СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Поурочный план на тему "Көк кептер"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Поурочный план на тему "Көк кептер"»

Сынып: 2

Пән: Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы:

Бөлім: Құстар біздің досымыз.

Машқар Гумеров. Көк кептер

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Менің отбасым және достарым.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру


Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:

Шығарманың мазмұнын түсінеді.

Көптеген оқушылар:

Шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар:

Шығарма мазмұныны бойынша сұрақтар құрастырады.

Бағалау критерийі

Шығарманың мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді.


Құндылықтарға баулу

Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының 7 құндылықтарының бірі ұлттық дүниетанымның маңыздылығын түсіндіру.Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау,қарым-қатынас жасау қабілеті,достық,айналадағыларға қамқорлық көрсету.

Пәнаралық байланыс

Музыка, жаратылыстану.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта,аудио

Бастапқы білім

Құстардың бірнеше аттарын біледі.

Кептерлер туралы біледі.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың басы.


























































Жағымды ахуал орнату.

1.Сәлемдесу.

- Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Үлкендерді құрметтеп,

Бас иеміз біз.

-Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінейік.

Топқа бөлу: «Cиқырлы қорапша»

Құстардың суреттерін таңдау арқылы, топтарға бөліну.



(Т) «Адасқан сөздер» әдісі.

Құстар суреттерінің артындағы адасқан сөздерді құрастыру арқылы құстар туралы нақыл сөзді құрастырады.

Аққуды атуға, досыңды сатуға болмайды.



Нақыл сөзді талдау.

-Неге аққуды атуға болмайды деп ойлайсыңдар?

-Досты сатуға болмайды деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Дескриптор:

-Нақыл сөздерді дұрыс құрады.

-Мағынасын түсіндіреді.

ҚБ: (Т) «Ұшты-ұшты» (Нақыл сөздерді дұрыс құрап,мағынасын дұрыс түсіндірсе қолдарындағы құстарды көтереді.)

Сабақтың ортасы.


Тыңдалым. «Болжау әдісі»

  • Сонымен балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ?

  • Қандай құс жайлы екенін білу үшін мына дауыстарды тыңдайық.

  • Көгершінді тағы қалай атайды?

Машқар Гумеровтың «Көк кептер» шығармасымен танысамыз.

Автор Машқар Гумеров туралы презентациядан мәлімет беру.

1.тапсырма. Оқулықпен жұмыс: (Т) оқылым «Аялдамаммен оқу» әдісі

Әр топ мәтін бөліктерін оқып, басқа топтарға түсіндіреді. Ондағы түсініксіз сөздерді белгілейді.

Тауып оқу.

1-топ: Нүсіпбектің кептерді атқан жерін тауып оқу.

2-топ: Жараланған кептердің қиналып жатқан жерін оқу

3-топ:Достарының Нүсіпбекті жазалаған жерін тауып оқу.

Дескриптор:

- Әр топ мәтін бөліктерін оқиды

- Мәтін бөліктерін топтарға түсіндіреді.

- ондағы түсініксіз сөздерді белгілейді.

ҚБ: «Үш шапалақ»

Сөздік жұмыс: Зақпы-айыр садақ, ату құралы





2.тапсырма (Т) айтылым «Карусель» әдісі

Әр топ мәтін бойынша 5 сұрақ дайындап келесі топқа қояды.

Дескриптор:

  1. Шығарманың мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады.

  2. Cұрақтарға толық, дұрыс жауап береді.

ҚБ: «Құс қанаты»( Егер топтар сқрақтарға дұрыс, толық жауап берсе қолдарын көтеріп, құс қанаты сияқты қимыл жасайды )



Сергіту сәті: «Ақ көгершін»



Деңгейлік тапсырма

(Ж) жазылым. «Венн диаграмасы» әдісі

Оқушылар жұппен бір-біріне оқылған мәтіндегі кейіпкерлер Нүсіпбек пен Аймағанға сипаттайды. Ортақ қасиеттерін табады.

Нүсіпбек Аймаған









Дескриптор:

-Кейіпкерлерді сипаттайды.

- Ортақ қасиетін табады.

ҚБ: (Ж) «Көңіл күй сызығы» әдісі арқылы бағалау (Әртүрлі көңіл-күйдегі смайликті сызықтарға орналастыру.

Деңгейлік тапсырма

  • Нүсіпбек пен Аймағанның арасындағы достыққа өз көзқарасыңды жаз.

«Кезбе тілші» әдісі

Тілші роліндегі оқушы микрофонмен әр топқа барып сұрақ қояды.

- Құстарға қалай қамқорлық жасар едің?

-Құстар туралы қандай тыйым сөздер білесің?

-Құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?

Сабақтың соңы.

3 минут.


(Ө)«Семантикалық карта»



Авторы

Жанры

Жағымды кейіпкер

Жағымсыз кейіпкер

Менің түйгенім










ҚБ:Мұғалімнің бағалауы









Кері байланыс

«Жемшашар»

Ағаш бұтақтарындағы тиісті жемшашарға құстарды орналастырады.

Түсінікті: жасыл жемшашар.

Сұрағым бар: сары жемшашар.

Түсінбедім: қызыл жемшаша



Үйге тапсырма:

Барлығы: Ой толғау Мен Нүсіпбектің орынында болсам.....

Көптегені: Жараланған кептерге қалай көмектесуге болады. Ретімен жаз.

Кейбірі: «Құстар - біздің досымыз» тақырыбына эссе жазу.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!