СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Нұр себеле Ұлыстың ұлы күн

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уа халайық, халайық Ақ сандықты ашайық. Бұл мереке бұл тойдың Шашуларын шашайық! Аманкелді: Армысың Наурыз, Қуаныш боп, кір төрлет! Ел болып саған, Көрсетіп жатыр сый – құрмет!

Просмотр содержимого документа
««Нұр себеле Ұлыстың ұлы күн»





Батыс Қазақстан облысының Білім Басқармасы

Сервис және жаңа технологиялар колледжі







Бекітемін:

Директордың ТІЖ орынбасары

Старинец А.О.









Тәрбие сағаты:

«Адалдық - адамдықтың белгісі»





Өткізген: 271 топ кураторы

Ахметова. Ж. М.









Орал-2019ж

Тәрбие сағаты: «Нұр себеле Ұлыстың ұлы күн

Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.
ЖүргізушіСіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз! Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл – көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!
Хор «Наурыз айы толғанда»
Жүргізуші: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата – бабам тойлаған
Әз – Наурызым, армысың!
Назерке: Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!
Аманкелді: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый – құрмет!
Сағадат: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Көңілжай: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Жангүлім: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер – Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!
Би «Қамажай»
Жүргізуші: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.
Ұмтылыс: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз
Еркебұлан: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
Үміт: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.
Әлихан: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап – жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.

: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ән « Шақырады көктем»
Ойын «Орамал тастамақ»
Жүргізуші: Қазағымның салт – дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт – дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл – гүл жайнап мына біздің төрімізге – деп ендігі кезекті Наурыздағы салт – дәстүрлерге берсек.
Сағадат: Наурызкөк – Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.
Ермұқан: Наурызнама – шат – шадыман, ойын – сауық. Тойда ат – жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз – жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.
Тұрлыхан: Наурызша – Наурыз айында жұп – жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.
Наурыз – шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
Наурыз қайтып оралады, аты да аңыз,
Сұрамаймыз алғыста, ақы да біз.
Кең дастархан, даламның, сахнамыз,
Ұлы мейрам – Наурызға шақырамыз.
Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық,
Билейік, жыр жырлайық, ән салайық.
Қаһарлы қыстан өтіп, Наурыз келді,
Арқаңды кеңге созшы, уа халайық.
Би: «Қара жорға»
Жүргізуші: Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түннің теңескен көктемгі мерекесі жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке, бақыт, бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз құтты болсын. Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып, үйсізді үйлімен теңестіреді.
Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!
Ақ әже Қазақтың бірнеше салт – дәстүрлері туралы айтып береді. «Бесікке баланы бөлеу», «Ат қою», «Тұсау кесу» рәсімдерін көрсетеді.

Жүргізуші: Ортаға сөз ізгі ниет, «Ақ бата» беру үшін Қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт – түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін»
Ұлы халқым тоқ болсын»
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы – уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Әумин)
Жүргізуші: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт – түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!і»















Тәрбие сағатының тақырыбы: Абайдың қара сөздерінің мәні

Тәрбие сғатының мақсаты: Студенттерге қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету, бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру, дүниетанымын, ой-өрістерін кеңейту, оларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным-түсініктерін дамыту.

Өту барысы: әңгімелеу, сұрақ жауап

Көрнекілігі: суреттер, кітаптар, слайд

Барысы: Абай өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымын көрсеткен. Қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі Ғ. Мүсірепов мынадай пікір айтады: «Абайдың қасиетті - өз табының тілегінің көп қиналыстар, толғаулар, тәнге – жанға түскен жаралар арқылы жыртылып айырылуында, өз заманынан биік тұруында».

Абай «түзетпек едім заманды, өзімді тым - ақ зор тұтып» деуінде үлкен мән бар. Абай атамыз тәлімгер ұстаз болған еді. Ақын тәрбиеге көнетін жалпы халық емес, жеке адам, оның дара ерекшеліктері. Жеке адамға ақыл, мінез, іс, адамшылықты сақтайтын ұят - намыс керек дегенді айтады. Ал осындай адамшылықты жүрекпен байланыстырады. Жүрек - адамның ішкі сезімі деген ұғымда қолданған. Абай 50 жасқа келген шағында қара сөздерін жаза бастаған. Зерттеушілер қазір ол еңбекті философиялық шолу деп түсіндіреді. Онда орта ғасырлық дәстүрлі түрік прозасы үлгісінің әсері аңғарылады.

Қара сөз тақырыбын мынадай тақырыптарға бөлуге болады.
1 Адам жанын зерттеу, бала тәрбиесі жайлы
2 Имандылық тақырыбы
3 Жаман мінез, әдеттер
4 Адамгершілік жайлы
5 Қазақ мақалы
6 Қазақ халқы жайлы

Адам психологиясы және бала тәрбиесі жайында ағартушы 7, 10, 20, 25, 31, 41, 43 қара сөздеріне айтқан. Адамның қызығушылығы бір нәрсені, не көріністі білейін, игілігін көрейін деген ерекше ынталануынан шығады. Қызығу, жан мен тәннің құмары және жас бала психологиясы жайында 7 - қара сөзінде айтқан. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» дейді.

Қызығушылықты ояту – сабақ үрдісіндегі негізгі мәселе. Сабақтың басында сөйлеуге бағдарлау, негізгі білім көзін тауып соған қызықтыра білу оқушының сабақты меңгеруге деген қызығушылығын оятады. Оқушы мен мұғалім бірлестігі оқушымен кездесетін қиыншылықтарын шығатын жолға бағыт болуы керек. Оқушы білгісі келгенін болмаса түсінбегенін мұғалімнен именбей сұрауға қашан да сенімді болуы керек. Ал мұғалім оқушыны ынтамен тыңдап, оған назар аударатын болса, оқушы білімге ұмтыла түседі. Екіншіден, оның ұстазына деген құрметі де күшейері анық.

Психологтар егер оқушы өзін - өзі бағалай білсе, іс - әрекеті нәтижелі, жеке басының барлық қасиеттері қалыптасып, ынталы болады дейді, 10 - қара сөзінде «Баланың жақсысы – қызық, жаманы - күйік» деген тұжырым айтады. Ата - ана тәрбиесі бала мінезін адамдармен қарым - қатынасын, сезімін қалыптастырады деген қағиданы қуаттайды. «Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қаж ешбір ғибадат орнына бармайды.» дейді. Абай мынадай тұжырым жасайды:
1Егер балаңды алдасаң, ол да жүре - жүре алдамшы болады дейді
2 «Боқта» деп үйреніп, тентектікке үйретесің
3 Сабаққа бергенде хат таныса болады деп арзан молда жалдайсың
4 Қу, су бол деп үйретесің деп, тәртіпсіз, қиқар баланың қалыптасуына ата - ана кінәлі деп санайды.

