СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өлкеңді таны. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақтөбе өлкесінің тарихына қатысты сыныптан тыс шара

Просмотр содержимого документа
«Өлкеңді таны. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы»

Бекітемін

Тақырыбы:

Өлкеңді таны” білім бәйгесі


Мақсаты

 -Өз Отаны, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

-ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыру.

Түрі

зияткерлік ойын

Қатысушылар:

10 сынып оқушылары

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші: - Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгінгі «Ұлы дала менің өлкем» атты зияткерлік ойынға бақ пен білімімізді сынауға қош келдіңіздер! Сайысқа 5 топ қатысады.

Топ аттары:

1«Тарихшылар» тобы

2.«1465» тобы

3.«Ханшатыр» тобы

4. «Өлкетанушылар»

5. «Алаш»

78 жалпы орта білім беретін мектеп гимназия

Қысқа мерзімді жоспар

Сайыс төрт айналымнан тұрады:

1-кезең. Шежірелі өлкемнің тарландары

2-кезең. Тасқа таңбаланған тарих

3-кезең. Топонимдер – өткен заманның куәгерлері

4-кезең.Тарихыңды білесің бе?



Барысы

Көңілді тапқырлар, алғырлар,

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді, көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады өдеп сайысымызды бастайық.

1-кезең. Шежірелі өлкемнің тарландары

Темір ауданында дүниеге келген. Әскери қызиметкерлер арасынжда генерал-лейтенант атағын иеленген тұңғыш қазақ. 1983 жылы Социалистік Вьетнам Республикасының І дәрежелі “Отан соғысы” орденімен марапатталды (Жансен Кереев)

Ойыл ауданының Ащыойыл ауылында дүниеге келген тарлан. Ойыл ауданындағы “Құрман” колхозының звено жетекшісі, тары өсірудің әйгілі шебері. Оның звеносы әр гектардан 201 центрнерге дейін өнім жинады. Елді аштықтан аман алып қалған тұлғамыздың өмірі Ғабиден Мұстафиннің шығармасына арқау болды. (Ш.Берсиев)

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Көркем әдебиет" баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. "Әдебиет және искусство" - "Жұлдыз" журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қаламгерге Қазақстанның Халық жазушысы атағы берілген. 1997 жылы Ақтөбе қаласындағы драма театрға атағы берілді. (Т.Ахтанов)

1955 жылы Алға қаласында туған. ҚР Ұлттық трансплантация орталығының директоры. Медицина ғылымының докторы, профессор. ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Ломоносов атындағы “Құрмет” және “Гиппократ” ордендерімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы. 2016 жылы “Халықтың сүйіктісі” сыйлығына ие болды. (М.Досқалиев)


2-кезең. Тасқа таңбаланған тарих

1955 жылы Алға қаласында туған. ҚР Ұлттық трансплантация орталығының директоры. Медицина ғылымының докторы, профессор. ҚР МҒА академигі. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, М.Ломоносов атындағы “Құрмет” және “Гиппократ” ордендерімен марапатталған. 200-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монографияның, 50-ден астам өнертабыстың авторы. 2016 жылы “Халықтың сүйіктісі” сыйлығына ие болды. “Хан моласы”Әбілқайыр ханның мемориалдық кешені


1930-1950жылдардағы қуғын-сүргін құрбандарына ұрпақтарынан. Сіздер бейкүнә қаза болдыңыздар. Сіздер мәңгі есімдесіздер” деп жазылған. Тарихшылардың есептері бойынша, 30-жылдардағы репрессия кезінде Ақтөбе облысында 8000-нан астам адам қуғын сүргін ұшыраса, оның 2000-нан астам адам ату жазасына кесілген. Олардың атылып, көмілгені, кейбіреуі осы айналадағы сайларға лақтыра салынғаны 1987 жылы ғана белгілі болды. Оны Сергей Гуцаловтың басшылығымен жүргізілген экспедиция кезінде анықтаған. Жыл сайын осы ескерткіш-белгі басында саяси қуғын құрбандары еске алынып, құран бағышталады. Түйетөбе ескерткіші

3-кезең. Топонимдер – өткен заманның куәгерлері

Темір ауданы Шұбарқұдық елді мекенінен 30 шақырымда орналасқан жерде үлкен шайқас болды, қазақ әскерлері қалмақтардың бірін қалдырмай жойып жібереді . 1727 жылы Әбілқайыр хан бастаған біріккен қазақ қолы Ұлытау өңірінде жоңғарларға тойтарыс беріп, ірі жеңіске жеткен майдан даласы (Қалмаққырылған)

Ақтөбе облысының Ырғыз ауылынан оңтүстікке қарай 50 км қашықтықта орналасқан, жерге метеориттің құлауы нәтижесінде пайда болған дүние жүзінде теңдесі жоқ бірегей табиғи ғарыштық объект. Бұдан миллион жыл бұрын осы жерге оңтүстік-шығыстан – солтүстік-батысқа қарай салмағы 36-40 млн тонналық космостық дене салмағы бар метеорит (Жаманшың)

4-кезең.Тарихыңды білесің бе?

1.Ақтөбе қаласының іргетасы қашан қаланды?

2.Ақтөбе қаласының символын ата.

3. Ұлы Қобда өзенінің бойында өз елін қалмақтардан қорғап, жерін азат етуге атсалысқан батырға салынған ескерткіш. Асан қайғының баласы.

4.1726 жылы Әбілқайыр ханның Еділ қалмақтарына жасаған жорығына қатысқан, табын руынан шыққан қазақ батыры, қолбасшы

5. 2010 жылы ашылған бұл саябақтың құрылуына себепкер профессор Закредтин Байдосов болған екен.

6.  Ислам дінін таратудағы қызметі, білімі, халық арасындағы қадірі арқылы құрметке бөленген тұлға. Оның мешіті республикалық маңызы бар ескерткіштер тізіміне енгізілген. Үш рет қажылыққа барған. Шұбарқұдыққа, Ойылдың бір саласы Шилісудың бойында 5000 кісілік мінәжат, 150 орындық медресені өз қаражатына салдырған.

Соңы

Қорытындылау. Жеңімпаздардың анықталуы

«Ақтөбем» әнін караокемен орындау









 



































78 жалпы орта білім беретін

мектеп-гимназия









Тақырыбы:

«Өлкеңді таны»

Танымдық-зияткерлік ойын








Өткізген: Наурызова Г.









Ақтөбе, 2023ж
















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!