СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Отбасы алтын діңгек

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Отбасы алтын діңгек».

Мақсаты: Балаларға жанұя жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы құндылығының мәнін ашу; 

Міндеттері: Білімділік: Отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру ;

Дамытушылық: Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы, отбасында жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту;  Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, бауырмалдыққа, тәрбиелеу;  Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, жұмбақ, мақал-мәтел, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы: Ойланайық- пікірлесейік

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ?         (Отбасы)

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

 Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы алтын діңгек» деп аталады.

Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз. Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

-Отбасылар  тұрады - Иә, балалар, әрбір үй өз алдына бір отбасы, олар бір үйде тұрады, бірге өмір сүреді. - Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы. Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

-Отбасы мүшелерін - Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз. 

-Балалар, жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?  -Отбасы ол бірге бір үйде  тұру,бірге өмір сүру, татулық, мейірімділік, бір-біріне қамқор болу, көмектесу.

-Отбасы деген не?

-Отбасы деген ол сенің ата-анаң, бауырың. -Отбасы құрамы деген кімдер?

Ата, әже, әке, ана,........

Отбасы шағын мемлекет, ол мемлекет қандай болуы мүмкін?  -Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...

Топтастыру: «Менің отбасым, менің бәйтерегім»

Балалар біз өзіміздің  бақытты отбасымыздың  үлгісін құрастырайық.

Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық. Балалар қиылған суреттерден коллаж құрастырып  плакатка жапсырады.

Балалар біз өз отбасымызды анықтап алдық. Ендеше отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар құрастырып айтып көрейік.  (Балалар коллажды қорғай отырып, әр бала өзінің жапсырған суретіне қарай тақпақ айтады)

Бейнеролик 

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Әке-әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.

Балалар, назарымызды бейнероликке аударайық 

Сұрақтар.

1. Балалар бейнероликтен ненітүсіндіңдер?

2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?, Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасауы керек?

 Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды. 

Сергіту сәті: « Шаңырақ» Ал балалар тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық Уық болып шаншылып, Өрімдей боп өріліп. Бәріміз жүрсек айналып, Киіз үй болып көрінер. - Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?

-Киіз үй  

- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?

-Адамдар - Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Отбасы - Дұрыс айтасыңдар. 

 

Мақалдың жалғасын тап (суретпен жұмыс)

1.Атаға қарап-... ( ұл өсер)

Анаға қарап-... (қыз өсер)

2.Ананың көңілі балада,...( баланың көңлі далада)

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

6. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)

 

 

Жағдаяттарды талдау:

 Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан

Қартайғанша соны таныр қиядан. 

Ендеше жағдаяттарға назар аударайық

 

1-жағдаят

Балалар, зейінімізді бері аударып, мына бір жағдаятқа, бейнесюжетке  назар аударайық 

Сұрақ:

  1. Баланың  іс-әрекеті дұрыс па?
  2. Сенің басыңнан осындай жағдай өтсе сен не істер едің?  Баланың іс-әрекетін қайталар ма едің?
  3. Сен баланың орнында болсаң не істер едің?

2- жағдаят 

Енді екінші бейнесюжетке  назар аударайық 

Сұрақ:

  1. Балаға әкесі не деп айтты?
  2. Қалай ойлайсыңдар әкесі мен баласы не істейді?

 

Ойын: Кім жылдам? (Жұмбақ жасыру) Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу. Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.  Маған да, саған да, Жақын туыс - бес адам. Үш әріптен тұратын Оңға оқы, солға оқы. Өзгермейді еш одан Бәрі де өз жұратың, Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға) Айтары мол ғұлама, Көп жасаған бұл адам. Әкесі ол әкеңнің Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң) Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған; Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған. (ана) Атаңның баласы Кей кезде таласып, Қаласың әжеге Білгенің асады кәдеге? Ол кім? (Әкең) 

 

Шығармашылық жұмыс:

Балалар үйі бұл сендердің үлкен үйлерің. Осы  үйдегі әрбір тәрбиеші ана, ол сендердің де екінші аналарың. Ендеше тәрбиеші аналарымызға ашық хат жасап, ізгі тілектерімізді жазып, ұсынайық.

