СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлемдегі таулар мен жазықтар

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл материалда ЖОО арналған мәліметтер жинақталған. Курстық жұмыс ретінде пайдалануға болады.

Просмотр содержимого документа
«Әлемдегі таулар мен жазықтар»

І.АНДЫДАН ТЫС ШЫҒЫС:

1.Амазония

Амазония табиғатының негізгі ерекшелігі оның жер бедерінің жазық болуына, континенттің ұзақ уақыт дамуы мен экватор маңындағы орнына байланысты.Ол – Жер бетіндегі ыстық ылғалды тропиктік ормандардың, сондай-ақ суы мол өзен жүйесінің ең зор аймағы.Амазонияның шекарасын Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының беткейлері мен Анд тауының шығыс етегі айқын белгілеп тұрады.Амазонка ойпаты ұзақ уақыт бойы шөккен алап, соған орай оның бүкіл территориясында дерлік биіктік шамалы және жер бедері бірыңғай тегіс болып келеді.Тіпті, Анд тауының етегі маңында да оның жер бетінің биіктігі теңіз деңгейінен 100 м-ден аспайды.

Ойпаттың батыс бөлігінде, шамамен Мадейраның Амазонкаға құйылысына дейін, өзен аңғарлары жер бетін тілімдемеген және олардың аралықтарындағы суайрықтар жер бедерінде нашар байқалады.Өзен бойындағы аллювий үйінділердің қалың қабаттары жыл сайынғы су жайылу кезінде үнемі өсіп отырады.Осы алапта өзендер көптеген меандра мен қара су жасай отырып, ирелеңдеп ағады.

Шығыста платформаның ежелгі негізі көтеріңкі және жер бетіне біршама таяу жатыр.Бұл жергілікті жердің теңіз деңгейінен жаппай 200-250 м-ге дейін көтерілуіне және өзен аңғарларының тереңірек тілімденуіне әкеліп соғады.Ең терең аңғарларда кристалды тау жыныстары ашылып жатады.

Амазонияның орта және батыс бөліктеріне экваторлық климат тән.Онда ақпаннан маусымға және қазаннан қаңтарға дейінгі жаңбыр өте мол жауатын екі кезең болады.Амазонияның солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында мол жауын – шашын кезеңдері әрбір жарты шардың жазына сәйкес келетін бір кезеңге бірігіп кетеді.Онда жылдың ылғалды кезеңі өте ұзаққа созылады, құрғақ маусым кезінде де жауын-шашын жауады, бірақ оның мөлшері елеулі азаяды.Ең ұзақ құрғақшылық кезең Манаустан шығысқа таман, оңтүстік жарты шардың пассаты соғатын жерде болады.Онда желтоқсаннан мамырға дейін жаңбыр мол жауады және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95% жетеді, маусымнан желтоқсанға дейін жауын-шашын мөлшері мен ауаның салыстырмалы ылғалдылығы анағұрлым аз болады.

Бүкіл Амазонияға маусымдық айырмашылығы шамалы, жоғары және бірқалыпты температура тән.Температураның тәуліктік ауытқуы температура жылдық ауытқуынан көп асып кетеді.Өте қатты ыстық болмайды, бірақ +24,+27˚С температураның өзін адам ауаның ылғалдылығы жоғары болуына және түнде

салқын түспеуіне байланысты ауырсынады. Жаңбыр, әдетте түстен кейін күшті әрі ұзақ нөсер болып жауады, ал кеште және түнде ашық ауа райы орнайды.Климат жағдайларының бұл ерекшеліктері сан алуан түрлі өсімдігі ну болып өсетін ылғал сүйгіш тропиктік ормандардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.Амазонка ойпатының ылғалды тропиктік орманының құрамы мен сыртқы көрінісі өзенннің қайсібір бөлігіне қарай, орналасу орнына байланысты өзгеріп отырады.Амазонка мен оның салалары суының мезгіл-мезгіл басып кетуі өсімдікке үлкен әсер етеді.Осыған орай ойпаттағы орман өсімдігінің бірнеше типі болады: жылына бірнеше ай бойы су басып жататын

өзен аңғарындағы ормандар; су қысқа мерзім басатын өзен аңғарындағы ормандар; мүлде су баспайтын суайрық кеңістіктегі ормандар. Бұған қоса Амазонканың өзінің және басқа өзендердің су өсімдігі, сондай-ақ Атлант жағалауының мангра тоғайлары бар.

Өзен бойындағы ұзақ уақыт су басатын территориясының

өсімдігі оншалықты бай емес.Су басатын өңірде, әдетте, топырақ жамылғысы болмайды және батпақты тұнба басып жатады, ол ағаштардың діңін бірнеше метр биіктікке дейін орап әкетеді.Мұндай ормандарда жер беті өсімдік жамылғысы мен орман шілігі болмайды, ал онда өсетін биік ағаштардың тыныс алатын тамырлары

болады. Тек уақытша және анда-санда ғана су басатын ойпаттардың өсімдігінің түрі сәл көбірек болады.Мұндай ойпаттардың жамылғысы тропиктік батпақты (латериттік глейлі) топырақ болады, онда төрт, бес қабатты қалың орман өседі. Бұл ормандардың негізін пальма құрайды, олардың кейбіреулерінің биіктігі 60 м-ге жетеді.Алып ағаш сейба жиі кездеседі, ол су баспайтын территорияларда өседі.Бұршақ, фикус және сүттіген тұқымдастарының өкілдері кең таралған.Тұтасып жатқан ылғалды тропиктік ормандар Амазонияның батыс бөлігінде кездеседі.Бұл жерге экваторлық климат тән.Орман құрамында жапырағы түсіп қалатын ағаш түрлері кездеседі, суайрықтарда кәдуілгі саванна өсімдігі өседі.

Амазонияның жануарлар дүниесі былайша алғанда өте бай болғанымен, адам аяғы баспаған орманда бұл байлық бірден көзге түсе қоймайды.Амазонияның қалың тропиктік ормандарында ірі жануар көп емес.Олардың көпшілігі ормандардың шет аймақтары мен өзен бойларында кездеседі.Құстар мен насекомдар, бауырымен жорғалаушылар мен қос мекенділер басым.Әсіресе, Амазонка мен оның салалары жануарлар дүниесіне бай.Онда балықтардың 2000-ға тарта түрі, солардың ішінде жыртқыш пираньялар, ірі сүтқоректілер (ламантиндер, тұщы су дельфиндері, кішкене су шошқалары), бауырымен жорғалаушылар (өзен тасбақалары, каймандар) бар.

Амазонияда халық өте сирек тұрады.Бұл жерде қазіргі кезге дейін қатынастың маңызды құралы өзендер болып қалып отыр.Сондықтан да ең маңызды елді мекендер өзен маңында жайласқан.Аймақта өңделген жер аз.Амазония флорасының көптеген бағалы өсімдіктері (гевея, какао ағашы, бразилия жаңғағы т.б.) ертеден бері Оңтүстік Американың көптеген аймақтарында және басқа материктерде көптеп өсіріліп келеді.

Амазонияның үндіс халқының көпшілігі жеміс немесе әр түрлі жануарларды, мысалыға ірі сүтқоректі ламантиндерді, сонымен бірге берік және әдемі терісі, жоғары бағаланатын крокодилдерді аулап, көшіп-қонып жүреді.Халықтың едәуір бөлігі сонымен бірге балық аулаумен айналысады.

Шығыс Амазонияда пайдалы қазбалар – мұнай мен марганец рудасы табылып, өндірілуде.Мұнайдың мол қоры сонымен қатар облыстың батысында – Перуде бар.Мұнда алғашқы скважина салына бастады.

2.Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпаты

Гвиана таулы қыраты орталық бөлігінде өте-мөте биік және тілімделген болады.Беті кристалды жыныстарының үстінде жатқан протерезой жамылғысындағы түрлі түсті құмтас және кварцитпен жабылған жеке массивтер (Рорайма және Ауян-Тепуа) 2772 және 2950 м-ге жетеді. Кей жерлерде жер бедері опырықтармен күшті кескінделген, биіктігі 2000 м-ге дейін баратын және одан да асатын қырқалар кездеседі.Ең биік массивтердің төрткүл бастарында орман өспейді және оларды түзетін жыныстар әр түрлі – сұр, ақ, қызыл түстерге боялған.

Тау қыратының қия, сатылы беткейлерінен ағатын өзендер биік кемерлерді басып өтеді де, көптеген сарқырама жасайды.Әсіресе, тау қыратының орталық бөлігін басып өтетін өзендерде – тау қыратының аса биік массивтерінен түсетін және құмтас пен кварциттердің қия жарларын жарып өтетін Карони мен оның оң жақ салаларында орасан зор сарқырамалар көп.

Чурун өзенінің бас жағында төрткүл тәріздес Ауян-Тепуа массивінен дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы (1054 м) құлай ағады.Тау қыратынан Гвиана ойпатына ағатын өзендерде де сарқырамалар көп.Потаро өзеніндегі Кайетеур сарқырамасы биіктігі жөнінен Анхельден көп кейін тұрады (225 м ), бірақ Ниагара сарқырамасының биіктігінен бірнеше есе асып түседі және дүние жүзіндегі аса ірі сарқырамалардың бірі болып табылады.

Негізгі климат айырмашылықтары жауын-шашынның режиміне байланысты.Солтүстік шығыста, яғни Атлант маңы ойпатында және тау қыратының беткейлерінде бүкіл жыл бойы жауын-шашын түседі.Сәл байқалатын минимум экваторлық муссон солтүстік шығыс пассатымен ауысатын күз айларына тура келеді.Оңтүстік-шығыста қысқа мерзімді құрғақ кезең оңтүстік жарты шардың қыс айларымен тұтас келеді.Тау қыратының ішкі бөліктерінде – батыста және оңтүстік- батыста құрғақ кезең солтүстік жарты шардың қысында болады, ал мол жаңбыр сәуірден қыркүйекке дейін түседі.

Шамалы биіктіктерде температура біркелкі және жоғары (орташа айлық температура +26, +28˚С) болады.Ол тауға көтерілгенде төмендейді, бірақ оның жылдық ыңғайы бірсыдырғы қалпында қалады, 2000 м шамасындағы биіктікте температура, әдетте, +10, +15˚С-ден жоғары көтерілмейді.

Өсімдік жамылғысы жауын-шашын режиміне және жер бетінің теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты.Биіктік белдеулік тау қыратының оңтүстік және оңтүстік-батыс бөліктерінде өте-мөте айқын.