Абай қара сөздерінің бір парасы имандылық жайында жетінші қара сөзінде иман құдайға құлшылық, құран сөздері айтылды. Ғалым Зинел - Әдбен Бисенғали былай деді: «Тарихи роман жазу барысында Абайдың дін туралы көзқарастарын былай қойғанда, материалистік философияға келіңкірейтін пікірлері мен толғаныстарын қалай бейнеуге болатыны туралы қаламгер талай ойлаған. Оны алып тастаса, болмаса айналып өтсе, мүлде көрсетпес өмірі мен шығармашылығы күрделі Абайдың көркем бейнесін жазу дегеннің мүмкін еместігін аңғарған» Бұдан түсінгеніміз гуманист М. Әуезов те Абайдың дін жайлы көзқарастарын түрлі әдіс - тәсілдер арқылы шебер қолданғаны «Абай жолы» романынан көрінеді. Қара сөздердің өзегінде қайшылықты пікірлер, толғаныстар көп, поэтикасы бөлекше, тіл мен құрлысы ерекше. Ол туралы М. Әуезов былайша ой түйіндейді: «Абайдың осы қара сөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді».

Шынымен де, Абай сан сұраққа жауап іздейді. Қара сөздеріндегі «қазақтың жалқау болатұғын себебі не?», «үнемі уайым қайғыға жан шыдай ма екен?» «Ырыс алды – тірлік дейді, бұл қай тірлік?» «Осы ақылды кім үйренеді, насихатта кім тыңдайды?»т. с. с Абай толғанысынан осындай сұрақ ақын жүрегін тербегенін түсінеміз. Осылай ол өз көзқарасы бойынша сол сұраққа жауапты іздейді.























Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қазақстан халқының бірлігі мерекесі»

Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Көрнекілігі: Суреттер, слайд, көркем фильм

Барысы:

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек. Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 20 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
Бірлік, ынтымақтастық тақырыбындағы мақал мәтелдер:
Ырыс алды – (ынтымақ)

Бірлік болмай – (тірлік болмас)

(Ынтымақтың түбі) – игілік

Бірлік, ынтымақ - (байлық, бақ)

Тірлік, тірлік түбі - (бірлік)

(Татулықта) табыс мол

Біршілік болмай (Тіршілік болмайды)

Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды)

Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар)

Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос –жарымен мықты)

Дос-егіз, (дұшпан-сегіз)

Досыңды мақтағаның - (өзіңді жақтағаның)

Досы жоқ адам- (Тұзы жоқ тағам)

Досы көпті жау алмайды, (Ақылы көпті дау алмайды)

Теңге тиыннан, (Ынтымақ – ұйымнан).

Бірлік пен ынтымақтастық тақырыбындағы жыр жолдары

Назерке: Әйнегі күн, шатыры аспан,

Кең дала, төсі толқыған ән.

Көлдері көкке күмістер шашқан,

Қазақстан-Республикам менің!

РенатЫнтымағы жарасқан береке күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін,

Құтты болсын бүгінгі мереке күн.

Күні кеше ғана Елбасы жолдауынан қуат алып жігерленген жұртшылық бірлік пен тірлік, бейбітшілік, достық салтанат құрғанда дана бақыт пен шаттық, ынтымақтастық орнаған да ғана болашағымыз баянды болатынына кәміл сенеді.

Сандуғаш: Қазақ жері достықтың гүлстаны

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы

Күрестерде еңбекте, мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.

Ән «Атамекен»

МедеуҰлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден!





Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы жеңіске-74 жыл

Тәрбие сағатының мақсаты:Студенттерді туған жерін,Отанын сүюге ,Ұлы Жеңістің маңызын түсінуге,Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мультимедиялық тақта, «Кеңес Одағының Батырлары» буклет, ерлік жайында жазылған нақыл сөздер, «Ленинград» бейне фильмі.

Оқытушы: Шығыста таң шапағы жаңа біліне бастаған кез.Еңбек адамдары қанен-қаперсіз ұйқыда.Келесі күн жексенбі еді.Ояу жүрген тек шекарашылар.Кенет батыс жақтан қызылды-жасылды оттар,гүрілдеген дауыстар шекараға тақап келді. Бұл-1941 жылғы 22маусымның таңғы сағат 4-тің кезі еді.Фашистік Германия жарияламастан қарақшылықпен Кеңес Одағына соғыс ашты.Ұлы Отан соғысы басталды. («Священная война» әні) 1-оқушы: Июннің сәбидей бір пәк күні еді,

Кенеттен жаба салды түн түнегі

Көміліп, көк түтінге көктің жүзі

Жарқылдап ,жасын атып күркіреді

Қан тілеп,соқты дүлей,бір долы жел

Өрт топан қызыл-ала құйылды сел

Жапырақ қаралы зар хатқа айналып

Тырысып жалын шалған жиырылды жер

Оқытушы: Неміс фашистері күшті армия құрды.Гитлердің бұйрығы бойынша фашистер күзге дейін Кеңес Одағын талқандаймыз деді.Партия халықты: «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» деп шақырды.

2-оқушы: Отаным, еркелеймін енді кімге?

Өзіңмен нені болса көрем бірге

Қалайша қабырғама батпас менің

Басыңа қатер бұлты төнген күнде

Ер елім көрсет тағы еңбек күшін

Еңбекпен қас дұшпанның өрті сөнсін!

Түр білек, түс еңбектің туы астында

Бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін!

Оқытушы:Жау алғашқы күннен-ақ Кеңес Одағының ең негізгі қалаларына шүйлікті. Соның бірі тарихи көркем қала-Ленинград. Ленинград 900 тәулік бойы жау қоршауында қалды.1944 жылы қаңтарда Ленинград қаласы жаудан азат етілді.

3-оқушы: Жүрегімде жатталған ат

Ленинград,Ленинград

Алтын бесік,бір сен үшін

Керек болса қан береміз

Қанмен бірге жан береміз

Сөнгенше күн көктен құлап

Мызғымайды Ленинград!

Оқытушы: 1941жылдың күзінде жау Отанымыздың жүрегі-Москваға шабуыл жасады.

