СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мероприятие, посвященное Дню пожилых людей.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мероприятие, посвященное Дню пожилых людей.

Просмотр содержимого документа
«Мероприятие, посвященное Дню пожилых людей.»


Қарттарым – асыл қазынам

Аймбетова Г.Ч. Ақтөбе облысы,

Әйтеке би ауданы, Тереңсай ЖОББМ

КММ – нің орыс тілі пәнінің мұғалімі


Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушыларға ұлттық қадір-қасиеттер, имандылық, үлкенді қадірлеу, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсету керектігін түсіндіру.

Тәрбиелік: Оқушыларға еңбекті сүюге, Отанымыздың білікті де білімді адал азаматы болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық: Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойын ашық жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту

Түрі: Пікіралмасу

Әдісі: Ой қозғау, әңгімелесу

Көрнекілігі:  нақыл сөздер

Барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Тренинг «Асыл жүрек»

ІІ. Кіріспе сөз

Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтарына сыйлық ретінде өлең жолдарын ұсынамыз. «Ерболат, Жанболат, Ғалым, Самурат» (Слайд: әжелер)

ІІІ. Негізгі бөлім

Бейнеролик. «Қарттар үйі»

Ой қозғау.

Қазіргі таңда қарттар үйі керек пе? Қарттарымыз өз үйінен кетуіне не себеп?

Бейнеролик. «Отбасыма тілек» Рефлексия

Сабақты қорыту.

Тәрбие сағатын аяқтай отыра «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» демекші ата - әжелер бата, ізгі ниет - тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.

Қазақтар – « Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген халық. Жасы үлкенге құрмет ету, қарттың бүгілген беліне сүйеу болу – біздің ата дәстүріміз.
Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында адамның парыз-міндеті өлшеусіз.

«Бабаларым, рахмет сендерге!
Балаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рахмет сендерге!»,- деп Мұқағали Мақатаев атамыз айтқандай

міне, балалар, біз өзіміздің ата-әжелеріміз алдында қарыздармыз. Ол қарызымызды тек жақсы тәрбие арқылы, адамгершілігі мол, мейірімді болу арқылы ғана, оларды көрген жерде құрметтеп сыйлау арқылы ғана қайтара аламыз.
Қарттарымызды ардақтап өтейік! Оларды сыйлаңдар, қадірлеңдер!






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!