СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математикалық ойындар

Нажмите, чтобы узнать подробности

Биік-аласа, кең — тар

"Қақпа"ойыны.

Мақсаты: Биік- аласа ұғымдарын бекіте отырып, қимыл- қозғалыс арқылы басқа кеңістік ұғымдарынан ажырату.

Шарты: Балалар қатарға тұрады.Тәрбиеші "биік" десе, балалар тіке жүре береді. "Аласа" десе, балалар еңкейеді. Ойын шартын бұзған бала ойыннан шығады.

Үлкен-кіші, ұзын-қысқа.

"Кім үлкен"ойыны.

Мақсаты: Үлкен – кіші, ұзын – қысқа ұғымдарын салыстыра білуді бекіту.

Шарты: Балалар ормандағы аңдар болып киінеді.Тәрбиеші дәрігер Айболит болады. Аңдар дәрігерге көрінуге келеді. Дәрігер олардың бойларын, салмағын өлшеп қатармен тұрғызады. Баларды саптан таратып жібереді де, қатарға деген кезде балалар сол орындарын табуы керек.

Жуан-жіңішке. Қалың-жұқа

"Қарша борау"ойыны.

Мақсаты: Жуан – жіңішке, қалың – жұқа ұғымдарын заттарды салыстыру арқылы ажырату.

Шарты: Балалар қағазға қалың-жұқа, жуан-жіңішке заттардың біреуінің суретін салып бір-біріне қарша лақтырады. Қолдарына түскен суреттің жуан- жіңішке, қалың — жұқа қандай сурет екенін айту. Екі затты салыстыра сипаттап айтқызу. Мысалы: Кітап қалың , ал дәптер жұқа.

Жоғары-төмен, оң-сол.

"Алма бағы"ойыны.

Мақсаты:Балаларға жоғары-төмен ұғымдарын меңгерту.

Шарты:Балаларды орындарынан тұрғызып алма жинату.

Оң жағындағы ағаштан алма теріп, сол жағындағы себетке салғызу.Сол жағындағы ағаштан алма теріп, оң жағындағы себетке салдыру.

Енді жоғардағы алманы жинап, төмендегі себетке салғызу.

Алды,арты,жаны,асты.

"Қай жерде тұр?" ойыны.

Мақсаты: Заттардың өзара орналасуын кеңістік ұғымдары бойынша ажыратып айту, балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балаларға топ бөлмесіндегі 1 затты атап, қай жерде тұрғанын тапқызу. Немесе 1 ойыншықты алып жасыру. Ол бөлменің ішінде қай жерде орналасқан екенін айтқызу. Содан кейін сол баланың көзін байлап сол жерді кері тапқызу.

Көп, аз, артық, кем, сонша.

"Кім шапшаң?"ойыны.

Мақсаты: Ойын ережесін сақтау, қимыл- қозғалыстарын дамыту.

Шарты: Жерге жапырақтар, жеміс-көкіністер суреттерін шашып тастап, 3 -4 баланы ортаға шығарып әуен жіберіп сол тоқтағанша билету. Әуен тоқтағанда ортадағы суреттерді себеттеріне жинау керек. Кім көп жинаса сол жеңімпаз атанады.

Теңестіру.

"Тең тие" ойыны.

Мақсаты: Сан мен затты салыстыра білу қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балаларға сыртында сандары бар қайық суреттерін тарату. Сол сыртындағы санға байланысты ананастарды салу керек. Кім тез тауып салса сол жеңімпаз атанады.

1 саны мен таңбасы.

“Аңдарды қоректендір”ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Шарты: Тақтада аңдар суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиешінің алдында. Қай аң қандай тамақты ұнататынын балалар тауып, тақтаға ілуі керек. Мысалы: маймылға — банан, аюға — бал.

2 саны мен таңбасы.

"Кім біледі?"ойыны.

Мақсаты: Өтілген санды меңгертумен бірге балалардың ойын дамыту.