4-оқушы: Зұлым жаудың ниеті

Москваны құлатпақ

Кремльді күл етіп

Асыл тасын уатпақ

Содан кейін осында

Жеңіс тойын тойламақ

Қызыл алаң тасында

Жын ойнағын ойнамақ

Жеңілмеді астана

Берілуге болмайды

Артымызда Москва

Шегінуге болмайды

Оқытушы:Москваны қорғауда Қазақстандықтардан құрылған генерал Панфиловтың 8-гвардияшылар дивизиясының ерлігі Ұлы Отан соғысы тарихына ерлікпен жазылды. Саяси жетекші Клочковтың : «Россия кең-байтақ,бірақ шегінетін жер жоқ, артымызда-Москва! Отан-ана!Ұлдарыңа күш-қуат бер,қас дұшпанды қаусатайық!»деген сөзі тарихта қалды.

5-оқушы: Тастар көкке атылды

Орман шулап,тау құлап

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмады, жау бірақ

Жау жеңілді ақыры

Атты бейбіт таң күліп

Жиырма сегіз батырын

Ұмытпайды ел мәңгілік

Ән «28 батыр»

Ақ қайың мүлгиді

Желегі қуарған

Шертеді бір күйді

Қырмызы ну орман

қ-сы: Жан бауыр егіздер

Жиырма сегіз ер

Жау тосып тұрған жер

Сарғайып сана, іздейді пана

О,жалған,о,жалған

Бір кезде гуілдеп

Ұраға толды жел

Сұм ажал гүрілдеп

Шайқалды туған жер

Оқытушы: Фашистер Украинаның астанасы-Киевті, Белоруссияның астанасы-Минскіні, даңқты қала-Волгаградты, Қара теңіздегі портты қала-Одессаны,Крымдағы-Севастополь қаласын, Брестьқамалын, Новороссийск,Керчь,Тула қалаларын басып алу мақсатында қиян-кескі ұрыстар жүргізді.Кеңес адамдары оқ пен оттың астында жүріп, әр қала, әр үй,әр көше,әрбір метр жер үшін аянбай шайқасты.

6-оқушы: Астан-кестен қирап жатты мол қала

Бомбы жауды өзен-көлге,жолға да

Кеудесінде кек қайнаған ер халық

Берілмеді, жеңілмеді сонда да

7-оқушы: Алған ұрлап ұйқымды

Алған ұрлап күлкімді

От қамшылап, оқ мінген

Көрдім ажал шіркінді

Жерден,көлден,аспаннан

Соқты жауды ел күнде

Берлинде алғаш басталған

Бітті соғыс Берлинде

Оқытушы: Кеңес Армиясы Москвадан Берлинге дейін даңқты жолдардан өтті. Фашистік Германия тізе бүкті. 20 миллионнан астам кеңес адамдарының өмірін қиған Ұлы Отан соғысы 1945 жылы 9 мамырда жеңіспен аяқталды.Кеңес Армиясы фашизмнің ордасы Рейхстагқа Жеңіс туын тікті. Оның ішінде алғашқылардың бірі болып,өз әскери бөлімшесінің туын тіккен- лейтенант Рақымжан Қошқарбаев.

8-оқушы:

Талқандап,әлем жауын түгел,тегіс Баянды тәмамдалды , бұл- қантөгіс 45, майдың айы, құтты болып, Әкелді Отаныма Ұлы Жеңіс !

9- оқушы: Жеңіс келді қалама

Жеңіс келді далама

Жеңіс келді әке боп

Елдегі бар балаға

Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып (Ән «День Победы»)

Биыл Ұлы Жеңіске 70 жыл толады. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.Осы Ұлы Жеңіске қол жеткізіп,Отан үшін,біздің болашағымыз үшін құрбан болған жауынгерлер рухына тағзым ету үшін «үнсіздік»минутын жариялаймын. (Бір минут үнсіздік)

10-оқушы: Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім Айтады оны арманы да арыстың Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін Ардагерлер-естелігі соғыстың

Аман бол,қажырлы еңбек қайраткері, Аман бол,ақыл ойдың кемеңгері Аман бол, біздер үшін қанын төккен Ұлы Отан соғысының ардагері

Барлығы қосылып: «Ешкім де ұмытылмайды ,Ешнәрсе де ұмытылмайды»












Тәрбие сағатының тақырыбы: Рәміздер күні

Мақсаты

І. Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.

ІІ. Оқушының есте сақтауын дамыту, өз ойын дұрыс жеткізуге ынталандыру.

ІІІ. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер, буклеттер, карта, мақал-мәтелдер, Отанын, жер туралы нақыл сөздер.

Барысы:

Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Онда мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйренеміз. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі сабағымызды еліміздің Гимнімен бастайық. (Гимн орындалады)

Елін, жерін сүю мен Отанға деген адалдықтың бір белгісі – мемлекеттік рәміздерімізді қадір тұту болып табылады. Жас ұрпақты елжандылық негізде тәрбиелеуде де мемлекеттік нышандардың алар орны ерекше. Олай болса, рәміз дегеніміз не?

Рәміз – белгілі идеяны білдіретін белгі, бейне. Адамға ой-пікір туғызады. Ортақ түсінік бойынша, орақ еңбекті, таға бақытты, зәкір (якорь) үмітті, лира музаны, арыстан құдіретті бейнелеген көкшіл жалау бейбітшілік рәмізі. Рәміздік белгілер ғасырлар бойы дами келе мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, гимн) айналды.

Ту – тұтастық пен бірліктің, ынтымақтың құдіретті белгісі. Ол елдік пен егемендікті дүниеге паш етіп тұрады.

Елтаңба – мемлекеттік мөрлерде (облыс, қала, мекеме), алтын, күміс ақшаларда бейнеленген ажырату белгілері.

Гимн – өлеңге жазылған салтанатты ән.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 4 маусымдағы №3827 Жарлығына толықтырулар енгізіліп, 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні ретінде аталып өтетін болды.

1992 жылы 6 маусым күні тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент Үйінің төбесіне Ту көтерілді, Елтаңба орнықты. 6 ай өткен соң 1992 жылы 11 желтоқсанда Мемлекеттік Гимннің мәтіні бекітілді. Ол 2006 жылы қайта өзгеріп, желтоқсан айында жаңа Гимн қабылданды.

«Отан» жайлы мақал-мәтелдер:

1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан - елдің анасы,  (Ел - ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, (Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам - (ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес (Ерге тиген үлес)
9. Ел іші - (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік  (тірегі)
Отан – жерім, Отан - суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан - ұран, Отан - туым
Отан мәңгі гүлденеді - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

«Мемлекттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер - халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.