Атлант мұхиты жағалауын бойлап мангра тоғайлары тараған, олар мұхиттан алыстаған сайын ылғалды тропиктік ормандарға айналады.Бұл ормандар батпақтармен немесе әр түрлі тропиктік дақылдар плантацияларымен кезектесіп ауысып отырады.Ылғалды тропиктік ормандар сонымен қатар өзен аңғарларын бойлап тау қыратының ішкі бөліктеріне енеді.

Гвиана таулы қыраты аймағы, әсіресе, оның ішкі бөліктері әлі де болса өте аз зерттелген және оны елсіз деуге болады.Елді мекендер мен плантациялар негізінен жағалық аудандарға шоғырланған.Көптеген елді мекендер аймақта қоры мол боксит, марганец рудасы өндірілетін жерлерде, алмас пен алтын кен орындарының маңында пайда болған.Гвиана таулы қыратының орталық бөлігіндегі ормандарда қашқын құлдардың ұрпағы – «орман негрлері» дейтіндердің қарпайым егіншілікпен айналысатын тайпалары тіршілік етеді.Кейбір үндіс тайпаларының сыртқы дүниемен байланысы жоқ десе де болады.

3.Ориноко жазығы

Аймақ Атлант мұхиты жағаларынан оңтүстік батыста Амазония орманды алқабына дейін созылып жататын кең байтақ өңір құрайды.Оңтүстігінен және солтүстігінен ол Гвиана таулы қыратымен және Солтүстік Анд тауларымен шектелген.

Жер бедерінде бірнеше эрозиялық сатылар айқын көрінеді.Ең төменгі саты – Ориноко өзенінің және оның салаларының бойындағы ойпат.Бұл ойпат барлық жерінде дерлік мұхит деңгейінен 100 м-ден аспайтын биіктікте жатыр.Оның Атлант мұхиты маңындағы бөлігін суармалы шағыл құм алып жатыр.Ойпатта биіктігі 200-300 м дөңес алаптар оқшауланып тұрады.Олар солтүстікте және оңтүстікте кездеседі.

Тау алдындағы месадан гөрі биігірек үстірт тәрізді бөлік пьемонт деп аталады.Оларды кей жерлерде кристалды жоталар – сьерралар кесіп өтеді.Мес мен пьемонт бетін Ориноконың ең ірі салалары – Метаның, Апуренің және Гуавьяренің аңғарын аймақтың оңтүстік шекарасы деп есептеуге болады. Аймақ климатының басты ерекшелігі – жауын-шашынның маусымдылығы.Жаңбырлы кезең шамамен алғанда сәуірден қазанға дейін, құрғақ кезең – қарашадан наурызға дейін созылады.Оңтүстік аудандарға қарағанда солтүстік-шығыс пассат анағұрлым бұрын келетін солтүстікте қуаңшылық кезең ұзағырақ болады, жаңбырлы маусым жазғы үш айға ғана созылады.Оңтүстікке қарай жауын-шашынның экваторлық режиміне ауысқанда жаңбырлы кезеңнің ұзақтығы бірте-бірте артады.Жауын-шашынның жалпы жылдық мөлшері солтүстікте 800 мм, оңтүстікте – 1000 мм-ге дейін.Мұның өзінде бүкіл жыл бойы +20˚С-ден төмен түспейтін температура басым.Құрғақ маусымның солтүстік-шығыс пассат соғатын ең құрғақ айларының өзінде орташа температура шамамен +25˚, +26˚С болады, ал ылғалды маусымның басы мен соңында 29˚С-қа жетеді.

Венесуэла мен Колумбияның жергілікті халқы ылғалды астрономиялық жазды – қыс деп, құрғақ қыс кезін – жаз деп атайды.Жаңбырлы маусымда өзендер кемерінен аса суға толады да тасиды.Төменірек болатын батыс бөлігінде – Аласа Льяностарда – бұл жағдайда көптеген километрге созылып кететін тұтас су айдындары пайда болды.Бұл кезеңде кейбір аудандар мүлде адам өте алмайтын жағдайға келеді, бірақ оның есесіне көп жерде жалғыз дерлік қатынас жолы болып табылатын өзендерде кеме қатынасы жағдайы жақсарады. Су қайтқаннан кейін кең көлемді батпақ жерлер пайда болды.Олар тропиктік безгек тарататын насекомдардың таралу ошағына айналады.Жаңбырлы кезде өсімдік қаулап өседі – астық тұқымдастар жайқалып өсіп, көгереді, ағаштар мен бұталар жапырағын жамылады.Оңтүстікке қарайғы бағытта ағаш өсімдігі бірте-бірте үлкен алқапты алады, өзен бойларында көбіне пальмалардан тұратын қалың галерея ормандары көсіліп жатады.

Ориноко жазығы қазіргі кезге дейін нашар игерілген, халық сирек қоныстанады.Тек аздаған жерде жүгері, маниок, мақта банан өсірілетін өңделген алаптар бар.Мал шаруашылығы өркендеген, бірақ жайылым ретінде мал жаюға жарамды жерлердің шағын бөлігі ғана пайдаланылады.

Төменгі Ориноко аңғарында, өндіруші өнеркәсіп дамыған Венесуэланың территориясында, халық едәуір тығыз, ол жерде жаңа қалалар мен поселкалар пайда болуда, өңделетін жердің көлемі ұлғаюда, саваннаны асфальттанған жолдар кесіп өтеді.

Жануарлар дүниесі алуан түрлі және жақсы сақталған.Аймақта жыртқыштар – пума мен ягуар тіршілік етеді, олар жабайы шошқаға (пекариге) және басқа шөп қоректі жануарларға шабуыл жасайды, сонымен бірге үй малын ұстап әкетіп жейді.Өзен бойларындағы батпақты тоғайларда тапир кездеседі, саваннаның ашық жерлерінде құмырсқа жегіштер мен сауыттылар тіршілік етеді.Саваннада термиттер құрылыс салады, өте-мөте құрғақ кезде көбейіп кететін басқа да насекомдар көп.

4.Бразилия таулы қыраты

Аймақ табиғатының басты ерекшеліктері таулы үстірттер мен төрткүлді үстірттердің көп болуына және экваторлық климат пен тропиктік климаттың басым болуына байланысты.

Таулы қыраттардың ең биік бөліктері Атлант мұхитына таяу жатыр және одан енсіз жағалау өңірімен ғана бөлінген.Барлық жерде дерлік жағалық сызықта таяу арада болған жердің төмен түсуінің ізі байқалады.Кей жерлерде жағалауға қолайлы айлақ болып табылатын шағын үшкіл қойнаулар кіріп тұрады.Осындай қойнаулардың бірінің жағасында Бразилияның ірі қаласы – Рио-де-Жанейро орналасқан.Одан солтүстік және оңтүстікке қарай тау қыратының шеті біраз кейін шегінеді.

Бразилия таулы қыратының шығыс және солтүстік-шығыс бөктері Атлант мұхиты жағынан биік және күшті тілімденген тау жүйесі сияқты болып көрінеді.Шығыс Бразилия қалқанының шеткі бөлігінің неогенде бөлшектеуінің және көтерілуінің нәтижесінде биіктігі 2000 м-ден асатын жоталар немесе серралар пайда болған.Жағалаудың мұнан кейінгі төмен түсуінен серралардан Рио-де-Жанейро қойнауын қоршап жатқан төбелері бас қант тәріздес аралдар бөлінген.Тау қыратының бұл бөлігінің қойнауында темір және марганец рудаларының, радиоактивтік элементтердің, алмастың және алтынның бай кен орындары бар.

Батысында және солтүстігінде Бразилия таулы қыраты ойпаттармен шектеседі.Тропиктік ормандар жауып жатқан ойпатты алаптар өзен аңғарларын бйлап тау қыратының шегіне ішкерілей кіреді.

Субэкваторлық және тропиктік белдеулер алабында жатқан Бразилия таулы қыраты бүкіл жыл бойы жылуды мол алады.тек ең биік серраларда ғана климат салқындау болады, онда үсік те түсуі ықтимал.Орталық бөлікте жылдық жауын-шашын мөлшері (1500-1200 мм) түгелге жуық оңтүстік шардың жазының 4-6 айында түседі.Қаңтардың орташа температурасы +25, +27˚С, ал шілденің орташа температурасы +24˚С-ге жуық.Жылдың түрлі кезеңінде температураның айырмашылығы осындай шамалы болғанымен айырмашылықтың тәуліктік ауытқуының өте үлкен болуы мүмкін: қыста оңтүстіктен суық ауаның келуіне байланысты тәуліктік ауытқу 25˚С-қа жетуі мүмкін.Тіпті, жылдың ең ыстық кезінің өзінде суық ауа толқындары келгенде тәулік ішінде температура 15˚С-ге төмендеуі ықтимал.

Тау қыратының ішкі және солтүстік бөліктерін Амазонканың салалары – Шингу мен Токантинс суландырып жатады.Өзен торы өте жиі, барлық ағыс жаз бен күзде тасиды, ал жылдың қалған уақытында су деңгейі өте төмендеп кетеді.Шоңғалдар мен сарқырамалардың көптігіне байланысты өзендері кеме жүзуге жарамсыз, бірақ су энергиясының қоры өте мол болады.

Бразилия таулы қыратының саванналар мен тропиктік сирек ормандар басым болады.Негізгі тау жыныстарын жауып жататын қалың және ежелгі үгілу қабығы тау қыратының барлық жерінде топырақтың аналық тау жынысы болып табылады.Оның үстінде тау қыратының ішкі бөліктерінде қызыл және қызыл-қоңыр топырақ, ал Атлант жағалауының ұдайы ылғалды аудандарында – қызыл латериттік топырақ түзіледі.Көбіне саваннаның екі типі: кампос-лимпос және кампос-серрадос таралған.Кампос – саваннаның Бразилияда қабылданған жалпы аты.Кампос-лимпостың ерекшелігі онда ағаш өсімдігі мүлде кездеспейді.Қалың өскен шөп теңіз бетіндей тербеліп тұрады, осынысымен қоңыржай белдеудің даласына біршама ұқсап кетеді.Шөптің ішінде селеудің, бозшағылдың, бидайықтың, шатыргүлдің, ерінгүлдің және бұршақтардың әр алуан түрлері бар.

Кампос-серрадоста шөппен қатар ағаш пен бұта өседі.Биіктігі 3-5 м-ден аспайтын ағаштың бөрік басы, әдетте қол шатыр тәріздесболып келеді.

Тау қыратының өте құрғақ болып келетін солтүстік-шығысында саванна бірте-бірте ерекше тропиктік орман каатингаға айналады.Каатинганың өсімдік жамылғысы ағаштар мен бұталардан тұрады, шөп, әсіресе астық тұқымдастар мен күрделі гүлділер мүлде жоқтың қасы.Каатинганың өзіне тән өсімдіктерінен алуан түрлі пішіндегі кактустар, опунциялар каучук тұқымдастары бар.Сондай-ақ балауыз пальмасы карнауба кездеседі.