Шарты: Өтілген 2 санына орай өздері білетін екі заттың суретін салғызу. Мысалы: көз, құлақ, аяқ, қол, қолғап, шұлық т.б.

+,-,= таңбалары.

«Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Амалдарды қолданып есептер шығаруда ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Аквариумнан балық аулдау немесе балықты аквариумға кері салу әрекеттеріне сай амалдарды қолданып есептер шығару.

0 санымен және таңбасы.

“Мені тап” ойыны.

Мақсаты: 0 санын меңгерту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Берілген суреттің ішінен 0 санын тауып жазу.

3 саны мен таңбасы.

"Молекула"ойыны.

Мақсаты: Балаларға 3 санын меңгерту, зейін қойып тыңдау және ойлауын дамыту.

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші "атом"дегенде балалар әр түрлі қозғалыста болады. «Молекула 1,2,3…»дегенде сонша бала болып топтасулары керек. Тәрбиеші қанша сан айтса сонша бала топтасады.

4 саны мен таңбасы.

"Суретпен жұмыс"ойыны.

Мақсаты:Балаларға 4 санын меңгерту, ойлауын дамыту.

Шарты:Төрт саны шығатындай етіп жапырақтар арасын қос.

5 саны мен таңбасы

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойыны

Мақсаты: 5 санының шығу жолын табуда еске сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған тәрбиеші «қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал деп» екі және үш деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала, үш және екі болады бес деп допты тәрбиешіге кері лақтырады.

Салыстыру.

"Жемістерді үлестір"ойыны.

Мақсаты: Көрсетілген затты сан құрамымен салыстыруда таным және ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. І топқа жемістер, ІІ топқа бес көлеміндегі сандар таратылады. Көрсетілген санға сәйкес жемістер суреті сол топқа таратылады.

Қайталау, бекіту.

«Домино» ойыны

Мақсаты: 1- ден 5- ке дейцінгі сан құрамын бекіту.

Шарты: Домино тасына қарап 1- ден 5- ке дейінгі сан құрамын ажыратып, бос орынға нүктелеп тиісті санды қою.

6 саны мен таңбасы.

Жұмбақ есептер шешкізу.

1.Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді

Кездесті міне керегі.

Екеуі-қайың астынан

Төртеуі-терек қасынан

Қанша олар болмақ есепте

Тоқылған салған себетке

2.Айтшы бақа,бақашақ

Міне сені сынар шақ

3-ке,3-ті қосқанда

Қанша болмақ санасақ?

Жауап берші бақашақ

3.Түйенің бес ботасы

Асыр салды алаң кайда

Біреуі кеп әлде қайдан

Әлгілерге қосылды

Сонда неше бота болды?

7 саны мен таңбасы.

Поезд құрастыр.

Мақсаты: 1- ден 7- ге дейінгі сан қатарының реттілігін сақтауда таным қабілеттерін дамыту.

Шарты: Тәрбиеші балаларға 1 ден 7 ге дейінгі сан жазылған карточкаларды таратады. Олар вагондар, ал бір бала тепловоз болады. Балалар қолдарындағы карточкаларындағы сандарға қарай отырып тепловозға ретімен тіркеледі.

8 саны мен таңбасы.

"Жолаушылардың орналасуына көмектес"ойыны.

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамытып,8санын меңгерту.

Шарты: Воганда берілген санға қарай аңдарды орналастыру.

.9 саны мен таңбасы.

"Кілтті тап"ойыны.

Мақсаты:Есеп шығара отырып 9санын таныту,ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балаларға 9санына дейінгі сандар салынған әр түрлі уйдің суреттерімен сол сандар,шығатындай есептер берілген кілттің суретін таратып есептерді шығарып,есіктерді ашуға көмектесу.

10 саны мен таңбасы"

Жаңылмаймын"ойыны.

Мақсаты:10 санын таныту және балалардың тілін дамыту.