«Біз Тәуелсіздігіміздің нышандарын көздің қарашығындай сақтауымыз керек, қасиет тұтуымыз керек. Еліміздің әрбір азаматы Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын ерекше құрметтеуге міндетті. Өйткені олар халқымыздың мақтанышы, біздің ең киелі құндылықтарымыз.»

Н.Ә.Назарбаев.

Кең байтақ қой Қазақстан картасы,
Астанамен айшықталған ортасы.
Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,
Бұның бәрі Елбасының арқасы.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі Мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.
Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті. Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.
Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күн – қозғалыс, даму, өсіп өркендеудің, өмірдің бейнесі. Қанатын жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай, билік, айбындылық бейнесі.

Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді. Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек алтын түсті.

Тудың авторы еліміздегі дизайнерлік өнердің ірге тасын калаушылардын бірі, Чехославакияда өткен (1961ж.) халыкаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз.

Мемлекеттік туымыз бүгінде БҰҰ-ы ғимараттарының алдында, әр түрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал алпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама.
Біздің мектептегі өмірімізде де мемлекеттік ту ерекше орын алады.

Айнымайды аспаннан                  Мереке бүгін бақ күні
Біздің тудың бояуы                      Егеменді елімнің
Оны халық қашанда                    Желбірейді көк туы
Биікке іліп қояды.                        Түсіндей боп көгімнің

Ән:Көк тудың желбірегені


Біздің  Елтаңба - әлемде сирек кездесетін Елтаңба.Елтаңба негізі–Шаңырақ. Ол елтаңбаның жүрегі. Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі. Шаңырақ: Отан отбасынан басталады, ортақ шаңырақ биік, босаға берік болсын деген мағынада. Ал, уықтар: үлкен үйдің уықтары ел- жұртқа бай, қуатты тілеймін дегенді білдіреді. Ақ мүйізді, алтын қанатты, қос пырақ: арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын білдіреді. Бес бұрышты жұлдыз: «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы мен Шота Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Көп ұзамай тәуелсіз елдің төл белгісі қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елтаңбаның авторлары - Ж Мәлібеков, Ш.Уәлиханов.

Елтаңба
                       Өр қанатты сұңқардың
                       Қанатымен шырқар кім?
                       Қазақстан – Отаным,
                       Әлем білген атағын.
                       Жарқыраған әр таңда
                       Мемлекеттік Елтаңба.
Қатар шапқан  қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған  жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Елтаңбасы елімнің
              Неткен көркем, әдемі.
              Тұнығындай көңілдің
              Ортада аспан әлемі.

Ән: Елтаңбасы елімнің

Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде

«Менің Қазақстаным» әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын ұлықтау рәсімінде орындалды.

Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!
Шаттық кернер жүректі
Жеңіс туын көтерген
Жарыстарда сан қилы,
Жетіп бізге шетелден
Көкке әнұран шалқиды.
Шәмші атаның сазды үні
Жігер беріп қайратты,
Бәрімізді мәз қылып,
Жаңғыртады аймақты.

Қорытынды: Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік  рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады.

Қазақстан: Туымен-Тұғырлы,

Елтаңбасымен- Еңселі

Әнұранымен айбатты ел!

 Бірге:

«Көздің қарашығындай сақтауға:
- Құрметтеуге:
- Мақтанышпен қорғауға:
- Тұмардай сақтауға:
- Елімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз:
Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.



































Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұлы жеңіске-74жыл

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деге сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Оқушыларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.
Түрі:
Өтілу барысы: Бөлме ішін безендіру. Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22 - де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9 - мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 78 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 74 жылдығы.

Үнтаспадан тыңдау: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 1941 жылы 22 - маусымда таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жатқан кезде елімізге қауіп төнді. Халқымыз адам айтқысыз қиын - қыстау кезеңге душар болды. Фашистік Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.
Жүргізуші: Соғыстың алғашқы күндерінен бастап - ақ Кеңес халқы жан тәнімен Отанын қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты.
Оқушы: Соғыс жалмап аға - іні бауырды,
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды.
Жалғызынан айырыпты ананы,
Әкесінен айырыпты баланы.

Жүргізуші: Осы соғыста Кеңес одағының басқа республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болған.
Ат ауыздығымен су ішкен, ер етегімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып, Отанын қорғауға біздің батыр апаларымыз Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
- Иә, кеудесін оққа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді. Ол анасын, туған жерін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына жазған сағыныш хаттары бір толастаған емес.

Мәншүктің хатын оқу. (оқушы)
«Әлия - Мәншүк» (тақпақ).
- Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
Солдаттар жаралы майданнан оралады.
Ажал боп төнген жауына,
Дауылды көктің қыраны.
Оралды Алатауына,
Ерліктің өжет бір әні.
Таңғалтқан батырлықтарымен,
Тарланбоз батыр ағаларымыз.
Радио сөйлейді. 1945 жыл.

(Барлығы улап - шулайды, құшақтасады).
Дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымың терең сезіне түсті. Қаһарман ерлік пен еңбек жеңіп шықты. Зұлымдық, басқыншылық тізе бүкті. Бірлік, ерлік, халықтар достығы нығая түсті.



































Тәрбие сағатының тақырыбы: Тіл- ел байлығы.

Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір –қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету.

2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.

3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.

Өту әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: кітаптар, нақыл сөздер, слайд

Кіріспе сөз :Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елімізде қыркүйек айының үшінші жексенбісі – Қазақстан Республикасы халықтарының тілі күні. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруы тиіс.

Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі, діні. Тәуелсіз еліміз – көпұлтты мемлекет екендігі баршамызға аян. Елбасының көреген саясатының арқасында еліміздегі барша ұлт өкілдерінің ана тілдеріне ешқандай нұсқан келтірілмей, мемлекет қолдауымен өркендеп дамуда. Сонымен қатар, тілдерді құқықтық тұрғыдан қорғау Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңымен және өзге де заң актілерімен қамтамасыз етілген.

Студенттер сөйлейді.

Иматова Мальвина «Қазақ тілі –ұлт тілі»

Дүние жүзінде халықта тіл де көп.

Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол еліміздің Конституциясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесіне ие.

Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері қазақ тілі өмір сүріп келеді. Тілдің иесі – кешегі қазақ, бүгінгі қазақ және болашақтағы қазақ. Тілдің ғұмыры уақыт тәрізді мәңгілік. Тіл – халықтың мәңгілік халық болып қалуының айғағы. Тіл - өткеннің ұрпаққа қалдырған аманаты, бүгінгі күннің абыройы, ертеңгі күннің кепілі. Сондықтан да өз ана тіліміздің қадірін біліп, өз тілімізде дұрыс сөйлесе білу – қаны қазақ баласының бірден-бір міндеті болып табылады.

