СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өлі табиғаттағы үдерістер

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Мәңгілік ел» құндылығын қолдана отырып туған жерге деген сүйіспеншілігін  арттыру.Отанына деген  патриоттық сезімін жетілдіру.

Просмотр содержимого документа
«Өлі табиғаттағы үдерістер»

ҚМЖ

Пән Жаратылыстану

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімінің мазмұны:


Мектеп:Сәтбаев қаласы, «№1 мектеп-гимназиясы» КММ


Мерзімі:



Мұғалімнің аты-жөні: Бекбауова Г.С



Сынып:6


Қатысқандар:


Қатыспағандар:


Сабақ тақырыбы

6.3. Өлі табиғаттағы үдерістер


Оқу мақсаттары / ұзақ мерзім жоспардан

6.4.1.1 Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістерді модельдеу (таудың жасалуы, мүжілу үдерістері,табиғатта заттардың айналымы)


Сабақ мақсаты


  • Барлық оқушылар: Өлі табиғатта болатын үдерістерді анықтайды,(таудың жасалуы, мүжілу үдерістері,табиғатта заттардың айналымы);

  • Оқушылардың көбі: Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіреді;

  • Кейбір оқушылар: Өлі табиғатта болатын үдерістерін модельдейді.

Бағалау критерийлері



  • Өлі табиғатта болатын үдерістерді анықтайды

  • Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарын түсіндіре біледі.

  • Табиғаттағы заттардың айналымын,тау түзілу, үгілу процесстерін сипаттап,табиғаттағы үдерістерді модельдей алады.

Тілдік мақсаттар


Пәндік терминология

  • «Өлі табиғат» -неживая природа- inanimate nature

  • « үдерістер» -процесс-process

  • «зат айналымы»-круговорот веществ- cycle of mater

  • «таулардың пайда болуы»-горообразование-orogenesis

  • «үгілу»- выветривание- aeration



Құндылықтарды қалыптастыру

«Мәңгілік ел» құндылығын қолдана отырып туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанына деген патриоттық сезімін жетілдіру.

Пәнаралық байланыс


Физика, география


Алдынғы білім


  • 5.4.1.1- өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістер) оқушылардың бұл тақырыпқа түсініктері қалыптасқан.


Сабақ барысы

Үақыт/Сабақ кезеңдері


Мұғалімнің іс-әрекеті (мақсатқа қалай қол жеткіземін?/

Оқушының іс-әрекеті/

Бағалау (әдіс-тәсілдер/ / стратегия)


Саралау тәсілдері (қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?/ қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?)

Сабақтың басы

10 мин.

2 мин.





5 мин.



















3 мин.














Сабақтың ортасы

20 мин.



4мин.

























8 мин.






Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

«Мен жасаған жақсы іс» әдісімен сыныпта жағымды психологиялық ахуал тудырту.



Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау үшін алдыңғы тақырыпты еске салу мақсатында жалпылама сұрақтар қою.Өлі табиғат үдерістерінің себептерін болжап көруге оқушыларға мүмкіндік беру.


«Қарлы кесек»әдісі

Оқушылар табиғатта болатын үдерістер туралы білімдерін ортаға салады.

Ол үшін «Түрткі сұрақтар» қойылады:

  • Табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Қандай табиғат құбылыстарын білесіздер?

  • Жер сілкінісі, су тасқыны туралы білесің бе?

  • Олардың табиғатқа зардабы қандай?

  • Таулар қалай пайда болады?

  • Үгілу дегеніміз не?

  • Зат айналымы дегенді қалай түсіндіресіңдер?



Топқа біріктіру әдісі:Түрлі түсті маркерлерді оқушылар таңдайды, өз кезегінде маркер түстері бірдей оқушылар топтарға топтасып отырады.


Осылайша үш топқа бөлемін:






Жаңа сабақ.