Шарты: Балалар 1 ден бастап,10-ға дейін санайды.Әр санды айтқанда "жаңылмаймын" деп, ал 3-ке бөлінетін санды айтқанда "жаңыламын" деуі керек. Мыс: 1-жаңылмаймын, 2-жаңылмаймын, 3-жаңыламын,

4-жаңылмаймын т.б.

Салыстыру

«Өз орныңды тап» ойыны.

Мақсаты: 1- ден 10 ға дейінгі сандар қатарын анықтауда есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: 10- ға дейінгі сандар жазылған карточкалар балаларға таратылады. Тәрбиеші бір санды атайды. Қолында 5 сан таңбасы бар бала ортаға шығады. Бұл санның оң және сол жақтағы көршілері орындарыңды табыңдар. 4 және 6 сандары шығып, өздерінің қалай көрші екндерін дәлелдеп береді. Мысалы: мен 4- пін 4- тің 5 тен 1-еуі кем, сондықтан 5 санының сол жақтағы көршісімін…

Сан құрамы.

«Өз орныңды тап» ойынгы.

Мақсаты: Алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін, орнын қайталап есте сақтау.

Шарты: Тәрбиеші 10 баланы тақтаға шығарып, қолдарына кеспе сандар жапсырылған карточка таратады. Балалар ретсіз араласып, әуенмен билеп тұрады. Әуен тоқтағанда балалар ретімен қатарға өз орындарын тауып тұруы керек.

Есептер шығару

Мақсаты: Мазмұнды есептерді құрастырып шығару.

Шарты: Тәрбиеші балалардың қолына карандаш пен қағаз таратады. Ойша мазмұнды есептер құрастырып шығаруға тапсырма береді. Есептерін мазмұнымен айтып таныстырады.

Сусымалы, сұйық заттар.

"Кімде не?"ойыны.

Мақсаты:Сұйық,сусымалы заттарды айыра білуге уйрету.

Шарты: алаларға әр түрлі сұйық және сусымалы заттардың суретін тарату.Тақтаға бөшке мен таразы суретін іліп қойып,кімде сұйық заттың суреті болса бөшкенің тұсына,кімде сусымалы заттың суреті болса таразының тұсына апарып жапсырту.Мыс:бөшкеге-су,май,шырын т.б,

таразыға-топырақ,тұз,құмшекер т.б.суреттері.

Нүкте.Сызық

"Жатпланеталық"ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту.

Шарты: Ортаға 10 бала шығарып, жатпланеталықтың атрибут бас киімін кигізіп, ортаға әуенмен кіргізу. Жатпланеталықтың шашы ғажайып әр түрлі сызықтармен жасалған. Біреуі — түзу, біреуі — ирек, біреуі — сынық сызықтарымен жасалған, көздері — нүкте етіп берілген. Әуен тоқтағанда ойыншылар топтан шығып кетеді, яғни ғарышқа кеткен болып есептеледі. Қалған балалар сызықтарды табуы керек.

Бұрыш,тікбұрыш,тіктөртбұрыш.

Мақсаты:Санай білуге үйрету.

“Неше бұрыш’’ойыны

Шарты: Балаларға бірнеше бұрышты суреттер беріп, неше бұрыш бар екенін ішіне жаздыру.

Үшбұрыш,шаршы,текше.

"Пішін қайда жасырынды?"ойыны.

Мақсаты: Пішіндердің қасиеттерін атай білу және бір – бірінен ерекшеліктерін ажырату.

Шарты: Тақтаға он геометриялық пішіндерден құралған суреттер ілінеді.Ал балалардың қолына бір геометриялық пішін беріп, қандай пішін, қай жерде орналасқанын тауып, жапсырту және атату.

Дөңгелек. Шар

"Қайсысында дөңгелек шар көп?"ойыны.

Мақсаты:

Шарты: Сопақша, дөңгелек шар ұстаған қояндар ішінен шарларды пішіндері бойынша топтау.