Асқаров Азамат «Әлеуметтік –тұрмыстық қарым –қатынас тілі және әдеби тіл»

Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр.

белгілі.

1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.

Тіл туралы мақал –мәтел, қанатты сөздерге тоқталайық

Өнер алды – қызыл тіл



Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.

Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.

Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.

Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не?

Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

«Тіл –құдірет».

«Тіл - тәуелсіздік тұғыры».

Өз тілін сезбеген бала — ана сүтін татпаған жетіммен тең.

Әр халықтың өзінің ана тілі бар.

Тіл – жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым.

Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра.

Тіл – еліміздің іргетасы

Ұлттың қуаты тілінде

Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша.

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем».

«Тіл – асыл ойдың бұлағы».

Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды.

«Тәрбие басы - тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз XI ғасырдың ұлы ойшылдарының бірі Ахмет Иүгінекидің есіміне қатысты.



Олай болса, «халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін - білімі»,- деп жазушы М.Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы - тілімізді жоғалтпайық. Тіл тағдыры - ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды ұмыту деген екен Бауыржан Момышұлы, сондықтан да ананың ақ сүтімен бойымызға тараған ана тілімізді ақсатпай, мәртебесін көтере білейік!



Қорытынды сөз

Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да бізде қазір көптеген қазақтар үй ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінде сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы. Қазір көптеген жастар ана тілін дұрыс білмейді. Ауылдық жерде жақсы, қалалық жерлерде тіл құнарлылығы сұйыла түскен.















Тәрбие сағатының тақырыбы: Спорт- денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты: оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу.
Көрнекілігі: спортшылардың суреттері,слайдтар, ойындар т.б
Сабақ барысы: 
Жоспар 
І. Ұйымдастыру кезеңі.  
 Оқытушы сөзі: Бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы: ««Спорт-денсаулық кепілі»  
ІІ. Ой қозғау. Спорт тарихы туралы не білеміз?  
ІІІ. Спорттың шығу тарихы. 
1)Спорт (франсуз тілінен алынған(фр. desport — жалқу)) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет.Қытай территориясында біздің дәуірден 4000 жыл бұрын қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің болғанын айтатын заттар мен құрылыстар бар. Гимнастика ежелгі Қытайдағы кең тараған спорт түрі болыпты. Перғауындар мазарларындағы бейнелер мен заттар бірнеше ғасырлар бұрын да спорттың әр түрі болғандығынан хабардар етеді, оның ішінде жүзу мен балық аулауды айта кетуге болады. Ежелгі Персияда поло және атты рыцарлардың найзамен жарысы негіздері қаланды. 
Ежелгі Грекия өзінде алуан түрлі спорт болған. Ең дамыған түрлері — күрес, жүгіру, диск лақтыру және арба жарысы. Осы тізімге қарағанда Ежелгі Грекияда(жалғыз ол жерде ғана емес т.б. жерлерде) әскери мәдениет мен әскери өнер спортқа тікелей қатысты болған. Сол жерде әр төрт жыл сайын Пелопонессе атты ауылда Олимпия деп аталған Олимпиада ойындары өтіп тұрған. Футбол — спорттық ойын түрі, аты ағылшын тіліндегі foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан- байтақ жерімізде спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың хронологиясын құрастырып отырмыз.Қазақ  жерінде спорттың алғашқы белгілері 7 ғасырда пайда болды деген болжамды Араб халифатының Орта Азия елдеріне ислам дiнiн уағыздаумен қатар, шахматты  тарату мен дамуына ықпал еткеніне қарап отырып, айта аламыз. Көне заманнан бастап, халқымыз садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын. 

2) Дене тәрбиесі және ойындары, ұлттық ат спортынан, кейбір үстел және қимыл-қозғалыс ойындарынан және ұлттық күрес түрлерінен тұрады.
Ат спортының түрлерін кім маған атап береді?
•    аламан бәйге - алыс және өте алыс қашықтарға атшабыс,
•    байте - ойлы қырлы жерлермен атшабыс,
•    ат омырауластыру - атты итерістіріп шеңберден шығару,
•    аударыспақ - ат үстінде алысу,
•    жорға жарыс - жорғалар сыны,
•    құнан бәйге, дөнен бәйге, тай жарыс - жылқы түліктерінің жарысы,
•    қыз қуу,
•    көкпар - командалық ойын,
•    жамбы ату - шауып келе жатып нысана көздеу,
•    күміс ілу - жерден күміс тиынды ат үстінен іліп әкету,
•    сайыс - ат үстінде қарумен жекпе-жек өткізу;
Ақыл-ой ойындары :
•    шатраш (дойбының бір түрі),
•    тоғыз құмалақ - домалақ тас ойыны,
•    саяттаушы құстарды аңға салу;
Күрес түрлері -
•    қазақша күрес,
•    әйелдер күрес;
Жеңіл атлетика -
•    жаяу жарыс,
•    жігіт жарыс,
•    әйелдер жарысы;
Күш өнері -
•    балуан тас,
•    түйе көтеру,
•    өгіз жығу,
•    асық ойындары және т.б.

 3)Спорт, денсаулық, амандық-саулыққа, ауруларға қатысты мақалдың жалғасын тауып мағынасын табамыз. 
Денсаулық - зор байлық.
Жарлының байлығы - денінің саулығы.
Ауру атанды да шөктірер.
Ауру кірді - әлек кірді.
Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады.
Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкті жылқы сүймес.
Қотыр қолдан жұғады, таз тақиядан жұғады.
Ауруын жасырған өледі.
Қай жерің ауырса, жаның сол жеріңде.
Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.
Сәтін салған ауруға, не болса, сол ем болады.
Қасқырдың ойлағаны - арамдық,
      Қойдың ойлағаны - амандық.
Тәуіптің жақсысы - ауруға ауру қоспағаны.
Бас аманда мал тәтті, бас ауырса жан тәтті.
Емнің алды - еңбек.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде.
Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі.
Ауру желмен кіріп, термен шығады.
Азған денеге ауру үйір.
Денің сау болса, жарлымын деме,
      Жолдасың көп болса, жалғызбын деме.
Ұйқы - тынықтырады, жұмыс - шынықтырады.
Тер шықпаған кісіден, дерт шықпайды.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
      Ішің ауырса, тамағыңды тый.

Қорытынды сөз:
Қалай дегенменде  спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» . «Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы» деген екен бір ғұлама . Елiмiздегi спорт саласы Мемлекет басшысының назарынан тыс қалған емес. Тiптi, Президент өзi үлгi бола отырып, халықты, әсiресе жастарды денешынықтырумен шұғылдануға үнемi шақырады. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер». 





























