СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мұқағали Мақатаев

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мұқағали Мақатаев»

Қара өлең

Қалқам, мен Лермонтов,Пушкин де емен,

Есенинмін демедім ешкімге мен.

Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,

Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген



Жат жерді жастанғанда жазатайым

Қанымен жазды, мүмкін, ағатайым.

Қасиетіңнен қара өлең, айналайын.

Қазақтың дәл өзіндей қарапайым.



Түзу-түзу жыртылған аңыздайын

Аңызыма неге нәр тамызбайын

Қара өлеңі қазақтың қаза болса

Қара көзден неге қан ағызбайын



Ақынмын деп ен қалай айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым,

Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын



Сүйемін өскен,Отаным

Сүйемін мен жерімнің Сүйемін өскен Отаным

Топырағын, тасын да Жылысып өткен жылыңды

Сүйемін думанды елімнің Қарыздармын сондықтан

Кәрісін және жасын да Беремін талай жырымды

Бұлтсыз айсыз жылы леб

Сүйемін салқын кештерін

Бетті аймалап уілдеп,

Толассыз соққан ескегін

Шаңдтып жота қырларын

ЖЫлқы ойнаса біріндеп

Мен сүйемін тұрғанын

Жылқышының күлімдеп

Сүйемін гүлге нәр берген

Нөсерді жауған сіркіреп

Жарқ-жұрқ етіп әр жерден

Сілкінсе аспан күркіреп

Бұлт ойнаған бетінде

Сүйемін көкшіл аспанын

Ауылдың оқшау шетінде

Асыр салған жастарын

Байқасам кейде тұра қап

Тәтті бір сырды сеземін

Сүйемін суды қуалап

Сырқырап жатқан өзенін

САн алуан гүл өскен

Далаңды сүйемін сулаған

Төбелестен күрестен

Балаңды сүйем жылаған

Барлығы да сендердікі

Сендердікі өмір қоғам заман да

Сән түзеген қалаң менен далаң да

Барлығы да мұра болмақ әманда

Болашақ деп аталатын Адамға

Қабылдаңдар қазынаны біз берген

Қиындықты көрмессіңдер біз көрген

Бұл өмірде сақтау үшін сендерді

Бабаларың үйде туып, түзде өлген

Сендер-дағы өздеріңше күресіп

Өздеріңше сендерде өмір сүресің

Болашақты жалғау үшін болашақ

Бола жатыр сендердіңде үлесің

Барлығы да сендердікі барлығы

ТАбыстаймыз жансыз бенен жандыны

Армысыңдар,ата ұрпақтың тағдыры

Армысыңдар, жаңа атқан таң нұры


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!