Теңге

«Ұлтына қарай таны»» ойыны

Мақсаты: ұлттық ақша атуларын естеріне сақтау.

Шарты: Қазақ, өзбек, орыс, қытай, неміс, ағылшын ұлттарын тәрбиеші жекелеп айтады, балалар ұлттық ақша атауларын атайды.

Уақыт және тәулік мезгілдері.

“Қатесін тап”ойыны.

Мақсаты: Тәулік және уақыт мезгілдері ұғымдарын ажырата білу.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді де, бір топқа уақытты, екінші топқа тәулік мезгілдерін бейнелейтін суреттер таратылады. Балалар өзара ақылдасып қолдарындағы мезгілдерге қарама — қарсы түрде әңгіме құрастырады. Екінші топ балалары қатесін тауып, уақыт немесе тәулік мезгіліне сай түзете әңгімелейді.

Бүтін затты тең 2-4 бөлікке бөлу.

“Арқаға сурет салу”ойыны.

Мақсаты: Бүтін затты теңдей 2, 4бөлікке бөлуге үйрету арқылы бір-біріне дене жаттығуларын жасау.

Шарты: Балаларды орындарынан тұрғызып, бір бала қасындағы баланың арқасына сурет салдырып,оны бөлгізу.Арқасын тосып тұрған бала қандай сурет,нешеге бөлгенін айтып беру. Мысалы: алма суретін салып, 2-ге бөлді. Төртбұрыш салып 4-ке бөлді.т.б.

Просмотр содержимого документа
«математикалық ойындар»

Аңдарды қоректендір”ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.

Шарты: Тақтада аңдар суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиешінің алдында. Қай аң қандай тамақты ұнататынын балалар тауып, тақтаға ілуі керек. Мысалы: маймылға — банан, аюға — бал.

2 саны мен таңбасы.

"Кім біледі?"ойыны.

Мақсаты: Өтілген санды меңгертумен бірге балалардың ойын дамыту.

Шарты: Өтілген 2 санына орай өздері білетін екі заттың суретін салғызу. Мысалы: көз, құлақ, аяқ, қол, қолғап, шұлық т.б.

+,-,= таңбалары.

«Аквариумдағы балықтар»

Мақсаты: Амалдарды қолданып есептер шығаруда ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Аквариумнан балық аулдау немесе балықты аквариумға кері салу әрекеттеріне сай амалдарды қолданып есептер шығару.

0 санымен және таңбасы.

Мені тап” ойыны.

Мақсаты: 0 санын меңгерту, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Берілген суреттің ішінен 0 санын тауып жазу.

3 саны мен таңбасы.

"Молекула"ойыны.

Мақсаты: Балаларға 3 санын меңгерту, зейін қойып тыңдау және ойлауын дамыту.

Шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші "атом"дегенде балалар әр түрлі қозғалыста болады. «Молекула 1,2,3…»дегенде сонша бала болып топтасулары керек. Тәрбиеші қанша сан айтса сонша бала топтасады.

4 саны мен таңбасы.

"Суретпен жұмыс"ойыны.

Мақсаты:Балаларға 4 санын меңгерту, ойлауын дамыту.

Шарты:Төрт саны шығатындай етіп жапырақтар арасын қос.

5 саны мен таңбасы

«Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал» ойыны

Мақсаты: 5 санының шығу жолын табуда еске сақтау қабілетін дамыту.

Шарты: Балалар дөңгелене тұрады. Ортада тұрған тәрбиеші «қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал деп» екі және үш деп бір балаға допты лақтырады. Допты қағып алған бала, үш және екі болады бес деп допты тәрбиешіге кері лақтырады.

Салыстыру.

"Жемістерді үлестір"ойыны.

Мақсаты: Көрсетілген затты сан құрамымен салыстыруда таным және ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. І топқа жемістер, ІІ топқа бес көлеміндегі сандар таратылады. Көрсетілген санға сәйкес жемістер суреті сол топқа таратылады.