Тәрбие сағатының тақырыбы: Ұстаз ұлы тұлға, ұлы есім.

Мақсаты: Оқушыларды ұстаздарды, олардың тәрбиесі мен еңбегін дәріптеуге, ұстазды құрметтеу мен сыйлауға тәрбиелеу. Білім мен біліктілік ұстаз еңбегінен бастау алатынын оқушы санасына жеткізу.

Өту әдісі: баяндау

Көрнекілігі: слайд.

Өту барысы:

Кіріспе сөз:

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеуі керек. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Ұстаздың осыншама қадір-қасиет, құрметке бөленуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында.Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге. Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: Жай мұғалім хабарлайды, Жақсы мұғалім түсіндіреді, Керемет мұғалім көрсетеді, Ұлы мұғалім шабыттандырады,- дейді. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның адамшы-лық ар-ожданын, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең дүниетанымы мен үлкен жүрегінен келіп шығады. 


Студенттер сөйлейді.

Жақсылықова Айшагүл: Ұстаз – баланың екінші ата-анасы, болашаққа айқын жол сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл, ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, тәртіпке баулып, есейтіп, ержеткізеді. Сондықтан әрбір шәкірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін ұстазым деп атайды. Осы тұста Абайдың: Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары еріксіз ойға оралады. Егер әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып, ұстаздан шәкірт озып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе ?! Қазіргі білім беру саласы қызметкерлерінің алдында тұрған басты проблема – жаңа формацияның жаңа ұстазын қалыптастыру. Жаһандану дәуірі – әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді..Елбасымыз: "Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен, ал Қазақстан үшін ауыл мектебінен басталады”, -деген болатын. Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты - рухани бай, іздемпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру. Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуметі мол тұлға

Нәсіпқали Гүлзат: Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты — осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Ұстаз ХХІ ғасырдың есігінен еркін енетін, дүниежүзілік мəдениетті танитын, төл мəдениетін құрметтей білетін, рухани дүниесі бай,интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық құжаттық мəдениеті, білімді, жан жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тəрбиелейді. Ұстаз ол - өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады.

Қорытынды сөз: Біздер, мұғалімдер, күнделікті өмірдің жай ғана адамы емес, болашақты құрушыларды, адамзаттың сәулетті болашағын жасаушыларды тәрбиелеп отырғанымызды ойласақ, мұғалім мұратының қандай болатыны өзінен-өзі айқын. Осыған байланысты ұстазға тән мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі - Қызметке бейімділігі - Кәсіптік білімі мен біліктілігі - Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім - Ұйымдастырушылық қабілет - Заманға сай жаңашылдық Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді. Бақыттың үлкені - өзіңді-өзің тану. Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. ХХІ ғасыр - білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн. 
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан, 
Сырлары көп сыртқа әлі шықпаған. 
Шаршаса да осы жолдың бойында, 
Қандай рақат,шын бақытын тапса адам.











Тәрбие сағатының тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, ХХІ ғасыр ұлттық сана туралы»

Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой - пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, плакаттар.

Кіріспе сөзі:

Бүгінгі тәрбиешілер апталығының ашылу салтанатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен бастағалы отырмын “Біз “Ұлы Дала елі” деп аталуымыз керек деп есептеймін. Кейбіреуі өздерін “аспан асты елі, ал кейбірі “Күншығыс елі” деп атайды. Біз ұлы даланың ұрпағымыз. Бұл даланы біздің ата-бабамыз бізге қалдыру үшін қанын төгіп қорғаған. “Қазақстан” деген атаумен қатар, “Ұлы Дала елі” атауы да қолданылса дұрыс болады деп ойлаймын”.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басым идеялары оқушылар арасында кеңінен насихатталуда. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады.



  1. Бөлім.21-ші ғасырдағы ұлттық сана туралы.

  2. Бөлім. Таяу жылдардағы міндеттер

1. Бәсекелік қабілет

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм

Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек.

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау

Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

4. Білімнің салтанат құруы

Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет.



Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа-эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізеді.

6. Сананың ашықтығы

Біріншіден, адам жер шарының өзіне қатысты аумағында және өз елінің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, Ол жаңа техологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз.

Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі.



  1. «Бәрін өзімізден бастайық» постері латын әліпиін пайдалана отырып оқушылар өз аты – жөндерін жазу.

  2. «Қазақтың танымал тұлғалары» Елге белгілі танымал тұлғалардың суреттерінің астына оқушылар аты- жөндерін жазу керек.

  3. «Өзінен баста: Туған жеріңе не бересің?» ойыны

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер! Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда жапырақтар жатыр. Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз)

4.Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

1.ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)

3.«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

4.Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)

5.ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)

6.ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)

7.Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)

8.Конституция күні? – (30 тамыз)

Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.

“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.





























Тәрбие сағатының тақырыбы: Табиғатты аяла

Мақсаты:

1.Оқушыларға экологиялық білім беру.Адам өміріндегі жануарлар мен өсімдіктер маңызын ұғындыру.

2.Экологиялық мәселелеріне,қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы барысында баулып,табиғатқа сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

3.Қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақты тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Табиғат көріністері, слайд, суреттер, шарлар

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе сөз:
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады.

«Табиғат адамзаттың,жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы,алтын бесігі: Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.

Сәрсенбай Еламан:

Қайырлы күн, күнім, далам, орман,

Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім

Қайырлы күн, өсімдіктер ,жәндіктер

Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Абишева Ұлмекен :

Табиғат қызығам сенің суретіңе

Бас ием, сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде,

Табиғатта сезім де бар, құлақ та бар.

Ренжітсең, күрсіне жылап та алар

Аяласаң, жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Ибрагимов Бекзат:

Табиғат сырлы бір әлем,алайда адам әрекеттеріне қоршаған ортамыз ластанып жатыр. (слайд)Жиырмасыншы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың жедел дамуына байланысты,яғни ауыл шаруашылығын химикаттау, көліктердің көбеюі, өндіріс орындарымен фабрикалардың экологиялық нормаларды сақтамай жұмыс істеулерінің салдарынан қоршаған ортаның адам баласына, жалпы тірі организмдерге жағымсыз әсерлері арта бастады.