 

Рефлексия: Балалар бүгінгі тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?, Бүгінгі тәрбие сағатынан не түсіндіңдер?

-Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік.

-Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік.

-Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік.

-Ойындар ойнадық.

Балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін және  осы үйдегі әрбір тәрбиеші ана, ол сендердің де екінші аналарың сендер әрқашан да аналарыңды сыйлап, құрметтеулерің керек. Қайда жүрседе бәріміздің отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

Қорытынды: 

Балаларға сол бақыт,

Аман болса әкесі,

Қатар жүрсе тәтесі,

Аман болса анасы,

Жүрсе алдында ағасы,

Болса мөлдір өзені,

Болса байтақ даласы.

Бұл бақытты -отбасы

Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным Тек сен деп соғар жүрегім –деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Просмотр содержимого документа
«Отбасы алтын діңгек»

Тақырыбы: «Отбасы алтын діңгек».

Мақсаты: Балаларға жанұя жарастығы туралы түсініктерін кеңейте отырып, отбасы құндылығының мәнін ашу; 

Міндеттері: Білімділік: Отбасы және отбасы мүшелері туралы түсінік беру ;

Дамытушылық: Отбасы мүшелері және отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы, отбасында жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту; 
Тәрбиелік: Шыдамдылыққа, сыйластыққа, қамқорлыққа, бауырмалдыққа, тәрбиелеу; 
Әдіс- тәсілдері: Әңгімелеу, жұмбақ, мақал-мәтел, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы: Ойланайық- пікірлесейік

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші:

Маған да, саған да,

Жақын, туыс адамдар.

Бәрі де өз жұртың,

Айтыңдар, олар, кім ? (Отбасы)

- Дұрыс айтасыңдар балалар, бұл жұмбақтың шешуі отбасы екен

Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Отбасы алтын діңгек» деп аталады.

Балалар, айналамызға қарасақ, көптеген үйлерді көреміз.
Ол үйлерде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар?

-Отбасылар тұрады
- Иә, балалар, әрбір үй өз алдына бір отбасы, олар бір үйде тұрады, бірге өмір сүреді.
- Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайықшы.
Бұл суретте кімдердің суретін көріп тұрсыңдар?

-Отбасы мүшелерін
- Иә, бұл суретте сүйіспеншілігі мол, бір - біріне ыстық ықыласпен, аялы сезіммен қарап отырған дастархан басындағы отбасы мүшелерін көріп отырмыз.

-Балалар, жалпы отбасы деген ұғымды сендер қалай түсінесіңдер?
-Отбасы ол бірге бір үйде тұру,бірге өмір сүру, татулық, мейірімділік, бір-біріне қамқор болу, көмектесу.

-Отбасы деген не?

-Отбасы деген ол сенің ата-анаң, бауырың.
-Отбасы құрамы деген кімдер?

Ата, әже, әке, ана,........

Отбасы шағын мемлекет, ол мемлекет қандай болуы мүмкін? 
-Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі...

Топтастыру: «Менің отбасым, менің бәйтерегім»

Балалар біз өзіміздің бақытты отбасымыздың үлгісін құрастырайық.

Ол үшін бақытты отбасының құрамын анықтап алайық. Балалар қиылған суреттерден коллаж құрастырып плакатка жапсырады.

Балалар біз өз отбасымызды анықтап алдық. Ендеше отбасы, отбасы мүшелері туралы тақпақтар құрастырып айтып көрейік. (Балалар коллажды қорғай отырып, әр бала өзінің жапсырған суретіне қарай тақпақ айтады).


Бейнеролик

Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз. Әке-әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп.Ол өзіңнің болашағыңа алаңдап ойланып толғанады.Ол  болашақта баласының жақсы болуын қалайды.Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді.

Балалар, назарымызды бейнероликке аударайық

Сұрақтар.

1. Балалар бейнероликтен ненітүсіндіңдер?

2. Отбасындағы татулық пен бірлік болу үшін қандай қасиеттер қажет?, Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым –қатынас жасауы керек?

Әңгімелеседі, бір –бірін сыйлайды, балалар үлкенді тыңдайды, бірге демалады.

