СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Логика. Логикалық оперциялар. 3 сынып

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

3 сынып оқушыларына жүргізілетін қосымша факультатив курсы бойынша жоспарланған сабақ. 5 сынып оқушыларына информатика пәнің үйретуге септігін тигізеді.

Просмотр содержимого документа
«Логика. Логикалық оперциялар. 3 сынып»

Пән: «Информатика негіздері»

Мұғалім: Нагимов Мурабек Біржанұлы

Сынып: 3

Тақырыбы: Логика. Логикалық терминдер

Сабақтың мақсаты:

1. “Ақиқат” , “жалған” туралы түсiнiктерiн беру.

2. Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

3. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың өзiндiк, танымдық iс-әрекетi мен шығармашылық бейнесiн қалыптастыру.  

 Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту 

ІV Сабақты қорытындылау

V Бағалау

VI Үйге тапсырма

          І Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңберін құру, амандасу 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

 Мына жиындардың бір сөзбен атап жаз.

  1. көбелек,маса,шыбын................

  2. көйлек,бөрік,шалбар.................

  3. қасық,кесе,тәрелке...................

  4. гүлдер,ағаштар,бұталар..........

ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi – “ақиқат” және “жалған” ұғымдары. Осы жерда «ИӘ – ЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.  

Мысал сұрақтары:

Информатика кабинетінде жүгіруге болмайды?  ИӘ. Ақиқат.

Бір аптада 6 күн бар? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көреді? ИӘ. Ақиқат.

Қоян жазда ақ қыста сұр? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады. 

Тапсырмалар (Дәптерде орындайды)

1.Қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін айт

Компьютер сыныбында:

  1. Тышқан мен ойнауға болады(ақиқат)

  2. Компьютерде жұмыс жасауға болады(ақиқат)

  3. Сымды ұстауға болмайды(ақиқат)

  4. Секіруге болады(жалған)

  5. Компьютерде суретсалуға болады(ақиқат)

  6. Су қолмен жұмыс жасауға болады(жалған)

  7. Монитор экранына жақын отыруға болмайды (ақиқат)

  Сергіту сәттері:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Жаттығуды жасаймыз,

Шынығуды бастаймыз. 

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып, 

Тез шынығып шығамыз

 Тапсырма(компьютерде орындайды) Таратпа қағаздарда жұмбақтар жазылған солардың шешуін тауып суретін Paint графикалық редакторында салады

 1. Түнде ұйықтамай, тышқан күзетеді (Мысық)

2. Қанаты бар, ұшпайды, Су астында қыстайды (Балық)

3. Дегендей ешкім тимесін, Алыпты қадап инесін (Кірпі)

4. Ақ түсті, қар емес, Дәмі тәтті, бал емес (Қант)

 

I V Сабақты қорытындылау. 

Сабақты қорытындылай келе кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?

V Бағалау

Бағалау парақтары бойынша оқушылардың қорытынды бағасын шығару 

V I  Үйге тапсырма: Ақиқат пен жалғанға 4 сөйлемнен құру






Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!