СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мерекелі, берекелі - Алтын күз" атты ертеңгілік.

Нажмите, чтобы узнать подробности

С.Н.Шапағатов атындағы №59 балабақшада №11 мектепалды даярлық тобында өткізілген "Мерекелі, берекелі - Алтын күз" атты ертеңгілік. 

Просмотр содержимого документа
«"Мерекелі, берекелі - Алтын күз" атты ертеңгілік.»

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №59 С .Н.Шапағатов атындағы балабақша

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №59 С.Н.Шапағатов МКҚК





Бекітемін:

№59 С.Н Шапағатов атындағы

балабақша директоры

М ухышева Р.Ж





«Мерекелі, берекелі Алтын күз»

(Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі)



Өткізген: №11 мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Қойшыбек Айгерім






Ақтау қаласы

2019-2020 оқу жылы





Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер


Тақырыбы: «Мерекелі, берекелі – Алтын күз!»


Мақсаты:

1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.


Барысы:


Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. Әсем әуен ырғағында «Жапырақтар» биін билейді.


Тәрбиеші:

Береке бақ дарыған,
Жомарт көңіл, жарқын жүз,
Сары алтынға малынған,
Жетті міне, алтын күз!

Армысыздар тәрбиешілер мен ата-аналар, қадірлі қонақтар! «Мерекелі, берекелі – Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)

(ендеше, күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық)


1-бала

Алтын күз бірде шуақ, бірде салқын,

Жер мен көк жалтыраған сап-сары алтын

Ағашта жапырақтар сылдырлайды,

Төгілген алтын теңге сансыз жалқын.

2-бала

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағын түйеді.

3-бала

Алтын, сары, қызыл, көк,

Алуан – алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.

4-бала

Күздің қазан айында

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр - сыбдыр етеді.

5-бала

Қуандырып біздерді

Кел жемісті алтын күз,

Өлкеізге күз келді

Кемелденсін халқымыз.

Ән: «Алтын күз»


Жүргізуші:

-Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

- Жаз мезгілі.

Жаз:

  • Сәлеметсіздерме, балалар! Сендер мені таныдыңдарма? Мен жайдарлы – жаз мезгілімін. Менімен өткізген үш айларың өте көңілді өтті ме? Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалып, жазғы демалысқа шықтыңдар. Сендерді өзімнің күн нұрыма бөледім, сендер жақсы демалсын деп өзен-көл, теңіздерді күн нұрымен жылытып қойдым, тәп-тәтті жеміс-жидектерге тойдырдым. Енді, міне жаз айлары да аяқталып, қоштасатын күн келіп жетті? Енді күн суытып, жаңбырлы күз мезгілі келеді. Сендер күн суытып, нөсерлетіп жауған жаңбырдан кейін үйден шықпай отырасыңдар және ауырып дәрі ішесіңдер. Сендер мұны қалайсыңдарма? Меніңде сендермен қоштасқым келмей тұрғаны. Олай болса, күз мезгілін болдырмауға, қуып жіберуге көмектесесіңдерме? Егер балалар күз мезгілін қуып жіберуге көмектессеңдер, онда жайма шуақ жаз мезгілін қайтадан көңілді өткіземіз.


Күз:


  • Сәлеметсіздерме, балалар! Мені таныған боларсыңдар мен сендердің асыға күтіп отырған күз мезгілі боламын. Мен жазды ауыстырып, сендермен сыңғырлаған күздің керемет айларын бірге өткіземін. Сендермен бірге жапырақтардың сарғайып жерге түскенін куәсі боламыз, сылдыр жаңбырдың, алғаш қардың түсіне де куә боламыз. Көптеген мерекелерді бірге өткіземіз. Сондықтан жайдарлы жаз мезгіліне рахмет айтып қоштасайық. Алдағы тоғыз айдан кейін жаз мезгілімен қайтадан қауышамыз.


Жаз:


  • Жо-жоқ күз ханшайымы тоқтай тұрыңыз, біз мында балалармен ақылдасып жайдарлы жаз мезгілімен қоштаспай-ақ жылдың барлық айларында жаз мезгілін орнатып, күн көзіне қыздырынып, жып-жылы теңізге түсіп, тәп-тәтті жеміс жидектерді жеп жүре бергіміз келіп тұр. Солай емеспе балалар?


Күз:


  • Бұл қалайша, балалар? Олай болуы мүмкін емес. Табиғат заңдылығына бағынуымыз керек кой. Өне бойы ағаштың жапырақтары жап-жасыл болып тұралмайды, жеміс-жидектерде тәп-тәтті бола алмайды. Күз келмесе адамдар егін калай жинамақшы. Егін жиналмаса нан қайдан келеді. Егер күз түспесе, күзден кейінгі мезгілдер қыс, көктем калайша келеді? Олай болмайды жаз мезгілі.

  • Ендеше балалармен ойын ойнап көрейік.


Ойын: «Көкөністер мен жемістер»

( балалар екі топқа бөлініп екі себетке ажыратып көкөністермен жемістерді салуы қажет).


  • Жарайсыңдар балалар, сендер өте шапшаң, тапқыр екенсіңдер.

