СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мейірімге толы жүрек" атты қамқоршылар күнінен арналған кеш

Категория: Искусство

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Мейірімге толы жүрек»

Мақсаты: Қамқорлықтағы оқушылардың Қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.v

Просмотр содержимого документа
«"Мейірімге толы жүрек" атты қамқоршылар күнінен арналған кеш»

Тақырыбы: «Мейірімге толы жүрек»

Мақсаты: Қамқорлықтағы оқушылардың Қамқоршыларымен мектеп арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.

Керекті құралдар: компьютер, проектор, тақта, фотоаппарат, музыка, шарлар.

Шақырылатындар: қамқоршылар қамқорлыққа алынып отырған балалар, мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, пән мұғалімдері.

Барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Қонақтарды қарсы алу, орналастыру. Музыка ойнап тұрады, слайдтар көрсетіледі.

1-жүргізуші:

Құрметті қамқоршы ата-аналар, қонақтар, ұстаздар, оқушылар, мерекеге қош келдіңіздер! Республика көлемінде өтіп жатқан Қамқоршы күніне арналған«Мейірімге толыжүрек» атты шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер. Бұл шараны қайырымдылықты дәріптейтін, жылы жүректі қамқор жандарға арналған кішігірім құрмет деп қабылдауымыз керек.

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдылық бойларыңыздан табылып, осынау балаларымызға қамқорлық көрсетіп, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді сіңіріп, тәрбие беріп отырғандарыңыз үшін бас иеміз.

Сіздердің қамқорлықтарыңызда балалар бар, соған байланысты кез –келген қамқорлық «Аялы алақаннан» басталады. Сіздер баланың бақытты болуына жәрдемдесесіздер. Кез келген бала бақытты болуға лайықты. Бақытқа қол жеткізу, балаға – қуаныш, мейірім сыйлау сіздерден бастау алады.

Құрметті қамқоршыларды мерекелерімен құттықтау үшін мектеп директорының тәрбие ісі жөнінен орынбасары Каржикова А.К. мен Сыдық Қ.Т. сөз беріледі.



Құрметті балалар! Қамқорлық көрсетіп отырған ата-ананың қадрірін біліп, оларды ренжітпей, ата-анаға деген ізет, құрметіңді аямасаң,саған деген олардың ізгі тілегі қабыл болғаны деп біл.

Кешемізді ары қарай жалғастыра отырып мен ортаға оқушыларымызбен сыр бөлісу үшін бірер сұрақ қоюға ортаға шақырсақ.

Сұрақтар:

Оқушы: Манарбек Айдананың орындауында тамаша ән шашуды қабыл алыңыздар.

Жүргізушы: Біздің қамқоршы ата-аналарымыз балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке тәрбиелейтініне сенімім мол. Бар жақсылығын аямай, жылы қанатының астына алып отырған ата-аналарға арнап Арыстанғали Ақерке, Ерғалиқызы Арайлым мен Манарбек Айдана өздеріңізге арнап жыр шашуларын шашпақшы. Құрмет қошеметпен қарсы алайық.

Жүргізуші: Бала өмірінде ең басты тәрбие көзі отбасынан басталса, мектеп тарапынан да бала тәрбиесіне көп ықпал жасалады. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы бала тәрбиесіне негізделген, сол себепті, мектеп тарапынан қатысып отырған қонақтарға сөз кезегін берсек. Онда олар туралы сынып жетекшілерінен жақсы білетін адам жоқ, сол кісілерден сұрайық. Олай болса сынып жерекшілерінен сұрап көрейік. (Оқушы туралы қысқаша мінездеме береді)

Жүргізуші: Ана-әке деген сөздер баланың жанында мәңгі сақталады. Ата-ананың аялы алақанын жоқтатпай, мейірімін шашып отырған осынай жандарға алғысымыз шексіз. Мектептің музыка пәні мұғалімі Шахзада Тажиддинова орындауында «Әкелер» әнін тыңдайық.

О,қамқоршым,

Таянышым, тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім!

Мені жақсы болса екен деп қашан да,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің.

Қамқоршы ата-аналарға сөз беріледі.

Жүргізуші: Құрметті қамқоршы апалар, сіздердің балаларыңыздың білім алып отырған ордасы әрқашанда сіздердің балаларыңызға сапалы білім, саналы тәрбие беріп келеді. Бала болашағы үшін бір жақты қызмет ету аздық етеді. Сондықтанда сол балаларға отбасылық тәрбие беріп, қамқорлық жасап отырған сіздердің де еңбектеріңіз зор. Балаларымыз еліміздің қалаулы азаматтары мен азаматшылары болып өсуі үшін бірлесіп, ынтымақтасып жұмыс жасайық.

Осы бүгінгі іс – шарамызды қорыта келе, бала біздің болашағымыз демекші, сіздер мен біз екі жақты байланысты үзбей, бала болашағы үшін бойымыздағы барлық жақсы қасиеттерімізді бала бойына дарыта отырып, жұмыла іс жасайық. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілей отырып, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Балаларыңыз үміттеріңізді ақтайтын азамат пен азаматшалар болып өсуіне тілектеспіз!




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!