Қайталау, бекіту.

«Домино» ойыны

Мақсаты: 1- ден 5- ке дейцінгі сан құрамын бекіту.

Шарты: Домино тасына қарап 1- ден 5- ке дейінгі сан құрамын ажыратып, бос орынға нүктелеп тиісті санды қою.

6 саны мен таңбасы.

Жұмбақ есептер шешкізу.

1.Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді

Кездесті міне керегі.

Екеуі-қайың астынан

Төртеуі-терек қасынан

Қанша олар болмақ есепте

Тоқылған салған себетке

2.Айтшы бақа,бақашақ

Міне сені сынар шақ

3-ке,3-ті қосқанда

Қанша болмақ санасақ?

Жауап берші бақашақ

3.Түйенің бес ботасы

Асыр салды алаң кайда

Біреуі кеп әлде қайдан

Әлгілерге қосылды

Сонда неше бота болды?

7 саны мен таңбасы.

Поезд құрастыр.

Мақсаты: 1- ден 7- ге дейінгі сан қатарының реттілігін сақтауда таным қабілеттерін дамыту.

Шарты: Тәрбиеші балаларға 1 ден 7 ге дейінгі сан жазылған карточкаларды таратады. Олар вагондар, ал бір бала тепловоз болады. Балалар қолдарындағы карточкаларындағы сандарға қарай отырып тепловозға ретімен тіркеледі.

8 саны мен таңбасы.

"Жолаушылардың орналасуына көмектес"ойыны.

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамытып,8санын меңгерту.

Шарты: Воганда берілген санға қарай аңдарды орналастыру.

.9 саны мен таңбасы.

"Кілтті тап"ойыны.

Мақсаты:Есеп шығара отырып 9санын таныту,ойлау қабілеттерін дамыту.

Шарты: Балаларға 9санына дейінгі сандар салынған әр түрлі уйдің суреттерімен сол сандар,шығатындай есептер берілген кілттің суретін таратып есептерді шығарып,есіктерді ашуға көмектесу.

10 саны мен таңбасы"

Жаңылмаймын"ойыны.

Мақсаты:10 санын таныту және балалардың тілін дамыту.

Шарты: Балалар 1 ден бастап,10-ға дейін санайды.Әр санды айтқанда "жаңылмаймын" деп, ал 3-ке бөлінетін санды айтқанда "жаңыламын" деуі керек. Мыс: 1-жаңылмаймын, 2-жаңылмаймын, 3-жаңыламын,

4-жаңылмаймын т.б.

Салыстыру

«Өз орныңды тап» ойыны.

Мақсаты: 1- ден 10 ға дейінгі сандар қатарын анықтауда есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Шарты: 10- ға дейінгі сандар жазылған карточкалар балаларға таратылады. Тәрбиеші бір санды атайды. Қолында 5 сан таңбасы бар бала ортаға шығады. Бұл санның оң және сол жақтағы көршілері орындарыңды табыңдар. 4 және 6 сандары шығып, өздерінің қалай көрші екндерін дәлелдеп береді. Мысалы: мен 4- пін 4- тің 5 тен 1-еуі кем, сондықтан 5 санының сол жақтағы көршісімін…

Сан құрамы.

«Өз орныңды тап» ойынгы.

Мақсаты: Алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгісін, орнын қайталап есте сақтау.

Шарты: Тәрбиеші 10 баланы тақтаға шығарып, қолдарына кеспе сандар жапсырылған карточка таратады. Балалар ретсіз араласып, әуенмен билеп тұрады. Әуен тоқтағанда балалар ретімен қатарға өз орындарын тауып тұруы керек.

Есептер шығару

Мақсаты: Мазмұнды есептерді құрастырып шығару.