Осы аталған проблемаларды шешу үшін ,мамандардың даярлануы қажет. Жоғарғы оқу орындарында мұнай, газ, табиғатты үйлестіру, химия, биология, қоршаған ортаны қорғау т.с.с. мамандықтар бойынша мамандар даярлануда. Физика пәнінен осы мамандықтардағы білімгерлерге дәріс берген кезде, оның бөлімдеріне сәйкес экологиялық проблемаларға көңіл бөлінуі қажет. Болашақ мамандар ауада,суда, топырақты өсетін тамақ азықтарында жиі кездесетін заттардың концентрацияларының нормативтерін жақсы білулері керек. Егер жоғарыда келтірілген заттардың құрамында кездесетін агенттердің концентрациясы артатын болса, қоршаған ортаның физикалық , химиялық және биологиялық факторлары адам баласының денсаулығына зиянды әсер етеді: Химиялық өндіріс орындары қоршаған ортаны ластаудың қуатты көзі болып табылады. Мысалы 1990 жылы бүкіл әлемде шығарылатын органикалық заттардың мөлшері 7 миллион тонна болса ,1999 жылы 63 миллион тонна, ал 2013 жылы 250миллион тоннаға жетті. Атмосфераның ластануына байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде рак аурулары,бала түсіктері, ісік аурулары көбейіп кетті.Экологиялық кодекстің талаптарына сәйкес, облыстағы жергілікті атқарушыоргандар коммуналдық қалдықтармен жұмыс жүргізген кезде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге тиіс. Алайда бұл орындалмайтын болды. Қалдықтар қараусыздықтан да бүлініп, айналаға орны толмас зиян келтіруде. Қалдықтарды қайта өңдеу және уақытында жою сайын барлық қалдықтарының 3 пайызы ғана кәдеге жаратылса немесе жойылса, быйылғысы бұған жетпейтін сыңайлы.

Орынбаева Әсел:

Расында да өлкеміз саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.







Иматова Мальвина:

Табиғаттың сұлу мүсіні,көрікті келбеті-хайуанаттар.Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған. Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік етіп келе жатқан ғажайып жануар-Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б. ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Өткен 2016жылы Ақбөкеннің азаюының басты себебі аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. Сонымен қатар ауаның ластануынан да Ақбөкендердің жойылуына әкеліп соқты. Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б. аңдарды қорғау үшін «Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып, түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін.

Марат Бекзат:

Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі

Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранган қысым қандай әдемі

Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі

Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі

Сары түске боялған күзім қандай әдемі

Осылайша табиғатқа бір қарап

Табиғатпен сырласуда әдемі

Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен

Боларсыңлар сендер де, дүниедегі ең әдемі!

Қорытынды сөз:

«Тәрбие-бесіктен басталады» дегендей, экологиялық сауаттылық, экологиялық мәдениет отбасы, ошақ қасынан басталғаны дұрыс. Қоршаған ортаны қорғау-әрбір адамның төл мәдениеті. Ендеше, табиғатты аялай білетін, адамгершілігі мол, ізгілікті, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары тұлға болуымыз керек .

















Тәрбие сағатының тақырыбы: Жол ережесін сақтау-сақтық жасау

Сабақтың мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге дағдыландыру.
Жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, бағдаршамның суреті, әр түрлі жол белгілерінің суреттері.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Жұмбақ.
Көзін ашып жұмады
Бағыт сілтеп тұрады. / бағдаршам/
Оқушылар жұмбақтың жауабын шешкеннен соң бағдаршам туралы өлеңдері оқылады.
Бағдаршам қамқорыңдай жанашыр,
Деп тұрғандай:
«Адамдарға жол ашық!»
Кезек ашып, жұмғанында үш көзің
Қалт жібермей, орында дәл, тос өзін.
2. Қызыл көзі жанғанда,
Сары көзі жанғанда,
Сақ абай бол барынша.
Жасыл жарық жол ашық,
Жүгіре бер бел асып.
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда
Топпен жұмыс. Әр топқа сұрақтар беріледі. сол сұрақтарға дұрыс жауап беру.
1 сұрақ: Бағдаршам дегеніміз не? Оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?
2 сұрақ: Жолдағы қозғалыс бағдаршамның басқа қандай белгілермен реттеледі?
3 сұрақ. Жүргіншілерге қай жолмен жүру керек?
4 сұрақ. Жиек жол болмағанда ше?
5 сұрақ Жолдың қай жағынан жүру керек?
6 сұрақ. Ата - аналарға барғанда қоғамдық көлікке қай жерден отырасыз?
Жолда жүру ережесі туралы ережелерді еске түсіреміз.Топтарға тапсырмалар беру.

Әр топ өздеріне берілген мәтінмен танысып, әуелі жұпта, содан соң топта талқылап, бір-біріне түсіндіреді. Жол белгілерінің суреттерін көрсету.
1. Сен көшеге шықтың. Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа, содан кейін оң жағыңа қара.
2. Мектепке барар жолды, не көшені барынша аз қиындықпен өтетін ең қауіпсіз жолды таңдап ал.
3. Қала көшесімен келе жатқанда абай бол! Асықпа! Тек тротуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
4. Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең күте тұр. Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді білдіреді.








Тротуарда жүру тәртібі. Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердің бірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе. Оның астынан өтпе және үстіне асылып отырма.
Топпен бірге жүрсең:
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып, ойнама.
3.Жүгірме, секірме, итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас, басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң, тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.
Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды. Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз. Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады. Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл.
Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда, мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топ- талған тұстарында жанына қойылады. Жол қозғалысы ережелерін, нағыз қасақана бұзу-шылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі. Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмай- тынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргі-зуші аса қиын жағдайға тап болады.

Ой толғаныс
Жол ережесіне байланысты жұмбақ, өлеңдер құрастыру.
Қорытынды













Батыс Қазақстан облысының Білім Басқармасы

Сервис және жаңа технологиялар колледжі







Бекітемін:

Директордың ТІЖ орынбасары

Старинец А.О.









Тәрбие сағаты:

«Тәуелсіздік таңы атқан күн»





Өткізген: Ахметова. Ж.













Орал-2018 ж.





Хаттама №



Күні:

Тобы:

Қатысқандар саны:

Шақырылғандар:

Күн тәртібінде:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________-__________________________________________________________________

Қаулы:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________----------_____________________________________________

Топ жетекшісі:

Хатшы:



Батыс Қазақстан облысының Білім Басқармасы

Технологиялық колледж











Баяндама тақырыбы:

«Тарих пәнін оқытудың сапасын жетілдіру жолдары»











Оқыған қоғамдық пәндер оқытушысы

Ж.Ахметова.