Тау қыратының шығыс шетін бойлап, серралардың беткейлері мен төбелі жағалау жазығында ылғалды тропиктік орман өседі.Олар нақ мұхиттан мангра тоғайларының жалпақ өңірі түрінде басталады, ол әрі қарай Амазония ормандарына өте ұқсас орманға айналады.Олар цекропиялар, пальмалар, ағаш тәріздес папоротниктер, лианалар, соның ішінде өзгеше лиана-бамбук, әр түрлі эпифиттер таралған.

Қиыр оңтүстік шығыста, субтропиктік белдеумен шекара бойында Атлант мұхиты жағалауында, қызыл топырақта бразилия араукариясы орманы Парагвай шайы шілігімен аралас өседі.

Ормандарда, тіпті, елді мекендер маңында бақ пен егінге үлкен зиян келтіретін маймылдар, саванналарда – сауыттылар, құмырсқа жегіштер, нанду түйеқұсы тіршілік етеді.Жыртқыштардан пума мен ягуар кездеседі. Барлық жерде құстар, әсіресе тотылар мен колибрилер көп, жылан және басқа да бауырымен жорғалаушылар өте көп тараған.

Бразилия таулы қыратының территориясын халық әркелкі мекендеген, және ала-құла игерілген, сондықтан табиғат ландшафтыларының өзгеру дәрежесі де аймақтың әр бөліктерінде әр түрлі.Парана бассейнінде жыртылған жерлердің ең көлемді аудандары шоғырланған, онда темекі, банан, жүзім шыбығы өсіріледі.Ылғалды солтүстікте қант құрағы мен зәйтүн пальмасы, құрғағырақ жерлерде – кофе ағашы өсіріледі.Солтүстік-шығыстағы суармалы жерлерде мақта егіледі.

5.Ішкі тропиктік жазықтар

Бұл аймақ солтүстікте Амазонияға ұласып кетеді, оңтүстікте оның шекарасы шамамен 30˚ о.е., шығыста – Бразилия таулы қыратының батыс етегін, батыста – Андының етегін бойлап өтеді.Аймақ Аргентинаның, Боливияның, Парагвайдың және Бразилияның шегіне кіреді.

Аймақ платформаның қалқандары мен Андының аралығындағы протерезой мен протерезойдан кейінгі шөгіндімен толған меридиандық майысуға сәйкес келеді.Биіктік 300-ден 700 м-ге дейін ауытқиды, Парагвайдың жоғарғы ағысының қазан шұңқырында олар 200 м-ден аспайды.

Аймақтың климаты тропиктік, ылғалды және құрғақ маусымдар күрт ауысып тұрады.Континенттік белгілері, әсіресе Гран-Чакода айқын байқалады, оған жылдың ыстық және салқын кезінің орташа айлық температурасы арасындағы айырмашылығының елеулі болуы ғана емес, соымен бірге материктегі температураның тәуліктік ең күрт ауытқуы тән.Гран-Чако – Оңтүстік Американың ең ыстық жерінің бірі.Жергілікті тұрғындар оны «жасыл аптап» деп орынды атаған.Жазғы айлардың орташа температурасы +28, +30˚С-ге, ал абсолют максимум +47˚С-ге жетеді.ең суық айдың орташа температурасы солтүстіктен оңтүстікке қарай +20-дан 16˚С-ге дейін өзгереді, сонымен бірге қыста күндіз ыстық, ал түнде салқын оңтүстік желі соғады, кейде темпертура 0˚С-ден төмендейді де, қырау түседі.Оңтүстіктен салқын ауа массалары келіп кіргенде температура күндіз де күрт төмендей береді, әрі өте тез төмендейді.

Гран-Чаконың көпшілік бөлігінде ылғал балансы теріс.Жауын-шашын негізінен жазғы 2-3 айда түседі.Оның мөлшері тек шығыста ғана 1000 мм-ге жетеді, ал территорияның көпшілік бөлігінде ол 500 мм-ден аз, бұл өте күшті булану жағдайында егіншілікке мүлде жеткіліксіз.Солтүстікте, Маморе мен Бени өзендерінің бассейнінде ылғалды кезең 5-6 айға созылады және жауын-шашынның жалпы мөлшері 1500 мм-ге дейін көбейеді.Жауын-шашынның таралуындағы айқын көрінетін маусымдылық бұл жерде де сақталады, бірақ ылғалдың қыстағы жеткіліксіздігі өсімдікке Гран-Чакодағыдай әсер етпейді.Әдетте,жазда жаңбыр мол түседі және осының әсерінен өзендердің күшті тасып,жазық территорияны су басады және батпақтанып кетеді.топыраққа сіңген ылғал құрғақ кезеңнің бас кезінде өсімдікке нәр береді.Мұндай жағдай Бразилия таулы қыратына іргелес жатқан және Пантанал деп аталатын қазан шұңқырға да тән.Жазғы жаңбырлы кезеңде Парагвай және оның салалары тегіс ойпатты жерге кең жайылып тасиды да,оны тұтас батпаққа айналдырады.Құрғақ кезең басталысымен-ақ өзеңдер бірте-бірте арнасынақайтады, сонымен бірге ағысының бағытын жие өзгертеді.Баяу буланатын ылғал өсімдікті қоректендіреді.Бразилия таулы қыратының немесе Гран-Чаконың көршілес аудандарына қарағанда бұл жердің өсімдігі жасыл түсін,балғын қалпын анағұрлым ұзақ сақтайды.

Парагвай бассейіне жататын Гран-Чаконың өзендерінің де (Пилькомайо,Бермехо т.б.)жаңбырлы маусымда суы молайып,күшті тасиды.Олардың бәрі де ирелеңдеп ағып жыл сайын тасыған кезде арнасын өзгертіп отырады.

Солтүстікте және шығыста су басатын жерлерде үлкен алаптарда өсімдігі қалың және жнауарлар дүниесі бай батпақтар алып жатыр.Батпақты өзен жағаларында пака деп аталатын дүние жүзіндегі суда болатын ең ірі кемірушілер тіршілік етеді және көптеген құс ұялайды.Қызылқаз, құтан, көгершін, тоты және орман тауықтары өзен бойындағы қалың ормандарда жүреді.Кей жерлерде өзен бойында тек пальмадан дерлік тұратын ормандар өседі, олардағы жеке ағаштардың биіктігі 40-50 м-ге жетеді.Құрғағырақ жерлерде шөп өсімдігіне бай және биік ағаштар өсетін кәдуілгі саванна алқаптарын кездестіруге болады.Гран-Чакоға ксерофиттік тропиктік ормандар мен бұта тоғайлары тән.Гран-Чаконың аласа сирек ормандарында ағаштардың бағалы түрлері көп, олардың ішінде атақты кебрачо бар.

Гран-Чаконың ең көтеріңкі және құрғақ алаптарында монте деп аталатын бұта тоғайлары тараған.Олардың құрамында мимоза, каперцалар және кактустар бар.Бұл тоғайлар ормандармен қатар қазіргі кезге дейін көптеген жабайы жануарларды паналатып келеді.Гран-Чаконың фаунасының байлығы соншалық, кейбір жануарларды аулау ол жерде сақталып қалған шағын үндіс тайпалары үшін тіршілік етудің көзі болып табылады.Мысалы, олар сауыттыларды аулайды, оның жұмсақ ақ еті жергілікті халық үшін ғана емес, сонымен бірге үлкен қалалардың бай халқы үшін де жеңсік ас болып есептеледі.

6.Ла-Плата аймағы (Пампа)

Бұл аймақ алдыңғы аймақтың оңтүстігінде жатыр.Оның құрамына Бразилияның территориясының бір бөлігі.Уругвай түгелдей және Аргентинаның солтүстік-шығысы кіреді.Ол Ла-Платаның эстуарийін үш жағынан орап жатыр, ал шығыста және оңтүстік-шығыста Атлант мұхитының жағаларына шығады.

Пампа Атлант мұхиты жағынан келетін ауа ағындарының өтінде жатыр және территориясының көпшілік жерінің климаты ылғалды субтропиктік, мұның өзінде шығыстан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері айтарлықтай азая береді.Субтропиктік және орманды дала өсімдіктерін – барлық жерде дерлік мәдени өсімдіктер ығыстырған, өйткені Пампа Оңтүстік Америка континентінің халық барынша жиі қоныстанған әрі игерілген аудандарының қатарына жатады.

Мұхит жағалауына және Парана мен Уругвай өзендерінің төменгі ағысына қарай кристалды негіздің жыныстары шөгінді жамылғының астына қарай шөге береді де, жер беті бірте-бірте тегістеледі.Парана мен Уругвайдың өзен аралығында және Ла-Платадан оңтүстікке қарай, кәдуілгі Пампа деп аталатын жерде жер бедері жазық және кристалды жыныстар кайнозойдың континенттік шөгінділерінің қалың қабаттарының астында жатады.Ла-Плата мен Атлант мұхитына іргелес ауданда, Ылғалды немесе Шығыс Пампа деп аталатын жерде, жер бетінің кең алаптары лесс тәріздес жыныстармен, құммен және тұнба тосқындармен жабылған; олардың биіктігі 200 м-ден аспайды, ал жағалауға таяу жерде 100 м-ден кем.

Бүкіл аймаққа субтропиктік климат тән, бірақ әр жерде жауын-шашын түсуі әркелкі болады.Территорияның көп жерінде жыл ішінде жауын-шашын біркелкі таралады да еш уақытта дерлік құрғақшылық болмайды.Бірақ оңтүстік-батыста жылдық жауын-шашын мөлшері азаяды және олардың жыл маусымдары бойынша таралуын біркелкі деуге келмейді.Уругвайда 2000 мм шамасында, Уругвай мен Парана өзендерінің өзен аралығында, шамамен соншалықты, Ла-Платаның жағаларында – 1000 мм жауын-шашын түседі, ал одан да батысқа қарай жауын-шашын мөлшері 500-300 мм-ге дейін азаяды.Жауын-шашынның өте мол кезі жаз болады.Жазда жауын-шашынды солтүстік-шығыс желдері әкеледі, қыста олардың түсуі полярлық ауа фронтының циклонды әрекетіне байланысты.Батысқа қарай жауын-шашын азайып қана қоймайды, сонымен бірге климаттың континенттігінің жалпы күшеюі байқалады.Бүкіл аймақта жаз өте ыстық болады, солтүстік бөліктерінде ең ыстық айдың орташа температурасы +27˚С-ге, ал оңтүстік бөліктерінде +23, +24˚С-ге жетеді.Ең жоғарғы температура мөлшері барлық жерде өте зор, ал Уругвай мен Парананың аралығында және батыста ол 45˚С-ге жетеді.Жазғы ыстықты күшейте түсетін ыстық ылғалды солтүстік желдері жиі соғады.

