СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мейірім шуағы"

Категория: Внеурочка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылардың өмірге деген құштарлығын, ниетін ояту, қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге және мейірімді болуға тәрбиелеу

Просмотр содержимого документа
«"Мейірім шуағы"»

Мейірім шуағы

Мақсаты: Оқушылардың өмірге деген құштарлығын, ниетін ояту, қоршаған ортаға жақсылық жасай білуге және мейірімді болуға тәрбиелеу

Сабақтың барысы:

1.Танысу термині

2.«Үлкенге құрмет-кішіге ізет» ағашын безендіру

3.Ойын

4.Күн шуағын құрастыру

5.Жылы тілек» (қорытындылау)

1.Сабағымызды бастамас бұрын бір-бірімізбен танысып алайық. Ал енді танысу терминін өткізейік, ол үшін әркім өз есімі қандай әріптен басталса, сол әріптен басталатын жақсы бір сөзбен өзінің есімін қосып таныстырсын. Мысалы: Мен өзімді күндей жадыраған Кенжегүлмін деп таныстырамын. Ендігі кезек сіздерге (Сіздер танысудан қандай әсер алдыңыздар?) Өз есімдеріңізге жақсы сөздерді қосып айтқан да көңілдеріңіз көтерілді ме?

2. «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» ағашын безендіру. Бүгінгі сабағымызға қамқоршыларымызда қатысып отырғандықтан «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» тақырыбында өз ойларыңызды айтып өтсеңіздер. Сіздерге Ж. Баласағұнның «Құтты Білік» шығармасынан ізгілік туралы мына бір үзіндіні оқып кеткім келеді.

Ізгілік. Ізгілік не? Тегі қандай? Түсі қандай өзінің? Мінез-құлық ісі қандай өзінің?

Ізгіліктің нышаны- Халық үшін қайтпай құрақ ұшады.

Ізгі жүрек. Ізгілігін жатпайды, жомарт жандар құнын тілеп жатпайды.

Қайырымды жан қайырым етпес есеппен, Есе күтсең, ұрғылаймын тең кесекпен

Балалар, «үлкенге құрмет-кішіге ізет» дегенді қалай түсінесіңдер?

Ата-аналар , жанағы өлең жолдарында «қайырымды жан қайырым етпес есппен» деген сол сөздің мағынасын аша отырсақ.

Балалар сіздерге ата-аналарыңыз қандай ақыл -кеңестер айтып отырады.

Осы сұрақты толықтырайық, ата-аналар ізгілікті болу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек?

Жақсы, олай болса қазір біз сіздермен «Құрмет және Ізет» ағаштарын отырғызайық. Ата-аналар сіздер «Құрмет» ағашына кішілерге айтылатын сөздеріңізді , кішілер «Ізет» ағашына үлкендерге айтылатын сөздеріңізді жазып жабыстырыңыздар.

Мысалы: (Үлкен: ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол т.б.)

Мысалы : (Кіші: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет, отырыңыз, ғафу етіңіз, алыңыз, кешіріңіз, т.б.)

Мінекей , жаңа ғана өздеріңіз пісіп толған кішіге ізет болатын «Құрмет» ағашын отырғыздыңыздар.

Ал сіздер үлкенге құрмет көрсететін «Ізет »ағашын отырғыздыңыздар.

Адамдар бірін-бірі сыйлап түсіне білсе, бірін-бірі кешіре білсе, жақсы қарым-қатынас жасауға қол жеткізеді екен.

3.Ойын.Осы тұста сәл серігіп алу үшін ойынға кезек берейік. Ата-аналар өздерінің балаларын тауып алса, балалар ата-аналарын тауып алса.

Жақсылық жасау- адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге , жәрдем етуге, жанашырлық танытуға. Көмек көрсетуге , қолдау жасауға әрдайы дайын тұрады. Риясыз жақсылық жасау биік адамгершліктің белгісі.

- Біз адамдарды не үшін, қандай қасиеттері үшін жақсы көреміз?

- жақсы , қазір мен сіздерге сол адами қасиеттердің бірін атағанда сіздер соған қатысыт мақал мәтел немесе нақыл сөздер құрастырасыздар: Сабыр. Қайырымдылық, кішіпейілділік, сыпайылылық, ақылдылық, ар, намыс, шыншыл.

1. Жақсыға қылған жақсылық

Өміріңде тозбайды.

2. Кішіпейілділік -кісінің көркі

3. Сыпайы сырын жасырмас.

4. Адам ақылымен бай.

5. Ерді намыс өлтіреді.

6. Өлімнен ұят күшті т.б.

Осы тұста (қазір біз ) енді бәріміз бірге жанымызға жылу сыйлайтын, шуақтарынан мейірім төгілген күнді құрастырайық.

4.Күн шуағын құрастыру

Ол үшін мен ортаға (күн тірізді сары қағазды ілдім) Ал ата-аналар , балалар сіздер сол күннің шуағын тарататын кісілерсіздер. Сондықтан ата-ана , сіз балаңыздың бойындағы жақсы қасиеттердің бірін атап, шуақты тақтаға іліңіз. Балалар, сіздер де , ата-аналарыңыздың бойындағы жақсы қасиеттерді атап шуақты іліңіздер.

Мінекей, сіздер бірігіп жақсы сөздерге толы, жарқыраған шуағынан мейірім төгілген , шуақтарды жақсы құндлықтарға күн құрастырдыңыздар. Күн шуағы бізге жылулық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты айналамыздағы жандарға, достарымызға, туыстарымызға, өзімізге қымбат жандарға, және өзімізге тек қана жылу сыйлайық.

5. Аялау жылы, мейірімді жүректен пайда болады. Бәріміздің де жүрегіміз жылы , мейірімді. Сол жылулық пен мейірімді бір- бірімізден аямайық.

Енді бәріміз оң қолдарымызды жүректің тұсына қойып, сол жүректің жылылығын, мейірімділігін сезінейік. Енді қолымызды жайлап қана жүрегіміздің жылылғын түсіріп алмай , екінші қолымызбен демеп, оң жағымыздағы балаларымызға сыйлап, қолымызды қысайық.

Ал мен сіздердің шаңырақтарыңызға қуаныш тілеймін, сәттілік тілеймін, жылулық тілеймін, бақыт тілеймін. Сіздерге келіп қатысқандарыңызға үлкен рахметімізді айтамыз.








Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!