СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Плацента для по урочный

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

помогает на студентам и мед сестрам хороший помощь

Просмотр содержимого документа
«Плацента для по урочный»

Ақпараттық парақ.

Плацента

Плацента тек қағанақты сүтқоректі жануарларға тән. Бұл органның ерекшілігі: ана мен ұрықтың дене жасушаларының қосындысынан құралады. Негізгі функциясы ана мен ұрықтың аразында зат алмасуды қамтамасыз ету. Плацента 12 аптада хорионикалық талшықтардың орнын басады.

Плацентаның құрылысы: ұрық жағынан плацента хориондық жасушалардан қалыптасады, оларды хориондық талшықтар деп атайды. Олар сіңіру ауданының көлемін ұлғайтады. Құрамында капиллярлар торы бар, ұрықтың кіндік артериясы мен кіндік венасынан қалыптасады. Бұл тамырлар ұрықтан жатыр қабырғасына барады, оларды кіндік арқаны деп атайды.

Аналық жағынан плацента эндометрий өсінділерінен құралады. Олардың және хориондық талшықтардың арасында қуыс бар, қуысқа жатырдың артериолалары қанды айдайды. Бұл қуыстан қан жатыр қабырғасында орналасқан венулаларға ағады.

Плацента толық дамығанда салмасы 600 г жетеді, диаметрі 15-20 см. Орталық бөлігінің қалыңдығы 3 см. Ана мен ұрықтың қаны араласпайды. Соның арқасында ұрық анасының жоғарғы артериалдық қан қысымынан зардап шекпейді, босану кезінде қанның араласпайы да ұрыққа тиімділігін көрсетеді.

Плацента арқылы заттардың сіңірілу механизмі: мембрананың беті хориондық талшықтардың бетінде микротүкшелерді қалыптастырады. Соның салдарынан жалпы сіңірілу ауданының көлемі ұлғаяды, зат алмасудың диффузиялық жолын, активті транспорт пен пиноцитозды жүруіне үлкен үлесін тиігзеді (ауданның ұлғаюы). Бұл жасушаларда митохондриялар көп, микротүкшелерде көпіршіктердің болуы ана қанынынан заттарды пиноцитоз арқылы сіңіруді білдіреді.






Плацента (лат. placenta грек. plakus — жұқа нан) — жоғары сатыдағы сүтқоректі жануарлардың аналық ағзасында ұрықтың даму кезінде пайда болып, жатыр мен ұрықты байланыстырып тұратын арнайы мүше. Плацентаны жануарларда “шуы” деп те атайды. Плацента арқылы аналық ағза мен ұрықтың арасындағы зат пен газ алмасу процесі жүзеге асады. Плацентаның түзілуі ұрықтың имплантациясы деп аталады. Плацента арқылы ұрық аналық ағзаның қанынан оттек пен қоректік затты алып, оған ыдырау өнімдері мен көмір қышқыл газын бөледі. Плацента ұрыққа қажетті заттардың түсуін белсенді түрде реттеп, дәнекерлік қызмет те атқарады. Плацентадан аналық ағзаға әсер ететін гормондар (гонадотропин, соматотропин, т.б.),ацетилхолин, т.б. заттар түзіледі. Плацента ұрықтың сыртқы қабатындағы хорион қабықшасы мен жатыр қабырғасының қосылуынан түзіледі. Ұрықтың дамуының бастапқы кезеңінде хорион қабығының барлық бетінен бірінші реттік, ал кейінгі даму кезеңінде екінші реттік бүрлер түзіледі де, жатырдың кілегейлі қабығына кіріге өседі. Екінші реттік бүрлер ұрық қапшығымен немесе аллантоис қабығындағы қантамырлармен байланысады. Осыған орай Плацента сарыуызды және аллантоисты деп те бөлінеді. Біріншісі кейбір акулаларға, қосмекенділерге, ал екіншісі бауырымен жорғалаушыларға тән. Гүлді өсімдіктерде тұқымбүршіктің жатырға бекитін жерін де Плацента деп атайды.

Плацентаның қызметтері

Плацента бірнеше қабаттан құралатын гематоплаценталық барьерді құрайды. Шаранның қан тамырлары плацентада ұсақ капиллярларға дейін тармақталады. Осы капиллярлар лакуналарда орналасады, лакуналар ана қанымен толтырылады. Плацентаның қызметтері:

• Газалмасу: ана қанынадағы оттегі шарана қанына диффузия арқылы өтеді, кері бағытта көміртегінің диоксиді тасымалданады.

• Трофикалық және зәр шығарушы: плацента арқылы шарана суды, элоктролиттерді, қоректік заттрады және минералды заттарды, витаминдерді қабылдайды. Сонымен қоса плацента белсенді және пассивті тасымал арқылы метаболиттерді шығару қызметін атрақады (несепнәрді, креатинин және т.б., зәр шығару).

• Гормональды: плацента эндокринді бездің қызметін атқарады. Плацентада хориондық гонадотропин түзіледі.

• Қорғаныш: плацента иммундық қызметке ие. Шаранаға ананың антиденелерін өткізеді, сондықтан шарананың иммунологиялық қорғанышын қамтамасыз етеді. Антиденелердің жартысы плацента арқылы шаранаға өтеді, шарананың қорғауын жасайды. Плацента иммундық конфликтің алдын алуға қабілетті, ана қанындағы бөгде объектілерді танып, оларды жояды. Осы реакция болмаған жағдайда шарананың қабылдамау үдерісі жүреді (отторжение плода).


Скачать

© 2019, 1352 1

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!