалдықтарын лаборантқа өткізу керек, қалдық салуға арналған ыдысқа салуға болмайды.

4) Пробиркадағы ерітіндіні қыздырған кезде пробирканың аузын көрші орында отырғандардан аулақ ешкім жоқ жаққа қаратып ұстаған дұрыс. Әсіресе концентрлі қышқылдар мен сілті ерітіндісін қыздырғанда осы ережені сақтау керек. Мұндай тәжірибелер тартпа шкафта жүргізіледі.

5) Қыздырылып жатқан ерітінді мен балқындының үстіне еңкеюге болмайды. Ыстық ерітінді бетке шашырауы мүмкін.

6) Өткір иісті заттарды, бөлініп жатқан газдарды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Қолмен ақырын өзіне қарай желпіп иіскеу керек.



Сурет 1 – Газдың иісін анықтау. Газдарды немесе өткір иісті заттарды иіскегенде өзіңе қарай желпіп иіскеу керек


7) Қатты сілтілермен жұмыс істегенде (ірі кесектерді ұнтақтау, кептіргіш колонкаларды сілтімен толтыру, балқыту үшін қоспалар дайындау т.б.) шыны көзілдірік кию керек. Құрғақ сілтіні шпательмен, пинцетпен, қысқышпен алу керек. Жұмыс орнынан сілтінің қалдықтарын толық алу керек. Осындай қауіпсіздік шараларын фосфор ангидридімен жұмыс істегенде де сақтаған дұрыс.

Концентрлі қышқылдарды сұйылтылған қышқылды суға құю керек, керісінше істеуге болмайды.

Сынаппен жұмыс істегенде шеті биік арнайы ыдыстар қолданылады.

Сынап, мышьяк, металл цианидтерін, сирек және бағалы металл қосылыстарының қалдықтарын арнайы лаборанттан алынған ыдысқа құяды.

Ақ және қызыл фосфор қалдығы бар шыны приборларды алдымен мыс сульфаты құйылған ваннаға салу керек.


Зертханада алғашқы жәрдем көрсету


1)Теріге (қол, бет т.б.) концентрлі қышқыл (күкірт, азот, сірке қышқылдары т.б.) тисе, сол жерді жыдам ағынды сумен 3-5 минуттай жуып, сол орынға танниннің спирттегі ерітіндісіне немесе 3%-тік калий перманганаты ерітіндісіне батырылған мақта басып орайды. Қатты күйік алған жағдайда дәрігерге көрінген дұрыс.

2) Сілті ерітіндісі денеге тиген жағдайда дененің сол бөлігін терінің жылтылдағаны басылғанша сумен жуып, таннинің спирттегі ерітіндісіне немесе 3%-тік калий перманганатының ерітіндісіне батырылған мақтаны дәкемен орайды.

3) Сілті мен қышқыл ерітіндісі көзге шашыраса, зақымданған көзді бөлме температурасындағы сумен көп шайып, дереу дәрігерге көріну керек.

4) Тері ыстық заттарға күйгенде (шыны, металл т.б.) алдымен танниннің спирттегі ерітіндісіне немесе калий перманганаты ерітіндісіне батырылған мақта басып, соңынан күйікке арналған майы бар дәкемен орау керек.

5) Фосфорға күйген жағдайда мыс сульфатының екі проценттік ерітіндісіне батырылған дәкемен орайды.

6) Хлор, бром, күкіртті сутек, көміртек оксидімен уланғанда, зардап шеккен адамды таза ауаға алып шығып, дәрігер шақыртады.

7) Мышьяк, сынап және цианды тұздармен уланғанда бірден дәрігерге көріну қажет. Басқа улы заттармен жұмыс істеу кездегі қауіпсіздік ережелері мен алғашқы жәрдем көрсету нұсқаудың сәйкес тарауларында беріледі.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!