СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушылар Macromedia Flash бағдаламасының терезелерімен, құралдарымен танысады;

оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттері артады;

Просмотр содержимого документа
«Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу»

Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара қаласы

М. Горький атындағы жалпы орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі Асылбекова Ұлжан Бактыбаевна

Факультативтік сабақ жоспары



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


САБАҚ: Macromedia Flash бағдарламасының интерфейсімен және мүмкіндіктерімен танысу


Мектеп: М. Горький атындағы жалпы орта мектебі

Күні: 16.10.2017 ж

Мұғалімнің есімі: Асылбекова Ұ. Б.

СЫНЫП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушылар Macromedia Flash бағдаламасының терезелерімен, құралдарымен танысады;

оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттері артады;


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылар Macromedia Flash бағдаламасының терезелерімен, құралдарымен танысады;

Осы ортада жұмыс жасай алады.



Оқушылардың басым бөлігі:

Осы ортада жұмыс жасай алады.


Кейбір оқушылар:

Оқушылар Macromedia Flash бағдаламасының терезелерінде жақсы жұмыс жасай алады

Тілдік мақсат

Оқушылар:

  • ... (істей) алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Компьютер, тақта, интерактивті тақта, Macromedia Flash бағдарламасы.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Macromedia Flash



Талқылауға арналған тармақтар:



Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?




Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы тақырып


Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)



Ресурстар


Басталуы




1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа дайындығын тексеру.
1. Оқушыларды ұйымдастыру
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру
3. Сабақты бекіту
4. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары
• Таңдау операторы дегеніміз не?
• Қай кезде қолданылады?
• Таңдау операторына мысал келтір.


Ортасы








Flash бағдарламасы Web - анимацияларды құру мақсатында қолданылатын бағдарлама. Қазіргі кезде Flash бағдарламасының көмегімен күрделі интерактивті бағытталған кескіндерді, динамикалық Web - беттерді, мультфильмдерді, ойындарды және т. б. ұйымдастыруға болады. 
Flash бағдарламасында құрылған құжаттың кеңейтілмесі *. fla (Flash құжаты) және *. swf (Small Web - File - кіші Web - файл) типті болып келеді.
Flash 8 бағдарламасының стандартты жүктелу жолы: ПускВсе приложенияMacromedia Macromedia Flash 8 (1 - сурет) немесе Пуск  Macromedia Flash 8
1 - сурет. Macromedia Flash 8 бағдарламасының жүктеу жолы.
Экранда Macromedia Flash 8 бағдарламасының жұмыс терезесі ашылады (2 - сурет).


Create New (Құру) бөлімінде Flash Document (Flash құжаты) сілтемесін басыңыз. Экранда Flash 8 бағдарламасының жаңа құжаты пайда болады (3 - сурет).
Құрылған файлдың қажетті параметрлерін «Рroрerties» (Қасиеттер) панелі көмегі арқылы енгізуге болады.
3 - сурет. Flash8 бағдарламасының жаңа құжаты.
«Tools» (Құрал саймандар) тақтасы бірнеше бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде - объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары орналасқан (4 - сурет).
4 - сурет. Объектіні ерекшелеу және суреттер салу батырмалары.
Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық:. Толығымен ерекшелеу батырмасы көмегімен объектіні ерекшелеудің екі жолы бар: бірінші жолда объектіні толығымен ерекшелеп аламыз, ал екінші жолда тінтуірдің сол жақ батырмасын объектіде үздіксіз екі рет шертеміз де қалаған бағытта орын ауыстыруымызға болады.
Жеке - дара ерекшелеу батырмасы көмегімен объектінің бұрыштарын белгілеген кезде тінтуір нұсқағышы тұсында іші бос кішкене тіктөртбұрыш пайда болады, ал қабырғаларына нұсқаған кезде тіктөртбұрыш қара түске боялады. Объект бұрыштарын өзгертуге болады, ал қабырғаны нұсқаған бойда сол жақ батырманы баса отырып, объектінің орнын ауыстыруға болады.
Екінші бөлімде объектінің орнын ауыстыратын және масштабын өзгертетін батырмалар орналасқан, үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттер орналасқан, төртінші бөлімде құю және жиектеме жасау құрал – саймандар тақтасы орналасқан (5 - сурет).
5 - сурет. Құрал - саймандар тақтасы.
Үшінші бөлімде – белгіленген объектінің қосымша қасиеттері көмегі арқылы объектінің бұрыштар санын өзгертуге қажетті батырмалар орналасқан. Мысалы, қандай да бір тіктөртбұрыш сызайық. Қосымша қасиеттер бөліміне шерткен кезде шығатын сұхбаттық терезеде қажетті бұрыштар санын енгіземіз (6 - сурет).
6 - сурет. Қосымша қасиеттер бөлімі сұхбаттық терезесі.
Анимациялық әсерлер беру үшін «TimeLine» (Уақыт өлшемі қатары немесе Монтаждау үстелі) қолданылады. Дыбыстау нұсқағышы (қызыл түсті тіктөртбұрыш) анимациялық әсерлердің орындалу барысында нөмірленген кадрлар бойымен жылжып отырады (7 - сурет).
7 - сурет. Macromedia Flash MX бағдарламасы терезесі.


Аяқталуы






Сабақты қорытындылау. Бағалау
Үйге тапсырма: Программа интерфейсін жаттау. Macromedia Flash бағдарламасына арналған видеосабақтар әкелу.


Қосымша ақпарат

Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.








Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылартуралыменің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!