-Отбасында қандай жағымды жақсы сөздер айтылады?

- Рахмет қайырлы күн, ас дәмді болсын, жолыңыз болсын, көріскенше , кешіріңіз.

- Иә, дұрыс айтасыңдар балалар , бір шаңырақ астында тұратындардың бір- біріне сыйластығы , махаббаты, бауырмалдығы , бір –бірімен ынтымағы татулығы , бірлігі отбасы жарастығын құрайды.

Сергіту сәті: « Шаңырақ»
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық
Уық болып шаншылып,
Өрімдей боп өріліп.
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
- Балалар, біз қандай заттың бейнесін жасадық?

-Киіз үй

- Ал, киіз үйде кімдер тұрады?

-Адамдар
- Оларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Отбасы
- Дұрыс айтасыңдар.


Мақалдың жалғасын тап (суретпен жұмыс)

1.Атаға қарап-... ( ұл өсер)

Анаға қарап-... (қыз өсер)

2.Ананың көңілі балада,...( баланың көңлі далада)

3. Ата-ананың қадірін - ................................

4. Ұяда не көрсең , ....................................( ұшқанда соны ілерсің)

5. Ата көрген оқ жонар, ..........................( ана көрген тон пішер)

6. Ананың сүті – бал, ................................( баланың тілі – бал)



Жағдаяттарды талдау:

Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласағұн былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан

Қартайғанша соны таныр қиядан.

Ендеше жағдаяттарға назар аударайық

1-жағдаят

Балалар, зейінімізді бері аударып, мына бір жағдаятқа, бейнесюжетке назар аударайық

Сұрақ:

  1. Баланың іс-әрекеті дұрыс па?

  2. Сенің басыңнан осындай жағдай өтсе сен не істер едің? Баланың іс-әрекетін қайталар ма едің?

  3. Сен баланың орнында болсаң не істер едің?

2- жағдаят

Енді екінші бейнесюжетке назар аударайық

Сұрақ:

  1. Балаға әкесі не деп айтты?

  2. Қалай ойлайсыңдар әкесі мен баласы не істейді?


Ойын: Кім жылдам? (Жұмбақ жасыру)
Мақсаты: Балаларды тапқырлыққа, есте сақтау қабілетін дамытуға баулу.
Шарты: отбасындағы мүшелердің атын атап, жасырынған отбасы мүшесін табу.
Маған да, саған да,
Жақын туыс - бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, ана, іні, аға)

Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (ана)

Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)


Шығармашылық жұмыс:

Балалар үйі бұл сендердің үлкен үйлерің. Осы үйдегі әрбір тәрбиеші ана, ол сендердің де екінші аналарың. Ендеше тәрбиеші аналарымызға ашық хат жасап, ізгі тілектерімізді жазып, ұсынайық.


Рефлексия: Балалар бүгінгі тәрбие сағаты сендерге ұнады ма?, Бүгінгі тәрбие сағатынан не түсіндіңдер?

-Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әңгімеледік.

-Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектесуді үйрендік.

-Отбасы ең жақын адамдардың ошағы екенін білдік.

-Ойындар ойнадық.

Балалар, бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып, сұрақтарға жауап бере білдіңдер.

Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат анамыз, қамқор әкеміз, қайырымды ата - әжеміз, аға - әпкеміз, іні - қарындасымыз туралы айттық. Отбасы – ол ең жақын адамдардың ошағы. Әрқашан отбасы мүшелерін және осы үйдегі әрбір тәрбиеші ана, ол сендердің де екінші аналарың сендер әрқашан да аналарыңды сыйлап, құрметтеулерің керек. Қайда жүрседе бәріміздің отбасымыз аман, бауырымыз бүтін болсын. Отбасы мүшелері аман – сау болсын!

Қорытынды: 

Балаларға сол бақыт,

Аман болса әкесі,

Қатар жүрсе тәтесі,

Аман болса анасы,

Жүрсе алдында ағасы,

Болса мөлдір өзені,

Болса байтақ даласы.

Бұл бақытты -отбасы

Отбасым - менің жүрегім
Отбасым - менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім –деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Похожие файлы

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!