СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Операциялық жүйе ұғымы.

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Операциялық жүйе ұғымы сабақ жоспары 10 сынып

Просмотр содержимого документа
«Операциялық жүйе ұғымы.»

Сынып: Күні:


Тақырыбы: Операциялық жүйе ұғымы.

Мақсаты:

а) Оқушыларға операциялық жүйе ұғымымен таныстыру. Оның қызметін айту.

ә) Ақпараттық құзырлығын артыру, жаңа сабақты меңгерту.
б) Қауіпсіздік ережелерін басқа да кабинетте қолдана алу білігін қалыптастыру.

Типі: жаңа сабақ, түсіндіру сабағы, топтасқан сабақ.

Түрі: дәстүрлі емес.

Әдіс-тәсілдері: білім көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, практикалық.
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: АКТ
Көрнекі құралдар: плакаттар.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың көңілін сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақ


Операциялық жүйе ұғымы.

Операциялық жүйе - компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауының жұмысын басқару үшін қажет екенін білесіңдер. Ол компьютер мен адамның арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, демек, операциялық жүйе адам мен компьютердің электрондық құрауыштары және қолданбалы программалар арасында келістіруші қызметін атқарады. Ол адамның программаларды іске қосуына, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программа жұмысын басқаруға, компьютердің және оған қосылған құрылғылардың параметрлерін өзгертуге, ресурстарды қайта бөліп беруге мүмкіндік береді. Дербес копьютерде жұмыс істеу, шынында, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Біз үшін компьютермен қарым-қатынас жасаудың қолайлы әдісі - операциялық жүйе қамтамасыз ететін интерфейс маңызды.

Көзге арналған жаттығулар
1. 1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет
2. 1-4-ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр-бiрiне қаратып, соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.
3. 1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4. 1-6-ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау; сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау. Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтедi.


III. Бекіту:


Тапсырма 1
1. Бас менюден Настройка - Панель Управления командаларын таңдаңдар.
2.Басқару панелі қапшығының терезесінде Дата/Время белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Екі қосымшасы бар Свойства: Дата/Время терезесі пайда болады.
4. Дата и Время қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
5. Дата бөлімінде туған күндеріңді қойыңдар: ол үшін Жыл көрсетілген өрісте Айналдыру батырмасының көмегімен туған жылдарьщды таңдаңдар, содан кейін Ай көрсетілген өрісте туған айларыңды таңдаңдар да, күнтізбеден маусты шертіп, санды табыңдар.
6. Время бөлімінде мектепте сабақ аяқталатын уақытты қойыңдар: ол үшін сағаттың астындағы уақыт көрсетілген өрісте маусты шертіңдер, содан кейін Айналдыру батырмасымен қажет уақытты таңдаңдар немесе оны пернетақтадан енгізіңдер.
7. Применить батырмасын шертіңдер.
8. ОК батырмасын шертіңдер.
Экранда Міндеттер панелінің төменгі оң жақ бұрышьшда қойған уақыттарың бейнеленеді. Ал енді жоғарыда келтірілген әрекеттерді орындап, ағымдағы күн мен уақытты қойыңдар.

Тапсырма 2
1. Бас менюден Настройка - Панель Управления командаларын таңдаңдар.
2. Басқару панелі қапшығының терезесінде Звук белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Свойства : Звук (Қасиеттер: Дыбыс) терезесі пайда болады.
4. События (Оқиғалар) бөлімінде оған белгілі бір дыбыс меншіктегілерің келген оқиғаны таңдаңдар.
5. Звук (Дыбыс) бөлімінде Айналдыру батырмасымен қандай болса да бір дыбысты таңдап, Проба батырмасында шертіңцер немесе Обзор батырмасын шертіңдер де, Поиск звука терезесінде берілген оқиғаға келісімді дыбыс таңдаңдар.
6. Применить батырмасын шертіңдер.
7. ОК батырмасын шертіңдер.

Тапсырма 3
1. Бас менюден Настройка —►Панелъ управления командаларын таңдаңдар.
2. Панелъ управления (басқару панелъі) қапшығының терезесінде Маус белгісінде екі рет шертіңдер.
3. Кнопки мауса активті қосымшасы Свойства: Маус терезесі пайда болады.
4. Перемещение қосымшасын активті жағдайға келтіріңдер.
5. Отображатъ шлейф опциясының жалаушасын орнатыңдар, сонда сендер маусты жылжытқанда, оның шлейфі пайда болатынын көрсетіңдер.
6. Егер шлейфпен жүмыс істегілерің келсе, ОК батырмасын шертіңдер, ал егер сендерге ұнамаса, Отменаны шертіңдер


IV. Қорытынды: Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік?


V. Үй жұмысы: Операциялық жүйе ұғымы.











Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!