Қыс айларының орташа температурасы барлық жерде жылы, бірақ бүкіл аймақта аяз болып тұрады.Өзен аралығында шілденің орташа температурасы +15˚С-ге, Ылғалды Пампада +7, +9˚С-ге дейін, батыста +6, +10˚С-ге дейін барады.Уругвай өзенінен шығысқа қарай және өзен аралығында аяз сирек болады, бірақ Ылғалды Пампада-ақ температура -10˚С-ге дейін төмендеуі мүмкін.Қыста әдетте оңтүстік памперо суық желі соғып, қаптаған шаң-тозаң көтереді, өйткені қар жамылғысы болмайды, қар өте сирек жауады және тез еріп кетеді.Сөйтіп, аймақта жаз бен қыстың арасында айырмашылық болғанымен ол бүкіл жыл бойы өсімдік жамылғысының дамуына және ауыл шаруашылық жұмыстарына кедергі келтірмейді.

Аймақ алабына топырақ өсімдік жамылғысының батыстан шығысқа қарай жауын-шашын жылдық мөлшерінің азаюына қарай өзгеруі байқалады.Бразилияның оңтүстігінде және Уругвайдың өсімдік жамылғысында орман үлкен роль атқарады.Олар әдетте өзен аңғарларын бойлап өседі, сонымен бірге кей жерлерде қызыл топырақты алаптарды қамти отырып, суайрықтарға да шығады.Орман көбіне мәңгі жасыл ағаштардан тұрады және лиананың көптігі мен қалыңдығы жөнінен тропиктік орманға ұқсас болады.Олардың құрамында араукария мен бамбук басым, бұталардың ішінде парагвай шайы тараған.

Су басатын батпақты алаптарда, әсіресе Уругвай мен Парананың өзен аралығында үлкен көлемді жерді батпақ өсімдігі алып жатады.Көп жерде әлі де болса ну болып өскен қамыс пен құрсақ сақталып қалған, олардың арасында бетін тұңғиық пен әр түрлі балдырлар басқан су айдындары көрінеді.

Пампа – Оңтүстік Американың халық жиі мекендеген әрі адам игерген аймақтардың бірі.Бұл, әсіресе, ірі қалалар орналасқан және барлық жері дерлік жыртылған Ла-Платаға іргелес жатқан аудандарға тән жағдай.Бұрын мұнда үлкен көлемді жерде орман мен бұта өсімдігі өскен болса керек, бірақ бұл күндері ол іс-түзсіз жойылып кеткен.Оның орнында қазір бау-бақшалар, бидай мен жүгерінің ұшы-қиырсыз егістері.

Бір кезде құрамында көптеген тұяқтылар мен ірі дала құстары болған жануарлар дүниесі де аз сақталған.Оның есесіне көптеген әр түрлі кемірушілер пайда болған.Өзен аралығының батпақты тоғайларында және Атлант жағалауы лагуналарының жағаларында әр түрлі құстар: қызыл қаз, құтандар, қызғыштар т.б. ұялайды.

7.Прекордильер

Түгелдей Аргентинаның алабында жатқан бұл аймақтың табиғат ерекшеліктері оның материк ішінде, Оңтүстік тропик пен 38˚ о.е. аралығында, Атлант мұхитынан алыста, оны Тынық мұхиттан бөлетін Андының тау бөктерінде жатқан географиялық орнымен байланысты.Жер бедеріне платформа шетінің неоген-антропоген кезінде орогендік тау түзілудің нәтижесінде пайда болған меридиан бағытындағы жақпарлы жоталар мен оларды бөліп жатқан терең қазан шұңқырлардың және тегіс жазықтардың кезектесіп отыруы тән болады.Аймақ алабында жер бедерінің әр түрлілігіне байланысты табиғат жағдайлары әр түрлі болатын шөлейт ландшафты басым.

Прекордильердің Пампа сьерралары деп аталатын шығыстағы алдыңғы жоталары: Сьеррас-де-Кордова мен Сьеррас – Сан-Луистің биіктігі 2880 м-ге жетеді.Одан солтүстікке таман Гран-Чаконың батыс шекарасында биіктігі 5000 м-ден асатын Сьерра-дель-Аконкиха жатыр.Аймақтың батысындағы Кордильера-де-Фаматина биіктігі 6250 м-ге жетеді.

Жоталардың жоғарғы бөліктері ежелгі тегістелген жер бетінің алаптары болып табылады, ал беткейлері неогеннің аяғы мен антропогеннің басындағы опырықтардан пайда болған.Жоталарды бір-бірінен тас кесектерге толы опырмалы ойыстар бөліп жатады.Опырмалы ойыстар түбі 1000-2000 м биіктікте жатады және оны ішінара немесе түгелдей сор, тұзды батпақ және тұзды көл басады.Батыста ірі ұзына бойы созылып жатқан тектоникалық ойыс аймақты Андының шығыс жоталарынан бөледі.Таяудағы жарылулардың нәтижесінде пайда болған бұл ойыс кейде күші жойқын болатын жер сілкінулерге ұшырап тұрады.

Тауаралық ойыстарда климат құрғақ және континентті, климаттың бұл белгісі шығыстан батысқа қарай күшейе береді.Жауын-шашын түгелдей дерлік жазғы кезде түседі, оның жылдық мөлшері Құрғақ Пампа алабындағы 250-300 мм-ден тауаралық ойыстар мен Анды алды ойыстарында 100 мм-ге дейін азаяды.Мұның өзінде жауын-шашын мөлшерінің жылдан-жылға едәуір ауытқуы байқалады.Кей жылдары Мендоса немесе Сан-Хуан сияқты пункттерде жаңбыр мүлде түспейді десе де болады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері меридиан бағытындағы тау жоталарының шығыс беткейлерінде және олардың етектерінде көбейеді, өйткені онда Атлантика жағынан келетін ауа массалары Сьеррас-де-Кордованың және басқа жоталардың шығыс беткейлерімен көтеріледі де мол ылғал әкеледі.Кордовада, Тукуманда және жоталардың етектеріндегі басқа елді мекендерде, сондай-ақ сьерралардың шығыс беткейлерінде 500-ден 1000 мм-ге дейін жауын-шашын түседі.

Оның есесіне жоталардың батыс беткейлерінде жауын-шашынның жылдық мөлшері күрт азаяды.Бұл ландшафтының бүкіл комплексіне әсерін тигізеді және кейде бір-біріне өте жақын орналасқан аудандардың арасындағы айырмашылықтың зор болуына жағдай жасайды.

Бүкіл аймаққа температураның тәуліктік күрт ауытқуы тән, ол қыс кезінде ойыстарда ерекше байқалады.Орташа айлық температура жылы болады (+8, +10˚С ), қысқы түндерде үсік түсуі мүмкін, қырау мол түсіп, тайыз су қоймаларында мұз қабыршақтанып қатады.Күндіз күн шыққаннан кейін температура +20˚С-ден жоғары көтерілуі мүмкін.

Бүкіл аймақта су өте тапшы, оның үстіне грунттың тұздылығына байланысты грунт және беткі суларының біразы тұзды болып келеді.Су ағындары Анды мен сьерралардың шығыс беткейлерінде пайда болады да, құмға барып сіңіп кетеді немесе Құрғақ Пампа мен ішкі қазан шұңқырлардың тұзды көлдері мен батпақтарына барып құяды.Өзендер жазда таудағы қардың еруінен және жаңбырлы кезде суға лықа толады да жер бетін көп бұзады, ал жылдың басқа уақыттарында мүлде таяздайды.Олардың көпшілігінің суын таудан шыға салысымен жер суаруға бірден таратып әкетеді.Суарылатын жерлерде оазистер жасалған, онда жүзім (Мендоса ауданы), қант құрағы (Тукуман ауданы) және басқа дақылдар өіріледі.

Ойыстар алабындағы суарылған аудандар мен сьерралардың орман басып жатқан ылғалды шығыс беткейлерінен басқа жерлерде өсімдік жұтаң және айқын ксерофиттік сипатта.Сор немесе сусымалы құм алаптары кактус, қараған, мимоза немесе қатты ыстық тұқымдастар өсетін кең байтақ жерлермен кезектесіп суысып отырады.

8.Патагония Үстірті

Патагония деп Оңтүстік Американың Аргентина алабында жатқан оңтүстік-шығыс бөлігін айтады.Бұл 40˚ о. е. оңтүстіктегі дүние жүзіндегі бірден-бір қуаңшылық аймақ.Патагонияда қатты шөп және тікенді бұталар өсетін, суы жоқтың қасы және халық өте сирек тұратын сиқысыз үстірт көптеген километрге созылып жатады.Ол шығыста буырқанған салқын мұхитқа тік жар жасап құлайтын қатыгез жағаның биік сатыларымен аяқталады.Патагония үстіртінің бет жағы көлбеу жатқан жас шөгінді жыныстар мен қоңыр түсті базальт лаваларының жабындыларынан тұрады.Бұл жыныстар жер бетіне таяу жатқан, ежелгі фундаменттің бетін жауып жатады.Солтүстікте ежелгі фундамент жер бетіне шығып, терең каньондармен тілімденген қырат құрайды.Оңтүстік бөлігінде жанартаулық немесе кейде құрғақ, кейде мардымсыз су ағындары болатын астау тәріздес кең қолаттар тілгілеген қабат-қабат сатылы үстірттер басым келеді.

Патагония жағалауы кеме қатынасына өте қолайсыз, өйткені мұхитқа биіктігі 100 м-ге жететін және одан да астам қия кемелер жасап құлайды.Мұхиттан алыстаған сайын жер беті бірте-бірте биіктей береді, сөйтіп Патагонияның кейбір массивтері 1500 м биіктікке дейін көтеріледі.

Патагония үстірті шығысқа қарай ғана емес, сонымен бірге сонымен бірге батысқа Андының етегінде жатқан Анды алды ойысына қарай да тік құлайды.Бұл ойыстың алабында мұздық көлдер көп, оның бетіне мореналық материал үйіліп жатады.Андының сілемдері ойысты оқшау қазан шұңқырларға бөлшектейді.

