СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

На тему "Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу" учитель по физике СШ № 20 город Тараз, Жамбылская область, Казахстан

Категория: Физика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Стоп кадр»

      ХVІІ ғасырда итальяндық ғалым Э.Торричелли алғаш атмосфералық қысымды өлшеген.  Торричелли  жасаған тәжірибені қарастырайық. 

Ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырылады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене бөлігі ғана ыдысқа төгіледі. Ал түтіктің ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Тәжірибені Торричелли былай түсіндіреді: ыдыстағы сынапқа атмосфера  қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік жағдайында тұр. Олай болса, түтік бойындағы сынаптың аа деңгейіне түсіретін қысымы атмосфералық қысымға тең. Егер одан артық болса, онда түтіктегі сынап ыдысқа құйылар еді, ал кем болса, сынап түтік бойымен жоғары көтерілер еді. Торричелли қондырғысы кейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болды.

   Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша өлшейді.           

    Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сын бағаны алынады.                                        

1 мм сын бағ  мен 1 Па арасындағы байланысты тағайындайық

h=1мм=0,001м  

   ρ=13600кг/м3          p=ρ·g·h        p=13600*10*0,001=133,3 Па

              1 мм сын. бағ. =133,3 Па =1,33гПа      

Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ. немесе 105 Па –ға тең.

 

 Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

Просмотр содержимого документа
«На тему "Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу" учитель по физике СШ № 20 город Тараз, Жамбылская область, Казахстан»

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ №44

Мектеп:№20

Күні:

Мұғалімнің аты- жөні: Егемберді А.А.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме)

7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіре отырып, атмосфералық қысымның өлшем бірліктерін қолданып есептер шығаруға жеткізу.


Сабақ мақсаттары (Бағалау критерийлері)

Атмосфералық қысым дегеніміз не екенін біледі



Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп, шыдай алатынын, атмосфералық қысымды қандай құралдармен өлшейтінді біледі.



Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Тілді мақсат:

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: атмосфералық қысым, паскаль, миллиметр сынап бағанасында,сынапты барометр, барометр - анероид.



Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: атмосфералық қысымның бірліктері мен табиғатын физикалық тілде дұрыс тұжырымдай алады

Құндылықтарға баулу

«мәңгілік ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Пәнаралық байланыс

География , математика

Ресурстар

7 – сынып оқулығы, Лукашик есептер жинағы, стикер, видеоролик (Торричелли тәжірибесі), қима қағаздар және т.б.



ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған жаттығулар түрлері.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2- мин

-оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару;

- оқушыларды тексеру;

Алдыңғы оқу:

5- мин

«Стикердегі диалог» 



Әр оқушыға стикер және әр қатарға А4 формат қағаз таратылады.

Сауал жазылған стикер жинағы келесі қатар оқушыларына алмастырып беріледі

Әр оқушы өзі стикерге сауал жазып, қағазға жапсырып келесіге береді.

Басқа топ сауалдарына жауап береді.

Қызығушылығын ояту

3-мин



«Он сұрақ»

Жасырылған сөздер: паскаль, атмосфера

Тақтаға 1 оқушы шығарылады, маңдайына сабаққа қатысты негізгі сөз жазылады

Жазылған сөзді табу үшін оқушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады , оған жауап не «ия», не» жоқ» деп беріледі

Ой қозғау

5-мин

«Миға шабуыл»тәжірибе жасау


Керекті құралдар: стақан, су, тығыз бір бет қағаз

№1 «Төңкерілген стақандағы су»

Тәжірибенің жүрісі: стақанға су құйып, бетін қағазбен жауып, стақанды төңкереміз.

Сұрақ: стақандағы су неліктен төгілмейді?

Жауабы: Суды ауаның қысымы ұстайды. Паскаль заңы бойынша ауа қысымы барлық бағытта бірдей беріледі, олай болса, жоғары қарай да беріледі.