Оқушылардың өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістері туралы толық түсінік алу үшін қысқаша видеороликтермен назарларын аудару:


Мұғалім сөзі:

Өлі табиғаттабиғаттың жансыз бөлігі, мысалы, жер қыртысын құрайтын ауа, су және тау жыныстары. Өлі табиғат өзгеріссіз тұрғандай көрінеді. Алайда, зер салып қарасаңыз, онда үнемі өзгерістер болып тұратынын байқай аласыз. Мәселен, су мен ауа қозғалады, қыста су мұзға айналады, тастар түйіршіктеліп үгітіліп жатады.


Топтық жұмыс.

1 тапсырма.Оқушыларға жаңа сабақтың мәтіні беріледі . Мәтінді топпен бірігіп оқиды.Оқып болған соң топпен тапсырма орындайды.

«Джигсо» әдісі бойынша кесте толтырады.

1 топ. 2 топ. 3 топ.

Табиғат үдерісі

Себебі

Салдары







Дескриптор:

  • табиғат үдерістерін еске түсіреді;

  • себептерін түсіндіреді;

  • үдерістің қоршаған орта мен адам өміріне әсерін айтады.

2 тапсырма. «Білетін факторларды ескер» әдісі

Сабақтың мақсатын ашу үшін оқушылар «Тау жасалу» «Тау мүжілу» моделін жасауды үйренеді.

Дескриптор:

      • Тау жасалу моделін жасайды.

      • Мүжілу процессін көрсетеді






Әр оқушы бүгінгі күні жасаған жақсылықтарымен бөліседі.









Бұл жерде оқушылар қарқынмен берілген тапсырмаларды уақытымен орындайды












Маркер түстері бойынша топтарға бөлінеді.













https://twig-bilim.kz/film/fold-mountains-formation-6015/ Тау түзілу

https://twig-bilim.kz/film/weathering-5405/ Тау үгілу

https://twig-bilim.kz/film/glossary/climate-5248/ Климаттық үдерістер























Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

















Тау жасалу макетін жасайды.














Әрбір сұраққа дұрыс жауап берген оқушыға мұғалім ауызша мақтау, мадақтау арқылы бағалайды.

Жарайсың! Жақсы!

Тамаша!

Бәрекелді!
















































«Бас бармақ» әдісі




















































Жалпы тақырып аясына байланысты тапсырма беру арқылы оқушыларды сыни ойлауға, өздігінен шешім қабылдай алу дағдысын дамыту мақсатында сыни тапсырмалар беремін.





А деңгейінің оқушылары. Мұғалімнің көмегімен тапсырмаларды орындайды.

Б деңгейінің оқушылары өз бетінше орындайды, түсіндіреді.


С деңгейінің оқушылары тапсырманы орындайды, түсіндіреді, өз ойларын қосады.








4 мин.



















4 мин.



Жұптық жұмыс.

3 тапсырма.Аталған үдерістердің қандай табиғат заңдылықтарымен байланысты екенін айтып, не болмаса графиктік әдіспен сызып көрсету қажет.

Тапсырманы аяқтаған соң, оқушылар табиғаттағы үдерістердің өзара байланысы туралы ой қорытындылайды.

Оқушылар алдың ала дайындалған табиғат үдерістердің суреттерін мұғалімнің үстелінен таңдап алады..




Дескриптор:

  • табиғат үдерістердің табиғат заңдылықтармен байланысын түсіндіреді.



Оқушылар жұптық жұмыс жасайды.



















«Қол шапалақ» әдісі бойынша бағалау.


























Сабақ соңы

10 мин.






2 мин.











2 мин.


Сергіту сәті: https://www.youtube.com/watch?v=tLmhYawWYOQ





Дербес жұмыс.

4 тапсырма.

Оқушыларға Қазақстанның физикалық картасының көмегімен кескін картаға таулардың орналасқан жерін тауып,орындайды.

«Рефлексия»

  • Бүгін нені түсіндің?

  • Сен үшін тақырып қаншалықты маңызды?

  • Сабақта неден қиналдың?




Оқушылар жеке отырып тапсырманы орындайды.




























«Бағдаршам»

әдісімен бағалау











Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!