Патагония үстіртінің климаты құрғақ.Бұл ендіктерде атмосфералық жауын-шашынды батыс желдері әкеледі, бірақ олардың аймақтың шегіне өтетін жолын Анд тауы бөгейді.Ауа ағындары Анд тауынан асып түскенше құрғап кетеді де, жауын-шашын болмайды.Климаттың құғақтығының екінші себебі – Оңтүстік Американың оңтүстік-шығыс жағасы маңындағы салқын Фолкленд ағысы.Ол жауын-шашынның түсуіне кедергі жасап қана қоймайды, сонымен бірге жазғы температураны төмендетеді.Сондықтан Патагонияда температураның маусым бойынша ауытқуы осы ендіктердегідей емес, шамалы ғана болады.

Жауын-шашынның жылдық мөлшері Атлант жағалауында өте-мөте аз – 150 мм-ден аспайды.Андының етегінде жауын-шашын әсіресе тауды аңғарлар тілімдейтін және ылғалды батыс желдері таудың шығыс беткейіне өтетін жерлерде біршама артады.Мұндай жерлерде жауын-шашын 300-400 мм-ге дейін түседі.Барлық жерде жауын-шашынның ең мол кезі қыста болады.Патагонияның солтүстігінде жаз ыстық, оңтүстігінде – салқын.Рио-Негро аңғарында қаңтардың орташа температурасы +24˚С-ге жуық, бірақ тау үстіртінің орта бөлігінде-ақ +18˚С-ге дейін төмендейді, ал оңтүстікте, Санта-Круста, шамамен +15˚С.Мұның өзінде ең жоғары температура +28, +35˚С-ге жетеді.Ең суық айдың орташа температурасы барлық жерлерде 0˚С-ден біраз жоғары, бірақ аяздар – 30˚С-ге дейін барады.Қар қыс сайын түседі, ол солтүстікте бірден еріп кетеді, ал оңтүстікте кейде бірнеше күн бойы жатады.Патагонияның климаты адамның тіршілігіне, өсімдіктің өсіп-өнуіне және егіншілікке тек құрғақтығымен ғана емес, сонымен әрдайым соғып тұратын, оңтүстікте қыста көбіне қарлы боран көтеретін күшті желімен де қолайсыз жағдайды нашарлатып жібереді.

Құрғақ және күшті жел ағаш өсімдігінің өсуіне кедергі жасайды.Шоқ-шоқ шағын ормандар Андының етегінде ғана кездеседі.Патагонияның қалған жерінде өсімдік жамылғысы астық тұқымдастардан және төселіп сирек өсетін қатты бұталардан тұрады.Солтүстікте осы жерлерге тән өсімдік күміс түстес аргентина қоңырбасы көбірек өседі, барлық жерде қойға азық болатын селеусін, арпабас пен бетеге түрлері тараған.Мәңгі жасыл өсімдіктер: кактус, опунция т.т. кездеседі.Жалпы алғанда өсімдігі маусым бойынша жарытымсыз өзгереді.Оңтүстікте мүк пен қына өседі және алап құрғақ дала және шөлейттен тундраға айналады.

Аймақта аз тұратындықтан және мүлде дерлік игерілмегендіктен, онда көптеген жабайы жануарлар жақсы сақталған: қой шаруашылығына үлкен зиян келтіретін пума қазіргі кезге дейін мекендейді, астық тұқымдас өсімдік өсетін жұтаң шалғындарда гуанако ламасы жайылып жүреді.Құстан нанду, түйеқұс, алып кондора және колибра кездеседі.

ІІ.АНД:

1.Кариб Анд тауы

Андының Тринидад аралынан Маракайбо ойпатына дейінгі солтүстік ендік бөлігі орографиялық ерекшеліктері мен құрылымы, сондай-ақ климат жағдайлары мен өсімдігінің сипаты жөнінен кәдуілгі Анд тау жүйесінен өзгеше болады әрі ерекше физикалық- географиялық аймақ құрайды.

Тектоникасы жөнінен Кариб Анд тауы Кордильер қатпарлы белдеуінің Антиль-Кариб аймағына жатады.Ол құрылымы мен даму ерекшеліктері жөнінен Солтүстік Америка Кордильерінен де, кәдуілгі Андыдан да өзгеше болады.Кариб Анд тауы материкте 2 антиклиналь зонадан тұрады, бұларға кең байтақ синклиналь зонаның жалпақ аңғарымен бөлініп жатқан Кордильера-да-Коста және Сьерра-дель-Интериор жоталары тұспа-тұс келеді.Барселона шығанағы тұсында тау түзіледі де, батыс және шығыс болып 2 жаққа бөлінеді.Сьерра-дель-Интериор платформасы жағынан мұнайлы Анд маңындағы майысу терең жарықтармен бөлінген, ол рельефте Ориноко ойпатына қосылып кетеді.Мұндай терең жарықтар сонымен бірге Кариб Анд тау жүйесін Кордильера-де-Меридиан бөліп тұрады.Солтүстікте теңіз суы басқан синклиналь майысуы Маргарита – Тобаго аралдарының антиклинорийін материктен бөледі.Бұл құрылымдардың жалғасы Парагуана мен Гоахира түбектерінде байқалады.

Кариб Анд тауының бүкіл тау құрылысы, палеозой мен мезозойдың қатпарланған жыныстарынан құралады және онда әр түрлі жастағы интрузиялар бар.Оның қазіргі жер бедері бірнеше қайтара көтерілулердің әсерімен түзілген, синклиналь зоналардың майысуы мен жарылуы қабаттаса жүрген соңғы көтерілу неогенде өткен.Кариб Андысының бүкіл тау жүйесі сейсмикалық жағдайда, бірақ сөнбеген жанар таулары жоқ.Таудың жер бедері жақпарлы, орта биіктіктегі, ең биік шыңдар 2500 м-ден асады, тау массивтері бір-бірінен өтпелі эрозиялық және тектоникалық ойпаңдармен бөлінген.

Субэкваторлық және тропиктік белдеулердің арасындағы шекарада жатқан Кариб Анд тауы, әсіресе Парагуана мен Гоахира аралдары, көршілес аудандарға қарағанда анағұрлвм құрғақ климатымен ерекшеленеді.

Бұл аймақ жыл бойы солтүстік-шығыс пассатпен келетін тропиктік ауаның ықпалында болады.Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000 мм-ден аспайды, көбіне, тіпті, 500 мм-ден де аз.Оның көпшілігі мамырдан қарашаға дейін түседі, ал өте-мөте құрғақ солтүстік аудандарда ылғалды кезең не бары 2-3 айға ғана созылады.Таулардан Кариб теңізі жағына қарай жағаға көп мөлшерде опырылған материал апаратын шағын қысқа су ағындары ағып шығады; жер бетіне сори шығып жататын жерлер мүлде сусыз деуге болады.

Материктің және аралдардың лагуналы жағалауларын мангра тоғайларының жалпақ өңірлері жауып жатады, құрғақ ойпаттарда шырағдан тәріздес кактустан, опунциядан, сүттігеннен, мескиттен тұратын монте типтес тоғайлар басым.Осы сұр-жасыл өсімдіктің арасынан сұр топырақ немесе сары құм көрініп жатады.Таудың мол сулы беткейлерінде және теіңзге қараған жағындағы ашық аңғарларда аралас ормандар өседі.Оларда ағаштардың мәңгі жасыл және жапырағын түсіретін түрлері, қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдары араласып кеткен.Таудың биік жерлерін жайылым ретінде пайдаланады.Теіңз деңгейінен шамалы биіктікте корель пальмасы мен кокос пальмасының тоғайлары немесе жкек өскен ағаштары шоқ-шоқ болып бөлініп тұрады.Венесуэланың бүкіл солтүстік жағалауы жағажай, қонақ үйлері және парктері бар курорттық-туристік зонаға айналдырылған.

Теңізден Кордильера-де Коста жотасымен бөлінген кең аңғарда және айнала қоршаған тау беткейлерінде Венесуэланың астанасы – Каракас орналасқан.Орманнан тазартылған тау беткейлері мен жазықтарды кофе мен шоколад ағаштарының, мақтаның, темекінің, сизальдың плантациялары алып жатады.

2.Солтүстік Анд

Кариб теңізі жағалауында Колумбия мен Венесуэланың территориясында қолдың саласындай бытырап тарайтын жоталар тау бөктері ойыстарымен және кең тауаралық аңғарлармен кезектесе отырып, жалпы ені 450 км-ге барады.Оңтүстікте, Эквадор алабында, бұл тау жүйесі 100 км-ге дейін тарылады.Солтүстік Андының негізгі бөлігінің құрылысында Анд тау жүйесінің барлық басты оротектоникалық элементтері айқын көрінеді.Тынық мұхит жағалауын бойлап енсіз, аласа және күшті тілімденген Жағалық жота созылып жатады.Ол Андының қалған бөлігінен Атрато өзенінің ұзына бойғы тектоникалық ойысымен бөлінген.Шығысқа қарай Батыс және ОрталықКордильердің ең биік және кең аумақты жоталары бір-бірімен қатарласа көтеріліп жатады.Олардың аралығын Каука өзенінің тар аңғары бөледі.Орталық Кордильер – Колумбияның ең биік тау жотасы.Оның кристалды негізінде ең жанар таулық шыңдар көтеріліп тұрады, олардың ішінде Толима 5215 м биіктікке дейін көтеріледі.Бұдан да шығысқа қарай, Магдалена өзенінің терең аңғарынан кейін аласарақ Шығыс Кордильер жотасы жатыр.Ол күшті қатпарланған шөгінді жыныстардан тұрады және орталық бөлігінде бассейн тәріздес кең көлемді ойпаңдармен бөлінген.Солардың бірінде 2600 м биіктікте Колумбияның астанасы – Богота орналасқан.

8˚ с.е. маңында Шығыс Кордильер 2 тармаққа – меридиан маңындағы Сьерра-Перихаға және солтүстік-шығысқа қарай бұрылып кететін, әрі биіктігі 5000 м-ге жететін Кордильера-Меридаға бөлінеді.Олардың арасында жатқан ортаңғы массивте кең-байтақ тауаралық Маракайбо ойысы қалыптасқан.Ойыстың орталық бөлігін осы аттас лагуналы-көл алып жатады.Сьерра-Периха жотасынан батыста төменгі Магдалена – Кауканың жас тауаралық майысуға тұспа-тұс келетін батпақты ойпаты созылып кетеді.Кариб теңізінің нақ жағалауында Орталық Кордильер антиклинорийінің жалғасы болып табылатын, оның негізгі бөлігінен Магдалена аңғарының майысуымен бөлінген Сьерра-Невада-де-Санта-Марта оқшау массиві (Кристобаль-Колон – 5800 м) көтеріліп тұрады.