Орал-2018 жыл

Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруымыз қажет, «Өмір бой білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс» делінген. Елбасының осы сөзі, біздің ұстанатын өмірлік қағидамыз болу керек. Яғни жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Соның бірі патриоттық тәрбие беру мен дүниетаным қалыптастыруда тарихшы мұғалімдердің орны ерекше. Тарих – мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана-сезімді және адамгершілік-этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс-тәсілдері негізінде іске асады. Тарихи білім берудің басты мақсаты мен міндеттері мынадай: — оқушылардың адамзат қоғамының ежелгі заманынан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру; — бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени тарихи тәжірибенің негізін оқытып, меңгерту; — оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, оларға адамзат жинаған әлеуметтік рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту; — оқушыларды өз халқы мен басқа халықтардың мәдениеті мен тарихын, бүкіл адамзаттың мәдени мұрасын сақтауға тәрбиелеу; — оқушылардың бойында Қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру;

— эстетикалық, экономикалық тәрбие беру, діннің тарихтағы қызметін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу. Осы міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қазіргі педагогиканың жаңалықтарын, оқу әдістемелік тәсілдің тиімді жолдарын таңдау, үздіксіз ізденіс пен білім сапасын жақсарту қажет. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, баяндама, рефераттар, хабарлама жасату, өз бетінше оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу және т.б. Осыған орай, біз яғни мұғалімдер қауымы Ж.Аймауытовтың мына тұжырымдарын үнемі есте ұстаған абзал. «Ақылды күшейтуге білімнің санынан сапасы, маңыздырақ, яғни сымбатты, жүйелі болып, миға қонуы артығырақ әсер береді. Шәкірттің алған білімдерінің арасында байланыс жүйе болса, жаңа мағұлматтарды соған жалғастырып, миға тоқу да жеңіл тиеді. Ескіге сүйеніп, жаңа мағұлматты сіңіріп алу-ақыл күшейткендіктің белгісі.Мектептің беретін білімнің мағынасы баланың зауқын тартқандай ой жұмысын құлшындырғандай, ғылымға қызықтырғандай болу керек.Сонда ғана бала мектептен шыққан соң алған білімнен айырылып қалмай, тыңнан білім жамауға, ақыл шарасын кеңейтуге әрекет етпек. Мектеп бала алған білімін өмірде пайдалана білуге үйрету керек ». Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері көбеюде. Түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, сапалы білім, саналы тәрбие беруде сабақтың тиімді түрлерін қолданып келемін. Осы мақсатта оқушылардың танымдық қызығушылығын, белсенділігін арттыру үшін өз сабағымда пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерден мысалдар келтіріп кетуді жөн көрдім. 5-6 сыныптарда ойын сабақтары, 8-10 сыныптарда сын тұрғысынан дамыту, ұжымдық оқыту, пікірталас, семинар, сынақ, жарыс, өзіндік жұмыс, мәнерлеп оқыту т.б. тәсілдерді қолданамын. Сурет-иллюстрациялар бойынша әңгіме құрастыру, тірек сигналдар, тірек-сызбалар, кластерлер, хронологиялық таблицалар құрастыру, тірек-конспектілер, Венн диаграммасы арқылы жұмыс істеу әдістері де қолданылады. Тағы бір ерекшелік, күнделікті сабақпен салыстырғанда қайталау сабақтарында оқушылардың өз беттерінше ойланып жұмыс істеуіне едәуір мүмкіндік туады. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды өз бетінше талдайды, салыстырады, қорытынды жасайды, баға береді.

Мысалы: 1. «Ойлаудың алты қалпағы» Эдуард де Бононың

*Ақ қалпақ (тарихи фактілерді жаңа мәліметтерді обьективті санамалау)

*Қызыл қалпақ (зерттелетін материал жекелей талдау жасау)

*Қара қалпақ (теріс салдары проблемаларды бөліп қарастыру)

*Сары қалпақ (барлық оң атаулыны жинақтау)

*Жасыл қалпақ (зерттелетін нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну)

*Көк қалпақ (оқу материалдары жалпы рефлексті ойларды, идеяларды тұжырымдарды қалыптастыру)

2. «РАФТ технологиясы»

Р-роль

А-аудитория

Ф-форма

Т-тақырып

3. «Қазақ жүздеріне сипаттама бер»

жүздер

территориясы

ұраны

Жүздерге енетін тайпалар

Ұлы жүз




Орта жүз




Кіші жүз




4. «Алтын Орда мемлекетіне мінездеме бер»

1. Территориясы______________________________

2. Қоғамдық құрылысы ________________________

3. Ішкі саясаты _______________________________

4. Сыртқы саясаты ____________________________

5. Құлау себебі _______________________________

6. Қорытынды _______________________________

5. Венн диаграммасын толтыру:

1783-1797 жж. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің ерекшеліктері

Көтерілістің ортақ белгілері

1837-1838 жж. Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісінің ерекшеліктері

6. «Портреттер сөйлейді» (көрсетілген фотосуреттегі адамның аты-жөнін атап, өмірбаянына тоқталу)

Тәуке хан Абылай хан

7. «Бұл кімнің сөзі?» (мәнерлеп оқи отырып, карточкада берілген мәтіннің кімнің сөзі екенін анықтау) т.с.с.

8. «ТИ кестесі»

Желтоқсан оқиғасы

Себебі

Сипаты

Тарихи маңызы

9. «Мағынаны тану»

Уақыты

Еңбек құралдары

Кәсіптері

Адамдары мен ұжымдары





10. «»Сәйкестігін тап»



Міне, осы тәрізді әдіс-тәсілдерді білім сапасын арттыру мақсатында түрлендіре отырып қолданамын. Бұл жұмыстар оқушылармен тығыз байланыста болуға, оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, оқушының танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға, оқушы тарапынан белсенділік танытып, дербестік көрсетуіне, өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға көмектеседі. Оқушылардың алған білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйесін дамытып, тиянақты білім алуына жол ашады. Сабақта оқушының жеткен жетістігін баса көрсетіп, оның пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдаймын. Бірақ шамадан тыс тапсырмалар беруден сақтану керек, ең басты оқиғалар мен фактілерді ғана білуі керектігін ескеріп, нақты тапсырмалар берген жөн.

Сондай-ақ, күнделікті сабақта оқушылардың білімін бағалауға да тигізер көмегі көп.

Мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ізденімпаз ғалым, тынымсыз еңбекқор, кез-келген ортаның ұйтқысы, оқушылары алдында беделді, ұжым мүшелері мен ата-аналар арасында сыйлы болуы керектігін ескере отырып, Отаны мен халқы алдындағы жауапкершілігін сезіне алатын жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса білейік.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!