Жаз:

  • Міне көрдің бе? Күзім ау, күзімау балалар мені тосып отыр екен ғой. Жаз мезгілінің қайтадан келуін жалғыз сен екенсің қаламай отырған. Балалармен көңіл көтеруімізге бөгет болма енді. Қане, балалар маған арнаған тақпақтарыңды тыңдайық.


6-бала

Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.


7-бала

Берекесі сыйлауға өлкемізге күз келді

Жемістерін жинауға шақырады біздерді

Ақтарады мырза күз уылжыған жемісті

Күзге бізде ризамыз Аянбаған ел үшін


8-бала

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...


9-бала

Алқаптан бидайды

Қоймаға ел жинайды.

Тырнасы тізілген,

Ұнатамын күзді мен.


10-бала

Сары ала тон жамылған,

Күз атамыз секілді.

Қойны толы дәмді нан

Тәттісі көп не түрлі.


11-бала

Жайдары күз,жомарт күз,

Аяулы күз,алтын күз.

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқып жүр.


Ән: «Жапырақтар»

Би: «Орамал» (матамен қыздар биі)


Күз:

  • Міне, көрдің бе жайдарлы жаз мезгілі балалар күз мезгілін сағына асығып күткенін. Күз мезгіліне арнап тақпақтарын айтып, әндерін шырқап, билерін билеп жатыр.

Жаз:


  • Балалар бұларың не? Біздер келісіп едік қой.


Күз :


  • Жайдарлы жаз мезгілі сабырға кел. Табиғат анаға залал келтірмейік. Сені демалысқа жіберіп, балалар күздің де берекесін, мерекесін, молшылығын көрсін.

Жаз:


  • Жо-жоқ, олай мүлде болмайды мен қазір күздің сарғайған жапырақтарын жап-жасыл жапырақтарға бөлеп тастаймын.


Ойын: «Жапырақтар»

(балалар жаздың шашып жиберген жапырақтарын теріп екі себетке ажыратып салып жинап береді)



  • Жарайсыңдар балалар! Шапшаңдықтарыңа сөз жоқ екен.


Би: «Тамшылар». (ұлдар)

Ән: «Күзгі вальс»

Тақпақтар:

12-бала

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.


13-бала

Келеді көшіп комбайн,
Алтын дария егінді.
Жинап маржан бидайын,
Күзіміз неткен көңілді.


14-бала

Жетті желмен алтын күз,
Жеміс жинау салтымыз.
Жиып - теріп болған соң,
Той жасайды халқымыз.


15-бала

Сап - сары ғып даланы,
Бояпты ғой күз деген.
Құстар қанат қағады,
Қоштасқандай бізбенен.


16-бала

Қарашы, күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен түзеді,
Көңілсіз неткен күз еді.


17-бала

Алтын, сары, қызыл, көк

Алуа-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады атырап.


18-бала

Алтын нұрдай тамшылап,

Жапырақтар төгіледі.

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді.





19-бала

Біреу астық түсіріп,

Біреу бидай ұшырып.

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп.


Күз:


  • Жарайсыңдар балалар сендер менін сенімімді ақтадыңдар. Жапырақтарды дұрыс ажыратып бердіңдер. Әдемі билеп, ән де шырқап бердіңдер. Мінекей жаз мезгілі көрдің бе? Жыл мезгілдерінің де өз уақытымен ауысып отыратынын. Табиғат ананың сыйын балалар да көру керек екенін. Сен қаншама қаласаңда табиғат заңына бағыныштымыз. Ендеше балалар сені де мен сияқты асыға күтетін болады. Саған арнап ән шырқап, тақпақтарын арнап, билерін билеп беретін болады. Әзірше сау бол жайдарлы жаз мезгілі.


Жаз қоштасып шығып кетеді.


Ән: «Осень, осень, осень снова к нам пришла» (хор)

Тақпақтар:

20-бала.

Ән салыңдар күліңдер
Жайнап гүлдей жүріңдер.
Күздің тойын тойлайық
Би билейік, ойнайық.

21-бала

Жеміс мол теретін
Күз дос екен бізбенен
Бәрін тауып беретін
Жомарт екен күз деген

22-бала

Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.

Айнала жым-жырт, Көк аспан сұрғылт.

Жер жыртқан тыңда Трактор қырда.

Жапырақ ұшты, Суық та түсті.

Сонда да бізге, Қызық көп күзде.

23-бала

Қоңыр салқын тарады Қойнаулар мен сайлардан,

Қаздар қайтып барады, Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп, Жалқынданып тұр аймақ.

Ақ сәулеге шомылып, Жапырақтар жүр ойнап.





24-бала

Көктен көзін бір алмай,

Қызғылт тартты кәрі құз...

Жер қызығын қия алмай,

Маужырап тұр сары күз...

25-бала

Думан толы асқарлы

Күз мезгілі басталды.

Күз әуені кеп жетті,

Әнге бөлеп жастарды.

26-бала

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

27-бала

Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Би: «Жұп биі»


Күз ханшайымының сыйы. ( балаларға алма таратып береді).


Күз ханшайымы: 

Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Мерекелі, берекелі Алтын күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!