Маракайбо мен Магдалена – Каука ойыстарын толтырып жатқан жас шөгінділерде мұнай мен газдың аса бай кендері бар.

Экватордың екі тау тізбегінің аралығында жарық өңірі бар ойыс жер жатыр, жарықтардың бойында сөнген және сөнбеген жанар таулар көтеріліп тұрады.Олардың ішіндегі ең биігі – сөнбеген Котопахи жанар тауы (5897 м) және сөнген – Чимборасо жанар тауы (6262 м).Осы тектоникалық ойыс алабында 2700 м биіктікте Эквадордың астанасы – Кито орналасқан.

Сөнбеген жанар тау шоқтығы Оңтүстік Колумбия мен Эквадордың Шығыс Кордильерінде де шығып жатыр.Олар – Каямбе (5796 м), Антисана (5704 м), Туннурагуа (5033 м) және Сангай (5230 м).Бұл жанар таудың бастарын қар басқан түзу конустары – Эквадор Андысының өте айқын ерекшеліктерінің бірі.

Солтүстік Андыда биіктік белдеулері айқын көрініс береді.Таулардың бөктері мен жағалық ойпаттар ылғалды, әрі ыстық болады, онда Оңтүстік Америкадағы ең жоғары жылдық орташа температура (+28˚С) байқалады.Сонымен бірге маусымдық айырмашылықтың жоқтың қасы.Маракайбо ойпатында тамыздың орташа температурасы +29˚С, қаңтардың орташа температурасы +27˚С.Ауа ылғалға қаныққан, жаын-шашын бүкіл жыл бойы түседі десе де болады, оның жылдық жиынтығы 2500-3000 мм-ге жетеді, ал Тынық мұхит жағалауында – 5000-7000 мм.



Солтүстік Андының көпшілік аудандарында тазартылған ылғалды тропиктік ормандардың орнында Оңтүстік Американың солтүстік аудандарының басты тропиктік дақылдары – қант құағы мен банан өсіріледі.Жалпы алғанда тау белдеуінің баурайында халық аз қоныстанған.Мұнайға бай ойпаттар мен Кариб теңізінің жағасында ғана тропиктік ормандардың көп жерінің ағаштары кесіліп біткен де, олардың орнында сансыз көп мұнай мұнаралары «орманы», жұмысшы поселкесі, ірі қала пайда болған.

Таулардың қоңыржай белдеуі адамдардың тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы.Біркелкі және қоңыржай температурасына бола оны мәңгі көктем белдеуі деп атайды.Бұл алапта Солтүстік Анды халқының көбі тұрады, онда ең ірі қалалар бар, егіншілігі дамыған.Жүгері, темекі және Колумбияның аса маңызды дақылы – кофе ағашы кең тараған.

Таулардың келесі белдеуін жергілікті «салқын жер» деп атайды.Оның жоғарғы шекарасы 3800 м шамасындағы биіктікте жатыр.Бұл белдеудің алабында бір қалыпты температура сақталады, бірақ ол қоңыржай белдеудегіден гөрі анағұрлым төмен (+10, +11˚С).Бұл белдеуде аласа, қисықи ағаштар мен бұталардан тұратын биік таулы гилея кездеседі.Бұл орманның флорасының басты өкілдері – мәңгі жасыл емендер, вересктер тұқымдасы, мирталар тұқымдасы, аласа бамбуктар мен ағаш тәріздес папоротниктер.Халқының көбі үндістер, олар жүгері, бидай және картоп өсіреді.

Сотүстік Андының келесі биіктік белдеуі – альпілік белдеу.Жергілікті халыққа ол «парамос» деген атпен белгілі.Ол мәңгі қар жиегі маңында 4500 м шамасындағы биіктікте бітеді.Климаты қатаң.Күндізгі температура жылы бола тұра, жылдың барлық мезгілінде түнде қатты үсіктер болады, қарлы боран соғады және қар түседі.Жауын-шашын аз түседі, ал булану өте күшті.Парамостың өсімдігі ерекше және айқын ксерофитті түрге ие.Ол сирек өсетін шымды астық тұқымдастардан, төселіп өсетін, дегелек тәріздестерден немесе ашық гүлшоғыры бар биік (5 м дейін), қатты мамықтанған күрделі гүлді өсімдіктерден тұрады.

Солтүстік Андыда 4500 м-ден жоғарыда температура ұдайы төмен болып тұратын мәңгі қар мен мұз белдеуі басталады.Андының көптеген массивтерінде альпі типіндегі үлкен мұздықтар бар. Олар өте-мөте Сьерра-Невада-де-Санта-Мартеде,Колумбияның Орталық және Батыс Кордильерлерінде кең тараған.Толима,Чимборасо және Котопахи жанар тауларының биік шыңдарын қар мен мұз басқан.Кордильер-де-Мерида жотасының орта бөлігінде де едәуір мұздықтар бар.

3.Орталық Анд

Орталық Анд солтүстікте Эквадор мен Перудің арасындағы мемлекеттік шекарадан оңтүстікте 27˚ о.е. дейін орасан зор қашықтыққа созылып кетеді.Бұл тау жүйесінің ең енді бөлігі, оның ені Боливия алабында 700-800 км-ге жетеді.

11˚ о.е. оңтүстікке қарай Андының орта бөлігін таулы үстірттер алып жатады, олардың екі жағынан Шығыс және Батыс Кордильер жоталары жарыса жүреді.Батыс Кордильера сөнген және сөнбеген: Охос-дель-Саладо (6880 м), Коропуна (6425 м), Уальягири (6060 м), Мисти (5821 м) т.б. жанар таулары бар биік тау тізбегі болып табылды.Боливия алабында Батыс Кордильер Андының бас суайрығын құрайды.Солтүстік Чилиде Тынық мұхит жағынан биіктігі 600-1000 м-ге баратын Жағалық Кордильер тізбегі кіреді.Оны Батыс Кордильерден Атакама шөлінің тектоникалық ойысы бөліп жатады.Жағалық Кордильер тура мұхиттың өзіне тік құлайды да, кеме тұруға өте қолайсыз түзу сызықты жартасты жаға құрайды.Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында жатқан, жергілікті халық Чили мен Аргентинада – пуна, ал Боливияда – альтиплано деп атайтын Анд таулы үстірттердің биіктігі 3000-4500 м-ге барады.Олардың бетінде ірі тас кесектер немесе сусымалы құм үйіліп жатады, ал шығыс бөлігінде жанартаулық жыныстардың қабаттарынан тұрады.

Таулы үстірттің бетін оның орташа биіктігінен 1000-2000 м асып жататын биік жоталар әр түрлі бағытта кесіп өтеді.Жоталардың шыңдарының көбі сөнген жанар таулар.

Биік Шығыс Кордильердің құрылысы күрделі және ол Андының шығыс шет аймағын құрайды.Оның тау үстірттеріне қараған батыс беткейі тік, шығыс беткейі түйетайлы.Орталық Андының шығыс беткейі аймақтың бүкіл қалған бөлігінен өзгеше жауын-шашынды едәуір мөлшерде қабылдайтындықтан, оған эрозиялық терең тілімдену тән.Шығыс Кордильердің орта биіктігі 4000 м-дей, қырқаларының үстіндегі биіктігі 6000 м-ден асатын жеке қарлы шыңдар көтеріліп тұрады.Олардың ішіндегі ең биіктері – Ильямпу (6550 м) және Ильимани (6462 м).

Орталық Андыда шөл мен шөлейт ландшафтылары басым.Солтүстікте жылына 200-250 мм жауын-шашын түседі, мұның көпшілігі жаз айына тура келеді.Ең жоғары айлық орташа температура +26˚С, ең төменгісі +18˚С.Өсімдігі кәдуілгі ксерофитті түрден және кактус, опунция, қараған мен қатты шөптерден тұрады.

Оңтүстікке қарай тез құрғай береді.Атакама шөлді ойысы мен Тынық мұхит жағалауының көршілес алабында жылына 100 мм-ден аз жауын-шашын түседі, ал кей жерлерде 25 мм-ге де жетпейді.

Тынық мұхит шөлі алабында оазистер біршама аз.Табиғи оазистер мұздан басталатын шағын өзендердің аңғарларында немесе жауын-шашын едәуір мөлшерде түсетін аудандарда кездеседі.Олардың көбі Солтүстік Перу жағалауында жатыр.Онда шөл ландшафтысының ортасында суарылған және гуаномен тыңайтылған алаптарда қант құрағының, мақтаның және кофе ағаштарының плантациялары көгеріп тұрады.Жағалаудағы оазистерде ең ірі қалалар, солардың ішінде Перудің астанасы – Лима орналасқан.

Жоталардың ішкі беткейлері мен таулы үстірттерінде де климат құрғақ және шұғыл континентті.Жауын-шашынның мол кезі жаз айларына тура келеді.Ауаның сирек болуына байланысты температура тәулік ішінде күрт ауытқиды, температураның маусымдық ауытқуы да айтарлықтай.

Тынық мұхит жағалауының шөлдері құрғақ пуна деп аталатын таулы шөлейт белдеуіне жалғасып кетеді.Құрғақ пуна ішкі таулы үстірттердің оңтүстік-батыс бөлігіне, 300-нан 4500 м биіктікке дейін таралады, кей жерлерде оданда төмен түседі.Құрғақ пунада жауын-шашын 250 мм-ден аз түседі, оның ең мол кезі жаз айына тура келеді.Мұндай температура барысында климаттың континенттігі байқалады.Ауа күндіз қатты ысиды, бірақ салқын желдер жылдың ең жылы кезінің өзінде ауаны өте қатты салқындатып жібере алады.Қыста - 20˚С-ге дейін аяз болады, бірақ айлық орташа темпертура жылы.ең жылы айлардың орташа температурасы +14, +15˚С.Өсімдігі өте тапшы.Аласа бұталар, олардың ішінде тола деп аталатын Lepidophyllum туыстасының өкілдері басым, сондықтан құрғақ пунаның бүкіл ландшафтысы көбіне тола деп аталады.Пунаның өсімдік жамылғысында әр түрлі астық тұқымдастар, әсіресе бетеге, селеу және айрауық кездеседі.Селеудің жергілікті халық ичу деп атайтын, сирек қатты шым құрайтын түрі өте кең тараған.Пуна Орталық Андының орасан көп жерін қамтиды.

Таудың биік жерлерінде де егіншілікпен айналысады.Отырғызылған картоптың және кейбір астық тұқымдастардың егістерін 4000 м биіктікке дейін кездестіруге болады, одан да биікте алабота тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік – киноа өсіріледі.Киноа жергілікті халықтың негізгі тамағы болып табылатын ұсақ тұқымдардан мол өнім береді.

