СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстанның Республикасының астанасы

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасы

Просмотр содержимого документа
«Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстанның Республикасының астанасы»

Нұр - Сұлтан қаласы - Қазақстан Республикасының астанасы

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Қазақстан Республикасы, Атырау қ.

Астанамыз - Нұр-Сұлтан,
Бас қаламыз - Нұр-Сұлтан
деп сезінетіндер, өз елінің патриоты
Ерлан Русланұлы Баймағамбетов
 

«Біздің астана Президентіміздің есімімен Нұр-Сұлтан деп аталуы керек»,-деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.  

Ерлан Русланұлының өлең шумақтары еске түседі.
Жаңғыртып қазақ даласын, 
Арттыру  үшін бағасын.  
«Нұр-Сұлтан»  деп өзгертті,     

Қазақтың бас қаласын. – дегендей Астана атауын өзгерту туралы «тарихи қадамды» мен де «тарихи, əділ əрі заңды шешім» деп есептеймін. Негізі Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына өзгерту туралы əуелден яғни 2016 жылы Қазақстан тəуелсіздігінің 25 жылдығында Парламент депутаттарының талқылауында айтылып келе жатқан ұсыныс еді. Бұл ұсынысты 2016 ж. бастап естігеннен кейін көкейімде жүрген еді жəне  қашан Мемлекет астанасының атауын Тұңғыш Президент атына ауыстырады  деп күтіп жүрген едім. Өз басым бұл жаңалықты қуана қарсы алдым. Себебі Астана мен Нұрсұлтан екеуі егіз ұғым. Мен өте қуаныштымын. Бұл да бір рухани жаңғыру. Еселі еңбекті бағалап, өз басым Астананы «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді қолдаймын. Елбасы, ерен тұлға Н.Ə. Назарбаев – əлем тарихындағы кемеңгер тұлға əрі ҚР-ның Тұңғыш Президенті. Еліміздің əл-ауқатын жақсартып, əлемге əйгілі мемлекет құрды жəне Қазақстанды əлем танитындай деңгейге жеткізді. Тереземіз теңесіп, шекарамыз шегенделіп, көрші мемлекеттермен тату – тəтті қарым – қатынас орнатылды. Ең бастысы Елбасының арқасында Қазақстанның төрінде тамаша Астана құрылды. Сондықтан мен ойлаймын қазақ елі бақытты өмір кешіп жатыр. Елбасының салған сара жолына əлемдік саясаткерлер мен ғалымдар тарапынан қызығушылық жоғары. Əлем басшылары Қазақстанды Елбасы Н.Ə. Назарбаев арқылы таниды. Мен үшін «Нұрсұлтан» сөзі қазақ елін нұрландырып, шуағы шашылып тұрғандай.

Нұр-Cұлтан қаласы – еліміздің астанасы. Әр елдің баласы өз отанын, туған жерін қадірлей білуі керек. Біз елдің болашақ патриоттарымыз. Үлкендеріміз жасап берген ұлы жолды алдағы уақытта жалғастыруымыз керек. Елбасы – еліміздің жүрегі. Қазақ елі Елбасының 30 жыл ел басқарқан салиқалы да нық саясатын бағалап, сыйлайды. Сондықтан осы тариxи шешімді Қазақ елі қолдады деп ойлаймын. Қазақ елінің жүрегінде əрқашан есте қалатын ұлы тұлға. Тек қана Астана атауы өзгертіліп қана қоймай, Қазақстан қалаларының маңызды бас көшелері мен даңғылдарын Елбасымыздың атына берсек нұр үстіне нұр болар еді. Əлемге елі арқылы өзін, өзі арқылы елін танытқан дүниежүзілік саяси аренадағы сыйлы тұлға. Іскерлігімен жəне ізденімпаздығымен өзінің барлық саналы өмірін, көп күш – жігерін өз Отанының өсіп – өркендеуіне, дамуына жұмсады. Даналығын батылдықпен шебер үйлестіру білетін кемеңгер басшы талай тарихи бастамалардың авторы. Еліміздің өсіп дамуы жəне əлем xалықтарының білуі мен құрметтеуі Елбасының салиқалы саясатының арқасы деп ойлаймын. Н. Назарбаевтың есімі мəңгілік тарихқа қалдырылды. Жыл сайынғы қазақ халқына арналған жолдауларында елімізде барлық саланың қарыштап дамуын пысықтап, əсіресе жастарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасап отырды. Біз Елбасының жетістіктерін ертеңгі ұрпақ алдында мақтана айтамын. Елбасындай ерен тұлға тұрғанда мен елімнің ертеңіне сенемін»  - , деп филология ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызының сөзімен аяқтағым келеді.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!