Шарты: Тәрбиеші балалардың қолына карандаш пен қағаз таратады. Ойша мазмұнды есептер құрастырып шығаруға тапсырма береді. Есептерін мазмұнымен айтып таныстырады.

Сусымалы, сұйық заттар.

"Кімде не?"ойыны.

Мақсаты:Сұйық,сусымалы заттарды айыра білуге уйрету.

Шарты: алаларға әр түрлі сұйық және сусымалы заттардың суретін тарату.Тақтаға бөшке мен таразы суретін іліп қойып,кімде сұйық заттың суреті болса бөшкенің тұсына,кімде сусымалы заттың суреті болса таразының тұсына апарып жапсырту.Мыс:бөшкеге-су,май,шырын т.б,

таразыға-топырақ,тұз,құмшекер т.б.суреттері.

Нүкте.Сызық

"Жатпланеталық"ойыны.

Мақсаты: Балалардың ойлауын дамыту.

Шарты: Ортаға 10 бала шығарып, жатпланеталықтың атрибут бас киімін кигізіп, ортаға әуенмен кіргізу. Жатпланеталықтың шашы ғажайып әр түрлі сызықтармен жасалған. Біреуі — түзу, біреуі — ирек, біреуі — сынық сызықтарымен жасалған, көздері — нүкте етіп берілген. Әуен тоқтағанда ойыншылар топтан шығып кетеді, яғни ғарышқа кеткен болып есептеледі. Қалған балалар сызықтарды табуы керек.

Бұрыш,тікбұрыш,тіктөртбұрыш.

Мақсаты:Санай білуге үйрету.

Неше бұрыш’’ойыны

Шарты: Балаларға бірнеше бұрышты суреттер беріп, неше бұрыш бар екенін ішіне жаздыру.

Үшбұрыш,шаршы,текше.

"Пішін қайда жасырынды?"ойыны.

Мақсаты: Пішіндердің қасиеттерін атай білу және бір – бірінен ерекшеліктерін ажырату.

Шарты: Тақтаға он геометриялық пішіндерден құралған суреттер ілінеді.Ал балалардың қолына бір геометриялық пішін беріп, қандай пішін, қай жерде орналасқанын тауып, жапсырту және атату.

Дөңгелек. Шар

"Қайсысында дөңгелек шар көп?"ойыны.

Мақсаты:

Шарты: Сопақша, дөңгелек шар ұстаған қояндар ішінен шарларды пішіндері бойынша топтау.

Теңге

«Ұлтына қарай таны»» ойыны

Мақсаты: ұлттық ақша атуларын естеріне сақтау.

Шарты: Қазақ, өзбек, орыс, қытай, неміс, ағылшын ұлттарын тәрбиеші жекелеп айтады, балалар ұлттық ақша атауларын атайды.

Уақыт және тәулік мезгілдері.

Қатесін тап”ойыны.

Мақсаты: Тәулік және уақыт мезгілдері ұғымдарын ажырата білу.

Шарты: Балалар екі топқа бөлінеді де, бір топқа уақытты, екінші топқа тәулік мезгілдерін бейнелейтін суреттер таратылады. Балалар өзара ақылдасып қолдарындағы мезгілдерге қарама — қарсы түрде әңгіме құрастырады. Екінші топ балалары қатесін тауып, уақыт немесе тәулік мезгіліне сай түзете әңгімелейді.

Бүтін затты тең 2-4 бөлікке бөлу.

Арқаға сурет салу”ойыны.

Мақсаты: Бүтін затты теңдей 2, 4бөлікке бөлуге үйрету арқылы бір-біріне дене жаттығуларын жасау.

Шарты: Балаларды орындарынан тұрғызып, бір бала қасындағы баланың арқасына сурет салдырып,оны бөлгізу.Арқасын тосып тұрған бала қандай сурет,нешеге бөлгенін айтып беру. Мысалы: алма суретін салып, 2-ге бөлді. Төртбұрыш салып 4-ке бөлді.т.б.

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!