Оңтүстікте 5000 м, ал солтүстікте 6000 м биіктікте температура бүкіл жыл бойы салқын болады.Климат құрғақ болғандықтан мұз басу шамалы, тек жауын-шашын көп түсетін Шығыс Кордильерде ғана ірі мұздықтар кездеседі.

Шығыс Кордильердің ландшафтысы қалған Орталық Андының ландшафтысынан едәуір өзгеше болады.Жазғы мезгілде ылғалды жерлер Атлант мұхиты жағынан едәуір мөлшерде жауын-шашын әкеледі.Бұл ылғал тосқауылсыз аңғарлар арқылы ішінара Шығыс Кордильердің батыс беткейіне және таулы үстірттердің іргелес жатқан бөліктеріне өтеді.тау беткейлерінің төменгі бөліктерін 1000-1500 м биіктікке дейін пампа мен хина ағаштарының тұратын қалың тропиктік ормандар алып жатыр.Осы белдеу алабындағы аңғарларында қант құағы, кофе, какао және әр түрлі тропиктік жемістер өсіріледі.3000м биіктікке дейін аласам мәңгіжасыл таулы ормандар –лианалар шырмаған бамбук пен папоротник шіліктері өседі.Одан биігіректе бұта шіліктері мен биік таулы дала көтеріледі.

4.Чили-Аргентина Андысы

Субтропиктік белдеуде 27 мен 42˚ о.е. аралығында Чили мен Аргентина алабында Анд тауының енітарылады, ал кей жерлерде бірғана тау тізбегінен тұрады, бірақ ең үлкен биіктікке көтеріледі.


Тынық мұхит жағасын бойлап Орталық Андының Жағалық Кордильерінің жалғасы болатын Жағалық Кордильердің аласа үстіртті өңірі созылып кетеді.Оның орташа биіктігі 800 м, жеке шыңдар 2000 м-ге дейін көтеріледі.Өзендердің терең аңғарлары оны Тынық мұхитқа тік құлайтын төрткүл үстірттерге бөлшектейді.Жағалық Кордильердің сыртында оған жарыса Чили аңғарының Орталық немесе Ұзына бойғы тектоникалық ойысы жатыр.Ол Атакама ойысының орографиялық жалғасы болып табылады, бірақ одан Андының кесе-көлденең сілемдерімен бөлінеді.Бас жотаның мұндай сілемдері аңғарды бірқатар жеке-жеке ойпаңдарға бөледі.Аңғардың түбінің биіктігі солтүстікте 700 м шамасында, оңтүстікке қарай ол 100-200 м-ге дейін аласарады.Оның төбелі бетінің үстінен ежелгі жанар таулардың салыстырмалы биіктігі бірнеше жүз метрге баратын жеке конустары көтеріліп тұрады.Аңғар – Чилидің ең көп қоныстанған ауданы, бұл жерде осы елдің астанасы Сантьяго орналасқан.

Орталық аңғар шығысынан Бас Кордильердің биік тізбегімен шектелген.Оның қырқасын бойлап Чили мен Аргентинаның шекарасы өтеді.Анды бұл бөлігінде мезозойдың күшті қатпарланған шөгінді және жанар таулық жыныстарынан тұрады, сонымен бірге орасан зор биіктікке, әрі тұтас көтерілген.Бас жотаның үстінде Андының ең биік шыңдары – Аконгагуа (6960 м), Мерседарьо (6770 м), Тупунгато (6800 м), Майло (5323 м) сөнбеген жанар таулары көтеріліп тұрады.4000 м-ден биіктікте тауларды қар мен мұз басып жатады, олардың беткейлері адамаяқ баса алмайтын тіп-тік деуге болады.Орталық аңғармен бірге бүкіл тау өңірінде жер сілкіну және жанар таулық әрекеттер жүріп жатыр.Өте-мөте жиі және ас күшті жер сілкінулер Орта Чилиде болып тұрады.Апатты жер сілкіну Чилиде 1960 жылы болды.

Чили Андысының теіңз жағалауы бөлігінде климат субтропиктік, жазы құрғақ, ал қысы ылғалды.Бұл климат таралған аудан 29 және 37˚ о.е. аралығындағы жағалауды, Орталық аңғарды және Бас Кордильердің батыс беткейлерінің баурайын қамтиды.Солтүстікте шөлейтке өту байқалады, ал оңтүстікке қарай жауын-шашынның көбеюі және жазғы құрғақ кезеңнің бірте-бірте жоғалуы қоңыржай ендіктердің мұхиттық климат жағдайына ауысуы байқалады.Жағалаудың алыстаған сайын климат Тынық мұхит жағаларына қарағанда өте континентті, құрғақ бола береді.Вальпараисода ең салқын айдың орташа температурасы +11˚С, ал ең жылы айдікі +17, +18˚С, температураның маусымдық ауытқулары онша емес.Орталық аңғарда олар едәуір сезіледі.Сантьягода ең суық айдың орташа температурасы +7, +8˚С, ал ең жылы айдыкі +20˚С.Жауын-шашын аз түседі, ал оның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке және шығыстан батысқа қарай өседі.Сантьягода 350 мм шамасында, Вальдивияда 750 мм түседі.

Топырақ жамылғысы өте ала-құла.Ең көп таралғаны – құрғақ субтропиктік аудандарға тән кәдімгі қоңыр топырақ.Орталық аңғарда қара топырақ сияқты қоңыр түсті топырақ дамыған.

Табиғи өсімдік қатты жойылған, өйткені елдің көбіне ауыл шаруашылығымен айналысатын халқы түгелдей дерлік Чилидің орта бөлігінде тұрады.Сондықтан жыртуға жарамды жердің көпшілік жерін әр түрлі дақылдардың егісі алып жатады.Табиғи өсімдігіне Оңтүстік Европаның маквисін немесе Солтүстік Американың чаппалары сияқты мәңгі жасыл бұта тоғайы басым.

Бұрын Андының беткейлерін 2000-2500 м биіктікке дейін орман алып жатқан.Орманның жоғарғы шекарасы ылғалды батыс беткейлерге қарағанда шығыстың құрғақ беткейлерінде 200 м төмен жатады.Қазіргі кезде орман ағаштары кесілген, Анды мен Жағалық Кордильердің беткейлері жалаңаштанған.Сантьяго алабында аңғардың түбінен көтеріліп тұрған конусты жанар тауларда эквалипт, қрағай мен араукария, платан, шамшат тоғайларын, орман шілігінде – ашық гүл шашатын қазтамақ пен дрок тоғайын көруге болады.

Андыда 2500 м-ден биіктікте тау шалғыны белдеуі жатыр, оның алабына аңғарларды бойлап аласа ормандар мен бұталардың жіңішке өңірлері кіреді.Тау шалғындарының өсімдік жамылғысы Ескі Дүниенің альпі шалғындарында кездесетін өсімдік туыстарының түрлері – сарғалдақ, тасжарғыш, саумалдақ, бәйшешек т.б. тұрады.Сонымен бірге бұталар, мәселен қарақат пен бөріқарақат тараған.Кәдуілгі батпақ флорасы тараған шымтезекті батпақты жерлері кездеседі.Тау шалғындарын жазғыт жайылым ретінде пайдаланылады.

Мәдени өсімдік Европа мен Солтүстік Американың климатына сай келетін аймақтардың өсімдігіне ұқсас келеді.Субтропиктік дақылдардың көпшілігі Оңтүстік Америкаға Европаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдерден әкелінген.Олар жүзім шыбығы, зәйтүн ағашы, цитрус және басқа жеміс ағаштары.Жыртылған жердің көбін бидай, едәуір аз жерін жүгері алып жатады.Шаруалар тау беткейлеріндегі шағын алаптарда картоп, жеміс бұршақ, асбұршақ, жасымық, пияз, артишок және бұршаққынды бұрыш өсіреді.Ең қолайлы алаптарда,жойылған ормандардың орнында қолдан отырғызылған ағаш көшеттері бар.

5.Оңтүстік (Патагония) Анд тауы

Қиыр Оңтүстікте, қоңыржай белдеу алабында Анды аласарған және бөлшектенген.Жағалық Кордильер 42˚ о. е. оңтүстікке қарай Чили архипелагының мыңдаған таулы аралдарына айналып кетеді.Орта Чилидің ұзына бойғы аңғары оңтүстікте төмен түседі, ал одан кейін мұхит суының астына кетіп жоғалады.Оның жалғасы Чили архипелагы аралдарын материктен бөліп тұрған шығанақтар мен бұғаздар жүйесі болып табылады.Бас Кордтльер де мүлдем аласарады.Оңтүстік Чили алабында оның биіктігі 3000 м-ден шамалы ғана асады, ал қиыр оңтүстікте 2000 м-ге де жетпейді.Жағалауға таудың батыс беткейін оқшауланған бірқатар түбек алаптарына бөлшектейтін көптеген фьордтар кіркп тұрады.Фьордтар көбіне ірі мұздық көлдерге жалғасады, олардың қазан шұңқырлары аласа жотаны қиып өтіп, оның шығыс Аргентина жақ беткейіне шығады да, таудан асуды жеңілдетеді.

Оңтүстік Андыда жер бедерінің мұздық формалары кең тараған.Онда фьордтар мен мұздық көлдерден басқа үлкен цирктерді, пішіні кәдуілгі астау тәріздес болып келетін аңғарларды, ілінбе аңғарларды, көбінесе көлдерді бөгеп жататын мореналық қырқаларды т.б.кездестіруге болады.Ежелгі мұз басу формалары қазіргі зор мұз басумен және мұздық процестердің дамуымен ұласып жатады.

Оңтүстік Чилидің климаты ылғалды, жаз бен қыстың температурасының айырмашылығы шамалы, адамға өте қолайсыз.Аймаққа ұдайы күшті батыс желдері әсер етеді, осының әсерінен Андының беткейлерінде жауын-шашын орасан мол түседі.Оның орташа мөлшері 2000-3000 мм бола тұра, батыс жағалаудың кейбір аудандар онда жылына 6000 мм-ге дейін Батыс ауа ағындарының бөгелген шығыс шығыс беткейде жауын-шашын мөлшері күрт азаяды.Тұрақты күшті желдер мен жылына 200 күннен аса жауатын жаңбыр, төмен бұлттылық, тұман және жыл бойы қоңыржай температура – аймақ климатының өзіне тән ерекшеліктері.