Алдымен мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдайды

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрсетілім көрсету

10-мин













































«Стоп кадр»

ХVІІ ғасырда итальяндық ғалым Э.Торричелли алғаш атмосфералық қысымды өлшеген. Торричелли жасаған тәжірибені қарастырайық.

Ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырылады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене бөлігі ғана ыдысқа төгіледі. Ал түтіктің ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Тәжірибені Торричелли былай түсіндіреді: ыдыстағы сынапқа атмосфера қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік жағдайында тұр. Олай болса, түтік бойындағы сынаптың аа деңгейіне түсіретін қысымы атмосфералық қысымға тең. Егер одан артық болса, онда түтіктегі сынап ыдысқа құйылар еді, ал кем болса, сынап түтік бойымен жоғары көтерілер еді. Торричелли қондырғысы кейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болды.

Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша өлшейді.

Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сын бағаны алынады.

1 мм сын бағ мен 1 Па арасындағы байланысты тағайындайық

h=1мм=0,001м

ρ=13600кг/м3 p=ρ·g·h p=13600*10*0,001=133,3 Па

1 мм сын. бағ. =133,3 Па =1,33гПа

Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ. немесе 105 Па –ға тең.


Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).



Торричелли тәжірибесін көрсету, зерттеушілік әңгіме арқылы жаңа тақырыпты ашып түсіндіру

Барометр құралы , құрылысымен таныстыру

Барометр-анероидтың құрылысы

1-дөңгелек жұқа металл қорапша

2-серіппе

3-беріліс тетігі











Видеоны көре отырып оқушы өз ойларын айтады, мұғалімге сауал қою арқылы сыныпта зерттеушілік әңгіме жүргізіліп, жаңа тақырып меңгертіледі



Ой-толғаныс

Топтық жұмыс

Есептер шығару

10-мин

1.Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

2.Москва теледидар мұнарасының төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

3.Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

4.Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

5.Москва теледидар мұнарасының төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

6.Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

Әр топқа қима қағаз бойынша есептер таратылады

Әр топ мүшелері есептерді тақтада орындайды

Топтағы 6 оқушы 6 есепті алады

Әр топ өздері шығарған есептерді басқа топ мүшелерімен алмастырып өзара тексереді, талқылайды, талдайды

Графикалық диктант

  1. мин

Графикалық диктант:

1,Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым 400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым 200кПа болады (жоқ)

2.Ыдыс түбіндегі гидростатикалық қысым ыдыстағы түбінің ауданына тәуелді емес. (ия)

3.Газды сыққанда газдың қысымы кемиді (жоқ)

4.Қатты денеде қысым әртүрлі бағытта тарайды (жоқ)

5.Сұйықтардағы қысым сұйық тығыздығына тәуелді (иә)

Мұғалім интербелсенді тақтадан сұрақтарды шығара отырып сұрайды

Оқушылар жалпылай жұмыс дәптеріне орындайды, дұрыс жауабын сынып талқылап, сабақ қорытындалады

Үйге тапсырма



Түрлі эксперименттік тапсырмалар дайындау





Бағалау

5-мин

Оқушы аты

Критерийлер

(0,5-1 балл)



Сауалдарға жауап бердім



Жаңа тақырып меңгердім



Есептер шығардым



Графикалық диктант



Жалпы ұпай



Қорытынды бағасы



Бағалау шкаласы:

4 балл – «5»,

3 балл «4»,

2 балл «3»

Әр оқушы жеке жеке өзін өзі бағалайды

Кері байланыс

Кері байланыс : Сабақты бағалау кестесін ұсыну

Критерийлер

Жоғары

Орта

Төмен

1

Мен үшін сабақ түсінікті болды




2

Мен сабақ барысында қалай жұмыс жасадым




3

Менің көңіл-күйім қандай болды




4

Мұғалім сабағының жаңашылдығы қандай болды?




5

Бүгінгі ақпараттың мен үшін пайдасы қандай?






Сабақты бағалау кестесін әр оқушы жеке жеке толтырады



Скачать

© 2017, 3441 49

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!