Қысқы орташа температура +4, +7˚С болғанда, жазғы температура +15˚С аспады, ал қиыр оңтүстікте +10˚С-ге дейін төмендейді.Андының шығыс беткейінде ғана жаз бен қыстың орташа температураларының арасындағы ауытқулар біршама артады.Тауларда үлкен биіктікте бүкіл жыл бойы температура төмен болады, шығыс беткейдің ең биік шыңдарында -30˚С-ге дейін аяз ұзақ тұрады.Климаттың осы ерекшеліктеріне байланысты тауларда қар жиегі өте төмен.Патагония Андысының солтүстігінде шамамен 1500 биіктікте, оңтүстікте – 1000 м-ден төменде жатады.Қазіргі мұз басу өте үлкен ауданды қамтиды, әсіресе 48˚ о.е. маңында мұз көп жерді басқан, онда 20 мың км²-ден астам территорияны қалың мұз жамылғысы басып жатыр.Бұны Патагония мұздық қалқаны деп атайды.Одан батысқа және шығысқа зор аңғарлық мұздықтар кетеді, олардың шегі қар жиегінен көп төмен жатады, кейде мұхиттың өзіне төніп барады.Шығыс беткейдің кейбір мұздық тілдері ірі көлдерге барып аяқталады.

Патагония Андысының беткейлерін діңі биік ағаштар мен бұталардан тұратын ылғал сүйгіш субантарктикалық ормандар алып жатады.Олардың арасында мәңгі жасыл түрлер баым: 42˚ о.е. маңында араукария ормандарының алқабы бар, ал оңтүстікке таман аралас ормандар тараған.Жиі өсуі, түрлерге бай болу, көп қабаттылығы, лиана, мүк және қыналардың көп түрлілігіне байланысты олар төменгі ендіктердің ормандарына ұқсас келеді.Олардың астында қоңыр топырақ типі, оңтүстікте – күлгін топырақ дамыған.

Оңтүстік Анды ормандары флорасының басты өкілдері – мәңгі жасыл және жапырағы түсетін оңтүстік шамшаттың, магнолиялардың түрлері, қылқан жапырақты алып алерце және либоцедурстар, бамбуктар және ағаш тәріздес папоротниктер.

6.Отты Жер

Отты Жер деп Оңтүстік Американың оңтүстік жағалауы төңірегінде 53 пен 55˚ о.е. аралығында жатқан және Чили мен Аргентинаға қарайтын ондаған үлкенді-кішілі аралдардан тұратын архипелагты айтады.Аралдар материктен және бір-бірінен ирелеңдеген енсіз бұғаздармен бөлінген.Ең шығыстағы және ең ірі арал Отты Жер немесе Үлкен арал деп аталынады.Геологиялық және геоморфологиялық жағынан архипелаг Андының және Патагония үстіртінің жалғасы болып табылады.Батыстағы аралдардың жағалаулары жартасты және фьордтармен терең тілімденген, шығыс жағалауы тегіс әрі аз тілімденген.

Архипелагтың бүкіл батыс бөлігін биіктігі 2400 м-ге дейін баратын таулар алып жатыр.Бұл таулардың жер бедеріне қой тас үйінділері, ойыс (трог) аңғарлары, «қой маңдай тас» және мореналы тоған көлдері түріндегі ежелгі және қазіргі мұздық формалары үлкен орын алады.Мұздықтармен тілімденген тау жоталары тура мұхиттан көтеріледі, олардың беткейлеріне ирелеңдеген фьордтар кіріп жатады.Ең үлкен аралдың шығыс бөлігінде байтақ жазық созылып жатыр.

Отты Жердің климаты қиыр шығыстың басқа жерінде өте ылғалды.Архипелаг ұдайы өкпек және ылғалды оңтүстік-батыс желдерінің ықпалында болады.Жауын-шашын батысында жылына 3000 мм-ге дейін түседі,сонымен бірге сіркіреуік жаңбыр басым болады, ол жылына 300-330 күндей жауады.Шығыста жауын-шашын мөлшері күрт азаяды.

Бүкіл жыл бойы температура төмен, әрі ол маусым бойынша ауытқуы шамалы.Отты Жер архипелагы жазғы температурасы тундраға, қысқы температурасы субтропиктерге ұқсас деуге болады.Отты Жердің климат жағдайлары мұзданудың дамуына қолайлы.Қар жиегі батыста 500 м биіктікте жатыр, сондықтан да мұздықтар мұхитқа тікелей опырылып түсіп, айсбергтер түзеді.Тау жоталарын мұз басып жатады, тек жеке сүйір шыңдар ғана мұз жамылғысының үстіне шығып тұрады.

Теңіз маңының тар өңірінде, негізінен архипелагтың батыс бөлігінде, мәңгі және жапырағы түсетін ағаштардан тұратын ормандар тараған.Әсіресе, оңтүстік шамшаттары, магнолия тұқымдастарынан хош иісті ақ гүл жаратын канело және кейбір қылқан жапырақтылар тән.Орман өсімдігінің жоғарғы шекарасы мен қар жиегі бір-бірімен өосылып кетеді деуге болады.

Кей жерлерде 500 м-ден биіктікте, ал кейде теңіз маңында да (шығыста) ормандар гүл жаратын өсімдіктері жоқ субантарктикалық жұтаң тау шалғындарына және шымтезекті батпақтарға ауысады.Тұрақты күшті желдер соғатын аудандарда бөрік басы «жалау тәріздес», басым желдердің бағытына қарай еңкейген, сирек әрі аласа қисайған ағаштар мен бұталар топ-топ болып өседі.

Отты Жер архипелагы мен Оңтүстік Анд аймағының жануарлар дүниесі шамамен бірдей әрі едәуір ерекше.Онда гуанакомен қатар көгілдір түлкі, түлкі тәріздес немесе магеллан иті және көптеген кемірушілер таралған.Жер астында тіршілік ететін эндемик туко-туко кемірушісі кездеседі.Құстар: тотылар, колибралар көп-ақ.Үй жануарларынан өте-мөте қой көп.Қой шаруашылығы халықтың негізгі кәсібі болып табылады.















Кіріспе


Солтүстік Америка сияқты Оңтүстік Американың да шығыстағы ежелгі платформалық бөлігі мен материктің солтүстігіндегі және батысындағы күрделі құрылған жас Анды тауы жүйесінің табиғат жағдайларында үлкен айырмашылық бар.

Шығу тегі мен геотектоникалық құрылысының әр түрлі болуына байланысты осы бөліктердің әрқайсысының ендік бойынша климат жағдайлары өзгеше болады, таулы өңірдегі биіктік белдеулігі әр түрлі қалыптасады және органикалық дүниесінің құрамы мен бейнесі де әр қилы келеді.

Материктің екі ірі бөлікке (субконтиненттерге) – Андыдан тыс шығыс пен Андыға бөлінуі осыған байланысты.

Оңтүстік Американың құрылымы платформалық және жер бедері көбіне жазық болып келетін шығыс бөлігі солтүстік субэкваторлық және оңтүстік қоңыржай климаттық белдеулердің аралығында жатыр.

Оның шегіндегі жердің формасына қарай бөлініуінің басты факторларына, бір жағынан, платформаның құрылымы мен жер бедеріндей айырмашылықтар, екінші жағынан, зоналық құрылымы жатады. Бұған қоса материктің пішінінің – экваторлық бөлігінде барынша кеңіп, оңтүстікке тартылыуының, Тынық мұхит жағынан тау тосқауылы болып, Атлантика жағынан анағұрлым ашық болуының мәні зор.

Жер бедеріне қарай бөлінуінде (олай болса, территориялық табиғат комплекстерінің жекеленуінде) платформаның мұхит маңы және геосинклиналь маңы шеттерінің орогендік күшеюінің, сонымен бірге Бразилия таулы қыраты мен Прекордильераның эпиплатформалық таулары түзілуінің үлкен маңызы зор. Оңтүстік Америка шығысының осы ерекшеліктерінің бәрі оның табиғатының жер формасының бөлінуіне қарайғы күрделі бейнесін қалыптастырады және айқын жекелеген табиғат аймақтары жүйесін ажыратуға мүмкіндік береді.

Тектоникалық құрылымы мен орографиясы күрделі, орасан зор қашықтыққа созылған, Оңтүстік Американың шығыс бөлігінен мүлдем өзгеше. Оның жер бедері климаты қалыптасуының заңдылықтары басқаша болады және органикалық дүниесінің құрамы да өзгеше болып келеді. Андының табиғаты алуан түрлі. Бұл ең алдымен оның слотүстіктен оңтүстікке қарай орасан зор қашықтыққа солзылуына және Андының әр түрлі бөліктерінің геологиялық құрылысы мен орографиясының ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсетін ендік зоналықтың әсеріне байланысты.

Анды алабында экваторлық және субэкваторлық белдеулерде жатқан Кариб Андысы мен Солтүстік Анды, тропиктік белдеудің Орталық Андысы, субтропиктік Чили – Аргентина Андысы және қоңыржай белдеу алабында жатқан Оңтүстік Анды бөлінеді. Отты Жер – аралдық аймақ ретінде ерекше қарастырылады.

Тақырыптың өзектілігі: Оңтүстік Американың физикалық-географиялық аудандары өзінің әсем табиғатымен ерекшеленеді.Мұнда әрбір ауданға сипаттама беріледі және маңызды жақтары қарастырылады.Оңтүстік Американың фаунасы мен флорасы бай және алуан түрлі болып келеді.Оңтүстік Америка ірі 2 субконтиненттерге бөлінеді: Андыдан тыс Шығыс және Анд.

Андыдан тыс Шығыс негізгі 8 ауданнан тұрады.Олар: Амазония, Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпаты, Ориноко жазығы, Бразилия таулы қыраты, Ішкі тропиктік жазықтар, Ла-Плата аймағы, Прекордильер, Патагония үстірті.Анд 6 ауданнан тұрады: Кариб Анд тауы, Солтүстік Анд тауы, Орталық Анд тауы, Чили-Аргентина Андысы, Оңтүстік Анд тауы, Отты Жер аралы. Олардың табиғат жағдайлары, климаты, жер бедерлері, жануарлар мен өсімдіктер әлемі әр аудандарда әрқилы болып келеді.

Зерттеу мақсаты: Оңтүстік Американың физикалық-географиялық аудандарын зерттей отырып, олардың Солтүстік Америка аудандарынан айырмашылықтарын, бір-бірімен ұқсастықтарын, ерекшеліктерін қарастыру және Оңтүстік Америка аудандарының өзара айырмашылықтарын анықтау және сол аудандар туралы толық мәліметтерді талдау.

Зерттеу міндеттері: Оңтүстік Америка физикалық-географиялық аудандарын толық зерттеп, жан-жақты қарастырып, негізгі мәселелерін талдап, және аудандарының физикалық-географиялық жақтарын қарау ең негізгі міндеті болып табылады.


















28




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!